Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат
Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.
Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.
Мектеп жасында оқытуға байланысты логикалық есте сақтаудың шеңбері кеңейеді, есте қалдыратын материал көлемі жағынан әр түрлі, тереңдей және күрделене түседі.
Төменгі сыныптың шәкірттері кейде мағыналы материалды түсінбей, механикалық түрде есте қалдырады.
Жоғары сыныптың шәкірттері мағыналық есте қалдыруды артық санап, өздері саналы түсінеді. Бірақ олар да кей жағдайда механикалық есте қалдыруды пайдаланады. Мысалы, кейде математикалық аксиомалар мен ережелер, физиканың, химия заңдарының дәл атаулары және т.б.
Есте қалдыру алғашқы кезде еріксіз іске асады. Балаларды олар не қызықтырады, не зейінін аударады, сондай заттар мен құбылыстар есте қалды.
Балалар көп жағдайда үлкендерден ертегілерді бірнеше рет қайталауды талап етеді. Бірнеше қайталанған ертегіні бала есінде берік сақтайды.
Балалардың мектепке баруы мен есінің дамуында елеулі өзгерістер іске асады.
Ерікті есте қалдырудың мектеп оқушыларының оқу жұмысында орны ерекше.
Ол мұғалімнің тапсырмасы арқылы материалды есінде сақтайды. Жоғары сынып оқушыларына есте сақтаудың ерекше тиімді құралдары мен тәсілдерін іздену тән болып табылады.
Мектеп жасында бірінші сыныптан бастап, ерікті қайта жаңғыртуға балалардың қабілеттігі толық жетілген. Оқу материалын қайта жаңғырту белгілі жүйеде тек қана ерікті іске асуы мүмкін.
Ерікті қайта жаңғыртуға қабілеттілік оқытудың шарты бола отырып, сол уақытта оқыту үрдісінде дамиды және беки түседі, сол сияқты ерікті есте қалдыру, ерікті қайта жаңғырту еріктің, ырықты зейіннің және ойнаудың дамуымен қатар жүреді.
Мұғалім өз шәкірттерінің есінің дара ерекшеліктерін білуі қажет: бұл бір жағынан, олардың есінің күшті жақтарына арқа сүйеуге мүмкіншілік береді, екінші жағынан, шәкірттердің есінің әлсіз жақтарын жетілдіру бойынша мақсатты жұмыс істеуге көмектесер еді.
Тақырып 3. Ойлау және сөйлеу.
Ойлау мен сөйлеу
Жоспар: Ойлау түсінік түсінік. Ойлаудың адамның дүние танымындағы маңызы. Ойлау адамның таным процесінің ең жоғарғы, күрделі формасы. Ойлау арқылы болиыстың, дүниедегі заттар мен құбылыстардың жалпы және жанама бейнеленуі. Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері. Ойлау формалары. Ойлау операциялары. Ойлаудың сезімдік таныммен және тілмен байланысы.
Адамның жануарлардан баста айырмашылығыойлау мен дыбысты анық тілі, сөйлеуі. Тілдік белгінің қоғамдық әлеуметтік мәні, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасап, пікір алысуы. Тілдік қызметі. Сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметі. Сөйлеудің физиологиялық негізі. Сөйлеудің динамикалық локолизациясы Сөйлеу әрекетінің бұзылуы. Сөйлеудің түрге бөлінуі.
Ойлау - қоршаған ортаны ми арқылы бейнелеудің жоғарғы түрі, тек ғана адамға тән ерекше күрделі танымдық психикалық үрдіс.
Заттардың көптеген қасиеттерін адамдар сезім органдарының, яғни, көру, есту, сипай сезу, дәм жөне басқа сезімдердің көмегімен танып біледі. Бірақ елестетіп көрелікші, егер біздің дүние туралы барлық білімдеріміз тек затгарды түйсінумен және қабылдаумен тамамдалса, не болар еді?
