Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат
Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.
Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.
Бізді қоршаған және бізге әсер ететін заттар мен құбылыстар әртүрлі қасиеттерге ие болады. Бұл қасиеттер сезім органдары – көру,есту,дәм және т.б арқылы біздің санамызда бейнеленеді.
Түйсіктер дегеніміз дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің миымызда бейнеленуі.
Біз қызыл, көк, тәтті, ащы, ауыр, жеңіл, жылы, салқын және т.б түйсінеміз.
Мәселен, бір шоқ гүлді түйсінетін болсақ, оның түсі (қызыл, сары), хош иісі, дәмі, көлемі және т.б жекелеген қаситеттерін түйсінеміз.
Түйсіктер – бұл алғашқы психикалық таным үдерістерінің бірі, олар көп жағдайда затты қабылдаудың құрамына кіреді. Түйсіктердің пайда болуы үшін төменгі жағдайлар қажет.
Біріншіден, қандай да болсын сезім органдарына әсер ететін зат немесе құбылыс қажет. Демек, заттың немесе құбылыстың сезім органдарына әсері сезімдік жүйкенің аяқталған тармақтарының тітіркендіргіштерінде негізінен аңғарылады, осы зат, құбылыс тітіркендіргіш деп аталады.
Екіншіден, түйсінуші құрал қажет. Бұл құрал 3 бөліктен тұрады:
сезім органдарынан (рецептордан), онода сезгіштік жүйкенің соған сәйкес перифериялық тармақтары орналасқан.сезім органдары дегенді басқаша түйсік органдары деп атаған дұрыс болар деп еді. Сезім органдары деп ауызекі сөйлеу тілінде айтылғанмен, түйсік органрдары деп айтқан дұрыс болады. «Сезім» - бұл өз алдына дербес психикалық үрдіс.
өткізгіш жолдан, демек, сезгіштік жүйкенің сол бөліктерінің,ол арқылы қозу перифериялық аяқталған жүйкеден ми ортылағына жеткізу.
бас ми қыртысындағы сәйкесті ортадан (жүйкелер жүйесі), онда жүйкелік қозу психикалық құбылысқа – түйсінуге өтеді.
Жоғарыда көрсетілген үш бөлігі бар қабылдау аппаратын құрайды, оны И.П.Павлов анализатор деп атады. Егер де анализатордың көрсетілген бөліктерінің қандай да болмасын бірі бұзылса, түйсіктер жұмыс істемейді.
Анализаторлар, өзінің атынан белгілі болғандай, қоршаған ортаның әсерін талдау үшін жұмыс істейді.
Анализатор адамның ғасырлар бойы қмір сүру үрдісінде өмірге қажетті мәнді тітіркендіргіштерді ерекше бөліп көрсетеді.
Әрбір түйсік адамға ұнамды және ұнамсыз көңіл-күймен байланысты болады. Бұл – сезімдік немесе эмоционалдық түйсіктің белгісі.
Мәселен, тәттіні түйсіну ұнамды, ащыны түйсіну ұнамсызү Кейбір түйсіктерде сеімдік белгі үлкен күшпен ерекше байқаладыү Осындай түйсіктерге, мәселен, тою, аштық, ауыру түйсіктері жатады.
Ұнамды және ұнамсыз көңіл-күймен бірге түйсіктер тітіркендіргіштерге ағзаның жауап берумен (кейде өте әлсіз) бірге жүреді. Бұл ағзаның жауап беруі алғашқы балалық шақ кезінде ерекше аңғарылады. Ағзаның тітіркендіргіштерге жауап беруі арқылы балаларда белгілі дәрежеде түйсіктердің барлығын аңғаруға болады. Бұл жауап берудің (реакцияның) болуы көрсеткендей, түйсіктердің жүйке-физиологиялық негіздері рефлекс болып табылады. Берік шартты рефлекс элементарлық психткалық үрдіс – түйсіктердің физиологиялық негізі болып табылады.
Түйсіктер – бұл бізді қоршаған дүниені танудың алғашқы түрі. Ол заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейді.
