Психология және адам дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат

Краткое описание

Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.

Содержание

Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Фат, Фақ-311 Кешен психол 2014.doc

— 1.50 Мб (Скачать документ)

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында кеңес психолог-ғалымдары оған қызығушылық танытты. Сол кезде үстемдік еткен субъективтік идеалистік психология бұл ілімнен материалистік балалықтың бірден бір мүмкіншілігін көре білді. Кейін, 30-жылдары, психологиялық зерттеулерді шектеумен бірге ("Халық ағарту комиссариаты жүйесінде педологиялық бұрмалаушылықтар туралы" белгілі қаулыда) З.Фрейдтің ілімі қатты сынға алынды. Осы қаулыдан кейін біздің елімізде Фрейдтің еңбектерін аударуға және баспа бетінде жариялауға тиым салынды. Соңғы жьшдары әлемде кеңінен таралған Фрейдтің психологиялық іліміне қызығушылық қайтадан осіп отыр.

XX ғасырда психологтардың ішінде австрия дәрігері Зигмунд Фрейдке ерекше орын берідді. Оның негізгі еңбегі "Түс көруді талқылау" 1900 жылы жарық көрді. Сол кезден бастап, психологияда бір-бірін әртүрлі ғылыми беделді тұлғалар ауыстырды. Олардың ішінде бірде-бірі бүгінге дейін Фрейд және оның ілімі сияқты ынта туғызған емес.

Адам мінез-құлқының басты реттеушісі сана екендігі белгілі. Зигмунд Фрейд (1856-1939) - австрия невропатологі, психиатры және психологі, психотаддау бағытының негізін салушы. Фрейдизмнің концепция ретінде қалыптасуы XX ғасырдың бас кезіне жатады. Психоталдау бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 20-жылдары кең өріс алды. Жеке тұлғаңың құрылымында Фрейд санасыздыққа ерекше кәңіл болді және зерттеу нысанына айналдырды. Оның айтуынша, ауру адамдар өз іс-әрекетінің түрткілерін түсіндіре алмайды: Фрейд негізін салған психоталдау әдісі санасыздықты зерттеу үшін психикалық ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылады. 

Фрейд тек ауру адамдардың ғана емес, дені сау адамдардың көңіл-күйі мен мінез-құлқын түсіндіретін теорияны негіздеді. Бұл теория Батыс елдерінде кеңінен тарады, үлкен беделге ие болды. Фрейд теориясы көптеген шет елдерде психология, психотерапия, психиатрия оқулықтарына берік енген. Фрейдизм бағыты адам туралы басқа ғылымдарға - социологияға, педагогикаға, антропологияға, этнографияға, сонымен қатар өнер мен әдебиетке ерекше ықпал етті.

Фрейдтің еңбектеріңде күрделі психологиялық проблема ретінде адамның сексуалдық өмірі туралы мәселе қойылды. Фрейдтің түсіңдіруінше, жас жеткіншек балалардың әртүрлі жағымсыз іс-әрекеттерге бейімділігі оларды жыныстық инстинктердің билеуінен деп түсіндіреді.

Гештальтпсихология (немістің деген сәзінен віыққан, қазақшалағанда бейне, құрылым, түр деген мағынаны білдіреді). Егер бихевиоризм психологияның тоқырау жағдайынан шығудың жолдарының бірі ретінде АҚЩ-та пайда болды және өз дамуында бұл елден тысқары таралған жоқ. Ал гештальтпсихология - психологиялық бағыт ретінде Германияда пайда болды және XX ғасырдың біріншіжартысында көптеген Еуропа елдерінде жүргізіліп жатқан психологиялық зерттеулерге ерекше әсер етті, оның ішінде біздің елімізде (соғысқа дейінгі жылдарда) кеңінен тарады. Егер де бихевиоризм өз дамуында физиология және биология ғылымдарына жан-жақты негізделсе, ал гештальтпсихология физика мен математиканың ерекше ықпалында болды.

Бұл бағыттың көрнекті өкілдерінің ішінде М.Вертгеймердің, В.Келердің, К.Левиннің және т.б. есімдерін атауға болады. Гештальтпсихология өкілдерін интроспективтік психологияға тән психикалық құбылыстарды талдауға және зерттеуге жеңілдетілген атомистік тұрғыдан қарау негізінен қанағаттандырмады. Бұл интроспективтік психология барлық күрделі құбылыстарды қарапайым құбылыстарға бөлді, олардың тіркесінен күрделі тұтастық заңын қалыптастыруға ұмтылды.

