Тіл білімінің зерттеу нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 11:34, лекция

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда тіл білімінде антропоөзектік бағыт үстемдік алып, адам факторына ерекше мән беріліп отыр. Зерттеу парадигмасының антропоөзектік ұстанымы тілдің диалектикалық бірліктегі ең маңызды екі қызметін, атап айтқанда, танымдық (когнитивтік) және коммуникативтік қызметін терең ашуға бағытталады. Антропоөзекті зерттеулерде ұлттық сананың тілдегі көрінісі бейнеленеді. Тілден тыс болмыс сөйлеушілердің тілінде бейнеленумен қатар, бір тілде сөйлесушілердің ойлау жүйесі де ортақ болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тіл білімінің зерттеу нысаны.docx

— 109.08 Кб (Скачать документ)

Информанттардың жас мөлшері  -  13 жас пен 56 жас аралығы.

Эксперимент  жүргізілген уақыт: 2009 — 2010 жылдар аралығы.

Эксперимент материалдары ─  қазақ тіліндегі етіс тұлғалары.

Эксперимент мақсаты –  етіс тұлғаларының қызметі мен мағынасын ажырату арқылы осы тұлғаларды   информанттардың тілдік санасындағы қызметін анықтау. Сол арқылы сөйлерменнің тілдік санасына   көңіл бөлу, қазақ тілін ана тілім деп есептейтін, еркін меңгерген сөйлермендер мен қазақ тілін жаңадан үйреніп жүрген сөйлеушілердің тілдік санасындағы, сондай-ақ қазақ тілін үйретіп, қазақ тілі бойынша дәріс беріп жүрген мұғалімдер мен орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасап жүрген аудармашылардың тілдік санасындағы етіс тұлғаларының қызметін айқындау.

Эксперимент тапсырмалары бірнеше бағытта жүргізілді:

1)  етіс тұлғаларын ажырату үшін формаларын беріп, информанттарға ол тұлғалардың қай етіске тиесілі екенін ажырату, сонан соң мысал келтіру;

2)  етіс тұлғаларын қатыстырып, сөйлем құрату, сонан соң оның қай етіс тұлғасы екенін анықтау;

3)  етіс тұлғаларын қатыстырып, сөйлем құрату, ол сөйлемдерді орыс тіліне аударту, сонан соң етіс тұлғасының қай етіске тиесілі екенін анықтау;

4)  етіс тұлғаларының қай етіске тиесілі екенін көрсетіп, сонан соң мысал келтіру.

Эксперимент  қорытындысы бойынша, ортақ етіс пен өздік етіс қосымшаларының мағынасы мен қызметі 100% дұрыс көрсетілді. Ырықсыз етіс тұлғаларының мағынасы мен қызметін анықтауда информанттардың 10% жауап беруге қиналған. Бұл орайда экспериментке мамандарды ғана тартуды мақсат етпедік. Сол себепті қарапайым сөйлерменнің тілдік санасындағы көрінісін айқындау мақсатымен тілді меңгергенмен, мүлде басқа салада жұмыс істеп жүрген информанттар қамтылды. Информанттар арасында едәуір қиыншылық тудырған етіс тұлғалары – өзгелік етіске қатысты болды. Мұнда мектеп оқушылары мен мұғалімдер бірауыздан -т‚ -қыз‚ -тыр‚ -р  жұрнақтарын өзгелік етіс көрсеткіші ретінде таныған. Бір қызығы – алдымен тұлғаның қай етіске тән екенін анықтап, кейін мысал келтіру тапсырылған информанттардың барлығы да аталған жұрнақтарды (-т‚ -қыз‚ -тыр‚ -р) өзгелік етіс қосымшасы ретінде көрсеткен. Ал алдымен мысалын келтіріп, кейін тұлғаның қай етіске қатысты екенін анықтау тапсырылған информанттар, аудармашылар мысалды дұрыс келтіргенмен, бұл жұрнақтардың қай етіске қатысты екенін анықтауда жауап бермеген. 2 аудармашы аталған қосымшаларды «басқа етіске» жатқызған. Сол сияқты орыс тілді, қазақ тілін еркін меңгермеген 3 информант та мысалды дұрыс келтіргенмен, жұрнақтардың қай етіске қатысты екенін көрсете алмаған.

