Тәрбиенің әдістері, құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 18:48, реферат

Краткое описание

1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі.
2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері:
3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма, педагогикалық талап.
4. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау, оған қойылатын талаптар.
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогика.docx

— 315.83 Кб (Скачать документ)

 

Оқу процесінде білім берудің  көздеріне қарай қолданылатын әдістер:

 

Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.

 

Көрнекі әдістер: иллюстрация  және демонстрация, бақылау.

 

Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу  жұмыстары.

 

Оқыту процесінде ең көп тараған  дәстүрлі әдіс– сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту  процесінде басқа әдістерге қарағанда  жетекші роль атқарды. В.А. Сухомлинский: “Сөз–ең маңызды педагогикалық  құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың..”  –деп оның маңызына ерекше назар аударады.

 

Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондайақ дауыс ырғағы мен  мимикасы мәнерлі және бай болғаны  қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы.Алтынсаринның пікірін келтірейік: “Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін–өзі кіналауы керек. Мұғалім  балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді  қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек”.

 

Бұл әдісті қолданғанда мұғалім  оқушыларға білім берумен қатар  олардың таным белсенділігін  арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. процестерін) байланысты әрекет жасайды.

 

Мұғалімнің оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлі  көрнекі және техникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады.

 

Ауызша баяндаудың тағы бір  ерекшелігі, оқытушының түсіндіруі мен  оқушылардың ұғыну процесінің қатар  жүруінде. Түсіндіру барысында әңгіме, әңгімелесу, ауызша–жазба және лабораториялық жұмыстарын қажетіне сай қатар қолдану  керек.

 

Түсіндіру – оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті  де сындарлы баяндауы. Оның себебі, түрлі  заңдылықтар мен ережелерді түсіндіру  белгілі дәрежеде логикалық жүйелікті  қажет етеді.

 

Түсіндіру әдісінің мақсаты: заттардың елеулі белгілерін ашып көрсету, фактілер мен құбылыстарды талқылау. Сондықтан мұғалімнің оқу материалын түсіндіруде әрқашанда пайымдау, қорыту, дәлелдеу көп болды.

 

Түсіндіру әдісінің ең маңызды  мәселелері– оқушылардың алдына жаңа мәселені айқын, ашық етіп қойып, оқу материалын тыңғылықты баяндап  шығу. Түсіндіру әдісінің табысы болуы  мұғалімнің нақтылы деректерді қаншама  сәтті қолдана білгендігіне де байланысты.

 

Түсіндіру әрқашанда заттар мен фактілердің, құбылыстардың  мәнін ашу, қағидаларды түсіндіру, осылардың негізінде оқушыларға жаңа білімді баяндауда оны терең  және түсінікті ұғынуларына мүмкіндік  туғызады. Бірақ ол оқушылардың жас  ерекшеліктеріне, сынып және пән  ерекшеліктеріне қарай өзгеріп  отырады.

 

Әңгіме – мұғалімнің сабақ  барысында оқушылармен араласуының  неғұрлым қолайлы тәсілі болып табылады. Сөйтіп, оқушыларға жаңа білімді түсіндірудің неғұрлым қарапайым және түсінікті  түрі.

 

Әңгіме барысында мұғалім  құбылыстарды бірізділікпен көркем суреттей отыра, өз сөзін әртүрлі  көркем шығармалар (картина, фотосурет) мен көрнекі құралдарды қолдану  арқылы жалғастырып отырады. Оқытуды  бұлай ұйымдастыру оқушылардың  фактілер мен құбылыстарды жақсы  түсініп, ұғынуына көмектеседі.

 

Бұл әдісті қолдану барысында  мұғалім мен оқушылар арасында диалог пайда болады. Әңгіме оқытудың түрлі  міндеттерін орындауға бағытталады: жаңа білімді хабарлау, оны бекіту мақсатында қолданылатын әңгіме; өткен  материалды жаңамен байланыстыру, өткен  қайталау, оны тексеру және бағалау  үшін қолданылатын әңгіме.

 

Әңгіме әдісі көбнесе  бастауыш немесе орта буын сыныптарда кеңінен қолданылады.

 

Мұғалімнің сабақта әңгіме әдісін қолдану ұзақтығы, берілетін  оқу материалының сипатына байланысты болып келеді.

 

Әңгімелесу – мұғалім  мен оқушылар арасында жаңа білімдерді хабарлау, пысықтау, қорытындылауды дұрыс  ұйымдастырылған сұрақ–жауап тәсілінде  қолданылады. Сондықтан әңгімелесу оқытудың аса күрделі әдісі болып  есептеледі. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану  мұғалімдер тарапынан өте мұқиат дайындықты талап етеді.

 

Әңгімелесу барысында  мұғалім оқушылардың жеке басының  қабілетін, зейінін (т.б. психикалық процестерін), таным ерекшеліктерін танып біледі, баяндап отырған немесе өтілген  оқу материалын олардың қалай  ұғынғанын анықтайды.