Гештальтпсихологтер психикалық құбылыстардың қиын да тұтас жүйесін қалыптастырудың өзіндік заңының өмір сүруі және жұмыс істеуі туралы айтқан болатын. Гештальтпсихологтардың зерттеулерінде күрделі құбылыстардың элементтері және оның байланыстары бойынша зерттеу осы байланыстардың құрылымын анықтаумен ауыстырыдды. Осы себептерден ғылымдағы бұл бағытты кейде "құрылымдық психология" деп атайды (гештальт деген сөздің қазақша мағыналарының бірі "құрылым" деген мағананы береді).

Гештальтпсихологияның көптеген өкілдері психологиялық білімнен, басқа жаратылыстану ғылымдарының салаларьшың бірінен базалық білім алды, бұл олардың психологиялық көзқарасына ерекше ықпал етті. В.Келер, мәселен, физиканы оқып, үйренді және қабылдау мен ойлау үрдістерін түсіндіруде қажетті білімді пайдаланды. Кез-келген құбылыс пайда болады және белгілі бір жүйенің белігі ретіңде өзіндік ерекшелік сипаттамасын алады деп жазды В.Келер. 

Гештальтпсихологияның ұстанымдары мен қағидалары жеке тұлға мен тұлға аралық мінез-құлыққа қолдануды өзінің теориялық және эксперименталдік зерттеулерінде К.Левин іске асырды. Орта, Левиннің айтуынша, физикалық бірлікте емес, психологиялық тұрғыдан анықталуы қажет, демек, адамдардың оған өсер ететін субъективтік қабыддауы арқылы беріледі.

Гештальтпсихологияның идеялары психологияның көптеген негізгі проблемаларын талдауда жағымды роль атқарды.

Көп жағдайда гештальтпсихология бихевиоризмге және өмір сүріп отырған психологиялық бағыттарға қарсы. Жас экспериментаддық психологияның ұзақ уақыт бойы зерттеу нысаны түйсіктер болды. Психикалық өмірдің бейнелік аспектісі психологиялық зертханаларда қаншама күш салынса да тек ашьшмай ғана қалған жоқ, керісінше, жоқ болып кетті. Бірақ бейне категориясын ұсынып отырған сол аспект әлеуметтік теориялық талдаудың және эмпирикалық зерттеудің пәні ретінде міндетті түрде қарастырылуы қажет еді. Идеалистік философияның үстемдік ету жағдайында қалыптасқан оны іске асыруға гештальтпсихология талпынған еді, оның бағыттары мен нәтижелеріне әсері тиді.

Гештальтизмнің қалыптасу кезінде тұтастық және бөліктері проблемасына ерекше мән берілді. Барлық уақытта да психикалық өмірді оны тұтастықта, ішкі байланыста қарастыру негізгі мәселе болып көтерілді.

Болашақ гештальтистер екі зертханада тәрбиеленді: Ф.Брентанонның шәкірті - К.Штумпфа (Берлин) және Геттинген университетінде Г.Мюллерде тәрбиеленді. Олар өздерінің мақсаты — психологияны емес, логиканы реформалау мәселесін қойды. Олардың айтуынша, логика феноменологияға айналуы тиіс. Осы мақсатты орьшдау үшін бұрынғы интроспективтік әдіс жарамсыз деп табылды. Оны жетілдіру негізінде феноменологиялык әдіс қалыптасты. Бұл бағыттың түсіндіруінше, бейненің негізгі қасиеті константтылық немесе қабылдаудың өзгерген жағдайдағы тұрақтылығы, сонымен қатар егер қабылданатын зат тұтас түрінде қабылданбайтын болса, қабылдаудың тұрақтылығы бұзылады. Гештальт психология өкілдері фигура және фон, екі жақты бейнелеу, қабылдау туралы зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі шетел психологиясына талдау жасағанда психиология ғылымында генетикалық бағыттың ең кернекті екілдерінің бірі, швейцария ғалымы, психологі Жан Пиаженің генетикалық психологиясына сипаттама беруден бастағанды жөн көрдік. Әлемдік психологияда баланың интеллектісін дамыту саласында өлшеусіз еңбек сіңірген ғалымды кездестіру қиын.

Құрылымдық — жүйелік талдауды пайдалана отырып, психологиялық зерттеулердің басшылыққа алатын әдіснамалық қағидасы ретіңде Пиаже генетикалық әдіс туралы ілімді ұсынады.

Баланың интеллектісін қалыптастыруға негізгі көңіл боле отырып, Пиаже ғылыми психологияда кез-келген дамуды зерттеуден бастау керектігін атап көрсетті. Пиаженің пікірі бойынша, тек жекелеген ғылымдар емес, сонымен қатар таным теориясы да генетикалық негізде құрылуы қажет деп көрсетті. Бұл идея Ж.Пиаженің генетикалық эпистемология ғылымын жасаудың негізіне жатты, демек, адамда әртүрлі білімнің, ұғымның, таным операцияларының түрлері мен типтерін қалыптастыру тетіктері мен жағдайлары туралы ғылым.

