Психология және адам дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат

Краткое описание

Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.

Содержание

Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Фат, Фақ-311 Кешен психол 2014.doc

— 1.50 Мб (Скачать документ)

Дамудың жоғары сатысында сезім органдары, жүйке жүйесінің талдау қабілеті дами бастайды. Биологиялық дамудың жоғары сатысында кейбір жануарлардың түрлерінде жекелеген сезім органдары ерекше сезгіштікке, сезімталдыққа жетеді, мәселен, қыранның көруі, иттердің иіс сезуі және т.б.

Осыған байланысты жүйке жүйесінің, сезім органдарының дамуы, жануарлар психикалары олардың өмір тіршілігіне, яғни, жануарлар қайда тұрады, қалай өмір сүреді, қалай тамақтанады, тамақты қалай табады, кімдермен жауласады және т.б. жағдайларға тікелей қатысты. Құстар, мәселен, өмірінің көпшілігін ауада ұшып өткізеді. Осындай өмір салты, тіршілігі үлкен кеңістікте бағдарлай білуді қажет етеді. Соңдықтан да құстарда, оның ішінде ерекше жыртқыш, жылы жақтарға ұшып барып, келетін құстарда көру сезімі және көру қабылдауы күшті дамыған. Маймылдың өмірі ағаштарда жүруге бейімделген. Маймылдардың осы тіршілігі жағдайы қозғала білуге, әртүрлі жағдайда тез бағдарлай алу қабілетілігін қалыптастыруға көмектеседі. Жануарлардың психикасының дамуында табиғат ерекшеліктерінің, жануардың әртүрінің қауымдастығы және адам ортасының атқаратын мәні ерекше. Бір жағдайдан екінші жағдайға көшірілген жануарлардың психикалық ерекшеліктерінде кейбір өзгерістер болуы мүмкін. Әруақытта да адаммен қарым-қатынаста, оның қасыңда болу үй жануарларының қылықтарын сондай жабайы жануарларға қарағанда тез өзгертеді, қолға бейімделеді. Жәндіктерге тән психикалық бейнелеу психика дамуының сенсорлық кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде тірі құбылысқа тікелей әсер арқылы заттардың жекелеген қасиеттері бейнеленеді. Орталық жүйке жүйесінің дамуы әртүрлі жануарларда бірдей емес, өзгеріп отырады. Мәселен, балықтарда ерекше рөл атқаратын иіс сезу органы, осыған сәйкес оларда мидың осы өзгешелікті басқаратын бөлігі ерекше жетілген. Маймылдар мен адамдарда көру түйсіктері ерекше рөл атқарады.

Орталық жүйке жүйесінің пайда болуымен психикалық бейнелеудің жаңа түрі — психика дамуының перцептивтік кезеңі пайда болды. Бұл кезеңде жануарлар үшін бірнеше тітіркендіргіштерді бір мезгілде бейнелеуге болады.

Жануарлардың мінезінің туа біткен, түрлері және өмірге келгеннен кейін қалыптасқан түрлері кездеседі. Бірақ туа біткен және өмірге келгеннен кейін қалыптасқан (дара) мінездің түрлерін бір-біріне қарсы қоюға болмайды.

Жоғарыда көргеніміздей, туа біткен түрлері өзгеруі және даралануы мүмкін, мінездің дара түрлері туа біткен түрлерінің негізінде қалыптасады. Жануарлар психикасының туа біткен басты түрі инстинктер (соқыр сезім) болып табылады.

 

                                                         Жануарлар психикасының түрлері. Инстинктер

 Инстинктер — бұл жануарлардың күрделі туа біткен іс-әрекеті, оның көмегімен өз қажеттілектерін қанағаттандырады.

"Инстинкт" деген гректің  сөзі, қазақшалағанда "соқыр сезім" деген мағынаны білдіреді. Мәселен, өрмекшілер ерекше шеберлікпен өзінің өрмегін тоқиды, бірақ та олар алдын-ала бұл өнерге үйренген емес. Бал арасы орасан зор математикалық дәлдікпен омартасының құрылысын салады. Кейбір жануарлардың түрлері, әсіресе, жәндіктер өз ұрпақтарын көрмейді, бірақ алдын-ала жұмыртқа саларда өз тұқымы үшін ыңғайлы үй және тамақ дайындайды, ол дүниеге келген тұқымы жеткілікті дамуы және өз бетімен жетілуі үшін істеледі.

