Психология және адам дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат

Краткое описание

Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.

Содержание

Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Фат, Фақ-311 Кешен психол 2014.doc

— 1.50 Мб (Скачать документ)

  Топтар басшысыз не жетекшісіз болмайды. Кез-келген топтың сайлап алған не белгілеп қойған басшысы болады. Әдетте, топ алға қойылған мақсат-мүделерін жүзеге асыру үшін ынтымақты болып, сайланған басшысының жетекшілігімен әралуан істерді атқарады. Топ мүшелері істерінің нәтиежелі болуы жетекшіге байланысты. Тәжірибелі ұстаз,тәлімгер мен тәрбиеші сынып ішіндегі топтарды қозғаушы күш етіп тәрбиелеп, оларды пайдалы істерді орындауға бағдарлап отырады.   

 

Ұжымдық топ. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрлі ұжым. Оның шығу тегі-отбасы. Отбасы –белгілі бір тайпаның не рудың негізгі бөлшегі.Адамдардың әлеуметтік өмірінің тірегі де-осы –отбасы. Ұрылармен генгестірлердің бандысы да осы –топ. Бірақ олар ұжым емес.Олардың ұйымдасуының ішкі және сыртқы мақсаттары-жеке бастың қамы,қара ниет құлқы мен қоғамға деген зиянкестік әрекеттер.

Адамдардың ұйымдасқан тобы-ұжымның түпкі мақсаты –адамдардың игілікті мұрат мүдделеріне сәйкес істерді атқарып,қрғамның дамуына өз үлесін қосу. Ғылыми тұрғыдан алғанда, әрбір жеке адам өз қауымдастығына ерікті болғанда ғана пайдалы істермен шұғылдана алады. Сөйтіп, қоғамға өз пайдасын тигізеді.

Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынас түрлері. Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа өзін қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады.Адамдар қарым-қатынасының сыр-сипаты қоғамдық өмірде әсіресе істердегі әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі адамдардың бір – біріне тәуелділігі, бағынуы бірлесіп атқаратын істері өзара көмектесу олардың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде қалыптасуын көрсететін сипаттар. Олардың арасындағы қарым қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеуметтік жағдайларға және әрбір азаматтың даралық нақты іс - әрекеттеріне байланысты. Мұндағы өзекті мәселе адамдардың қоғамдық ісінің нәтежелі болуымен әлеуметтік мақсаттылығы. Адамдар арасындағы тікелей қарым- қатынас бір-бірін ұнатып қолдау нәтежесінде өрістесе, ал жанама қарым – қатынас олардың бағалы заттарды алмасуымен бірінің ісін бірі бағалау нәтежесінде қалыптасды. Мұндай қатынас негізінен ұжымдық сипат алады.

Психология пәні адамдар арасындаға жанама қатынастардың түрлі өзгерістерге ұшырайтынын ерекше атап көрсетіп олардың мынадай денгейлерде қалыптасып отыратындығына мән береді: а) диффузиялық топ – бұл аралас топ деп аталады, мұндай топтағы адамдардың қарым-қатынасы топтың негізгі іс-әрекетіне  байланыссыз-ақ жүзеге асады; ә)ассосиация – бұл күрделі топ, топтың іс-әрекеті әрбір адамның мүддесіне сай келетін болғандықтан, топтар ішіндегі қарым–қатынас жандана бермек; б)корпорация, мұнда да жеке мүдделерге сәйкес қатынас ассосациялық негізде дами бермек; в)ұжым – топтың ең жоғары денгейде ұйымдасқан формасы, мұнда топ ішіндегі қарым – қатынас жалпы мақсатты іс - әрекетті арқылы жүзеге асып, әрбір адамның мақсат мүддесімен ұштасып жатады.

Ұжымдық қарым–қатынас жасаудың негізгі обьектісі – адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл–күйі, сергектігі, болашақ мақсат мүддесі, әлеуметтік психологияда өзекті жайт ретінде дара түрде қарастырылады. Бұл мәселелердін бәрі ұжымдық мүдде деп саналады.

Адамдардың қарым-қатынас жасауы әртүрлі топтарда жүреді.Топ сөзінің астарында ( сол топтағы адамдардағы ортақ) бір ортақтастықтары бар элементтердің жиынтығы.

Топтың бірнеше түрі бар: 1). Шартты және шынай; 2). Тұрақты және уақытша; 3). Үлкен және кіші. Шартты топтағы адамдар белгілі бір белгілер (жынысы, жасы, кәсібі т.с.с.) бойынша топтасады. Шынай топқа біріккен тұлғалар тікелей тұлғааралық қарым-қатынаста болмайды және бір-бірлері туралы білмеуі мүмкін тіпті бір-бірімен кездеспейді.

      Шынай топтағы  адамдар шын қоғамда белгілі  бір кеңістікте және уақытта  өмір сүретін және топтың мүшелері  өз алдарына обьективті қатынаспен байланысқан адамдар.