Онда біз атомның құрылысын білмеген болар едік, себебі ол өте нәзік және біздің көзімізге көрінбейді, біздің құлағымыз естімейтін ультрадыбыстардың барлығы туралы білмеген болар едік, жерден күнге дейінгі қашықтықты (аралықты), жұлдыздардың температурасын және көптеген табиғаттың сырын білмеген болар едік.
Бірақ бізге атомның құрылысы да, ультрадыбыстардың қасиеттері де, жұлдыздардың температурасы да және т.б. біздің қолымыз жетпейді, оларды біздің көзіміз көрмейді, құлағымыз естімейді. Демек, сезім органдарымен қатар бізге тікелей түйсіну мен қабылдауға мүмкін болмайтын салаларды ашып беретін танымның ерекше тәсілі бар. Бұл тәсіл — ойлау.
Ойлаудың қандай ерекшеліктері сезім органдары арқылы мүмкін болмайтын салаларды тануға бізге мумкіншілік береді? Осындай мысалды ғылым тарихынан қарастыратын болсақ:
француз астрономы Леверье Уран планетасының қозғалысындағы ауытқуды бақылай келіп, оның себебін іздеді. Аспан денелерінің қозғалысы туралы мәліметтерді салыстыра және талдай келіп, ол Уран планетасының артында тағы да планета өмір сүреді деген қорытындыға келді, сол кезге дейін белгісіз планетаның тартылыс күші Уранның қозғалысындағы ауытқушылықтың себебі болып табылатындығын дәлелдеді.
Ол математикалық есептеулердщ көмегімен бұл планетаның орналасқан орнын дәл көрсетіп берді, оны телескоппен бақылау мүмкін болмады. Леверьенің математикалық есептеулеріне негіздей отырып, басқа ғалым Галле 1846 жылы телескоптың көмегімен көрсетілген орнында Нептун деп аталатын жаңа планетаны тапты.
Бұрынғы бақылауларда алынған мәліметтерді өндеу негізінде астрономның ойлау іс-әрекеті аңғарылды, ол ой қорытындысы жолымен планетаның болғандығы туралы қорытынды жасады.
Әрбір адам өзінің күнделікті өмірінде, еңбек іс-әрекетінде өзінің бақылауларынан қорытынды жасау қажеттіліктерімен кездеседі. Жұмысшы моторлар мен механизмдердің үйреншікті дыбысының бұзылуы бойынша станоктың оған көрінбейтін ақауы туралы біледі және оны жөндеуге уақытында тоқтатады.
Физик-ғалым ерекше пленкада қалдырылған іздер бойынша элементарлық бөлшектердің болғандығы туралы қорытынды жасайды.
Ойлау барлық жерде де қажет, онда қорытынды жасау арқылы біз жасырын, қабылдауға мүмкін болмайтын заггардың қасиеттері мен арақатынасын табамыз.
Ойлау - бұл ерекше дәл, терең, толық жалпы және жанама түрде шындықты бейнелеуге, негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі. Біз қабылдауымыз бен түйсіктеріміз арқылы танып-білуге болмайтын заттар мен құбылыстардың ішкі моні мен заңдылықтарын тек қана ойлау арқылы танып білуге болады.
Мысалы, бізге белгілі, егер жарық сәулелерін шыны призма арқылы жіберсе, онда бұл сәуле спектордың жеті түсіне бөлінеді, оларды біз қабылдаймыз (көзбен көреміз). Физикадан бұл сәулелерден басқа, басқа да сәулелердің бары бізге белгілі, бұл сәулелер инфрақызыл және ультракүлгін деп аталады.
Бұл сәулелерді сезім органдарымыз арқылы көре алмаймыз, қабылдау мүмкін емес. Олардың табиғаты ойлаудың көмегімен ашылған.