Түйсіктердің танымдық мәні туралы мәселеде идеалистік көзқарастар орын алды, ол көзқарастар бойынша, түйсіктер біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттар мен құбылыстардың бейнесі емес деп қарастырды. Осылай деп қарастырғандар субъективтік идеализмнің көрнекті өкілдері Беркли, Юм, Мах, Авенариус және олардың ізбасарлары. Философтар – идеалистердің айтуынша, біздің саналы өміріміздің нағыз қайнар көзі түйсіктер емес, ол сананың ішкі жағдайы, табиғатынан берілетін ақыл-ойдыі қабілеттілігі деп атады. Бұл көзқарастар рационализм философиясының негізіне жатты.
Субъективтік идеализмнің өкілдері түйсіктер туралы өздерінің қате көзқарастарын дәлелдей мақсатында, физиолог Иогани Мюллердің «Сезімнің ерекшелік энергиясы туралы» теориясына негіздемек болды.
Түйсіктердің осы көзқарасының белсенді жақтаушыларының ірі М.Мюллердің шәкірті – Гельмгольц болды. Ол және оны жақтаушылар түйсіктердің өздерін заттардың бейнесі емес, тек ғана олардың белгілері- символдары деп атады. Бұлай деп пайымдау дұрыс емес.
Субъективтік идеализм теориясы сыртқы дүниені объективтік бейнелеудің мүмкіншіліктерін туарлы материалистік түсініктерге толықтай қарама-қарсы болып табылады.
Адам өзін қоршаған ортаны танып біледі. Сезім органдары қоршаған жағдайларда адамға бейімдейді. Егер адам барлық сезім органдарынан айырылған жағдайда ол өзінің айналасында ие болып жатқандығы туралы ешқандай да мәліметтер ала алмас еді, қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасай алмас еді. Көру, есту, иіс, дәм сезімдерінің бағынатын заңдарын білу әртүрлі мамандықтардың адамдарына қажет. Көру қабылдауын алғашқы зерттеушілерінің бірі Италияның ұлы суретшісі Леонардо да Винчидің болуы кездейсоқ емес. Сонымен қатар орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов әрі ақын, суретші, түстерді көру заңдылығын зерттегенін білеміз.
Сезім органдарының жұмысы бағынатын заңдылықтарын білу дәрігерге қажет, сезім органдарының бұзылуы неде екенін анықтайды және оның бірқалыпты қызметін қалпына келтіреді, соқырлар үшін оқу машинасын және саңыраулар үшін жасанды құлақ жасайтын инженерлерге қажет.
Түйсіктердің түрлері
Түйсіктер әртүрлі болады. Түйсіктердіңк барлық түрі органдарына сәйкес бөлінеді, олардың көмегімен түйсіктерді көру, есту, иіс, дәм, терң бұлшық ет, қозғалыс және органикалық түрлеріне бқлеміз.
Түйсіктердің органдары қайда орналасқанына және қайдан тітіркендіргішті алуға байланысты үш топқа бөлінеді: экстерорецепторлар, проприорецепторлар және интерорецепторлар.
Экстерорецепторлар организмнің сыртқы бөліктеріне орналасқан – оған жататындар көру, есту, иіс, дәмғ сипай сезу (тері) органдары жатады. Бұл органдарды кқп жағдайда сыртқа сезімдердің органдары деп атайды. Олардың кқмегімен біздің организмнен тыс жатқан заттар мен құбылыстардың қасиетерін бейнелейді. Түйсіктер бұл органдарға сәйкес (көру, естуғ және т,б) экстерорецепторлар деп аталады.
Проприорецепторлар бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан. Бұл органдардың көмегімен біз әртүрлі қозғалыстарды және біздің ағзамызды, оныңк жекелеген мүшелерін түсінеміз. Осы түйсіктер проприорецепторлар деп аталады. Бұл түйсіктер – бұлшық ет, қозғалыс (кинестетикалық) және тепе-теңді (статикалық).
Интерорецепторлар дененің ішкі органдарында ішек-қарында өкпеде орналасқан. Ол рецепторлардың кқмегін ас қорыту, тыныс алу, қан айналысы және т.б ішкі органдарда тітіркендіргіштердің әсерімен алынатын түйсіктер және т.б айтады. Бұл түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Олар негізінен органикалық түйсіктер.
Көру түйсіктері
Көру түйсіктеріне түсті және жарықты білдіретін түйсіктер жатады. Біздің түсінетін түстеріміз хроматикалық және ахромаикалық деп екіге бөлінеді.