Сонымен, эксперимент  нәтижелерін зерделей келе мынадай  қорытындыға келдік: 1) информанттар үшін ортақ, өздік етіс тұлғалары  ешқандай қиындық тудырмаған, барлық информант бұл етіс тұлғаларын дұрыс  көрсеткен; 
2) қосымшалары ұқсас (-ыл/-іл; -ын/-ін) болғанмен, информанттардың 90% өздік етіс пен ырықсыз етіс тұлғаларын ажыратқан; 3) өзгелік етіс қосымшаларының қызметі мен мағынасын талдауда информанттар біраз қиналғаны байқалады. Мұнда қазақ тілі пәнінің мұғалімдері (2) мен мектеп оқушылары  -т‚ -қыз‚ -тыр‚ -р  жұрнақтарын өзгелік етіс көрсеткіші ретінде көрсеткен. Бұл жұрнақтардың өзіндік ерекшеліктерін аудармашылар байқаған. Сондай-ақ қазақ тілін толық меңгере қоймаған информанттардың «жауап беруге қиналғанын» да аталған қосымшалардың мағыналық ерекшеліктерін байқағаны деп бағамдауға болады. Сондай-ақ 15 информант -т‚ -қыз‚ -тыр‚ -р  жұрнақтарын өзгелік етіс көрсеткіші ретінде көрсетіп, мысалдары да соған сәйкес келді.

Эксперимент нәтижелерін  талдай отырып, қазақ тілін ана  тілім деп санайтын, тілді еркін  меңгерген, тіпті қазақ тілі пәні бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдердің  тілдік санасында -т‚ -қыз‚ -тыр‚ -р  жұрнақтары өзгелік етіс көрсеткіштері ретінде әбден қалыптасып, сіңіп қалғанын, ал аудармашылардың екі тілді салыстыру негізінде ол жұрнақтардың өзіндік ерекшеліктері бар екенін байқағанын аңғарамыз. Сондай-ақ алдымен тұлғаның қай етіске тән екенін көрсетіп, кейін мысалдар келтірген информанттардың дені бұл жұрнақтарды өзгелік етіс қосымшасы ретінде көрсеткен, ал алдымен мысалдар келтіріп, кейін ол тұлғаның қай етіс көрсеткіші екенін анықтаған информанттар бұл жұрнақтың қай етіске тән екенін ажыратуда қиналған. Яғни информанттардың тілдік санасында олар өзгелік етіс көрсеткіші ретінде толық қалыптаса қоймаған, нақты тілдік деректер оған мүмкіндік бермеген.

Сонымен, қатынас  тілде түрліше көрініс тауып, түрліше концептуалданады. Морфология деңгейінде ол етіс категориясы арқылы көрінеді. Бұл концепт, басқа концептілер  сияқты, жіктеуші сипатта болады. Ол адам санасында тіл арқылы түзіліп, белгілі бір жағдаятқа қатысушылардың субъектілі-объектілі қатынастары  туралы тілдік білімдерге негізделеді. Жіктеуші сипатта болумен қатар  ол тіл жүйесі мен сөйлеушіге бағытталады. Яғни етіс концепті етіс морфологиялық  категориясы мен оның көрсеткіштері  арқылы көрініс табатын концептуалды деңгей бірлігі болып табылады.

3.2 Септік  концептінің морфологиялық репрезентациясы. Септік морфологиялық категориясы адамның түрлі қатынастарды зерделеуі нәтижесінде пайда болған. Сондықтан септік концептіне қатынас концепті негіз болған. Жалпылау когнитивті механизмі арқылы қатынас негізгі концептінің мазмұнында «қатынас» сипаты пайда болды. Ол септік концептінің қалыптасуына негіз болып, концептінің құраушы бөліктерінің бірінде көрініс табады. Морфологиялық жолмен берілетін басқа да концептілер сияқты, бұл концепт жіктеуші концепті болып табылады. Ол тіл арқылы пайда болып, тілдегі қатынас түрін концептуалдау нәтижесінде түзіледі. Ол болмыстағы нысандардың арақатынасы туралы білімдерге бағытталады. Оның мазмұны бұл қатынастардың тілде қалай концептуалданғанын білдіріп, ғалам туралы білімді, олардың тілде қалай көрініс тапқанын, септік морфологиялық категориясында тоғысатын грамматикалық мағыналар мен көрсеткіштерді қамтиды. Септік концепті қатынас туралы энциклопедиялық білімдердің тілдік мәндерде қалай кодталатынын көрсетеді.

Қазақ тілінде септік категориясы мағынасы мен синтаксистік қызметіне байланысты шартты түрде  екіге бөлінеді: кеңістік мәнді (локативті)септіктер және грамматикалық септіктер. Кеңістік мәнді септіктерге – барыс, жатыс, шығыс септіктері, грамматикалық септіктерге – атау, ілік, табыс, көмектес септіктер жатады.

Атау септігін схема  түрінде былайша көрсетуге болады: O.