     Шынай топтағы адамдар  бір өлшем бойынша ішкі және  сыртқы ұйымдар, тағайындалған және  қоғамдық мәнімен ажыратылады.

     Байланыстық топтағы  адамдарды өмірдң сол және  басқа саласындағы адамдардың  ортақ пікірі мен мақсаттары байланыстырады.

     Кіші топ - өзара қарым-қатынасқа  негізделген, жеткілікті дәрежедегі  тұрақты бірлестік.

                    Андрееваның топтың классификациясы  бойынша

 

топтар

шартты

 

шынай


лабораториялық




табиғи




 


үлкен




кіші




 

 


ұйымдаспаған

 

ұйымдасқан

 

құрылайын деп жатқан

 

ұжымдық


 

Кіші топ - әлеуметтік әрекетке негізделген эмоционалды қарым-қатынасқа негіз болатын топтық нормалар мен үрдістердің дамуына негіз болатын топтық нормалар мен үрдістердің дамуына негізделген ортақ әлеуметтік әрекет үшін біріккен көп емес ( 3 пен 15 адам) адамдардың топтары.

     Үлкен топтардағы  адамдар, өз іштерінде топ ішілік  болып бөлінеді. Кіші топтарды  ажырататын белгілер: 1) адамдардың  кеңістік және уақытша болуы.Бұл  адамдардың болуы интерактивті, ақпараттық, қарым-қатынастық перцептивті аспектілермен қоса, жеке адамдық қарым-қатынасқа мүмкіндік береді. Кейбір американдық зерттеушілер,перцпетивті аспектілер – ең бастысы деп, санайды. Себебі олар адамға топтағы басқа барлық адамдарды индивид ретінде қабылдауға мүмкіндік береді және тек осы жағдайда ғана кіші топ туралы айтуға болады. Әсерлеу - әрбір адамның белсенділігі, бұл бір уақыт ішіндегі стимул.

Мақсаттың үш түрін көрсетуге болады:

   1) Жақын перспективалар  уақыт бойынша тез жүзеге асатын  және осы топтың қасиеттерін білдіреді.

   2) Уақыт бойынша ұзағырақ  және бұл топты екінші ұжымның  мүддесіне (ұйымның мүддесін және  тұтас мектепті) шығарады.

   3) (ұзақ) алыс перспектива 1-ші  топтағы әлеуметтік қызмет проблемасын  қоса біріктіреді.

 

 

Бірлескен әрекеттің қоғамдық құнды құрылымды әрбір топ мүшесі үшін тұлғалық мәнді болуы керек. Бұл тұста топтың обьективті мақсатынан гөрі, оны топтың қалайә қабылдайтыны маңызды. Топтың бірлескен әрекетінің мінездемесі топты бір мақсатқа біріктіріп, топтың ішкі мақсаттары формальды құрылыммен анықталады.

     Топтағы бастапқы  ұйымдастырудың барлығы. Ол топтағылардың  ішінен ( лидерден, басшыдан) болуы мүмкін, ал болмуыда мүмкін, бірақ бұл  бастапқы ұйымдастырушысы жоқ  деген сөз емес. Бұл жағдайда басшылық қызмет топтағы адамдардың арасынан бөлінген және лидерлік спецификациялық жағдайлық мінездемеге ие (мұндай нақты жағдайда, бұл салада) басқаларға қарағанда белсендіі лидердің қызметін өзіне иемденеді.

     Переональды рольдердің  дифференциясының бөлінуі.

(еңбек коорпарациясының бөлінуі, билікке бөліну яғни топ мүшелерінің  белсенділігі бір текті бола  алмайды, олар топ үшін өздерінің  үлесін қоса отырып, әр түрлі  ойындарды ойнайды).

     Топ мүшелерінің арасындағы  эмоцианалдық қарым-қатынас топтың белсенділігіне әсер етеді және топтардың топ ішілік топтарға бөлінуіне әкелуі мүмкін, сонымен қатар топтағы тұлғааралық қатынастың ішкі құрылымын құрайды.

     Топтың спецификалық  мәдениетінің жасалуы, нормалар, ережелер, өмір стандарттары, тәртіптер, топ мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасынан күткенін анықтайтын және топтың динамиканы шарттайырады.

Бұл нормалар-тұтас топтардың маңызды белгілері. Топтық стандарттардан, нормалардан босау тек лидерге рұқсат (етілген) беріледі.

     Сонымен, топтар келесі психологиялық мінездемеге ие:

 

Топтар


 

топтық

 

Топтық қажеттіліктер

 

Топтық пікірлер


 

Топтық құндылықтар

 

топтық нормалар

 

Топтық мақсаттар


 

Топқа келесі жалпы заңдылықтар тән құрылатын болады.

1. Топ

  1. топта (прогресс немесе регресс жолымен) динамикалық үрдістер жұргізеді.
  2. топтағы адамның орын ауыстыруы біркелкі болмауы мүмкін.

 

Психологиялық мінездеме бойынша былай ажыратылады:

  1. топтар мүшелілігі;
  2. референтті топтардағы нормалармен ережелер тұлға үшін үлгі болуға қызмет етеді.

