Тәрбиенің әдістері, құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 18:48, реферат

Краткое описание

1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі.
2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері:
3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма, педагогикалық талап.
4. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау, оған қойылатын талаптар.
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогика.docx

— 315.83 Кб (Скачать документ)

 

Бақылау өткізудің негізгі  әдістемелік талаптары:

 

1. Мұғалім оқушыларды белгілі  нәрсені жан – жақты бақылауға,  оның неғұрлым көп және әртүрлі  қасиеттерін, ерекшелңктерін, мүмкіндігінше,  көру, есту, дәм, иіс т.б. сезім  мүшелерін қатыстыру арқылы зерттеуге  бағыт беруінің маңызы зор.  Бақылау тек көру т.б. сезім  мүшелерінің жұмысымен ғана емес, ол адамның ойлау әрекетімен  тығыз байланысты болуы керек.

 

2. Мұғалім бақылауда оқушыға  анализ бен синтез арқылы заттардың  негізгі қасиеттерін ажырату,  топтастыру, қорытындылау сияқты  ойлау процестерін қолдануға  басшылық етуі қажет.

 

3. Мұғалім оқушылардың  бақылауын ұйымдастыру үшін, ең  алдымен, бақылаудың мақсатын, байқайтын  нәрселердің мөлшерін немесе  көлемін анықтап, жоспарын жасап  беруі керек.

 

Тәжірибелік әдістер. Оқушылардың  сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын тереңдету  және жетілдіру түсу мақсатында олардың  практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.

 

Оқытудың негізгі дәстүрлі әдістерімен қатар мұғалім оқушылармен  бірігіп сабақта, оқу–тәжірибе участогінде  оқу приборлары және техника құралдары  көмегіне сүйеніп оқу тәжірибелерін  жүргізеді.

 

Оқытудың зертханалық  тәсілі негізінен биология, химия, физика пәндеріне жиі қолданылады. Аталған  пәндердің мазмұны зертханалық  жұмыстарды қажет етеді.

 

Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке–дара  орындауы арқылы жүреді. Жаппай түрде  жүргізгенде сыныптағы оқушылардың  бәрі бірыңғай тәжірибе жасайды, ал жеке оқушылар орындағанда әрқайсысының жасайтын тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін ол жинақталады.

 

Оқушылардың зертханалық  жұмыстарын мектеп жанындағы оқу–тәжірибе учаскесінде жүргізілетін тәжірибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді.

 

Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және оқушыларды қажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс істеу принциптерімен таныстырады.

 

Өткізу барысында мұғалім  әр оқушының қойған тәжірибесін мұқият бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі.

 

Қорыту кезеңін бірнеше  тәсілмен өткізуге болады. Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған жұмысын  хабарлайды, екіншіден, ұжымдық түрде  орындалған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі, үшіншіден, зертханалық  жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мұғалімнің өзі жинақтап, оқытушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін  қорытып баяндайды

 

Графикалық жұмыстар барлық пәннен орындалады. Бұған кестелер жасау, диаграммалар құру, сызбалар сызу секілді оқушылар әрекеттері жатады. Графикалық жұмыстар география мен  тарих, сурет сабақтарында кеңінен  пайдаланылады.

 

Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны – жаттығу  әдісі. Бұл әдіс оқушыларда біліктер мен дағдыларды қалыптастырады. Оқу  барысында теориялық ережелер мен  қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгерту жаттығу арқылы орындалады. Сондықтан, бұл әдіс барлық пәндерді оқытуда кеңінен қолданылады.

 

Жаттығу жұмыстары негізінен  тіл мен математика, сонымен бірге, шет тілдерін оқу пәндерінде көбірек  жүргізіледі. Оқушылар осы пәндердің  мазмұнына қатысты теориялық  білімдерін пысықтау барысында практикалық  жұмыстарын атқарады. Мысалы, есеп сабақтарында жазбаша есеп шығару, тіл сабақтарында диктант жазу, граматика және фонетика жұмыстарын орындау т.б.

 

Жаттығу оқушылардың оқу  жұмысын өздігінен орындау белсенділігін  арттырады. Өзіндік жұмыстарына  оқушылардың шығармашылықпен атқаратын  реферат, шығарма жұмыстары да жатады. Оқушылардың осындай жұмыстары  жазбаша жаттығу деп аталады.

