Тәрбиенің әдістері, құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 18:48, реферат

Краткое описание

1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі.
2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері:
3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма, педагогикалық талап.
4. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау, оған қойылатын талаптар.
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогика.docx

— 315.83 Кб (Скачать документ)

 

жоспарға сәйкес амал–тәсілдерді  қолдана білу;

 

өз әрекетінің барысын  бақылап отыру.

 

Егер оқушы өздігінен  жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке  ұшырайды. Мұндай жағдайда оқушының оқуға  деген ынтасы төмендейді, соның салдарынан үлгермеушілер қатарына қосылады.

 

 

3 – тақырып 

 

Оқу тәрбие жұмысын жоспарлау

 

 

Қарастырылатын мәселелер.

 

Мектептің жылдық жұмыс жоспарның  мазмұны.

 

Мектептің жылдық жұмыс жоспарының сыртқы көрінісі.

 

 

1. Мектептің жылдық жұмыс  жоспарының мазмұны.

 

Мектеп жоспары мазмұнының негізгі бөлігін мектекпте жүргізуге  тиіс шаралар құрастырады. Бұл шараларды  бірнеше тарауларға бөледі. Тараулардың  бірі ұжымның міндетті жалпы орта білімді жүзеге асыру бойынша  іс – әрекетіне арналған. Онда мектеп маңайында тұратын мектеп жасына жеткен баларды толық тіркеу шаралары қолданады.

 

Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу  мақсатында мектепте өз – өзіне  қызмет жасау, қоғамдық – пайдалы  еңбек жұмыстары, жағдайлар болған кезде оқушылардың шамасына сай  өндірістік еңбегі бойынша жұмыстар қарастырылады. Жоспарларда мектептегі еңбек мейрамдары мен басқада  шаралар (көрмелер, байқаулар, жарыстар) да қарастырылады, техникалық үйірмелер  мен секциялар жұмысы ұйымдастырылады. Мұнда оқушаларға экономикалық тәрбие беру бойынша, іскерлік қасиеті мен  қазіргі заман адамының басқа  да жеке қасиеттері қалыптастыру бойынша  шаралар көретіледі. Оқушларға эжкологиялық тәрбие беру жұмыстары да жоспарланады: тәжірибелік жұмыс, экологиялық  аумақ, экологиялық соқпақ құру, жануарлар  мен өсімдіктер күтімі, табиғатты  сақтау бойынша жұмыс, экологиялық  мейрамдар, байқаулар өткізу.

 

Бұл тарауды жанұя тәрбиесімен  байланысты оқушылар ата – анасымен жүргізілетін жұмыс көрініс тапқан мәселелерде бар. Ата – аналар мен кездесу өткізу, оларға ақыл – кеңес беруді ұйымдастыру, ата  – аналар жиналыстарын өткізу, ата  – аналар комитеті жұмысына көмектесу, ата – аналарды мектептегі тәрбие жұмысына араластыру, жаңұя тәрбиесінің  озат тәжірибесін зерттеу мен  қорытындылау жұмыстары қарастырылады.

 

“Педагогикалық кадрлармен жұмыс” тарауында мұғалімдер мен  тәрбиешілердің әдістемелік деңгейін көтеруге бағытталған жұмыстар қарстырылады. Мұғалімдер ұжымы мүшелерініңң кәсіби біліктері мен дағдыларын болжау жоспарланады, бұл озат педагогикалық  тәжірибені анықтауға, сондай – ақ мұғалімдерпдің тәрбие мен оқыту әдісінің саласындағы қажеттіліктері мен сұраныстарын анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік кеңес пен әдістемелік бірлестіктер (кафедралар) жұмысының жоспарлары осы тараудың құрамды бөлігі болып табылады.

 

2. Мектептік жылдық жоспарының  сырқы көрінісі.

 

Мектеп жоспарының сыртқы көрінісі түсіндірме мәтін түрінде (жоспардың мәтіндік түрі) болуы  мүмкін. Бұл мәтінде жоспардың  негізгі бөлігін құрайтын барлық шаралар суреттелінеді. Жоспардың  бұл түрі жоспар – графиктен толтырылуы мүмкін (жылдық жоспарды жоспар – график түрінде де қарастырылады). Жоспар –  графиктің ең қарапайым түрі 3 графадан тұратын кесте түрінде болады, бірінші графа – шаралары тізімі, екінші графа – осы шараларды  ұйымдастыру мен өткізуге жауапты  адамдар тізімі, үшінші графада осы  шараларды өткізу уақыты жазылады.