Мәселен, жазғытұрым жол бойында немесе жанында қара қоңыздың жұбы тамағын шар түрінде домалатып, бара жатқанын аңғарамыз. Бұл шар — болашақ дүниеге келетін тұқымы үшін істеліп жатқан қарекеттер. Шарды белгілі көлемде домалатады. Аналық қара қоңыз шардың ішіне жұмыртқа салады, содан кейін оның аузын жауып, бітегеннен кейін, осы шарды қауыпсыз жерге домалатып апарып қояды. Біршама уақыт өткеннен кейін, шардың ішіндегі жұмыртқадан кішкентай құрттар шығады. Құрт шардың өзімен қоректенеді де өсіп отырады. Шардың ішін кеміріп, кішкентай қоңыз кеңшілікке шығады.

Инстинктер қалыптаспайды, әрі күнделікті өмір барысында оларды жаттығулар арқылы қалыптастыруға болмайды, туа біткен қасиет, тұқым арқылы ата-аналарынан беріледі. И.П.Павловтың ілімі бойынша, инстинктер — бұл сол шартсыз рефлекстер, оларға қарағанда табиғаты күрделірек. "Қазіргі кезде, - деп жазды И.П.Павлов, — толықтай анықталды деуге болады, демек, инстинктер дегеніміз — сол рефлекстер, тек бірнеше жиі күрделі құрамнан ғана тұрады."

Инстинктер — бұл әртүрлі шартсыз рефлекстерден тұратын тізбекті рефлекстер, әрбір рефлекстің қозғаушы бөлігі кейінгі рефлекстер үшін тітіркендіргіш болып табылады. Жануарлар инстинктерінде бізді таң қалдыратыны олардың органикалық мақсаттылығы болып есептеледі.

Бірақ жануарлар инстинктерінің мақсаттылығы ерекше шектеулі. Жануарлар инстинктері таптаурынды түрде іске асады. Мәселен, өрмекші тоқыған торына түскен шыбынды бас салып, оны жеп қояды. Бірақ өрмекші мен шыбынды торда емес, стаканға бірге салып қойса, онда өрмекші шыбыннан қаша бастайды.

Инстинктердің шығуын алғаш рет түсіндірген Ч.Дарвин болды. Оның ілімі бойынша, инстинктер жануарлардың ұзақ эволюциялық даму үрдісінде, сыртқы ортаға бейімделуде өмір жағдайларына байланысты қалыптасады.

Инстинктер жануарларды қоршаған ортаға бейімделуді және өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Ақтиін инстинктіге бағына отырып, өзіне ұя жасайды және тамақ жинайды. Құс та әртүрлі күрделі әрекеттерді жасай отырып, ұя салады, сондай дәлдікпен, бірақ алдын-ала оған үйретілмеген болса да бал арасы омарта жасайды, көптеген бақылаулар мен зерттеулер көрсеткендей, өзгерілген өмір жағдайында жануарлардың инстинктивтік іс-әрекеті өте қажеттіден мағынасыз әрекетке айналады. Егер де жұмыртқа басып жатқан гагарлардың жоқ кезінде ұяда жұмыртқаларын басқа жаққа ауыстырып, орнына дөңгелек тастарды қойса, ол тастың үстіне отыра береді, өз жұмыртқаларының жоқтығына мән бермейді.

Мәселен, жұмысшы құмырсқамен мынадай бақылау жүргізіп қарайық, олар тамақтарды бүкіл жаз бойы өз індеріне жинақтайды. Алып келген тамағын інге кіргізбестен бұрын сыртқа қойып, іннің ішіне кіріп шығады, содан кейін кіргізеді. Ішке кіріп кеткенде әлгі тамағының орнын басқа жерге ауыстырып қойсақ, оны сол жерге қайта алып келіп, қойып, тағы да інге кіріп шығады, оны тағы басқа жерге ауыстырсақ, сол әрекетті қайталай береді. Бұл құмырысқаның іс-әрекеті, соқыр сезім арқылы орыңдалғандығын аңғару қиын емес.

Мәселен, жаңа туған малдың төлі (қойдың) немесе иттің күшіктері туған бойда анасының бауырына ұмтылады, енесінің емшегін іздей бастайды, тауып алып, емеді. Малдың жас төлінің іс-әрекеті белгілі бір сигналға байланысты. Осының бәрі шартсыз рефлекстің нәтижесінде іске асып отыр.

Тұқым қалдыру инстинктері өте күрделі, сонымен қатар жыныстық, тамақ, қорғаныс инстинктерін көптеген омыртқалыларда кездестіруге болады. Ұя салу және өзінің тұқымын күту құстарда және бауырымен жорғалаушыларда белгілі бір мақсатты іске асады. Бірақ бұл мақсаттылық таза сыртқы факторларға байланысты. Жануарлардың қылықтары ортаның өзгеруіне байланысты аз-кем өзгерістерге ұшырайды. Жағдайлардың өзгеруіне байланысты кейбір құстар мен бауырымен жорғалаушыларда инстинктілік іс-әрекеттің салдарынан дұрыс дамып келе жатқан іс-әрекеті бұзылады. Мәселен, құстар өз балапандарын тастап кетуі мүмкін, сүтқоректілер өз тұқымын шайнап тастайды.

