Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат
Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.
Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.
Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипатта боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайда, тым жақсы басталған таныстық қапелімде үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да болады: алғашқысында әйтеуір бірдеңеден ұнатпай жүрген адамына бара-бара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар адамдардың бір біріне алғашқы танысуда берген бағалары мен қабылдауына байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындайды.
Нақты мезеттегі адамдар арасында болатын қатынастардың сипаты көптеген шарттарға тәуелді, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпі. ДенҢ сау, көңілҢ көтеріңкі болса, төңірегіндегілермен қатынас та әпәдемі, үйлесе түседі. Көңіл-күйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан әрі беки түседі, ал қандай да әбігер күй-де түзілген қатынас көбіне баянды болмайды.
Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез-құлығына да байланысты. Әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдағы қайырымдылық, ақ көңілдік, үйіршеңдік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмәншілдік, өшпенділік, тұйықтық пен өзімшілдік - қалыпты қатынастар орнығуына кері әсе-рін тигізеді.
Жас ұлғайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймастан, адамның оларды басқару қабілеті де артады. Мұндайда адамға жәрдемге келетін - оның даралық ерекшеліктеріне қосымша өмірлік тәжірибесі.
Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі
Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты. Екінші адамның тұлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байла-ныстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне (кейіп) әр адамның қажетсінуінен, қылық мотивтерінен, мінез бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлар-дағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді. Бұлардың бәрі "Ат кісінесіп, адам сөйлесіп" дегендей әңгімелесу барысында назарға алынып, санада жіктеліп, бекиді де адамның жеке, нақты бағасын беруге негіз болады.
Бөгде адамның бейнесін қалыптастыру арқылы біз оған болған қатынасымыздың сипатын айқындаймыз, оның даралық ерекшеліктерін тануға мүмкіндік аламыз. Адамды жөнімен танып, дұрыс бағасын беріп, оның әрекет-қылығының мақсаттары мен мотивтерін айқындап, ол тарапынан болып қалар жауапты әрекеттерді күні бұрын болжастыра, біз бұлардың бәрін өз қажеттіктеріміз және мүдделерімізбен салыстырамыз, әңгімелесудің қолайлы жолдарын болжастырамыз, осы арқылы екі тарапқа да ортақ ниеттерді табумен тұлғалар арасындағы қызметтік қатынастарға кірісеміз.
Адамның эмоционалдық жағдайын бағалай отырып, біз оның нақты көңіл-күйіне сәйкес қарым-қатынасты дамытып, тереңдете түсуге мүмкіндік аламыз және өзіміздің, оның және төңірегіндегілердің мүдделеріне орай ол адамға тиімді психологиялық ықпал етудің жолдарын іздестіріп, пайдаланамыз. Егер біз қатысқан адамдары-мыздың әртүрлі тұрмыстық жағдайлардағы әрекет-қылығын күні бұрын болжастыра алсақ, оның мінез-құлығын қажетті бағытта басқаруға және онымен ұнамды адам аралық қатынастар алып баруға қосымша мүмкіндіктерге ие боламыз.
Бөгде адамның тұлғалық дәрежесі жөнінде біз оның дене құрылымы, психологиялық және қылық-әрекеттік белгілері бойынша топшылаймыз. Адамның сырт көрінісі мен психологиялық бейнесі арасында тікелей де толық байланыс болмағанымен, бұлардың екеуі қандай да өзара ықпалды қатынаста. Дене құрылымы ерекше бітіске ие болған адамдар, мінезі жағынан да өзара ұқсамас. Осы тұрғыдан барша адамдар үш типке жатады (Э.Кречмер, У.Шелдон т.б.): астеник, пикник, атлетик. Пикник типтес адамдар - көңілді, үйіршең, әңгімешіл, әрқандай қиыншылыққа жасымайды; астеник адамдар - көбіне тұйық, оңашаланғанды ұнатады, ұдайы ойға шомып жүреді; ал атлетиктер - ұстамсыз, дүлей келеді.
Адамның ішкі жан дүниесі оның сөзі мен тілінен айқын көрінеді. Қандай сөздер мен тіркестерді қолдануына қарап, сөз ырғағы мен әуенін талдай отырып, сөйлеу процесіндегі тыныстары мен жеделдігіне орай жеке адамның ерекшеліктерін байқаймыз.
