Тіл білімінің зерттеу нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 11:34, лекция

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда тіл білімінде антропоөзектік бағыт үстемдік алып, адам факторына ерекше мән беріліп отыр. Зерттеу парадигмасының антропоөзектік ұстанымы тілдің диалектикалық бірліктегі ең маңызды екі қызметін, атап айтқанда, танымдық (когнитивтік) және коммуникативтік қызметін терең ашуға бағытталады. Антропоөзекті зерттеулерде ұлттық сананың тілдегі көрінісі бейнеленеді. Тілден тыс болмыс сөйлеушілердің тілінде бейнеленумен қатар, бір тілде сөйлесушілердің ойлау жүйесі де ортақ болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тіл білімінің зерттеу нысаны.docx

— 109.08 Кб (Скачать документ)

Ұлттық тілдің табиғатын  толық ашып көрсету, тілдік санадағы кодтарды ашу, интерпретациялау мақсатында тілді функционалды тұрғыдан сипаттай отырып, тілдік бірліктердің тұлғасы  мен мазмұндық жағын саралауға  бағытталған жұмыс корпустық  лингвистика бағытындағы зерттеулер үшін де ерекше маңызды болмақ. Зерттеу  жұмысы код түрінде тілдік бірліктерде  жинақталған білім мазмұнын танып-түсінуге жол ашады. Зерттеу ғылым туралы ғылым саласына, қазақ тіл білімінің  қалыптасып, дамуы туралы да мол  ақпарат береді.

Зерттеу жұмысының  практикалық маңызы. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарында «Қазақ тілінің антропоөзекті грамматикасы» атты арнайы курсқа негіз бола алады. Зерттеу жұмысының нәтижелерін лексикалық семантика, синтаксис, мәтін лингвистикасы бойынша жазылған еңбектерде, прагмалингвистика, коммуникативті лингвистика мәселелерінің түрлі салаларының өзара байланысын сипаттайтын еңбектерде пайдалануға болады. Сондай-ақ қазақ тілінде когнитивті бағыттағы зерттеулерді,  тілтанымдағы функционалдық бағыттағы  зерттеулерді  теориялық жағынан толықтыруға және грамматика теориясын дамытуға өзіндік  деңгейде үлесін қосады. Сонымен қатар жоғары оқу орындарында қазақ тілі грамматикасы, қазақ тілінің функционалды грамматикасы,  морфология, лингвистикалық семантика және қазақ тілі грамматикасының өзекті мәселелері бойынша  жүргізілетін  курстарда  пайдалануға болады.

Қорғауға  ұсынылатын тұжырымдар:

-    Грамматикалық категориялар концептуалдау және категориялау үдерістерінің нәтижесінде түзіледі. Морфологиялық категориялар мен тұлғалар концептуалды деңгейде негізгі танымдық үдерістер қатарында сипатталады. Морфологияның категориялау үдерістерімен байланысы морфологияның ғалам туралы білімді қалай объективтендіріп, топтастыратынын да көрсете алады. Морфологияда тілдік жүйе үшін маңызды болатын, ғаламның концептуалды бейнесін репрезентациялайтын концептілер көрініс табады. Сөйлеушінің ментальді ерекшеліктері уақыт, модальділік, персоналдылық, қатынас, сан-мөлшер т.б. негізгі (ядролық) концептілерде көрінеді.

- Предикативті қатынас  жақ, рай, шақ категориялары  негізінде құралады. Персоналдылық  жақ категориясына, модальділік  рай категориясына, уақыт шақ  категориясына негіз болған. Жақ  категориясы сөйлеуге қатысушылардың  бір-біріне қатысын, көбінесе  сөйлеушінің қатысын білдіреді.  Антропоөзектілік тұрғыдан алғанда,  жақ категориясында  сөйлесушілердің бір-біріне қатысы, өзара ілтипаты, сыйластығы, қарым-қатынас ерекшеліктері байқалады. Қазақ тіліндегі жақ категориясының анайы/сыпайы түрге жіктелуі ментальдылықтың көрсеткіші бола алады. Модальділік концептінің мазмұнында шынайылық, жалғандық сияқты сипаттар түзіледі. Ол шынайы болмыспен сәйкес келу (объективті модальділік), шынайы болмыспен сәйкес келмеу (субъективті модальділік) түрінде көрініс тауып, рай категориясына негіз болады. Уақыт тікелей концептуалданбайды, оған жанама түрде оқиғалар, кеңістік пен қозғалыс атаулары уәж болады. Оның мазмұны энциклопедиялық білімдерді: уақыттың философиялық және физикалық сипаттарымен қатар тілдік білімді, яғни шақ категориясының мәні мен қолданысы туралы білімді қамтиды. Уақыт концепті осы шақ, келер шақ, өткен шақ мәндеріне жіктеледі. Уақыт мәнін репрезентациялауда сөйлеуші сөйлеу сәтін меже ретінде ұстанады. Сөйлеу сәті сөйлесушілердің коммуникацияға түскен уақыты болып табылады. Шақ, рай категорияларында сөйлеушілердің дүниені, ақиқат болмысты қабылдау ерекшеліктері көрініс тапса, жақ категориясында олардың тілді тұтыну ерекшеліктері көрінеді.

