Тәрбиенің әдістері, құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 18:48, реферат

Краткое описание

1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі.
2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері:
3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма, педагогикалық талап.
4. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау, оған қойылатын талаптар.
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогика.docx

— 315.83 Кб (Скачать документ)

 

Елімізде білім жүйесін  дүние жүзілік үлгіге сәйкес жетілдіру  зертеуді қажет ететін келеі мәселелерге  байланысты. Сондықтан Білім министрлігі, Ұлттық Ғылым академиясы, ірі университетер  және институттар мен бірлесіп, Қазақстанда  ұлттық білімнің стратегиясы мен  тактикасын және интеграцияның нақты  саясаты мен принциптерін жасайды

 

 

6 - тақырып

 

Мектеп педагогикалық  процесті басқарудың орталығы

 

 

Қарастырылатын мәселелер.

 

Білім жүйесін басқарудың қоғамдық–мемлекеттік басқару және мектепшілік менеджмент.

 

Мемлекеттік басқарудың негізгі  белгілері.

 

 

 

Пайдалнаатын әдебиеттер:

 

1. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.

 

2. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.

 

Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы-2003ж.

 

М. Жұмабаев. Педагогика Алматы-1992ж.

 

И.П. Подласый. Педагогика.Москва –2000ж.

 

ҚР Білім беру туралы заңы. Астана-2000ж.

 

Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік  педагогикалық университеті. Педагогика

 

пәні бойынша лекциялар  жинағы. Алматы-1991ж.

 

9.Т.С. Сабыров. Оқыту  теориясының негіздері. Алматы-1993ж. 

 

 

Білім жүйесін басқарудың қоғамдық–мемлекеттік басқару және мектепшілік менеджмент.

 

Педагогика ғылым мен  тәжірибеде тұтас педагогикалық  процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат  беруге деген ұмтылмас күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.

 

Жалпы басқару дегенді–шешім  қабылдауға бағытталған, белгіленген  мақсатқа сәйкес басқару нысанын  ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған  шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім  беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде  білім жүйесі ретінде ҚР Білім  және ғылым минситрлігі, облыстық білім  департмменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектепішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның копоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе –  орта мектепті басқарудың бөліктері  ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ  жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.

 

Мектепшілік басқару дегеніміз  біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың  барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен  қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою  және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.

 

Мектепшілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, “ы

 

қпал ету” ұғымының орнына “өзара әрекеттесу”, “ынтымақтасу”, рефлексивті басқару” ұғымдары қолданылады.

 

Сол сияқты мектепті басқару  теориясы мектепшілік менеджмент теориясы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім  білдіруді, олардың табысты еңбек  етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілік  басқару теориясын одан ары байыта түскен.

 

 

2. Мемлекеттік басқарудың  негізгі белгілері.

 

Қазіргі заманның білім жүйесінің  басты ерекшеліктерінің бірі–мемлекеттік басқарудан мемлекеттік–қоғамдық басқаруға  өту. Білім беруді мемлекеттік–қоғамдық басқарудың негізгі идеясы –білім проблемеларын шешуде мемлекет пен  жұртшылықтың күш–қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата–аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.

 

Білім беру жүйесінің мемлекеттік  сипаты елде “Білім туралы” заң  негізінде бірыңғай мемлекеттік  саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының  білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік–экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы  жетістіктері білім саласындағы  жетістіктерімен байланыстырылады. Білім саласының басымдылығы  білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте  шешуді талап етеді.

 

Сонымен бірге білім беруді басқарудың мемлекеттік сипаты “Білім туралы” заңда белгіленген мемлекеттік  саясат принциптерін мынадай бағыттарымен де айқындайды:

 

– білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлға бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген сүйіспеншілікке  тәрбиелеу;

 

– республикадағы мәдени және білім беру кеңістігінің біртұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесінің  дайындығы, даму деңгейі мен ерекшеліктеріне  бейімделгіштігі;

 

– білім жүйесінің еркіндігі  мен көптүрлілігі;

 

– білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік қоғамдық сипаты. Білім беру мекемелерінің  дербестігі.

 

Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттік саясатын мемлекеттік білім стандарттарын  сақтау арқылы іске асырады. Білім стандарты  оқу бағдарламасының міндеті  минимумы мен оқушылар жүктемесінің максимум көлемін және бітірушілерге  қойылатын талп деңгейін қамтид. Білім  беруді басқру оргондарынң міндеті  білім луды формальді түрде қамтмасыз  етумен шектелмейді, ол сонымен бірге  жеке тұлғаның өзін–өзі айқындалуына қолайлы жағдай туғызады.