Дүниеде көптеген құбылыстар кездеседі, біз оларды қабылдай, елестете алмаймыз, ал олар туралы ойлауға болады. Мысалы, елестету арқылы 1 секундына 300.000 км жылдамдықпен болатын қозғалысты білуге болмайды, ал ойлау арқылы біле аламыз (бұл жарықтың жылдамдығы). Осындай жылдамдықты сезім органдарымыз арқылы ажырату мүмкін емес, тек ойлау арқылы мүмкін.
Сонымен, ойлау деп қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды жанама және жалпы сөздік түрде бейнелеу үрдісін айтады.
Ойлау таным үрдісінде ерекше рөл атқарады. Ойлау танымның шекарасын кеңіте түседі, түйсіктер мен қабылдаудың тәжірибесінің сыртқа шығуына мүмкіншілік береді.
Ойлау үрдісінің мәні, оның құдіретті күші туралы заманымыздың ұлы жазушысы-гуманисі Шыңғыс Айтматов былай деп жазды:
"Кез-келген жағдайлардағы адамның қуатты құралы -оның ақыл-парасаты. Дүниені шексіз тануда, болмысты өзгертіп, адамның шексіз қажеттеріне бейімдеуде ақыл-парасат қүдіретті де сарқылмас мол. Ақыл-ойдың шығармашылық байлығын Күннің ғана энергетикалық байлығымен теңестіруге болатын шығар деп ойлаймын".
Ойлау жоғарғы таным үрдісі болып табылады. Ойлау әруақытта да қандай да болсын міндеттерді шешуге бағытталған.
Ойлау үрдісінің физиологиялық негізіне бас ми үлкен жартышарларының қыртысының күрделі анализдік-синтездік қызметі жатады.
Бас ми қыртысында сыртқы, ішкі тітіркендіргіштерді анализдсу жоне синтездеу нәтижесінде уақытша жүйкелік баланыстар немесе ассоциациялар ұйымдасады, олар ойлау үрдісінің физиологиялық негіздері болып табылады.
Ойлау үрдісінің негізіне екі түрлі уақытша жүйкелік байланыстар жатады: бірінші және екінші сигналдар жүйелері. Бірінші сигнал жүйесі тітіркендіргіштерінің әсерімен пайда болатын уақытша байланыстар тікелей біздің түйсінулерімізбен, қабылдауларымызбен және қоршаған дүние туралы елестетулерімізбен байланысты.
Бірақ ойлау тек бірінші сигнал жүйесіне негізделіп қоймайды, сонымен қатар негізінен екінші сигнал жүйесінің уақытша байланыстарына негізделеді. Екінші сигналдық жүйкелік байланыстар создің көмегімен заттардың арасындағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді.
Себебі сөздер "сигнаддардың сигналы" ретінде жалпылама тітіркендіргіштер болып табылады. Бірінші және екінші сигнаддар жүйесінің өзара әрекетінде жетекші рөлді екінші сигнал жүйесі атқарады.
Адам ойлауы сөйлеумен бөлінбейтін байланыста. Ой тілден тыс, сөйлеуден тыс пайда болуы, өмір сүруі мүмкін емес. Біз сезбен ойлаймыз, оларды дауыстап немесе іштей сөйлейміз, демек, ойлау сөйлеу түрінде іске асады.
Тіл — бұл сөздік белгілердің жүйесі, адамдардың бір-бірімен қатынас құралы. Сөйлеу - адамдардың қатьгнас жасау мақсатында тідді пайдалану үрдісі.
Ойлау туралы негізгі теориялар
Ойлау үрдісін түсіндіретін белгілі теорияларға тоқталатын болсақ, ең алдымен бұл тұжырымдамаларды екі үлкен топқа бөлуге болады: бірінші топқа жататын тұжырымдаманың өкілдері адамдарда өмір тәжірибесінің әсерімен өзгермейтін табиғи, интеллектуалдық қабілеттіктердің болатындығы туралы қағидадан туындайды, екінщі топтағы түжырымдаманың негізіне ақыл-ой қабілеттіліктері өмірге келгеннен кейін, өмір бойы қалыптасады және дамиды деген түсінікті жатқызады.