 

Жоспар – графиктік  басқа түрлерінде, сондай – ақ, мақсат графасы (мақса бағыты), жоспардың  осы тарауының орындалу бағытын  бақылау графасы, тараудың орындалғаны  турлы графа (немесе өткізілген шараның  қысқаша талдауы мен бағасы) болады.

 

 

4- тақырып. 

 

Оқу – тәрбие жұмысын есеп ке алу

 

 

 

Қарастырылатын мәселелер:

 

Бақылау мен есепке алудың мәні.

 

Оқушылардың білім, білік  дағдыларын тексерудің негізгі әдістері

 

 

Пайдаланылатын әдебиеттер:

 

1. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.

 

2. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.

 

3. Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж. 

 

4.Абай атындағы Қазақ  Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы-2003ж.

 

5. М. Жұмабаев. Педагогика  Алматы-1992ж.

 

 

Бақылау мен есепке алудың мәні.

 

Оқыту мен тәрбие нәтижелерін  есептеу мен бағалау тұтас  педагогикалық процестің маңызды  компоненті болып табылады.

 

Оқытуды бақылау дегеніміз, бір жағынан, мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік –  ресми тәртібі, нәтижелерін басқару  шешімдерін қабылдау үшін қызмет етеді. Ал ,екінші жағынан оқытуды бақылау  дегеніміз мұғалімнің оқушылар білімін  тексеруі мен бағалауы.Мектептерде  логикалық қызмет әрекеттің нәтижелерін  есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылау жүйесіне енгізілген

 

Мектеп ішіндегі бақылау  қойылған міндеттерге сәйкес тұтас  педагогикалық процеске түзетулер  енгізу мақсатында оқу – тәрбие процесін жан – жақты зерттеу  мен талдау. Мектеп ішіндегі бақылау  – күрделі де көп жақты процесс, ол да барлық тұтастықтар сияқты заңды  тәртіп ретінде, бір – бірімен  тығыз байланысты және әр қайсысы  белгілі бір қызмет атқаратынбөліктердің тұтастығынан тұрады.

 

Қазіргі зерттеушілер бақылауға  келесідегідей талаптар қояды:

 

бақылау мазмұнының талаптарға сәйкес болуы

 

алынған ақпарат мазмұнының обьективтілігі мен анықтылығы

 

оқушылар дайындығының негізгі  элементтеріне талдау жасау қажеттігі

 

бақылау шапшаңдығы , жүйелілігі мен жариялығы 

 

бақылаудың даралық және ұжымдық формаларын үйлестіру

 

Алынған ақпарат көлемі бойынша  бақылаудың келесі түрлерін ажыратуға  болады:

 

жаппай бақылау, мұғалім  мен оқушының жұмысы жүйесінің негізгі  компоненттері зерттеледі:

 

тақырыптық бақылау, кез  келген процестің бөлігі болып келетін  мәселенің талдауымен байланысты

 

Бақылаудың үш түрі бар:

 

Алдын ала бақылау: сабақ  өткізу үшін әзірленген жоспарлар, материалдармен танысу; түсіндіру, бекітуәдістері мен  формалары туралы, оқушылардың өзіндік  жұмысының тәсілдері туралы әңгіме жүргізу:

 

Күнделікті бақылау; сабақты  немесе сабақтардың бақылау, оқушылардың  білімі мен дағдыларын тексеру, оқушылар жұмысын қарап шығу:

 

Қорытынды бақылау; белгілі  бір уақыт аралығындағы мұғалімнің оқушыларды оқыту мен тәрбиелеужұмысының нәтижелерін зерттеу. Журналдар, мәлімет  тізімдерді тексеріп, бақылау жұмыстары, сұрақ – жауап өткізу.

