Психология және адам дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат

Краткое описание

Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.

Содержание

Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Фат, Фақ-311 Кешен психол 2014.doc

— 1.50 Мб (Скачать документ)

Шартты рефлекстер әдісін пайдалана отырып, И.П.Павлов мидың үлкен жартыларының қызметі талдау және жинақтау үрдістерінен, көптеген тітіркендіргіштерден тұратындығын, олар жүйке жүйесіне сыртқы ортадан, сонымен қатар организмнің өз ішкі бөліктерінен әсер ететіндігін айтқан.

Абстракция — бұл заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттері мен белгілерінің ойша бөлініп берілуі. Абстракция — ойлаудың негізгі тәсілдерінің бірі, субъект зерттелу үстіндегі объектінің белгісін айрықша бөліп алып, басқаларын назардан тыс қалдырады.

Соның нәтижесінде абстракция терминін білдіретін ақыл-ой өнімі (түсінік, үлгі, теория, жіктелімдер жөне т.б.) пайда болады. Бастапқыда абстракция ортаның тікелей сезімдік - бейне қасиеттері қабылдау мен әрекет ету үшін бағдар түту түсінігіне айналады да қалғандары жоққа шығарылады.

Таным үрдісінде қажеттілік пайда болады: тек қана затты немесе құбылысты талдап қою жеткіліксіз, сонымен қатар одан да терең зерттеу үшін бір белгіні, бір қасиетті, бір бөлімді басқаларынан уақытша дерексіздендіре отырып, оны көңілге алмай ерекше бөліп көрсету.

Бөліп көрсеткенде, жай ғана белгілері мен қасиеттері емес, негізгі, маңызды белгілері назарға алынады.

Абстракциялау үрдісінде заттың бөлініп алынған белгісі басқа белгілерден тәуелсіз ойланады және ойлаудың дербес объектісі болып табылады. Мәселен, әртүрлі анық объектілерді бақылауда: ауа, шөлмек, су және т.б., олардың ішіндегі жалпы, ортақ белгі — анықтықты алып, жалпы сол туралы ойлаймыз.

Жалпылау және нақтылау. Жалпылау — бұл ойлау арқылы бейнеленетін көптеген заттардың ұқсас, мәнді белгілерінің осы заттар туралы бір ұғымда ойша бірігуі. Мәселен, алмада, алмұртта, апельсинде, алхорыда және т.б. бар ұқсастық белгілер бір "жеміс-жидек" деген ұғым арқылы беріледі, жалпылама ойлау абстракциялық іоәрекетімен тығыз байланысты.

Кейбір заттар мен құбылыстардың ұқсас белгілері жалпыланады, ол абстракциялау үрдісінде бөлініп көрсетіледі.

Жалпылау да абстракция сияқты сөздер көмегімен іске асады. Кез-келген сөз жалпылық мағынаны білдіреді. Мысалы, мал деген сөзді айта отырып, көптеген жеке белгілерден тұратын ойды білдіреміз.

Абстракциялау мен жалпылаудың ойлау тәсілдері екінші сигнал жүйесінің ерекшеліктерінің негіздеріне сүйенеді.

Нақтылау — бұл жалпыға сәйкес келетін жалпыдан жалқыға ойша көшу.

Нақтылау — бұл ойлау тәсілі, оны іске асыру барысында белгілі абстракциялық — жалпылық ойлауға заттың көрнекілік сипат беруін айтады. Нақтылау деп абстракциядан және жалпылаудан кері заттар мен құбылыстарға көщуді айтады.

Мәселен, ағаш деген сөз жалпылық мағынада қолданылса, нақтылағанда қарағай, қайың, емен, шырша т.б. деп жалқыға ойша көшуге болады.

Оқу үрдісінде де нақтылаудың атқаратын қызметі ерекше. Оқу үрдісінде нақтылау дегеніміз, яғни, мысал келтіру, оқу үрдісінде нақты мәселелер бойынша көрнекі құралдарды, нақты деректерді, ережелерді, зандарды пайдалану. Мәселен, грамматикалық, математикалық ережелерді, қағидаларды, тарихи қүжаттарды оқу үрдісінде пайдалану.

 

Ойлаудың түрлері

Ойлаудың негізгі үш түрі кездеседі: ұғым, пікір, ой қорытындысы.

Ұғым — бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі. Ұғым бір-бірімен байланысты зат туралы түсініктерден — оның қасиеттері, жағдайлары, байланыстары және қатынастарьшан тұрады. Әрбір зат, әрбір құбылыс әртүрлі көптеген қасиеттерді, белгілерді иеленеді.

Түсініктердің жиынтығы ұғымды ашып көрсетеді және осы ұғымның мазмұнын құрайды. Неғұрлым заттың маңызды белгілері осы түсініктерде байқалса, соғұрлым мазмұны жағынан ұғым терең болады. Екі түрлі ұғымның түрі кезедеседі заттық немесе нақтылы және дерексіз (абстрактылы).

Заттың нақтылы ұғымы дегеніміз — заттарға тұтас түрде қарау, мысалы, стол, адам, өсімдік туралы және т.б. Дерексіз немесе абстрактылы ұғым дегеніміз ұғымдардың заттар мен құбылыстарға тұтас түрде қарамай, тек жеке қасиеттерге, сапаларға және жағдайларға қатысы. Мысалы, ақша туралы ұғым, адамгершілік туралы ұғым, шексіздік, теңдік туралы және т.б.

Айталық, стол ұғымы барлық столға қатысты. Көлемі жағынан ұғым жалқы және жалпы болып бөлінеді. Жалқы ұғымдар дара, жеке заттарға қатысты. Мысалы, Жайық пен Еділ туралы, Алматы, Астана - жалқы ұғымдар.

Жалпы ұғымдар тұтас ұқсас заттарға қатыстылығын білдіреді. Мысалы, "мал" ұғымы жалпы мағынаны білдіреді. Кез-келген ұғым жалпылық мағынаны білдіреді.

Пікір — мұнда қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстар мен қатынастар және олардың қасиеттері мен белгілері бейнеленеді. Пікір — бұл қандай да болсын ережені бекіту немесе жоққа шығару түрінде іске асатын ойлаудың түрі. Пікірде біз заттың шын болуы туралы қолдаймыз немесе жоққа шығарамыз, заттарда белгілердің, қасиеттердің және қатынастардың болуын қолдаймыз немесе жоққа шығарамыз.

Пікір сөздерде, сөйлемдерде байқалады. Тілдік материалсыз біз бірде-бір ойымызды құрастыра және айта алмаймыз. Пікірлерде ойлау үрдістерінің нәтижелері орындалады, бірақ сол уақытта пікір ойлау түрлері болып табылады.

Ойлау пайымдау арқылы жүріп отырады. Біздің пікірлеріміз бір затқа қатысты болуы мүмкін немесе тұтас заттардың тобына, немесе заттар тобының бөліктеріне қатысты болуы мүмкін. Бір затқа немесе оқиғаға қатысты пікірлерді жеке пікірлер деп атайды.

Мысалы: "Астана — Қазақстан Республикасының орталығы", "Алматы — Қазақстан Республикасының бас қаласы". Заттардың біртұтас тобына арналған пікірлерді жалпы пікірлер деп атайды. Мысалы, "Барлық металл — электр өткізгіштер". Қоршаған дүниеде


Информация о работе Психология және адам дамуы