Уақыт ағымына берілмей, ұзақ мерзім сақталатын белгілер - адамның қажетсінулері, әрекет-қылық мотивтері мен қызығулары. Бұлар бойынша біз адамды тануымыз мүмкін, бірақ бұл үшін аталған белгілер сол адамның сырт көрінісі мен мінезінен біраз байқалуы тиіс.
Жоғарыда бөгде адамды тану, білу мүмкіндігін әңгімеледік, ал енді адам өзін-өзі сарапқа сала алады ма, жоқ па деген сұраққа жауап ізделік. Бұған оң да, кері де жауап айту мүмкін. Егер адам өзін-өзі түк танымаса, онда оның қауым ортасындағы әрекет-қылықтары алдын ала өзіндік болжастыруға келмей, тұрақсыз кейіпке енер еді. Сонымен бірге, мұндай адамның қатынас қылығы мен іс-әрекеттері ақыл оралымынан алшақ, төңірегіндегілердің ісімен сәйкестік таппайды.
Екінші тараптан, егер адам өзі жөнінде бәрін біле берсе, онда өмірге деген қызығушылықтың да қажеті болмай қалары сөзсіз, себебі саналы адамның бар өмірлік болмысы осы өзін тануға деген жоғары ынта-ықыластан нәр алады. Адам өзінің шындыққа келетін сырт көрінісінен басқа өзінің мінез бітістері жөнінде де азды-көпті мәліметке ие, бірақ бұл мәліметтер көбіне адамның өзі жөніндегі ұнамды пайымдауларды қамтиды. Сонымен бірге, адам өзінің кейбір әлеуметтік талапқа сай қажетсінулері мен әрекет-қылығының сеп-түрткілерін тануға бейім. Ал өз санасының астарында жатқан немесе моральдық тыйымдарға байланысты санаға жат психологиялық бітістерін тіпті де білмейді.
Адам өзі жөніндегі шындықты басқалардың оның іс-әрекетіне болған қатынасынан байқауына болады. Өз әрекеттері мен сол әрекеттерге берген басқалар баға-сын салыстыра, адам жанама түрде өзі қасиеттері мен сапаларын болжастыруына болады.
Іс-әрекетте нәтижеге жетісе, мақтау алып, не сәтсіздікке ұшырап, сырттың жоғары немесе ұнамсыз бағасына кезігумен әр жеке адам өзінің қабілет деңгейін сезеді.
Адамның өзін-өзі тануы төңірегіндегілердің қабылдауы мен бағасына тығыз байланысты. Күнделікті тұрмыстық қатынастар, тілдесу негізінде адамның психологиялық бейнесін түзу үшін келесі тәсілдер қолданылады: бітіс таңу, алғашқы әсерлену, жаңалықты әсерлену, ықтималды болжай әсерлену, асыра сілтей әсерлену, жеке адамның бітістерді біріктіре әсерленуі (Р.С.Немов).
Адам образын жасаудың ең көп тараған тәсілі бұл бітіс таңу. Оның мәні: адам төңірегіндегілерді өзіне тән қасиеттер мен сапалар тұрғысынан бағалайды, яғни өз мінез бітістерін екінші біреулерге таңады, оның қылық-әрекетін түсінгісі келіп, өзін сол адамның орнына қоя салады.
Алғашқы әсер тәсілі бөгде адамды бірінші көргеннен қалыптасатын образды бекіту үшін қолданылады. Бұл құбылыстың болуы адамға байланысты алғашқы әсердің кейінгі әсерлерге қарағанда күштірек сезілуінен.
Ал енді жеткізіліп жатқан ақпараттағы адам қасиеттерінің тізімі молдау болып, мәлімет бөліктерін хабарлау барысында біршама уақыт үзілісі болса, алғашқы ақпарат соңына қарай ұмытылады. Бұл жағдайда алғашқы әсерленуге қарсы құбылыс - жаңалықты әсерлену тәсілі іске кіріседі.
Ықтималды болжай әсерлену деп келесі құбылысты түсінеміз: адам миы болашақ оқиғаларды алдын ала болжастыру қабілетіне ие. Осыдан тұлға басталған іс-әрекеттің бағдарын, қарқындылығы мен ақырғы нәтижесін күні бұрын жоспарлайды. Әлі қолда жоқ бүтін затты оның бөлектері бойынша ойда белгілі бір формаға келтіріп, жан-жақты сипаттамасын бере алады.