Хроматикалық түстерге кемпірқосақтың түстері жатады: қызыл, сары, жасыл, көк, қара кқк, күлгін. Бұл түстердің арасында хроматикалық түстердің белгілері кездеседі.
Ахроматикалық түстерге ақ, қара және олардың арасында орналасқан барлық қоңыр түстер жатады.
Көру түйсігінің органы көз болып табылады. Ол негізінен көз алмасынан және одан шығатын көру жүйкесінен тұрады.
Көз алмасы үш түрлі қабаттан тұрады: сыртқы, тамырлы, торлы.
Сыртқы қабаты – белокты,алдыңғы бөлігі ашық шығыңқы аясына өтеді. Сыртқы қабаттан кейін тамырлы қабат орналасқан, оның алдыңғы бөлігі түсті қабат деп аталады. Түсті қабаттың түсуіне қарай біз көзімізді көк, қара,қоңыр және т.б деп атаймыз. Түсті қабаттың ортасында – қарашық орналасады, ол арқылы көздің ішіне жарық өтеді. Қарашық кеңейіп және тартылып отырады, ол жарықтың күшіне байланысты. Үшінші қабаты – торлы қабат көз алмасының бүкіл бөлігінің доғары жағын алып жатыр.
Қарашық пен түсті қабаттан кейін екі жақты іспектеу келген анық дене - хрусталик орналасқан, онда жарық сәулелері жинақталады, сынады және оның нәтижесінде торда бейнелеу пайда болады. Қастың бұлшық еттерінің арқасында хрусталик бірде ерекше тегіс болады да, бірде іспектеу келеді. Көретін зат қашықтаған сайын хрусталиктүгелге дерлік тегіс болады, ал зат жақындаған сайын хрусталик шар тәріздес түрде болады.
Көз алмасының барлық іші хрусталик пен торлы қабаттың арасы ерекше ашық, сұйық затпен толтырылған, оны әйнек тәріздес дене деп атайды. Түс және жарық түйсіктерін алу үшін тордың атқаратын мәні орасан зор. Торда көру жүйкенің тармақтары орналасқан. Бұл тармақтар ерекше жүйке жасушаларының таяқшалар және шақшалармен аяқталады. Адам көзінің торынтда 130 миллионға тарта таяқша мен 7 миллион шамасында шақша кездеседі.
Шақшалар әлсіз сезімтал келеді, шақшалардың көмегімен тек ғана күндізгі ашық жарықта көре алады. Бірақ олар сәуле торында бірыңғай орналаспаған. Шақшалар сәуле торының ортасында орналасады да шеттеген сайын оның саны азая түседі. Ал таяқшалар сәуле торының шеттерінде болады да ортаасына жақындаған сайын тіптен азаяды. Шақшалардың көмегімен хроматикалық түстерді түйсіну іске асады. Сондықтан да шақшаларды к.ндізгі түстерді кқру құралы деп атайды.
Таяқшалар, керісінше, жарыққа ерекше сезімтал келеді, олардыңк көмегімен біз түнде, қараңғыда және жалпы әлсіз жарықта көре аламыз. Таяқшалар – қараңғыда көру құралы болып есептеледі.
Таяқшалар ахроматикалық түстерді ажыратуға ббейімделген болса, шақшалар неше түрлі хроматикалық түстерді ажыратуға бейімделгендігін аңғару қиын емес. Қараңғы түскенде біз түстерді ажырата алмаймыз. Бұл заңдылық бойынша түстерді ажырата алмайтын адамдардың көздерінде шақшалар әрекет етпейді. Олар тек таяқшалар арқылы көреді. Ондай адамдар ымырт түскенде тауық сияқты ештеңе көрмейді, не қте нашар көреді. Мұны «тауық соқырлығы» дейдә. Мәселен, күндіз ғана көретін тауық, есіртке, жылан, кептер сияқты жануарлардың көзінде таяқшалар болмайды да, т.нде ғана көретін байғыз, үкі, жарқанат, кірпі сияқтылардың көздерінде шақшалар болмайды.