Атау септігі  затты дербес, тәуелсіз түрде атап, ешкімге қатысы жоқ, тәуелсіз, дербес дүние ретінде көрсетеді. Басқа  септіктер қандай да бір қатынасты  керек етіп, қандай да бір көрсеткіштермен  берілсе, атау септігі мағыналық  жағынан да, тұлғалық жағынан да дербес, тәуелсіз болады. Мысалы: Алыстаған сайын қара бүркіт ақ бауыр торғайдай боп көрінеді.Бүркіт сорғалап, төмен құлдилайды (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Түркологияда атау септік негіз, атау, қосымшасыз түбір (Н.Дыренкова);негіз (И.А.Батманов); белгісіз (неопределенный) (Н.К.Дмитриев);абсолютті (А.П.Поцелуевский) т.с.с. болып түрліше аталады. А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Басымұлы еңбектерінде атау септіктер парадигмасында қарастырылмайды. Ал кейінгі еңбектерде оны жеке септік ретінде келтіреді. “Современный казахский язык”, А.Ысқақов “Қазіргі қазақ тілі” т.б. еңбектерде атау септік басқа септіктерге негіз болатын сөз ретінде түсіндіріледі.

Ілік  септігі:

Қазақ тілінде ілік септік тұлғасы морфологиялық категорияның когнитивті негізін құрап, септік концептін  актив қолданысқа түсіре отырып, оның мазмұнында посессивтілік сипатын  актуалдандырады. Ілік септігі екі  зат өте тығыз байланысты екенін білдіреді, яғни олар бірінсіз бірі бола алмайды. Актуалдану нәтижесінде посессивтілік  морфологиялық мәні түзіледі. Басқа  морфологиялық мәндер сияқты, ол да жалпылық сипатқа ие. Ол қосымша  лингвистикалық факторлардың көмегімен (семантикалық және мәнмәтін) нақтыланып отырады. Септік концепті үшін семантикалық фактордың маңызды орын алатын себебі септік категориясы зат есімнің  мағынасымен тікелей байланысты болады: Маған тіпті керегі жоқ мақтаудың. Әсіресеақталудың, Ақтаудың! (Орны бөлек сүйсінудің, Сүюдің. Орны бөлек жақсы жырды жаттаудың!) (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Ілік септік көрсеткіші септік морфологиялық мәнін түзіп, ол семантикалық және мәнмәтін факторларының  көмегімен нақтыланып отырады. Сол  арқылы қатынас негізгі концептінің  мазмұнында «иелік қатынас» сипаты пайда  болады. Ол септік концептінің посессивтілік  сипатымен тоғысып, концептуалды мазмұн құрап, осы мәнді қалыптастырады.

Ілік септік формасы  мен тәуелдік форма өзара бір-бірімен  қосымшалары арқылы байланысады. Мұның  алдыңғы сыңары иелік мағына білдіреді  де, соңғы сыңары соған бір заттың не құбылыстың тәуелді екенін білдіреді. Яғни мағынасы жағынан, алдыңғысы –  иелік қатынаста, соңғысы – тәуелділік, меншіктілік қатынаста тіркеседі. Изафеттің алдыңғы ілік септігіндегі сөз қосымшалы түрде қолданылса, оның иелік мағынасы нақты болады. Ал ілік септігіндегі сөз қосымшасыз – нөлдік формада қолданылса, оның иелік мағынасы жалпылана түседі.

Морфологиялық репрезентацияда  ілік септік тұлғалары арқылы лексика-грамматикалық  мәндер түзілген кезде әсіресе семантикалық фактор маңызды орын алады. Сонымен  қатар мәнмәтін факторының да қызмет ерекше. Сол арқылы септік концептінің  посессивтілік мәні актуалданып, қатынас  негізгі концептінің мазмұнында қосымша сипаттар пайда болады. Лексика-грамматикалық  мәндер түзілуі барысында концептуалды мазмұн қалыптасады.

Барыс септік:

Барыс септігі адамның  психологиясымен байланысты болады. Қандай да бір іс-әрекет белгілі  бір мақсат көздейді. Барыс септік тұлғасындағы сөз адамның мақсатын білдіреді: Ақтаруға жер қойнын Арнап соққан кетпен бар. Кетпен алып қолына Мұратына жеткен бар (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

Табыс септігі – тек тура толықтауыш қызметінде жұмсалатын септік. Ол сөйлем ішінде әрдайым сабақты етістікпен синтаксистік қатынасқа түсіп, іс-қимылдың тура объектісін көрсетеді. Табыс септігі жасырын түрде де айтылады [16, 457].

Адам әрекетінің дені сыртқа, өте аз мөлшері өзіне  бағытталады. Себебі адам айналасын  өзгертуді мақсат етеді. Бұл қатынас  тілде табыс септігі арқылы беріледі: Адамның миын мақтадым, Адамның миын паш еттім,Сеніміңді, Отан, ақтадым, Жер менен көкті дос еттім (М.Мақатаев, Шығ.).