 

Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяндауға  дағдылану мақсатын көздейді. Бұны негізінен үш түрге бөлуге болады. Біріншісі – ғылыми пәндердің  ережелері мен қағидаларын жатқа  айта білу. Екіншісі– оқу материалының мазмұнын ауызекі баяндау. Үшіншісі – көркем әдебиеттерден жатқа  үзінділер оқу, баяндамалар жасау  немесе өздерінің жазған шығармаларын ауызша айтып беру.

 

Оқыту әдістері – оқыту  процесінің барлық кезеңдерінде оқытудың түрлі мақсат –міндеттерін орындау  барысында оқушылардың таным  әрекетін арттыруға бағытталуы тиіс. Сондықтан, оқыту процесінде оқушылардың  таным әрекетінің белсенділігін  арттыруға септігін тигізетін әдістерге  айрықша назар аудару қажет.

 

 

4. Оқыту әдістерін жетілдіру  және мұғалімнің сабақтар жүйесінде  оларды таңдай білуі.

 

Оқыту әдістерін жетілдіру  бүгінгі күннің басты мәселесі болып  отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін  арттырып, оқытудың жаңа формалары  мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне  педагогикалық зерттеулерде айрықша  маңыз беріледі.

 

Алайда, оқыту әдісін қайта  құру – күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда  әртүрлі әдістерді қолдану қажет.

 

Сабақтың тақырыбы мен  мақсатына, оқу материалының мазмұны  мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.

 

Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі шарттарға  байланысты болып келеді.

 

1. Оқыту әдістерін оның  мақсат–міндеттеріне, оқушылардың  жас және таным әрекетінің  еркшеліктеріне сай қолдану.

 

2. Қолда бар нақтылы  көрнекі және техника құралдарын, кабинет жабдықтарын ескерту.

 

3. Мектептің географиялық  орналасуын ескерту. Мысалы, оқытудың  қала мектептерінде оқушылардың  өндіріс орынддарында экскурсия  жасау мүмкіндігімен, ал ауыл  мектептерінде мектеп жанындағы  участкелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық  өндірісіне бару жағдайымен байланыстыру.

 

4. Мұғалімнің іс–тәжірибесінің  шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне  тікелей байланысты шараларды  іске асыру.

 

Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түп қазық –  мақсаттың жүзеге асуы. Мұғалім қандай тақырып өтсе де, ен алдымен, оның мақсатын анықтауы тиіс. Бұл мұғалімнің өзіне  қажет. Себебі оқылатын оқу материалын баяндауда оның негізгі идеясын  немесе оқушылардың назар аударатын  басты мәселесін есте сақтауға тиіс және оқушының назар аударатын басты  мәселесін есте сақтауға тиіс және оқушының ойында бекітілуге қажетті  қосымша материалдарды анықтау  жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгілей алмайды.

 

 

2- тақырып

 

Дене тәрбиесі процесіндегі оқытуды ұйымдастырудың формалары

 

 

Қарастырылатын мәселелер.

 

1. Оқытуды ұйымдастыру  формлары туралы түсінік

 

2. Сабаққа қойылатын дидактикалық  талаптар жүйесі

 

3. Оқытудың сабақтан басқа  формалары.

 

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

 

Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.

 

Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.

 

Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы-2003ж.

 

М. Жұмабаев. Педагогика Алматы-1992ж.

 

И.П. Подласый. Педагогика.Москва –2000ж.

 

ҚР Білім беру туралы заңы. Астана-2000ж.

 

Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік  педагогикалық университеті. Педагогика

 

пәні бойынша лекциялар  жинағы. Алматы-1991ж.

 

9. Т.С. Сабыров. Оқыту  теориясының негіздері. Алматы-1993ж. 

 

 

1. Оқытуды ұйымдастыру  формлары туралы түсінік

 

Оқытуды ұйымдастыру формасы  – оқыту процесінің міндеттерін  іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың  іс–әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру  формасында оқытудың мақсаты, мазмұны  мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.

 

Қоғамның даму тарихында  жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру  тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту  жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы  қалыптасқан: жеке –дара, топтық және сынып–сабақтық жүйе.

 

Жекелеп оқыту жүйесі көне орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім  жеке оқушының орындаған жаттығу  жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау  амалдарын түсіндіретін, музыкалық  құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс  және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу  әдістерін де қолданатын.

 

Бұрын қазақ еліндегі молдалардың  балалары оқытуды да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында  жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.