Әрине, басқа түйсінулер сияқты кқру түйсінуінде де кемшіліктер кездеседіү соынмен қатар көздің ауруы және оның кейбір физиологиялық кемшіліктері қалыпты көру үдерісіне ісер етедіү
Мәселен, кейбір адамдар заттардың түстерін ажырата алмайды, көбіне олар қызыл түс пен жаыл түсті кқрмейді. Мәні, көзінде осындай кемшілігі бар адамдарды дальтонистер деп атайдыү Бұл типтегі адамдар қызыл түс пен жасыл түсті сары түс деп қабылдайды.
Сонымен қатар көру түйсігінің кемшіліктеріне кейбір адамдар жақыннан жақсы көреді де, алыстан кқрмейді, ал енді біреулері жақыннан нашар кқреді де, алыстан жақсы кқреді.
Жақыннан көрушілікке де арнаулы көзілдіріктерді пайдалану қажет.
«Түстерге соқырлық» хроматикалық түстерді түйсіне және ажырата алмаудан аңғарылады. Кейбір адамдарда толықтай хроматикалық түстерге соқырлық кездеседі. Барлық түстерді ахроматикалық қоңыр түс ретінде түйсінеді.
Статистикалық мәліметтер бойнша түстерге соқырлық ер адамдардың 4 пайызында және әйелдердің 0,5 пайызында кездеседі. Соқырлық қызыл және жасыл түстерге жиі кездееді. ал күлгін түстерге соқырлық сирек болады.
Түстерге соқырлықтың себебі шақшалар жұмыс істемейді, істесе де жеткіліксіз істейді. Жарыққа түстерге соқырлық, әртүрлі жануарлардың кқру органдарын арнаулы зерттеулер дәлелдегендей, шақшалар мен таяқшалар құралының жеткіліксіз жұмыс стеуіне байланысты.
Алыстағы және жақындағы заттарды көздің торына дұрыс бейнеленду үшін көздің хрусталигі бірде томпайып, бірде жалпайып отыруы керек. Зат жақындаған сайын ол томпая түседі, зат алыстаған сайын ол жалпая түседі.көздің мұндай әрекетін аккомадация (латын сөзі, қазақша «көз үйрету» мағынасында) деп атайды. Екі көз бір көздей болып бірлесіп әрекет етеді, заттың суретін көздің сары дағына түсіру үшін олар кқрінетін заттарға қарай бұрылады, мұны конвергенция (латын сөзі, қазақша «жақындату» мағынасында) дейді.
Бір көзбен кқруді – монокулярлық кқруғ екі көзбен көруді бинокулярлық көру дейді. Бүкіл сырттан келетін ақпараттың 90 % пайызы көру түйсіктері арқылы қабылданды, тек қана 9% -ақ пайызы есту түйсіктері арқылы қабылданатын болса, қалған 1% пайызы басқа түйсіктері арқылы іске асатндығын психологтар дәлелдеген болатын.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, адамның көзі жарты миллионнан астам түстердің реңін ажарта біледі. Біздіңк тілімізде барлығы 300-ге тарта түстердің аттары кездееді. Олардың көмегімен қоршаған дүниеден бояудың барлық байлыңын беру м.мкін емес.
Сезім органдарының оның ішінде көру, есту түйсіктерінің адамның қмірінде атқаратын рөлі зор. Мәселен, көру, есту түйсіктерінен туғаннан айырылған адамдарда өмір барысында ол түйсіктердің қызметін сипа сезу, тактилдік, діріл түйсіктері атқаратындығын көзі көрмейтін, құлағы естімейтін адамдардың өмірінен нақты мысалдар келтіру арқылы көзімізді жеткізуге болады.
Бір кезде есімі әлемге танымал болған дарында дефектолог-ғалым, психолог ғалымдарының кандидаты, ерекше тағдардың иесі, Ольга Скороходова балалық шағында көз бен құлақтан айырылды, бірақ, орта және жоғары білім алды. Бірнеше ғылыми-психологиялық және әдеби еңбектердің авторы, көру және есту органдарынантолық айрылуына қарамастан, бұл еңбектер әлемдікғалымдардың арасында ерекше қызығушылық туғызды. Оның негізгі еңбектеріне: «Мен қалай қоршаған дүниені қабылдаймын және қабылдаймын» (1947) ; «Мен қалай қоршаған ортаны қабылдаймын және елестетемін» (1954-1956) ; «Мен қалай қоршаған ортаны қабылдаймын, елестетемін және түсінемін» (1972).