Жануарлардың қорғаныс қылықтары инстинктілік сипатта болса, өзіндік ерекшелігі бар. Оған көптеген мысал келтіруге болады. Мәселен, Америкада түсі қара кішкентай аң өмір сүреді, оның бір ерекшелігі барлық андардың шабуылынан қорғануын сақтандырған, аңдар оны алыстан арқасындағы ақ сызықтан біледі. Бұл — скунс деген аң. Табиғат оны ерекше қорғану қасиетімен ерекшелеген. Ол өз жауларынан қорғану үшін улы, исі ащы сұйық затты шығарып отырады. Қауіп төнген жағдайда өз жауына арқасын беріп, қанатын жайып, сұйық улы затты ауаға жібереді. Бірнеше сағат бойы ең ірі жыртқыштар "есінен айырылып қалады". Америкада барлық аңдар скунсқа тимейді. Бұл жануарларда туа біткен инстинктілік іс-әрекеттер болып табылады. Осыған байланысты жануарлардың туа біткен қылықтарының түрлерін зерттеген этологтардың еңбектері ерекше қызығушылық туғызады. Осы бағыттағы ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, инстинктілік іс-әрекет белгілі сигналдардың нәтижесінде болатындығын атап өткен жөн.

                                                                                 Дағдылар

Жануарлардың өмірін бақылау көрсеткендей, тек туа біткен қылықтарының түрлері — инстинктеріне негізделе отырып, олар өзгерген ортаға бейімделе алмайды. Жануарлар қылықтарының туа біткен түрлері өмірге жаңа келгеннен кейін қалыптасқан дағдылармен толықтырылады.

Дағдылар дегеніміз көптеген қайталаудың және бекітудің нәтижесінде жануарлардың жеке тәжірибесінде қалыптасатын іс-әрекетін айтады.

Жануарларда дағдыны қалыптастыру күнделікті өмірдің табиғи жағдайында, сонымен қатар арнаулы, үйрету арқылы іске асады. Бақылаулар көрсеткендей, дағдыны қалыптастыруға қабілеттілігі жоғары сатыдағы жануарларда ғана емес, төменгі сатыдағы жануарларда да болады. Бірақ, неғұрлым ағза күрделі болып келсе, солғұрлым жануарлардың жүйке жүйесі дағдыны қалыптастыруға жоғары деңгейде қабілетті дамығандығын аңғаруға болады.

Мәселен, үйретілген ит адамға аяғын береді, есікті табанымен немесе тұмсығымен ашады, билейді, артқы аяғымен жүреді т.б. Жануарлардың осындай іс-әрекеті дағдылар деп аталады.

Дағдының жүйке - физиологиялық қызметі шартты рефлекс болып табылады. Дағдыны қалыптастыру жануарларда шартты рефлексті немесе шартты рефлекстердің жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Жануарларда дағдылар соқыр сезімнің негізінде, жаңа іс-әрекетті бірнеше рет қайталау (инстинктерден айырмашылығы) арқылы қалыптасады, оның көмегімен жануарлар белгілі бір қажеттілігін қанағаттандырады.

Жаңа іс-әрекетті қалыптастыру және бекіту ең алдымен жануарлар өмір сүрген барлық жағдайларға байланысты.

Мәселен, итке ас беретін ыдысы (итаяғы) ішіндегі тамағымен есігі жабық бөлмеге орналасқан. Оны көрген ит, итаяқтағы тамақты ішу үшін аяғымен, тұмсығымен есікті ашудың әрекетіне кіріседі, ол бұл орайда бірнеше кездейсоқ қозғалыстар жасайды. Осы кездейсоқ қозғалыстардың нәтижесіңде ит есікті ашады. Осы іс-әрекет бірнеше рет қайталанады. Содан кейін ит қателеспей ылғи аяғымен, тұмсығымен есікті ашатын болады.

Жануарларда дағдылардың қалыптасуы ата-енелерінің "үйретуі" арқылы іске асады. Мәселен, қасқырлар өз балаларына аң аулауды былай үйретеді: кәрі жануар қалай аулаудың тәсілін іс-әрекет үстінде көрсетеді, ал балалары сол әрекеттерді қайталайды. Бұл жерде "үйрету" еліктеу инстинкті негізінде іске асады.

Адамдар үй жануарларын қолға үйретіп, көптеген дағдыларды қалыптастырады. Адамдардың жануарларға дағдыны қалыптастыруы дрессировка немесе қолға үйрету деп аталады.