 

 

2.Оқушылардың білім, білік  дағдыларын тексерудің негізгі  әдістері

 

Оқыту процесінің құрамды  бөлігінің бірі болып келген оқушылардың  білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсаты оқушылардың оқушылардың  оқу – жұмысын бақылау мен  олардың үлгерімін есептеу. Мұғалімге  оқушылардың білім, білік және дағдыны  толық және сапалы түрде меңгеруі аз. Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді  анықтап, мұғалім оны жоюға тырысады, оқушыларға ақы - ой және практикалық  жұмыс тәсілдерін үйретеді.

 

Оқушылардың оқуға қатынасы, дербестік, еңбекқорлық, ынталылық, берілген тапсырманы дер кезінде орындау  мен оның сапасына деген жауапкершілік  сияқты оқушы жеке тұлғасының басты  қасиеттерінің қалыптасуы оқушылардың  білімін тексеру мен бағалау  қалай жүргізілуіне байланысты.

 

Оқушылар білімінің, білік  және дағдыларының сапасын бақылау  келесі элементтерден тұрады:

 

білімді бақылау, мәнін түсіну және есте сақтау деңгейінде тексеру, яғни оқушының сабақта мұғалімнен және өздігінен оқулықтан оқығанынан алған білім санын еске түсіре алуын тексеру;

 

білімдерді ұқсас жағдайда қолдану деңгейінде, яғни үлгі бойынша  тексеру;

 

білімдерді ойлаудың кейбір дәстүрлі емес элементтерін көрсетуді  талап ететін жаңа жағдайда қолдану  деңгейінде тексеру

 

Оқушылардың білімінің, білік  және дағдыларының сапасын бақылау  келесі міндет пен мақсаттар арқылы анықталады:

 

Оқушылардың белгілі бір  пән бойынша білімдерінің шынайы жан – күйі және бұл білімдердің  лайықты мемлекет бағдарламаларының  талаптарына сай болуы.

 

Тәжірибелік білік пен  дағдыларды ұқсас және жаңа жағдайлар  деңгейінде игеру дәрежесі.

 

Бүкіл сыныптың немесе жеке бір оқушы білімінің нашар  болуының себебі.

 

Процес ретінде білім , білік және дағдыларды бағалау жеке оқушыны бақылау

 

барысында жүзеге асырылады.

 

Білім сапасының сандық көрсеткіші мына формула бойнша анықталады:

 

- Z “4” және “5” бағалары  бар оқушылар саны, n+ оқушылардың  жалпы саны.

 

 

Отбасындағы тәрбие. Отбасы және адамның жан – жақты және үйлесімді дамуына жатады. Балалардың отбасында тәрбиеленуі білім  беру мекаемелеріндегі тәрбие жұмыстарымен ұштасады.

 

Жергілікті білім беру органдары мен мекемелер, ғылыми – зерттеу институттары, қоғамдық бірлестіктер, еңбек ұжымдары бірге  отырып, оқыту мен тәрбие жұмысын  жақсартуда ата – аналарға, оларды алмастаратын адамдарға отбасы мен  тәрбиесі жайында көмек көрсетеді, жэағдайлар жасайды.

 

Мектеп жасына дейінгі  тәрбие. Мектеп жасына дейінгі тәрбие балалар мекемелерінде жүзеге асырылады. Мұнда балалар 3 жастан 6 жасқа дейін  тәрбиеленеді.

 

Мектеп жасына дейінгі  балаларды отбасынеда тәрбиелеуге  үкімет көмектеседі. Ол үшін ата –  аналарға өтем төлемдері беріледі.

 

Жалпы орта білім. Жалпы білім  беретін орта мектептің мақсаты– әр жақты дамыған, адамгершілігі  мол, жеке өзінің және қоғамдық мүдделердлі  ұшитастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы  адамзат қазынасын тиімді пайдалана  алатын, зиялылыққ тән қаиеттерді бойына сіңіре алатын адамды тәрбиелейді.

 

Жалпы білім беретін орта мектептің құрылымы баланың ер жетуіндегі жас ерекшелігің үш кезеңіне (балалық  шақ, жеткіншектік шақ, жасөспірімдік  шақ) сәйкес орт мектеп үш сатыдан  тұрады:

 

Бірінші саты – бастауыш мектеп (І – IV сыныптар)

 

Екінші саты – негізгі  мектеп (І – IX сыныптар)

 

Үшінші саты – жалпы  білім беретін орта мектеп (І –  ХІ сыныптар)

 

Мектептен тыс тәрбие мен  оқыту. Балалардың қабілеттілігі мен  бейімділігнін дамыту, қоғамдық белсенділігін  арттыру, еңбекке, кәсіби бағдар бкеруге, ғылыми текхникаға, өнерге, әдебиетке, спортқа, ұлтттық дәстүрлерге құштарлығын  тәрбиелеу, олардың мәдени демалысын, бос уақытын, дұрыс ұйымдастыру  мақсавтында осы жұмыстардың  бәрін мектептен тыс білім  және тәрбие беру мекемелері ұйымдастырады.