 

Әңгімелесуде баяндау, талдау, қорытынды. Бұл әдіс,сонымен қатар, сұрақ–жауап тәсілі арқылы да іске асады. Ол үшін мұғалімнің сұрақтары  дәл, жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға бағытталған болуы тиіс.

 

Лекция – сөзге негізделген  оқыту әдісі ретінде ол өзінің құрылымы, баяндалатын оқу материалының дәлдігі және сабақтың өн бойында  тыңдаушыларының ойлау қабілетін  белсенді етуі жағынан басқа әдістерге  қарағанда өзіндік ерекшеліктері  бар.

 

Лекция әдетте жоғары сынып  оқушылары арасында көптеп қолданылатын әдістің бірі. Лекция барысында оқушылар жаңа оқу материалын тыңдайды, қабылдайды, ұғынады, мұғалім сөзіне зейін қоя  тыңдайды, мазмұнын қадағалап отырады.

 

Лекцияның басқа ауызша баяндау  әдістерінен тағы бір ерекшелігі, мұғалімнен жаңа білімді баяндамас  бұрын оқушыларға оның жоспарымен, қажетті әдебиеттер тізімімен таныстыруын  қажет етеді. Оқушылардың лекция жоспарымен алдын–ала танысуы, оның мазмұнын баяндауда мұғалімнің ойын жақсы ұғынуға көмектеседі.

 

Ол үшін лекция мақсатының идеялық бағыты, оның нақтылығы, берілетін  білімнің оқушыларға түсінікті болуы  мұғалімдер тарапынан үлкен шеберлікті қажет етеді.

 

Лекция барысында баяндалған оқу материалының мазмұнын оқушылардың  қысқаша жазып отыруы, оны өз беттерінше қайталап оқуы, дағдылануы да қажеттілік болып табылады.

 

Лекция және әңгіме әдістері оқу материалына жұмсалатын уақытты  үнемдеу жағынан тиімді болғанымен де, оқушылардың өз ойын, пікірін  айтып, кеңес алуға қолайлы жағдай туғыза алмайды. Бұл турасында әңгімелесу әдісінің мүмкіндігі мол.

 

Мұғалім лекцияға дайындалу  барысында оның мазмұнына, амал–тәсілдеріне және құрылымына назар аударады. Лекцияның  мазмұны ол оқу бағдарламасы, оқулық және оқу құралдарына байланысты анықтайды. Бірақ, бағдарламада көрсетілген  барлық мәселелердің ішінен түйінді  мәселелерді айырып, ғылымның соңғы  жаңалықтары мен табыстарын озат тәжірибемен байланыстырып, материалдың  белгілі бір бөлігін оқушыларға оқулықтан, басқа әдебиеттерден  өздігінен оқып алуға тапсырмалар  беріп отыруды оқытушы мұқият ойластыруы қажет. Сонымен, лекцияның  мазмұны, баяндау формасы, оқытушының шеберлігі лекцияның тиімділігін  арттырудың кепілі.

 

Оқулықпен және кітаппен жұмыс  істеу әдісі – оқушылардың  жаңа білімдерді қабылдау, сыныпта  алған білімдерін бекіту, біліктілік пен дағды қалыптастыруда тиімді әдіс болып табылады.

 

Кітап– білімнің сарқылмас  қайнар бұлағы. Ол білім мазмұнын кеңірек  ашып, оқушылардың оны терең игеруіне көмегін тигізеді. Оқулық және кітаптың көмегімен оқушылар сабақта немесе сабақтан тыс кездерінде түрлі жаттығу  жұмыстарын орындап, мұғалімнің басқаруымен  сыныпта алған білімдерін толықтырып отырады.

 

Оқушылар оқулықтармен және басқа оқу кітаптарымен жұмыс  істей отырып, белгілі білім жүйелерін  меңгереді, өздерінің көзқарастарын  қалыптастырады, ой–өрісін дамытады, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыланады.

 

Кітаппен жұмыс істеу  оқушы үшін оқытуда күрделі тәсіл  болып танылады. Қазіргі мектеп тәжірибесіне жүгінсек, көптеген жағдайда, оны бітірушілер  арасында кітапты оқи немесе нәтижелі қолдана білмейтіндер кездеседі.

 

Кітапты немесе оқулықты оқи  отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың негізгі ойын, құнды деректер мен  қағидаларын жеке қарастыру, жетекші  идеяларын ашып көрсете немесе өз сөзімен тиянақты баяндай алмау  мәселелерін ұмытпаған жөн. Ол үшін оқушы оқу материалының құрылымымен  жалпы танысу, оны көз жүгірте  қарап шығу, содан кейін барып  кейбір маңызды бөліктеріне жете мән беру, оған қатысты жаттығу  жұмыстарын жасау, ең соңында оқығанын есінде сақтауға күш салуға дағдылануы тиіс.

 

Екінші мәселе, бастауыш сыныптан бастап оқушылардытдауыстап оқуға, одан кейін тез, іштей оқуға, оқығанды өз сөзімен айтып беруге дағдыландыру қажет.