Қалыптасқан дағдылар жекелеген инстинктердің байқалуын жойып жіберуі мүмкін. Мәселен, тышқанды қолға үйреткенде мысық тышқаннан қашады, ал тышқан мысықтың артынан қуады. Ал, әуелден тышқан мысықты көргенде қашатын болған, ал үйретудің нәтижесінде тышқаннан мысық қашатындай етіп дағды қалыптастырған.

Жануарларда дағдылар байқап көру және қателесу әдісімен қалыптасады. Мәселен, акваруимды әйнекпен ортасын екіге бөліп, аквариумның бір бөліміне шортанды орналастырып, ал екінші бөліміне кішкентай шабақтарды салып, байқап қарағанда, шортан бірнеше рет шабақтарды жеуге ұмтыла береді, ұмтыла береді, бірақ тұмсығын әйнекке соғып, әбден шаршайды, уақыт өте шортанда белгілі дағды қалыптасады: ол шабақтарға ұмтылуын әбден қояды. Бұл дағды ортадағы әйнекті алып тастағанда да сақталады, шортан кішкентай шабақтарға тимей, бірге жүре береді, бірақ біраз уақыттан кейін дағды жойылып, шортан өз әдетінше өмір сүре бастайды.

Дағды – жануарлардың қылықтарының өзгертілген түрі, сондықтан да әбден орнықпайынша ол бірте-бірте жойылуы мүмкін. Сонымен қатар дағдының өзгеруі ауысуынан аңғарынады. Маймылда бананы бар жәшіктің тесігін алдыңғы оң аяғымен ашу дағдысы қалыптасқан. Оны денесіне тақап қойған кезде ол жәшік тесігін алдыңғы сол аяғымен ашқан, бұл аяғы да таңылып тасталғанда жәшікті артқы аяғымен ашып, бананды алуға әрекеттенген. Енді ол арқылы ештеңе болмайтынын білген ол тіспен ашуға тырысады. Дағдының ауысуы негізінен жоғары сатыда дамыған жануарларға тән.

Дағдыларды қалыптастыру мүмкіншіліктері жануарлардың жалпы даму деңгейіне және қалыптасқан дағдының жануарлар мінезінің инстинктілік түрлеріне сәйкестік дәрежесіне байланысты. Тәжірибелі үйретушілер әр уақытта да осыны ескеріп отырады. Оны цирк аренасының білгірі Р.А.Дуров орынды пайдаланды.

 

Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқы (интеллект)

Интеллектуалдық мінез-құлық - бұл жануарлардың мінез-құлқының жоғары түрі. Ол көбіне маймылдар мен дельфиндерде аңғарылады. Жоғары сатыда дамыған жануарларды (мәселен, маймылдарды, дельфиндерді, иттерді) бақылай отырып, біз кей жағдайда олардың "ойлағыштық", "тапқырлық", "байқағыштық" сияқты қасиеттерін байқаймыз.

Жануарлардың мінез-құлқында алдына мақсат қою, бір міндетті шешу сияқты іс-әрекеттерді байқауға болады. Одан мынандай сауал туындайды: жануарлар қарапайым ойлау әрекетіне қабілетті ме, жануарлар ойлай ала ма?

Жануарлардың кейбір ескі іс-әрекеті туралы айта отырып, олардың да іс-әрекеті адамның ойлау үрдістерін еске түсіретіндігін немесе соған жақындайтындығын аңғарамыз.

Осындай іс-әрекеттерді жануарлар соқыр сезіммен орындайды (мәселен, маймылдардың жаңғақты шағуы).

Соңғы жылдары жануарлардың ойлауы туралы мәселе әр түрлі маймылға жүргізілген көптеген эксперименталдық зерттеулер көрсеткеніндей, шимпанзе алғашқы абстракциялық қабілеттерді меңгерген: маймылдар қабылданатын заттардың түсін түрінен және көлемінен немесе түрін түсінен және көлемінен ажырата біледі.

Жоғары сатыдағы жануарлардың (маймылдардың) интеллектуалдық мінез-құлқын бір жүйелі зерттеу белгілі неміс психологы В.Келлерден басталды. Мінез-құлықтың осы түрін зерттеу үшін Келлер белгілі мақсатқа жету мүмкін болмаған кезде маймылды өте қиын жағдайда сынады, өзінің тамағын алуға маймыл айналып баратын жол немесе арнайы құрал пайдаланды.

Мәселен, маймылды үлкен темір торға орналастырады, қатарына оның қолы жетпейтін қашықтыққа тамағын қояды. Тек тордың артқы қабырғасында орналасқан есік арқылы айналып өтетін жолды пайдаланғанда ғана маймылдың оған қолы жетеді.

Информация о работе Психология және адам дамуы