Жатыс септігінің (S0) негізгі мағынасы іс-қимылдың орнын, мекенін білдіру. Мұндай жатыс септіктегі сөз қайда? неде? деген сұрақтарға жауап береді.

O..



S



Шығыс  септік іс-әрекеттің, қимылдың қай жерден, неден басталғанын білдіреді:                 Екінші сөзбен айтқанда, іс-қимылдың бір объектіден қашықтап, ұзап, алыстап бара жатқанын көрсету. Мысалы: Сескеніп ғашық үшін жүрек қайтпас, Магниті сұлу қыздың күшті емес пе, Жігітті көңілі сүйген қайтіп тартпас, Астынан ақ тамақтың деміңді алсаң,Мойныңнан ақ білекті қайтіп артпас?! (М.Дулатов, Шығ.).

Көмектес  септікті сөз іс-қимылдың қандай құралмен жасалғанын білдіреді:

Мысалы: Отыз жылдай алысқан, Қырық жылдай шабысқан, Ақ беренменатысқан, Қызыл қанға батысқан, Найзаменен қағысқан (Сүйінбай Аронұлы, Ақиық).

Морфологиялық репрезентацияда  септік тұлғаларының негізінде семантикалық фактор мен мәнмәтін факторының көмегімен  лексика-грамматикалық мәндер түзіледі.

Сонымен, қазақ тілінде  қатынас мәні етіс және септік грамматикалық  категориялары арқылы репрезентацияланады. Етіс, септік категориялары субъектілі-предикаттық, объектілік, меншіктілік қатынас, мекендік-мезгілдік, көлемдік т.с.с. қатынастарды білдіріп, сөйлеушілердің ақиқат болмысқа деген  көзқарасын білдіреді.

«Сан-мөлшер концептінің морфологиялық деңгейдегі тілдік көріністері» деп аталатын төртінші тарау екі тараушадан тұрады. Онда сан, шама концептілері туралы сөз болады.

Сан концептінің  морфологиялық репрезентациясы. Сөздердің лексика-семантикалық топтарының семантикасы деңгейінде концептуалды мазмұнды репрезентациялайтын морфологиялық категориялар қазақ тілінде көптік жалғау, сын есімнің шырай категориясында көрініс береді. Ол сан-мөлшер концептісін репрезентациялайды. Қазақ тілінде сан-мөлшердің морфологиялық репрезентациясы зат есімдерде көрініс тауып, негізінен жекелік-көптік ұғымына қатысты қолданылады. Сын есімдерде «сан-мөлшер» концепті негізінен статикалық белгіге қатысты қолданылып, шырай категориясында көрініс табады.

Философияда сан-мөлшер материалды болмыстың белгісі ретінде  сипатталады. Ол барлық материалды дүниеге  тән. Басқа да философиялық категориялар сияқты, сан-мөлшер категориясы да жекелеген  заттардың нақты сандық ерекшеліктерін жалпылау, дерексіздендіру негізінде  пайда болған. Сан-мөлшер ұғымы Аристотель айқындаған 10 категорияның құрамында  бар. Сонымен, сан-мөлшер онтологиялық категориясының негізгі белгілері сан және шама түрінде көрініс табады. Шама тұрақты, ал сан айнымалы сипатта болады. Сан дискретті болғандықтан, өзгеріске түссе, басқа санға ауысып кетеді. Ал шама өзгергенмен, мүлде ауысып кетпейді. Сан-мөлшер үздіксіздік пен дискреттіліктің диалектикалық бірлігінен құралады. Адам ғаламды игеруде сан-мөлшер ұғымын екі жақты сипаттайды: бір жағынан, есептеу арқылы сандарды меңгерсе, өлшеу арқылы шама мөлшерін анықтайды. Онтологиялық категориялар тілде сол күйінде, тікелей берілмейтіні белгілі. Олардың репрезентациясы концептуалдану деңгейіне байланысты болады. Яғни тілде сан-мөлшер категориясы адам түйсінген, тілдік құралдар арқылы концептуалданған түрде ғана көрініс табады. А.Байтұрсынұлы еңбектерінде де сан мен шама категориялары өзара жіктелгенін байқаймыз. Оған ғалымның мына тұжырымдары дәлел бола алады: «Нәрсенің дәл санын білуге сұрағанданеше? деп сұраймыз. Мәселен: «Неше кісі келеді?» – «Үш кісі келеді». Нәрсенің дәл санын білуге емес, шамасын ғана білуге сұрағанда қанша?(ерекшелеген – біз. О.Ж.) деп сұраймыз. Мәселен: «Қанша күн жүресің?»– «Үш-төрт күн жүремін» [11, 192б.].

Информация о работе Тіл білімінің зерттеу нысаны