Психология және адам дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат

Краткое описание

Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.

Содержание

Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Фат, Фақ-311 Кешен психол 2014.doc

— 1.50 Мб (Скачать документ)

Келлердің жүргізген зерттеулері төмендегі жағдайды бақылауға мүмкіншілік жасады. Алдымен маймыл тамақты алу үшін сәтсіз әрекеттер жасап көрді: аяғын созып та, секіріп те көрді, бірақ ештеңе шықпады, енді ол сәтсіз әрекеттерді тоқтатып, қозғалмай отырып, белгілі бір шешім алғанша тынышталды.

Жануарлар міндеттерді интеллектуалдық тұрғыдан шешуге қалай келді, түсіндіру өте қиын, бұл үрдісті әр түрлі зерттеулер әралуан түсіндіреді. Кейбіреулер маймылдың мінез-құлығын адам интеллектісімен жақындату мүмкіншілігіне тоқталады, оны шығармашылық көрегендіктің белгісі ретінде қарастырады.

Австрияның психологі К.Вюлердің түсіндіруінше, маймылдардың құралдарды пайдалануы бұрынғы тәжірибенің ауысуының нәтижесі ретінде көрінеді.

Қазіргі зерттеушілердің көзқарасы бойынша, интеллектуалдық мінез-құлықтың негізін жеке заттардың арасындағы күрделі қатынастардың бейнеленуі құрайды. И.П.Павлов маймылдардың мінез-құлқына жүргізген бақылаулары бойынша олардың интеллектуалдық мінез-құлқын "қолмен ойлау" деп атады.

Сонымен, жоғары сатыдағы сүтқоректілерде және адам тәріздес маймылдарда интелектуалдық мінез-құлық ерекше жоғары дамыған.

Мәселен, алма ағашының басыңдағы алманы көріп, алып жемек болып ұмтылып, секіріп көреді, бірақ қолы жетпейді, содан кейін қасында жатқан жәшіктерді бірінің үстіне бірін қойып, қолын созып көреді, бірақ алмаға жете алмайды, жерден таяқ алып, жәшіктің үстіне шығып, әрекет жасап көреді, алманы алып жейді, осында маймылдың істеген әрекеттері адамның интеллектілік іс-әрекетіне жуықтайды, оларда көргенін есте сақтау қасиеттерінің бар екендігін аңғаруға болады.

Демек, жануарлардың өте күрделі ортаға бейімделуі олардың қарапайым жүйке жүйесі мен арнайы сезім органдарының даралануына, жіктелуіне алып келеді. Осының негізінде қарапайым сенсорлық психика ортаның жекелеген қаситеттерін бейнелеу қабілеттілігі пайда болады. Жануарлардың жерде өмір сүруге көшуіне және бас ми қыртысының дамуына байланысты тұтас құбылыстарды психикалық бейнелеу — перцептивтік психика пайда болды.

Ақырында, одан әрі өмір сүру жағдайының қиындауы өте жетілген қабылдау органдары мен іс-әрекетке және ерекше жетілген мидың дамуына алып келеді, жануарларда заттар мен құбылыстар түрінде оларды сезгіштік қабылдаудың мүмкіншіліктерінің пайда болуына көмектеседі.

Сонымен, психиканың дамуы жануарлардың ортаға бейімделуінің қажеттілігімен анықталады және психикалық бейнелеу осы бейімделудің барысында қалыптасатын органдарының қызметі болып табылады.

Тіптен басқа түрде ерекше белгілерімен сипатталатын психика дамуының жоғары сатысы - адам санасы болып табылады.

Адам санасының негізгі айырмашылығы, оның пайда болуы психика дамуын басқаратын заңдардың өзгеруімен байланысты. Егер де жануарлар дүниесінің бүкіл даму тарихында психика дамуының бағынған ортақ заңдары — биологиялық эволюция заңдары болды, ал адам психикасының дамуы қоғамдық тарихи даму заңдарына бағынады.

 

 

2 Бөлім. Тұлға  психологиясы.

Тақырып 1. Тұлғаның түсінігі.

  1. Индивид, тұлға және даралық.
  2. «Тұлға» ұғымының анықтамасы және оның феномендері.
  3. Тұлғадағы биологиялық және әлеуметтік байланыстар. 

1. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік

Адам — бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретінде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән.

Екінші жағынан, адам-қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық, дене құрлымын өзгертіп және өзіне бағындырды. Адам туралы айтқанда, психология және философия ғылымдары "жеке тұлға" ұғымымен түсіндіреді.

Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағында қолданылады. Жеке тұлға — бұл сол адам, бірақ тек ғана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынастардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады.

Психологияда "адам" және "жеке тұлға" ұғымдарымен қатар "даралық" ұғымы да қолданылады. Әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын ерекшелігі бар, сондықтан да тіптен екі бірдей жеке тұлға болмайды және болуы да мүмкін емес.

Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешелігі айтылады.

Жеке тұлға-тек тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика және т.б. сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны.

Жеке адам - қоғамдық дамудың қайраткері, қоғамда белгілі жағдайда тұратын саналы индивид және белгілі қоғамдық ролді атқарады.

Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн: Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады.

Екіншіден, бұл-жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мәселен, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, жоғары моралдік сезімдермен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға "жеке бөліктерге"

бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әр уақытта да жеке тұлға тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді.

Үшіншіден, бұл - жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгертуге, түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнеленеді.

Психологияның басқа ғылымдардан ерекшелігі (философия, этика, заң ғылымдары және т.б) жеке тұлғаның рухани бейнесін, оның қылықтары мен мінез-құлқын зерттейді. Психология ең алдымен жеке тұлғаның себептерін, сезімін, қажеттілігін, қызығуын зерттейді. Психология іс-әрекетті ойдағыдай орындаудың психологиялық алғышарттарын және темпераменті мен мінез-құлқының психологиялык ерекшеліктерін қарастырады. Сонымен қатар психология жеке тұлғаның қалыптасу және даму үрдісін зерттейді.

                                     2. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы

Кез-келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымға белгілеуге болады. Жеке тұлғаның құрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды немесе адамның шындық дүниеге тандамалы қатынасы. Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысты қажеттіліктер мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды.

Ондай жағдайда бағыттылық бөліктерінің бірі үстемдік етеді және басты мәнге, ие болады, сол уақытта басқалары тірек қызметін атқарады. Үстемдік ететін бағыттылық жеке тұлғаның бүкіл психикалық қызметін анықтайды. Мәселен, танымдық қажеттіліктің үстемдік етуі соған сәйкес еріктік және эмоциялық көңіл-күйдің көтерілуіне алып келеді, ол өз кезегімен интеллектуалдық іс-әрекеттің белсенділігін арттырады. Бір уақытта табиғи қажеттіліктер біршама тежеліп, күнделікті тіршілік күйді кейінге, екінші кезекке ығыстырады.

Жеке тұлға өзінің айналысқан қызығуының мақсаттылығын негіздей бастайды, оған ерекше қоғамдық және жеке мән береді.

Жеке тұлғаның психологиялық құрылымының екінші бөлігі жеке тұлғаның мүмкіншілігін айқындайды және белгілі бір іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз ету үшін қабілеттіктерді қамтиды. Қабілеттіліктер өзара байланысты және бір-бірімен өзара әрекет етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіктердің бірі үстемдік етеді, жетекшілік етеді, басқалары оған бағынады. Мәселен, А.С.Пушкинде ақындық өнер үстемдік етті, бірақ ол өзін тарихшы және талантты суретші ретінде де таныта білді. Сол сияқты М.Ю. Лермонтов   туралы   да   айтуға   болады.   Қабілеттіктердің   арақатынасының   сипатына бағыттылықтың   құрылымы   әсер   етеді.   Өз   кезегімен   қабілеттіктерді   даралау   жеке тұлғаның шындыққа қатынасының таңдамалығына әсер етеді,

Жеке тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез жеке тұлғаны тұтас көрсете алмағанмен, бірақ оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік-жігерінің, интеллектуалдық және эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін білдіреді.

Мінез жүйесінде сонымен қатар басты қасиеттерді бөліп көрсетуге болады. Оларға ең алдымен — моралдік, екіншіден — ерік-жігер сапалары жатады, олар белгілі мінез-құлық стилін және практикалық міндеттерді шешу тәсілін қамтамасыз етеді. Сондықтан да моралдік — ерік-жігер сапаларын мінездің негізін құрайды деп айта аламыз.

Төртінші бөлігі басқару жүйесі болып табылады, көп жағдайда "мен" деген ұғымды білдіреді. "Мен" — жеке тұлғаның өзіндік сапа құрылымы, ол өзін-өзі реттеп отыруды іске асырады: іс-әрекетті күшейту немесе бәсеңсіту, өзін-өзі бақылау және іс-әрекет пен қылықты басқару, іс-әрекетті жоспарлап отыру, сонымен, өзін-өзі басқару жеке тұлғаның мақсаты ұйымдасқан өмірі мен қызметінде ерекше маңызы зор. Жеке тұлғаның құрылымы егер психикалық үрдістер мен қалыпты алып тастағанда толық болмай шығар еді.