Мысалы, адамға тән белгілі бітістері бойынша оның әлі белгісіз, бірақ онда болуы тиіс қасиеттерін де анықтау мүмкін: батыр адам әрқашан адал да аңғал болатынына ешбір күмәнданбаймыз, сондай-ақ, қорқақ - әрдайым өтірікшіл, мәдениетті - ой-өрісі кең, қайырымды - үйіршең, сенгіш, өшпенді адам - әрқашан тұйық, күмәншіл келеді.
Асыра сілтеу әсері адам жөніндегі алғашқы бағаның кейінгілеріне күшті ықпал етуінен пайда болады. Мұндай әсерден бірінші берілген мінездеме қатып қалған, өзгермес күйге түседі. Егер қандай да адам бір көруден бізге ұнамды тарапынан танылып қалса, кейін де біз осы бағамыздан танбай, басқа бір сын көзқарастарды ол адамға жолатпауға тырысамыз.
Психологиялық бейне жасауда ең күрделі де маңызды тәсіл - жеке адамның бітістерді біріктіре әсерлену құбылысы. Оның мәні мынада: әрбір адам санқилы тұлғалармен көп мәрте кездесе жүріп, қабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт көрінісі, психологиялық және әрекет-қылығы туралы пайымдау бекітеді. Көп қайталап кездескен бұл әсерлер бірігеді де, солардың ішінде бірі, мысалы, адамның сырт келбеті белгілі бір психологиялық ішкі қасиетпен ұштастырылады. Осы біріккен образ негізінде екінші бір адамды кездестіргенімізде, одан оның сырт пішініне қарап, өзіміздің санамызда орныққан осы пішінге сәйкес қасиетті іздестіреміз. Мысалы, қабағы түксиген адамдар көбіне тұйық, ауыр мінезді келеді.
Бөгде адамның тұлғалық ерекшеліктерін тануда жеке-дара және кәсіби ерекшеліктер көп роль ойнайды. Қайырымды, мейірман, серлі адам басқаларды жеңіл түсінеді, қабылдайды, себебі мұндай адамдар, әдетте үлкен де бай қатынас тәжірибесіне ие болумен, басқалардан әрқашан жақсылық қасиеттерді іздестіруге бейім келеді, ал өз өмір жолы сәтсіздіктен қаланып, көпшілікпен тіл табыса алмаған адам басқалардың да оңды образын жасауға қабілетсіз келеді. Кең әлеумет ортасында жүрген кәсіп, қызмет иелері (педагог, дәрігер, экономист, саясаткер, әдебиетші, өнер адамы) төңірегіндегілерді дұрыс бағалап, қасиеттеріне сәйкес қабылдай біледі.
3. Таным мен түсінісудегі
Бірін бірі түсінісуде адамдар көбіне шектен тыс өзімшіл, субъективті, асығыс қорытынды жасауға бейімшіл келеді. Адамның өзімшілдігі оның төңірегіндегілерге баға берудегі өз қабілетін асыра дәріптеуінен келіп шығады. Өзінің кейбір істерге байланысты ой-өрісі мен ептіліктерінің мүлтіксіз жұмыс атқаруға жарайтынын пайдаланып, адам сипаттауда да сол қабілетім жеткілікті дегендей жаңсақ ойдың арбауында қалып қояды да, нәтижеде назарға алған адамы жөнінде қате пікірге тап келеді. Ал онысын өзі сезбейді де, мойындамайды. Мұның түпкі себебі - заттар мен жан дүниелі адамдарға болған қатынастардың өзіндік ерекшеліктерін білмеуден.
Субъектив қателіктің мәні: нақты кезеңдегі өзінің психологиялық кейпіне назар салмастан, адам нақты көріп тұрғаны мен естігеніне сеніп қалады, ал көз бен құ-лақ қабылдауы әрқашан адамның жеке көңіл-күйінің жағ-дайына тәуелді. Қандай да адамды қабылдауымыз біздің өзіміздің сол мезеттегі жан толғанысымыз, көңіл шарпуымыз бен қажетсінуімізге байланысты келеді. Осы тұрғыдан адам бағалауда өз сезімің мен пікір пайымдауына да толығымен сене беруіне болмайды.