Пиаженің негізгі міндеті адам интелектісінің құрылымын зерттеу болып табылады. Пиаженің алғашқы кітаптары 20-жылдары жарық көрді: "Баланың сөйлеуі мен ойлауы" (1923), "Түсінуі және ой қорытындысы" (1924), "Баланың дүние туралы түсінігі "(1926).

30-жылдары Пиаженің психиканың  даму проблемаларына козқарасы  түбірлі өзгерістерге ұшырады. Пиаже  интеллектінің даму кезеңін, оның  мазмұны мен мәнін басқаша  анықтады. Оның айтуынша, басқа адамдармен  қарым - қатынас емес, ал операция (логикалық-математикалық құрылым) баланың танымдық дамуын себепке байланыстырды.

Пиаже интеллектіні зерттеуде кескіңдеу әдісін қолданды. Әртүрлі жастағы балаларға бірдей тапсырма беріп, оның нәтижелерін салыстырып көрді. Бірақ бұл әдіс балада жаңа интеллектуалдық тәсілдерді, ұғымдарды, білімдерді психологиялық қалыптастыруды қамтамасыз ете алмады. Жан Пиаженің концепциясының негізгі кемшілігі баланың жеке басын тұтас дамытуды жоққа шығарды, интеллекті дамуының ең басты қозғаушы күші сол интеллектінің езі деп білді. Пиаженің зерттеулерінде интеллектіні дамытудың жағдайлары ішінде іс-әрекет жағдайының болмауы — негізгі кемшіліктерінің бірі.

Пиаже интеллектінің дамуының бір деңгейінен екінші деңгейіне өтуде негізгі жағдай ретінде оқытудың ролін жеткіліксіз бағалады. Отандық психологтардың орындаған көптеген зерттеулері балалардың ойлауын дамыту дұрыс ұйымдасқан оқыту жүйесіне байланысты екендігін дәлелдеді.

50-жылдардың аяғы мен 60-жыддардың бас кезіңде ашық  тоқырау жылдарында қалыптасқан (бихевиоризм, фрейдизм, гештальтпсихология), кейіннен өзгерістерге ұшыраған бағыттар өзінің маңызын бірте-бірте жоя бастады. Эксперименталдық зерттеулер мен теория саласында жаңа бағыттар пайда бола бастады.

Моделдеу құралдары арқылы танымдық іс-әрекетті зерттеу саласыңда — когнитивтік психология, гуманистік психология, ми туралы ғылымдардың шеңберінде адам санасын зерттеу — нейрофизиология, нейроморфология және нейропсихология ғылымдары қалыптасты. Адам туралы психогенетика ғылымы кеңінен тарай бастады.

Қазіргі кезде кең таралған ғылыми бағыт — когнитивтік психология. Бұл бағыт 60-жылдары АҚШ-та пайда болды. Ол негізінен бихевиоризмге, танымдық үрдістер мен танымдық дамуды жоққа шығаруға қарсы бағытталды. Когнитивтік психологияның белгілі өкілдеріне Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон жатады.

Қазіргі кезде бұл бағыттың бірнеше нұсқалары қалыптасты. Кеңінен тараған бағыттарының бірі - есептеу нұсқасы. Онда ішкі когнитивтік үлгі мен тану үрдісінің белсенділігінің рөлі ерекше атап өтіледі. Бұл бағыттың шығуы ақпараттық қатынастардың ықпалымен байланысты.

Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу саласы таным үрдістері — ес, тіл мен сейлеудің психологиялық негіздері, қабылдау, есептерді шешу, ойлау, зейін, қиял және когнитивтік даму.

Когнитивтік психология сияқты келесі ірі бағыттардың бірі — гуманистік психология. Ол бихевиоризмге және психоталдау теорияларына қарсы бағытталған еді. Гуманистік психологияның негізін салушылардың басты мақсаты адам проблемасын түсіндіруде бихевиоризм мен фрейдизмнің кемшіліктерін түзеу және бірден-бір дұрыс, өмірлік психологияны тандау болып табылады. Гуманистік бағыттың белгілі өкілдерінің бірі Абрахим Маслоу болды.

А.Маслоу адам іс-әрекетінің, мінез-құлқының қайнар кезі адамның үздіксіз өзін-өзі танытуға, өзін-езі анықтауға ұмтылуы деп түсіндірді, өзін-өзі айқындауға қажеттілік әртүрлі қызметті қамтиды: бұл гуманистік қажеттілік, демек, адамға жақсылық істеуге ұмтылу (адам өз мөні жағынан жақсылық істеуге жаны құмар).