Референтті топтар шынай немесе қяли, позитивті немесе негативті болуы мүмкін, топ мүшелеріне сай келуі де, келмеуіде мүмкін, бірақ олар мынадай қызметтер атқарады:

  1. Әлеуметтік (тұрғыдан) салыстыру, себебі топтар – оң негативті үлгілердің қайнар көзі.
  2. Нормативті қызмет атқарады, себебі референтті топтар – адамдардың үйренуіне ұмтылатын нормалар мен ережелердің жиынтығы.

Ұйымдағы әрекеттердің сипаты мен формасына қарай топтық байланыстың даму деңгейінің келесі түрлерін көрсетеді.

Топтардың даму деңгейінің әлеуметтік психологиялық сипатамасы.

 

Топтың атауы

Құрылымы

Әрекеттік формасы

Әрекеттің мақсаты

I. Ұйымдаспаған топтар (ассоциауиялар) кездейсоқ п.б.

Жоқ немесе көтерілісті

өзіндік

 

Жеке

II. Іштей ұйымдасқан топтар: ұйымдар, өндірістік, кооперация)

 

 

Регламенттелген

Топтардың ішкі және сыртқы ұйымдарымен белгіленеді.

 

 

жалпы

III. Сырттай ұйымдасқан топтар:1) корпарация, бизнесмендердің топтары

2) ұжымдар

 

 

Сыртқы

 

 

Бірге

біріккен

 

 

Топ арқылы жеке

 

 

жалпы


 

Ұйымдаспаған ( нашиналды Топтар) немесе кездейсоқ ұйымдасқан топтар ( кинодағы көрермендер, кенеттен кеңінен экскурциясының топ мүшелері және т.б) адамдардың қызығушылықтарының ұқсастығына негізделіп уақытша біріккен адамдар.  Ассоцация -  қарым-қатынас тек жеке тұлғалардың мәнді мақсатарына негізделген топтар. Мыс, (достар, таныста)  Кооперация - бұл топаралық шынай әрекет ететін ұйымдасқан құрылыммен ажыратылатын топтар, белгілі бір әрекет түрінде нақты тапсырмаларды орындауда талап ететін табысқа жету үшін тұлғааралық қарым-қатынас іскер сипатқа ие болады.

  Корпарация-бұл сыртқы мақсаттары бойынша біріккен оның шегінен аспайтын, өздерінің топтық мақсттарын кезкелген бағамен, тіпті басқа топтиардың есебінен жүзеге асыруға тырысатын топтр.Кейде корпаративтің еңбек немесе оқу топтарында орындары болуы мүмкін.

 

    3.  Кіші топтың социометриялық құрылымы.

Американдық психолг, әрі социолок Дж.Морено шағын топтағы адамдардың қарым–қатынасын зерттеу үшін социометриялық әдісті ұсынған болатын. Бұл әдіс бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер шағын ұжымдардың жетекшілері, өндірістік және кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары қарамағындағылардың өзара қарым – қатынасын анықтай алады. Бұл тәсілдің өзіндік өлшемі (критерий) әр қилы. Басты мақсаты топ ішіндегі адамдардың тілегімен мүддесін анықтау. Топтағы адамдардың өзара қарым – қатынастарының үйлесімді болуы, немесе бір – бірін ұнатуы, ұнатпауы олардың сезімдік – эмоциялық күйлеріне байланысты. топ ішіндегі тағы бір жайт – жеке адамның топтың әрекеттеріне илануы. Бұл – психологиядағы ерік сипаты. Илану адамның көнгіштігімен анықталады.Топтар мен ұжымдардың психологиялық ахуалы дифференциялық диогностика тәсілімен зерттеліп, олардың бағыт-бағдарынан,іс-әрекет түрлерінен келешекте нендней нәтиеже күтуге болады деген мәселе негізгі мақсат етіп қойылады. Дифференциялық диогностиканың қазақша мағансы әр-қилы іс-әрекеттермен, құбылыстардан туындайтын нәтиежені болжап,  олардың мән-жайын танып білу түсінікке саяды.

Шағын топтармен ұжымдардың қарым-қатынасы және олардың өздерне серік іздеп, әріптестер таңдауы адам психолгиясындағы өзіндік маңызы бар мәселе болып табылады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қпғамдық әлеуметтік және психологиялық негізі, ең алдымен, адамның күнделікті тіршілік қажетілікттерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.

 

 

  1. Бөлім. Танымдық психологиялық үрдістер.

Тақырып 1. Түйсік және қабылдау.

      1. Түйсік және қабылдау туралы түсінік.
      2. Қабылдаудың физиологиялық негізі.
      3. Түйсік және қабылдаудың түрлері.
      4. Түйсіктің қабылдаудан айырмашылығы.
      5. Түйсік және қабылдаудың қасиеттері.
      6. Адамныңпсихикасында түйсік пен қабылдаудың орны.

Информация о работе Психология және адам дамуы