Ситуативтік қателік мәні: басқаны бағалай және қабылдай отырып, тұлға өз қабылдау процесінің қандай жағдайда өтіп жатқанын ескермеуі және сол жағдайдың оның өзінің әрекет-қылығы мен бақылауындағы адамның болмысына нендей әсер етіп жатқанын байқамауы мүм-кін. Ал адам өзінің бақылау астында екенін сезсе, өзінің әдеттегі, қалыпты қылықтарын бұрмалап көрсетуге тырысады. Бақылаушының өзі де нақты жағдайларға орай өз әрекетінің формасын өзгертеді. Асығыс қорытынды жасауға байланысты қателік мәні: бақыланушы адам жөніндегі пікір мүмкін болған мәліметтердің бәрі жинақталмай, үстірт беріледі. Мұндай қателік болмауы үшін төңірегіндегілерді түсінуге ниет еткен әрбір адам өзін ұстамдылықпен, болжамы нақты де-ректермен айқындалмағанша, бақылауға алынған тұлға жөнінде ой топшылаудан аулақ болғаны жөн.
Қателіктердің және бір тобы жалған қарапайым-дылықтан келіп шығады. Мұндай қателік өзін өзі шын мәнінде кім екенін білмейтін, қоғамдық беделі жоқ, аңғырт адамдарда болады. Бұл типтегі жандар төңірегіндегілердің ішкі жан дүниесі мен әрекет-қылығының мәнін түсінуге қабілеті жетпегенінен, өзін дүниеден хабарсыз, не болса, соған сенгіш кейіпте танытып, кім болса, соның арбауына түсіп кете береді.
Топтар. Шартты және байланысты топтар - әлеуметтік психологиядағы топтың екі түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиетіне орай ажыратады. Бұл топтарға адамдардың, мысалы, жас ерекшеліктеріне, жасына, ұлттық белгісіне не мамандығына т.б сәйкес бөлінуі мүмкін. Оған енгізілген адамдардың бір – біріне және осы топқа тікелей де, жанама да қатысы болмауы мүмкін. Дегенмен, олар белгілі бір ерекшеліктеріне орай осы топқа қатынаста тұрады. Шартты топқа, мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар жатады деп есептеліп, сол жастағы бірнеше бала іріктеліп алынып зеттеледі. Мұндай зеттеу әлеуметтік психологияның обьектісіне жатады.
Байланысты топ – белгілі кеңістік пен мерзім арасында мақсат – мүдделерінің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы. Мәселен, бір сыныптағы оқушылар, мектептегі ұстаздар мен тәрбиешілер ұжымы, жұмысшылар бригадасы, әскери бөлімдер, отбасының құрамы – мұның бәрі байланысты топтар деп аталады. әлеуметтік топтар үшін бұл топтардың маңызы оте зор. Отбасы – адамдардың алғашқы табиғи тобы. Сол топтардан рулар қалыптасқан. Бірлесіп еңбектену нәтежесінде адамдар кооперациялар құрады. Ал коопирациалар адамдардың шын мәнісіндегі еңбек тобы болып саналады.
Байланысты топқа адамдар белгілі бір жағдайда бірігіп, ресми емес топ құрады. Мысалы, поезд ішіндегі бір купеде келе жатқан жолаушылар біршама уақыт өткен соң өзара тіл табысып, станцияларда бірі қажетті нәрселер сатып әкелді, енді бірі өзгелерді сөзге айналдырады , қалжың әңгімелер айтып, қасындағыларды көңілдендіреді. Сөйтіп, кездейсоқ адамдар тобы арасында қарым – қатынас орнайды. Әдетте, мұндай топ өз арасындағы біреуді басшы тұтып, қалғандары оның айтқандарын тыңдайды. Өздерінше ішкі топ болып бірігуі олардың еркінен тыс сыртқы факторларға байланысты. Ұйымдасқан осындай бір топ сыртқы нұсқау арқылы бірігеді.. Бұған әскери бөлімдерді жатғызуға болады. Кейде ресми және бейресми топтар бірін-бірі толықтырады. Мәселен, өнеркәсіп саласындағы өндіріс бригадасыныңұйымдасып еңбектенуі,ресми топтағы қожалық шаруашылығы, фермерлер, жеке меншік ретінде құрылған өндіріс бірлестігі осыған мысал бола алады.