 

Жаңа дәуірде Англияда оқытудың “белл – ланкастер” жүйесі тарады.”Сатылы” немесе “өзара оқыту” түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында  жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200–300 немесе 600–ден астам  оқушыны мұғалім сатылып оқытуды  ұйымдастырған, түске дейін ересектерді  оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде  жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйреніп отырған.

 

Америка Құрама Штаттарында XX ғ. Басында “дальтон – жоспар”  оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу формасы  тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің  ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.

 

Кеңес мектебінің алғашқы  жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3–4 топқа бөлінеді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы  оқушылардың орындаған тапсырмаларын  жинақтап, мұғалімге бригада мұғалімге  бригада атынан жауап берді. Бригадирдің  жауабына қарай,бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен  санасушылық болмады. Мұғалім тек  консультант есебінде ғана жұмыс  атқарды.

 

Оқытудың кең таралған сынып–сабақ жүйесінің негізін  қалаған Ян Амос Каменски болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педогогикалық тәжірибелерді зерттеп , оқу ісін жүйелі ұйымдыыыыастыруды  ұсынды.

 

Оқушыларды сыныпқа жас  шамаларымен таным қабілеттері  бойынша топтастыру.

 

Сыныптағы оқушылар құрамының  әркезде тұрақты болуы.

 

Жеке пәндерді тұрақты  оқу кестелері арқылы алмакезк оқыту.

 

Оқытуды оқу жоспарына, оқу  бағдарлмалары және оқулықтарға  негіздеу.

 

Оқыттттуды жылдың тұраааақтыыыыыы  бір мезгілінде бастап , аяқтау.

 

Оқытуды ұйымдастыру тек  мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.

 

Қорыта айтқанда, мұғалім  бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.

 

Неміс педагогы И.Ф.Гербарт  сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынады. Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау  кезеңі, жаңа материалды өткен материалмен  байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу  әдісімен жүргізу кезеңі және қысқаша  қорытынды жасау кезеңі.

 

Сынып – сабақ формасы  оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі  формасы ретінде күні бүгінге  дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ң алдымен мұғалімге  оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде  баяндауына мүмкіндік береді. Сондай–ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне  де бағыт–бағдар беріп, жетекшілік рөлін  атқарады.

 

Сабақ – оқыту жұмысын  ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі  мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім  берумен қатар, олардың рухани –  адамгершілік қасиеттері мен ақыл–ой  қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.

 

Сабақ – күрделі психологиялық  және дидактикалық процесс, онда оқушылармен  педагогикалық қарым–қатынас жасау  және тәрбиелеу міндеттері іске асырылды.

 

 

2. Сабаққа қойылатын дидактикалық  талаптар жүйесі.

 

1. Сабақтың мақсаты айқын,  мазмұны, жжоспары және оның  құрылымы алдын – ала белгілі  болуы тиіс.

 

2. Сабақ оқыту принциптерінің  ережелері мен талаптарына сәйкес  болуы қажет.

 

3. Сабақтың ғылыми мазмұны  оқушылардың жас және дара  ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті  болуы керек. Сондай–ақ сбақта  оқушылардың бойына біліктер  мен дағдылары қалыптастыру міндеті  жүзеге асырылуы тиіс.

 

4. Сабақта мазмұны оқытатын  пәннің бағдарламасына сәйкес  болуы және әрбір сабақ басқа  сабақтар жүйесінің буыны болуы  міндетті нәрсе.

 

5. Сабақта оқушылардың  білімге ынтасы мен қызығуын  арттыру үшін сабақтың құрылымы  мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі  және техникалық құралдары, түрлі  ойындарды тиімді қолдану керек.  “Баланың ынтасын арттыру үшін  оқытылатын нәрседе бір жаңалық  болуы керек”–деп Ж.Аймауытов  жайдан– жай айтпағанын ескеру  керек.

 

6. Сабақта оқушылардың  белсенділігін арттыру үшін проблемелық  міндеттер мен тапсырмаларды  орындауға басшылық ету қажет.

 

7. Сабақтың сапасын жақсарту  үшін мұғалім оқушылармен қарым–қатынас  жасау шеберлігін арттырып отыруы  керек. Педагогикалық қарым–қатынас  мұғалімге оқушылармен рухани  байланыс жасауға мүмкіндік береді. Білім арқылы қарым–қатынас жасау  және қарам –қатынас арқылы  білім алу керек деген қағиданы  іске асыру пайдалы.

Информация о работе Тәрбиенің әдістері, құралдары