 

Кәсіптік – техникалық білім. Халық шаруашылығының барлық салларын үшін қажетті маман жұмысшы  кадрларды дайындау мәселесі кәсіптік техникалық училищелерде жүзеге асырылады. Бұлар кәсіптік және жалпы білім  беретін оқу мекемелері.

 

Орта арнаулы білім. ҚР – ң азаматтары орта арнаулы оқу  орындары арқылы кәсіптік білім аладыы. Негізгі сатыны бітіргентоқушылар  кәсіптік білім мен бірге толық  орта білім алып шығады. Орта арнаулы  оқу мекемелеріне әртүрле техникумдер, педагогикалық, медициналық, әскери т.б. училищелер жатады.

 

Жоғары білім. Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар универпситеттерде, институттарда, академияларда  және соларға теңестірілген оқу  орындаврында білім алады.

 

Арнаулы білім мекемелері. Бұлардың бірнеше түрлері бар.

 

Жетім балалар, ата – аналарыныан  қорғансыз қалған балалар жалпы  білім беретін мектеп – интерндтарында, балалар үйлерінде тәрбие мен  білім алады.

 

Ақыл– ойында кекмістігі бар  және уақытқа емделуді қажет ететін балалар үшін арнаулы мекемелер  ұйымдастырылады.

 

Жоғары оқу орынан кейінгі  білім. Республика азаматтарға аспирантураларда, доктарантураларда оқып ғылымдар кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға  мүмкіндік береді, ғылыми кадорларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамассыз етеді.

 

Кадрлардың бірлестігін  арттыру және оларды қайта даярлау. Жұмысшылармен мамандардың, басты  қызметкерлердің біліктілігін арттыру  және оларды қайта даярлау арнайы білім беру мекемелерінде, кәсіп  орындарында , ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.

 

Қосымша білім беру үшін дене шынықтыру–сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер  жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі  және жергілікті үкімет басқару орындары бекітеді.

 

Сонымен білім мен тәрбие беру – бұл Республика азаматтарының  құзретін және адамгершілік, интелектуалды, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз тұтас  педагогикалық процесс.

 

Білім жүйесінде халықаралық  байланыстың маңызы.

 

Дүние жүзілік білім кеңестігіне  кіру және халақаралық байланыс елімізде білім жүйесін жасауға мүмкіндік  туғызады. Осындай мүмкіндіктерді еске ала отырып, отандық білім жүйесін  дүние жүзілік үлгңге салу деңгейіне  жеткізу ең басты мәселелердің бірі.

 

Қазақстан Республикасының  білім туралы Заңы бойынша Қазақстан  азаматтары (оқушылар, студенттер, аспиранттар) шет мемлекеттердің оқу мекемелерінде  оқуға қақылы. Бұл мәселе мемлекет аралық келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Жыл сайын орта және жоғары оқу  орындарын бітірген дарынды жастарды шет мемлекеттеріндегі жоғарғы  оқу орындарына, аспирантураға жіберуді әдетке айналдыру қажет.

 

Қазақстан Республикасында  тұратын шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар республикамыздың азаматтарымен тең дәрежелі білім  алуға, қызымет істеулеріне қақылы. Ал шет мемлекеттердің Қазақстан  Республикасында тұрақты тұрмайтын  азаматтарды халақаралық келісімі бойынша білім алуға, жұмыс істеулеріне  мүмкіндік алады.

 

Қазақстан Республикасының  білім беру мекемелері шет елдік  мекемелермен және ұйымдармен тікелей  байланысты дамытып жетілдіреді, рухани тілік білдіреді. Олардың өзара  қарым–қатынастары және ұнтымақтастығы, достық байланыстары дамиды.

Информация о работе Тәрбиенің әдістері, құралдары