1. Бірінші тұжырымдар
бойынша интеллектуалдық
Сәйкес келетін интеллектуалдық құрылымдар даяр күйінде адамда туғаннан беріледі, бірте-бірте организмнің ес үрдісінде дамиды деп есептеледі. Бұл интелектуалдық қабілеттіліктер (нышандар) идеясы неміс психологтарының мектебінде орындалған ойлау саласындағы көптеген еңбектерге тән.
Ол ерекше айқын ойлаудың гештальт теориясында берілген. Бұл теория бойынша құрылымды қалыптастыру және қайта өзгерту, оларды реалдік шындықты көру интелектінің негізі болып табылады.
2. Бұл теорияға қарама-қарсы
интелектінің генетикалық
Генетикалық тұжырымдамалар ойлауды сыртқы ортаның ықпалынан дей келіп, субъектінің өзіндік ішкі дамуы идеясынан немесе екеуінің өзара әрекетінен деп түсіндірді.
Ойлаудың өзіндік тұжырымдамалары психологиялық зерттеулердің төмендегідей бағыттарында қарастырылады: эмпирикалық субъективтік психологияда, ассоциативтік сипаты жағынан және интроспективтік негізгі әдісі бойынша, гештальтпсихологияда алдыңғыдан айырмашылығы тек қана психикалық үрдістердің элементтілігін жоққа шығаруы және олардың тұтастығының жеке элементтер құрамына қарағанда үстемдік етуі, артықшылығын мойындады, оның ішінде ойлауда, бихевиоризмде, оның жақтаушылары ойлау үрдісін субъективтік феномен ретінде мінез-құлықпен (ашық немесе жасырын ақыл-ой) ауыстыруға әрекет етеді: психоталдауда ондай ойлауға барлық басқа үрдістер сияқты талпынуға бағындырды.
Ойлаудың белсенді психологиялық зерттеулері XVII ғасырдан жүргізіле бастады. Сол кезде, содан кейін біршама ұзақ кезең психология тарихында ойлауды логика ғылымыньщ құрамыңда, оның бірден-бір түрі ретіңде ұғымдық теориялық ойлау қарастырылды.
Ойлауға қабілеттіліктің өзі туғаннан берілген, туа біткен қасиет, ал ойлау дамудан тыс қарастырылды. Интеллектуалдық қабілеттіліктердің қатарына ол кезде байымдау, логикалық ой қорытындысын жасау және рефлексия (өзін-өзі тану) жатқызылды.
Ойлау тәсілдеріне (операцияларына) жалпылау, талдау, жинақтау, салыстыру және жіктеу кірді.
Ойлаудың өзі ассоциатавтік эмпирикалық психологияда, оның барлық әртүрлі көріністерінде қазіргі тәжірибеден алынған ассоциаларға, өткеннің және көңіл-күйлер іздерінің байланыстарын жатқызады.
Ойлаудың белсенділігі, оның шығармашылық сипаты да осы теория шеше алмаған негізгі проблема болды. Сондықтан да оның жақтаушыларына ақыл-ой шығармашылық қабілеттікгер ассоциацияға бағынбайтын туа біткен ақылдың қабілетгіліктері деп хабарлаудан басқа ештеңе қалмады.
Бихевиоризм бағытында ойлау стимулдар мен реакциялардың арасындағы күрделі байланыстарды қалыптастыру үрдісі ретінде жеке міндеттерді шешуге қатысты практикалық икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыруды қарастырады.
Гештальтпсихология багытында интуитивтік тұрғыдан түсіндірілді. Психологиядағы соңғы екі бағыт (бихевиоризм мен гештальтпсихология) ойлауды түсіну үшін ештеңе бермеді деп айтуға болмайды.
Бихевиоризмнің арқасында психологиялық зерттеулердің саласына практикалық ойлау енгізіледі, ал гештальтпсихологияның арқасында психологтар ойлаудағы интуиция және шығармашылыққа ерекше көңіл бөлді.