 

Білім беру саласында мемлекеттік  саясатт дәйекті іске асыру үшін білім беруді басқарудың мемлекеттік  оргондары құрылады. Олар республикалық, облстық, қалалық және аудандық басқару  мекемелері.

 

Мемлекеттік басқару оргондары–білім  және ғылым министрлігі ,облыстық білім  департаменттері өздерінің компетенциясы  шеңберінде білім беруді мақсат бағдарламаларн жасайды және іске асрад; мемлекеттік  білім стндарттарын жасап, білім  туралы құжаттардың балмаларын айқндайды; білім мекемелерін қаржыландырады және т.б. көптеген мәселелерді шешеді.

 

Қазіргі жағдайда білім беруді басқару жүйесін орталықсыздандыру  процесі жүреді. Оның мәні жоғарғы  басқару оргондарының бірқатар функциясын жергілікті оргондарға беру. Бұл жерде  республикплық оргондар стратегиялық бағыттырды талдап жасаумен айналысса , жергілікті оргондар нақты қаржылық, кадрлық, материалдық және ұйымдастырушылық мәселелемен айналысуы тиіс.

 

 

Қоғамдық басқарудың негізгі  белгілері

 

Мемлекеттік бсқару оргондары  мен қатар қоғамдық басқару оргондары  да құрылады.

 

Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата– аналар жұртшылық  өкілдері енеді. Олардың басқаруға  қатысатындары мектеп ұжымында ғылыми ізденіс атмосферасын және қолайлы  психалогиялық климат қалыптаструға  алғы шарт қалайды. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі–  мектеп кеңесі сияқты ұжымдық бсқару оргондарының қызметінен танылады. Кеңес  жұмысының мазмұны мен қызметі  мемлекеттік нормативтік құжаттары  мен айқындалады.

 

Мектептің ең жоғарғы басқару  оргоны жылда бір рет өткізілетін  конференция болып есептеледі Оның өкілеттігі өте кең; жалпы мектептік  конференция мектеп кеңесін , оның төрағсын сайлайды, олардың қызметінің мерзімін белгілейді. Әрбір оқу орны конференцияда  оқу орнының жарғысын қабылдап, нақты  жағдйға қарай оқу орнының  дамуын, оның міндеттері мен мақсаттарын  белгілейді.Сондықтан да бір мектептің  Жарғысы екінші мектептікінен өзгеше болуы мүмкін. Мектеп кеңесі алқалы оргон болғандықтан дамудың негізгі  бағыттарын, оқу– тәрбие процесінің сапасын  көтеру шараларын белгілейді. Сонымен  бірге мектеп кеңесі оқу орнының  жұмыс бағыттары бойынша тұрақты  комиссия ,штаб құрып, олардың құқықтары  мен міндеттерін өкілеттік шегін  белгілейді. Ал, конференцияға шешуші дауыспен орталау және жоғары сынып  оқушылары, мұғалімдер, оқу орнының  басқа да қызметкерлері, ата–аналар жұртшылық өкілдері сайланады. Конференциялар аралығында жоғарғы бсты оргоннның  рөлі мектеп кеңесіне беріледі.

 

Мектеп кеңесінің қызметі  мынандай негізгі бағыттарда іске асады:

 

конференция шешімдерін іске сыруды ұйымдастырады ;

 

мемлекеттік және қоғамдық органда  оқушылардың мүддесіне қатысты  мәселе қарастырғанда – аналрмен бірге оқушылардың әлеуметік  қорғалуын қамтамасыз етеді;

 

бірінші сыныпқа оқушылар абылдағанда олардың жасын, оқу  түрін белгілейді.

 

Бюджет шығындардың есебін талқылйды, оқу орнының жеке орын қалыптастырады, оқу орнның бюджеттік  және бюджеттен тыс қаржысының жұмсауының негізгі бғыттарын айқындайды;

 

Мектеп директорының, оның орын басарларының, жекелеген мұғалімдерді есептерін тыңдайды;

 

Мектеп әкімшілігі және жұрттшылық өкілдерімен бірігіп ата–аналарға педгогикалық білім беруге жғдай  туғызады. Жұртылық немесе ата–аналар өкілдерінің бірі басқратын мектеп кеңесі мектеп әкімшілігі және қоамдық  ұйымдармен тығыз бірлікте жұмыс  жүргізеді.Кеңестің шешімі ата–анларға  хабарланды. Әрине, кеңес шешімі оған қатысқандардың үштен екісі қоштап дауыс бергенде заңдық күші бар деп  есептеледі.

 

Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының арта түсуі білім жүйесін  мемлекетсіздендіру және білім мекемелерін  диверсификациялаудан көрінеді.