- Қазақ тілінде  қатынас мәнінің концептуалды  мәні етіс және септік грамматикалық  категориялары арқылы репрезентацияланады.  Етіс, септік категориялары субъектілі-предикаттық,  объектілік, меншіктілік қатынас,  мекендік-мезгілдік, көлемдік т.с.с.  қатынастарды білдіріп, сөйлеушілердің  ақиқат болмысқа деген көзқарасын  көрсетеді.

- Сан-мөлшер мәні  жекелік-көптік, шырай категорияларының  көмегімен беріледі. Сан-мөлшер категориясы  арқылы ақиқат болмыстың тілдік  тұлға санасындағы көрінісі байқалады.  Сонымен қатар сан-мөлшер категориясы  тіл тұтынушыларының тілді қолдану  ерекшеліктерінен де хабар береді.

- Әмбебап сипаттағы  негізгі (ядролық) концептілер  – мазмұн және тұрпат межесі  бар грамматикалық жүйе бірлігі  болып табылады. Мазмұн межесі  ойлаудың түрлі формаларына, концептуалдауға,   сондай-ақ сөйленістегі сөздердің түрлі коммуникативті қызметіне байланысты болады, ал тұрпат межесі грамматикалық категориялар, көрсеткіштер арқылы көрініс табады. Морфологиялық категориялар мен көрсеткіштер концептуалды мазмұнның құрылымдалу тәсілі болып табылады. Морфологиялық репрезентация концепт қалыптастыратын тұрақты элементтерді, маңызды бөлшектерді айқындауға мүмкіндік береді. Әмбебап сипаттағы негізгі (ядролық) концептілер концептуалды мазмұн мен репрезентацияланатын тұлғалардың бірлігінен құралады.

- Грамматикалық  категорияларда ұлттық тілдің  өзіндік ерекшеліктері көрініс  табады. Морфологиялық категорияларда  ұлттық болмыс, ұлттық дүниетаным, адамдар арасындағы қатынас айқын  көрінеді.  Морфологиялық бірліктердің когнитивті қызметі ойлау үдерісімен, ұлттық ділмен, ақпаратты өңдеу, сақтау, жіктеу ерекшеліктерімен байланысты болады.

- Грамматикалық  категориялардың қызметі әр форманың  өзіне ғана тән семантикалық  белгілері арқылы айқындалады.  Мысалы, жақ категориясының 
І жақ жекеше түрінің инвариант мәні сөйлеу актіне нақты сөйлеу авторы ретінде қатысатын жеке адам, белгі иесі – субъект (агенс не пациенс)  сияқты семантикалық белгілерден тұрады, синтагмалық деңгейде ауыспалы мәнге ғана ие болып, жалпыланған жақпен сәйкес келуі, адресатпен сәйкес келуі, персонификация сияқты вариант мәндерге ие болады.

- Қазақ тілді  сөйлеушілердің тілдік санасында  өздік, ырықсыз, ортақ етіс  мазмұн межесі мен тұрпат межесі  тұрғысынан толық қалыптасқан,  ал өзгелік етіс тұлғалары  тілдік санада әлі орныға қоймаған. Ол өзгелік етіс қосымшаларының  сабақты етіс қосымшаларымен  ұқсастығына байланысты.

- Элитарлық тілдік тұлға – ұлттық тілдің жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерін толық меңгерген, оларды орынды қолданатын, лексикалық, фразеологиялық, паремиологиялық бірліктердің семантикасын жан-жақты түсініп, орнымен қолдана алатын, коммуникативті стратегиялар мен тактикаларды, вербалды және бейвербалды қатынас талаптарын толыққанды меңгерген, ұлттық тіл мен мәдениет концептосферасын құрайтын концептілердің ұғымдық, бейнелі-ассоциативтік, құндылық сипатын білетін тілдік тұлға. Элитарлық тілдік тұлғаға ақын-жазушы, филолог, журналистермен қатар тіл білімінің дамуына үлес қосқан ғалымдарды да жатқызуға болады. Элитарлық тілдік тұлғалардың ғылыми тұжырымдарын талдау арқылы қазақ тіліндегі грамматикалық категориялардың қолданыс сипаты анықталады.

- Ұлттық тіл білімінің  қалыптаса бастаған кезеңіндегі  ғалымдардың (А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы,  Қ.Жұбанов, Қ.Басымұлы, Т.Шонанов  т.с.с.) еңбектерінде грамматикалық  категориялардың антропоөзектілігі,  функционалды грамматика, коммуникативті  лингвистика бағытындағы зерттеулердің  негізі қаланған. Алайда ғалымдардың репрессиялануына байланысты ой-тұжырымдары кейінгі еңбектерде сабақтастық таппай қалған.