 

Мәтінмен жұмыс істегенде  оқушыларды, оның ең нігізгі мазмұнын айтуға, бөліктерге бөліп жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға  үйрету керек. Егер оқушы осындай  тәсілдерді қолдана білсе, онда ол оқығандарын  тек жаттап алуға дағдыланады.

 

Кітаппен жұмыс істеудің өзіндік мәнді психологиялық  ерекшелігі бар. Кітап оқу мұғалімнің сөзін тыңдауға қарағанда оқушының ақыл–ой күші мен ерік–жігерін көп керек етеді. Ол оқушының өзіндік  ойлауын, іс–әрекетін жандандырып, оның білім деңгейін, дүниетанымын арттырады. Қоғамға, өмірге, адамдар–арасындағы қарым–қатынаста басқаша көзқараспен  қарауға тәрбиелейді. Яғни, ол білім  беру көзі ғана емес, сонымен қатар  тәрбие құралы.

 

Дегенменде, оқушының үй тапсырмасын  кітап немесе оқулық көмегімен орындау  барысында қажетті уақытты тиімді пайдалану, өзіне–өзі бақылау немесе есеп беру жұмыстарына айтарлықтай  кемшіліктер бар. Барлық оқушылар бірдей біздің жоғарыда айтқан кітаппен жұмыс  жасау тәсілдеріне мән бермейді, оның талаптарын толығымен сақтамайды. Соның негізінде білім мазмұны  нашар меңгеріледі.

 

Сондықтан оқушының кітаппен өз бетінше нәтижелі жұмыс істеуін, оның саналы көзқарасын және өзіне–өзі  бақылауды үйрету, ұйымдастырып отыру  мұғалім тарапынан жауапкершілікпен көңіл аударып отыруды қажет  етеді.

 

Көрнекілік әдістер оқу  материалын оқушылардың көзімен  көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіндік  береді.

 

Бұған демонстрация, иллюстрация  және бақылау тәсілдері жатады.

 

Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың  нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру  барысында қолданылады. Әдістің  бұл түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді.

 

Табиғи нысананы көрсету  негізінен сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысты т.б.). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп  көрсетіледі. Заттың үлгісі және көркем туындылар оқушылар тарапынан біртұтастық  жағдайында қабылданады.

 

Демонстрациялау көбінесе оқушылардың  практикалық оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Приборлар мен нысандарды демонстрациялау нәтижесінің табысты  болуы бірнеше жағдайға байланысты болады.

 

Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау әдістерінен қолдануда  оқу киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпидиоскоп, теледидар, видеофильм секілді техника  құралдары көптеп пайданылады.

 

Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттігіне сай  табиғи ортада көрсетуге болады. (Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан–жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары т.б.).

 

Иллюстрация – демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады.

 

Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін мұғалімнің қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Соның негізінде  оқушылар мен мұғалімге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай  көмек бере отыра, ғылыми ұғымдарды  жеңіл меңгеруге септігін тигізеді.

 

Мектеп тәжірибесі көрсеткендей сабақта иллюстрациялы материалдарын  көптеп қолдану, оқушылардың назарын  нақтылы оқу материалынан ауытқуына  әкеп соғады. Сондықтан, көрнекі құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын және таным процесінде олардың рөлін  алдын–ала жақсылап ойластырып алу  қажет. Бұған қосымша мұғалімдер көрнекі құралдардың тиімді көлемін  де анықтауы қажет.

 

Бұл әдістердің ішінде ең басты  рөл атқаратыны – бақылау әдісі. Ол барлық оқу пәндерін оқытуда кеңінен  қолданылады.

 

Бақылау әдісі сабақта  нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау  барысында ерекше орын алады. Бақылау  мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде  және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың  өздерінің қалауы бойынша кеңіәнен іске асырылады. Дұрыс қолданған  бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

 

Бақылау әдістерін қолданудың тиімділігі мынадай тәсілдерді қолдана  білуге байланысты:

 

– байқаудың мақсатын анықтау;

 

– қабылдайтын нәреслердің  мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы олардың көптеген белгілерінің ішінен ең негізгісі, бастыларын ажырату;

 

– оларды топтастырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау.

 

Байқайтын нәрселердің, бейнелердің  ерекшеліктеріне байланысты бақылау  әдісінің негізгі түрлері:

 

– демонстрациялық бақылау;

 

– экскурсиялық бақылау;

 

– лабораториялық бақылау;

 

– техникалық бақылау;

 

– оқушылардың өздігінен  дербес бақылауы;

 

Оқушылардың ойлау қабілетін  дамытудың күші құралы– бақылау. К.Д.Ушинский “Бақылау – логикалық  ойлаудың негізгі”,–деп жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ойлауға  үйрету үшін, ең алдымен, балаларды  жан–жақты бақылауға үйрету керектігін де ескертеді.

Информация о работе Тәрбиенің әдістері, құралдары