Маслоу Ч.Дарвин теориясын өзінше түсіндірді. Ол Дарвиннің агрессивті және күшті жануарлар өмір сүре алады, өмірге бейімделеді, икемделеді деген көзқарасымен келіспейтіндігін дәлелдейді. Маслоу антропологиялық көзқараста бола тұрып, қажеттіліктің әлеуметтік жағын аша алмады.

XX ғ. екінші жартысында психологияға бірден-бір күшті әсер еткен ғылыми-техникалық революция. Қазір психологияда жан-жақты математикалық, "ақпарат теориясының әдістері қодданыла бастады, сонымен қатар электрондық есептеу техникасы, компьютерлендіру жүйесі кең өріс алды. Психология биология және медицина салаларынан соңғы жаңалықтарды белсеңді қабылдап отырды. Қазір психологияның практикаға бағытталған салалары алдыңғы шепке шыға бастады. Психолог ғалымдармен бірге практикалық психологтар пайда болды. Олар білім беру, өндіріс пен мекемелер, армия мен медицина салаларында Жүмыс істейді. Онда өздерінің психологиялық қызметін көрсетуде.

 

 

3 Бөлім. Іс-әрекет  және қарым-қатынас.

  1. Тақырып 1. Іс-әрекет туралы түсінік.
  2. Адамның іс-әрекетінің құрылымы.
  3. Іс-әрекеттің түрлері және оның сипаттамасы.
  4. Психиканың іс-әрекетті табиғаты туралы С.Л.Рубинштейн және А.Н.Леонтьевтің ой-пікірі.
  5. А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, П.Я.Гальперин, П.И.Зинченко және т.б.психологтардың еңбектеріндегі психикалық үрдістің қарулы табиғаты жайлы түсініктің дамуы.

 

Барша тіршілік иелері қоршаған дүниемен өмірлік маңызы бар байланыстар жасап әрі оны қажетіне орай өзгертіп, өзінше бағыт-бағдар таңдауға қабілетті, яғни белсенділік көрсете алады. Тіршіліктің жалпылама сипатын қамтыған адам қоғамындағы белсенділік өз ерекшелігіне орай айрықша көрініске ие. Бұл белсенділік көрінісі іс-әрекет деп аталады.

Адам іс-әрекетінің нәтижесі - нақты бір өнім. Ал осы өнімді әрбір жеке адам өзі және қоғам игілігі үшін өндіреді, жаратады. Өз кезегінде, осы қоғамның көптеген мүшелерінің өнімі әрбір жеке адамның мүддесін қамтамасыз етуге жұмсалады.

Іс-әрекет қоғамдық-тарихи категория. Қалаған жеке іс-әрекет қоғам қызметімен тығыз байланыста, әрбір тұлға - бас?а адамдармен қарым-қатынаста. Жеке іс-әрекет қоғамдық іс-әрекеттің тетігі, нақты көріністегі бөлігі ретінде қарастырылады. Қоғамдық байланыстар мен қатынастардан тыс жеке, дара іс-әрекет жасалмайды. Сондықтан жеке іс-әрекет белгілі қоғамның кезеңдік тарихи даму сатысындағы қалыптасқан нақты қоғамдық қатынастар жүйесімен байланыстырыла зерттелуі тиіс.

Қоғамдық қатынастар жеке адамдардың іс-әрекетінен тыс болуы мүмкін емес. Белгілі қоғамдағы іс-әрекет түрлері сол қоғамдағы өндірістік күштердің даму деңгейі және қалыптасқан қоғамдық қатынастар жүйесімен анықталады. Іс-әрекетте ғана адам қоғамдық тұлға, азамат болып танылады.

Іс-әрекет әрдайым міндетті түрде психика қатысуымен түзілетін субьекттің объектпен байланысы. Қан-дай да бір іс-әрекетті орындау барысында адам бір нәрсені қабылдауы, есінде қалдыруы, ойлауы, оған зейін аударуы қажет; әрекет желісінде оның қандай да көңіл-күй шарпулары (эмоция) туындап, ерік сапалары іске қосылады, ниетұстамдары (установки) мен қатынастары ж.т.б. қалыптасады. Іс-әрекет қырларының ішінде психологияның зерт-тейтіні - іс-әрекеттің субьективтік жоспары, яғни әрекетшең адамның дүние шындығын өзінше бейнелеу деңгейі, түрі және формалары: сеп-түрткі (мотив), мақсат қою, ерік жұмсау, эмоциялар білдіру ж.т.б. Субъектке байланыссыз іс-әрекет ешқандай психологиялық сипатқа ие емес.

Информация о работе Психология және адам дамуы