 

Мемлекетсіздендірудің мәні мемлекеттік білім беру жүйесімен  бірге мемлекеттік емес білім  мекемелерінің де құрылуын аңғартады. Олар мелекттік қпарат құралныа енбейді, мұғалімдер мен тәрбиешіліер,оқушлыр  мен та–аналар өздерінің жеке мүдделері , аймақтық, ұлтық,кәсіптік, діни бірлестіктің, топтың мүддесіне  жұмыс жасайды. Ал диверсификация (латын  тілінен алғанда–көнтүрлілік, дамудың  жан–жақтылығы) бір мезгілде білімберу  мекемелерінің бірнеше типінің  қатар дамуы. Мысалы, гимназия, лицей, колледж, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын, мемлекеттік емес білім  беру мекемесінің бір қатар ерекшеліктері  болады. Ондай мекемені басқару тікелей  оның құрылтайшысы немесе сол құрылтайшы тағайындаған қамқоршылар кеңесі іске асырылады. Мемлекеттік емес білім  мекемелерінің қамқоршылар кңесінің өкілеттілігі, басқару құрылымы, мекеменің  бсшысын сайлау, тағайындау тәртібін айқындайтын өз жарғысы болады.

 

Педагогикалық жүйені басқарудың жалпы қағидалары

 

Кез келген әрекет, соның  ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы  мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бір  қатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т.б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелеу және нақты іске асуын танытады. Мектепшілік менеджменттің негізгі  заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық  және мектеп түрлі басқару ызметіне дейі болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықтардан мектеп диреторының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағидлары туындайды. Сонымен негізгі қағидаларға мынлар жатады: педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілеу ; орталықтагндыру және орталықсыздандырудың парастты үйлесімі ; жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі ; педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының обьективтілігі және толықтылығы.

 

 

7- тақырып

 

Педагогикалық технологиялар

 

 

Қарастырылатын мәселелер:

 

 

 

Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға  негізгі 

 

сипаттамалар.

 

2. Оқытудың әдеттегі дәстүрлі  технологиясы.

 

3. Кейбір жаңа педагогикалық  технологиялар.

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

 

1. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.

 

2. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.

 

3. Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж. 

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы-2003ж.

 

М. Жұмабаев. Педагогика Алматы-1992ж.

 

И.П. Подласый. Педагогика.Москва –2000ж.

 

ҚР Білім беру туралы заңы. Астана-2000ж.

 

Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік  педагогикалық университеті. Педагогика

 

пәні бойынша лекциялар  жинағы. Алматы-1991ж.

 

9. Т.С. Сабыров. Оқыту  теориясының негіздері. Алматы-1993ж. 

 

 

Технологиялар туралы ұғымдар: Педагогикалық технологияларға  негізгі сипаттамалар.

 

Қазіргі кезеңдегі психологиялық  педагогикалық әдебиеттер ғылыми–технологиялық процестің жетістіктері мен білім  беру саласына “жаңа компьютерлік технологияларды” енгізумен бірге  келген “технология” деген ұғым жиі  кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық  бағыт пайда болды. Бұл бағыт XX ғасырдың 60 – шы жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі  уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.

 

Барлық жасалған және қазіргі  күнде адамның қолданып жүрген технологияларды  екі түрге бөлуге болады: өндірістік және әлеуметтік, өндірістік технологияларға  үлгі ретінде табиғат шикізатын  қайта өңдеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп бастапқы материалды өнім “шығуында” белгілі  бір алдын ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен қайта өңдеу  прцесі деп атайды.

 

Педагогикалық іс – әрекет саласына “технология” деген сөздікті енгізу “индустриялдық” технология (Ф.Б. Гильбрейт, Ф.У. Тейлор және т.б.) деген  идеяға негізделген және ол оқытуда  техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағында  ғалымдар (В.П.Беспалько, П.И. Пидкасистый  және т.б.) қолдайды. Білім беру саласындағы  педагогикалық технологияның басқа  бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың  оқу іс – әрекетін (Т.А. Ильина) ұйымдастыруды  іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.

 

Бірақ, егер материалдық өндіріс  саласында еңбек затын бірте–бірте  терең меңгеру негізінде еңбек  өнімінің өсуіне әкелетін жаңа технологиялар  жасалса, ол білім беру саласында  басқаша технологиялар ұстаз  іс – әрекетінің жеке жақтарына  сай жасанды, қолдан істелген конструциялар  ретінде жаслынады.Ғылыми әдебиеттердегі бар терминдер технологияны жасаушылардың  дара жеке мәселелерге (проблемаларға) білім меңгеруге бағытталған  оқу моделі жағына өлшем жасалған.

Информация о работе Тәрбиенің әдістері, құралдары