Психикалық үрдістер — психикалық кұбылыстардың әртүрлі түрлерінде шындықты динамикалық тұрғыда бейнелеу. Психикалық үрдістер жеке тұлғаның шындықпен байланысын қамтамасыз етеді. Олар арқылы жеке тұлғаның қасиеттері қалыптасады. Ұйымдасқан қасиеттер өз кезегімен үрдістің жүруіне әсер етеді. Мәселен, түйсіктер үрдісінде нақтылы сенсорлық қасиеттер және одан әрі түйсіктердің сандық, сапалық сипатын анықтайтын жеке тұлғаның тұтас сенсорлық құрылымы қалыптасады. Теориялық және практикалық міндеттерді шешу үрдісінде жеке тұлғаның ерік-жігер құрылымы қалыптасады.

Жеке тұлғаның ұйымдасқан бағыттылығы қабылдаудың және оған байланысты эмоциялық реакцияның таңдауына әкеледі.

Психикалық үрдістердің негізінде психикалық қасиеттер ұйымдасады. Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері бұл индивидке тән психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі сандық-сапалық деңгейін қамтамасыз ететін тұрақты құрылым.

Психикалық үрдістердің жүру сипаты, қасиеттердің көрінуі жеке тұлғаның психикалық белсенділігінің жағдайына байланысты.

Психикалық қалып дегеніміз жеке тұлғаның көтеріңкі немесе түсіңкі белсенділігі түрінде көрінетін психологиялық іс-әрекеттің тұрақты деңгейін айтады. Кез-келген оқиғаны бейнелеу - күрделі құбылыс. Ол өз құрамына біршама үрдістерді кіргізеді: түйсіну мен қабылдау, қайта жаңғыру, ойлау, сезім және т.б. қоғамдық және жеке мәні бар ықпал мен ой түйінін түсіну, соған сәйкес сезім туғызады, оның сипатына қарай жеке тұлғаның жалпы белсенділік деңгейін төмендетеді немесе арттырады. Психикалық іс-әрекеттің қалыптасқан деңгейі белгілі бір уақытқа жалғасуы сақталады.

Барлық кейінгі психикалық белсенділігі пайда болған жағдайға сәйкес жүріп отырады.

Психикалық қалып сыртқы және ішкі жағдайлардың себептеріне байланысты, бірақ оның динамикасы мен сипаты жеке тұлғаның қасиетіне байланысты. Мәселен, жүйке қызметі ынжық типтегі адамдарда психикалық қалпы қозғалғыш типтегі адамдармен салыстырғанда тұрақты келеді. Кейбір адамдардың атына жасалған сын-ескертпелер олардың күш-жігерін жұмылдырады, сын-ескертпелерден қорытынды шығаруға ұмтылады, ал осындай сын-ескертпелер кейбіреулердің белсенділігін әлсіретеді, депрессивтік психикалық жағдайдың пайда болуына алып келеді Осындай жағдай мінез-құлқының жағымсыз қасиеттеріне (өркөкірек, өзімшіл, өзін басқадан жоғары ұстайтын) ерік-жігері әлсіз, сезімнің ерекшелігіне байланысты.

Демек, жеке тұлғаның психикалык құрылымы өте күрделі, жан-жақты және сан-қырлы. Оның барлық компоненттері өзара байланысты және өзара тәуелді. Жеке тұлғаның дамуымен оның құрылымы да өзгеріп отырады. Сонымен қатар әрбір жеке тұлғаның құрылымы салыстырмалы түрде тұрақты. Әрбір адам тұрақтылық пен өзгермеліктің бірлігі, тек қана сондай құрылым адамға өзімен өзі болуға, икемділік көрсетуге, өмір салтын сол жағдайларына сай жүргізуге көмектеседі.

 

                                               Тақырып 2. Тұлғаның құрылымы.

    1. Тұлғаның мөлшері: тұрақтылық, бірлік және белсенділік.
    2. Тұлғаның бағыттылығы және оның құрылымы.
    3. Қажеттіліктер. Қажеттіліктер түрлері.
    4. Мотив, мақсат, қызығушылықтар және оның психологиялық сипаттамалары.
    5. Мұрат және наным сенімдер.
    6. Тұлғаның сана-сезімі м ен дүниетанымы

Жеке тұлғаның негізгі сипаты оның бағыттылығы болып табылады. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады.

Белсенділік — жеке тұлғаның басты жалпы қасиеті, ол іс-әрекетте, қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде байқалады. Адамды белгілі бір жағдайда әрекет етуге, алдына, мақсат қоюға және оны орындауға итермелейтін не? Осындай итермелейтін себепке қажеттілік жатады. Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады.

Адам қажеттілігі әртүрлі. Ең алдымен адамның өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретінде тұрғын үйге қажеттілік. Бұл негізінен биологиялық қажеттіліктер, сонымен қатар олар жануарлардың қажеттіліктерінен түбірлі айырмашылықтары бар. Оның ішінде, біз оны қанағаттандырудың әлеуметтік сипаты туралы айтып отырмыз.

Информация о работе Психология және адам дамуы