- Қазақ тіліндегі  грамматикалық категорияларда әлі  де басы ашылмаған мәселелер  баршылық. Ол жақ категориясын  анайы және сыпайы түрге жіктелуіне, көптік жалғаудың статусы, болжалдық  сан есімдерге, етіс категориясының  танылуына т.с.с. қатысты.

Зерттеу жұмысының  талқылануы мен жарияланымы. Зерттеудің  негізгі тұжырымдары мен  қорытындылары «А.Байтұрсынұлы және  қазақ филологиясы  мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2003), «С.Аманжолов және қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2003), «Академик Ә.Қайдар және тіл білімінің мәселелері» атты халықаралық конференцияда (Алматы, 2004),  «Мәдени мұралардың танымдық негіздері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияда (Ақтау, 2004), «Кемеңгеров тағылымы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Павлодар, 2006), «Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2007), «Қазақ тілінің лексикологиясы, лексикография, фольклортану мен көркем аударма мәселелері:  қалыптасуы, дамуы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2007), «Қазақ тіл біліміндегі функционалдық бағыт» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2007), «Профессор С.М.Исаев: қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық және әдістемелік мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2008), «Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдары және олардың Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты ІV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2009), 5-халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Przemisl, 2009), «Ақпараттық-инновациялық парадигмасының қалыптасуы жағдайында Қазақстанның қоғамдық ғылымдары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2009),  «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2009), «Этнос және тіл» атты халықаралық конференцияда (Алматы, 2009), «Білім беру және ғылым: даму көкжиегі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2010), «Қазақ тілін коммуникативтік функционалды бағытта зерттеу және оқытудың инновациялық технологиялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2010), «Әбіш Кекілбаев шығармашылығы – әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар контексінде» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Ақтау, 2010), «Тіл және мәдениет: тілдің антропоөзектік парадигмасы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2010), «ХХІ ғасыр білім беру жүйесі: бәсекеге қабілетті маман даярлау мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Шымкент, 2010), «Түркі тілдерінің грамматикасы: қазіргі ахуалы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2010), «Қазіргі білім берудегі ізгілендіру үдерістері және жаңаша оқытудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Шымкент, 2010), «Қазақ тілі Еуразия континентіндегі елдердің тілдік саясаты контексінде» атты халықаралық симпозиумда (Көкшетау, 2010), «Научное творчество ХХІ века» атты Бүкілресейлік ғылыми конференцияда (Красноярск, 2010), «В мире научных открытий» атты Бүкілресейлік ғылыми конференцияда (Коряжма, 2010), «Қазіргі қазақ грамматикасы мен терминологиясын зерттеудің негізгі бағыттары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2010) баяндалды.

Зерттеудің  негізгі тұжырымдары мен  қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Хабарларында, «Тілтаным», «Жалын», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдарында, Қайнар университетінің хабаршысында, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және Әлем тілдер университетінің хабаршысында, Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің хабаршысында, «Туған тіл» еларалық қоғамдық-саяси, әдеби-ғылыми альманахында, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының «Іле ағартуы», Қырғызстан Республикасында «Известия вузов», «Социальные и гуманитарные науки», Өзбекстан Республикасында «Теоретические и практические аспекты обучения языкам и литературы», Башқұртстан Республикасындағы «Филологические науки: Современность и перспективы» сияқты шетелдегі ғылыми басылымдарда ғылыми-көпшілік және ғылыми мақалалар түрінде «Қазақстан» энциклопедиясы, «Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері», «Тілтанымдық зерттеулер» сияқты ғылыми жинақтарда жарық көрді. Жұмыстың  жалпы мазмұны ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалып, ғылыми басылымдар мен жинақтарда 50-ден астам мақала жарияланды.

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында  «Лингвистикалық  жұма» айдарымен  өтетін  ғылыми-теориялық семинарда  баяндама  жасалды  (2010 жыл, 16 сәуір, №7 хаттама) және жұмыстың қолжазбасы осы институттың Грамматика және Лексикология бөлімдерінің кеңейтілген мәжілісінде (2010 жыл, 16 қыркүйек, №16 хаттама) талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, 4 тарау және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған ғылыми әдебиеттер мен  көркем әдебиеттер  тізімі  берілген. 

 

Негізгі бөлім 

 

«Грамматикалық  жүйе құрылымының антропоөзектік негізі» атты бірінші тарау үш тараушадан тұрады. Онда зерттеудің теориялық негіздері, тілді когнитивті тұрғыдан зерттеу ерекшеліктері, басты ұстанымдар,  тіл мен танымның арақатынасы, концептуалдау, категориялау үдерістерінің сипаты, морфологиялық репрезентацияның когнитивті және тілдік механизмдері қарастырылды.

1.1 Зерттеудің  теориялық алғышарттары. Бүгінгі таңда адам факторы мен тілдік бірлік қызметі лингвистика ғылымында бірінші кезекке шығып, өзекті болуына байланысты тілді когнитивтік тұрғыдан зерттеуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Ғылыми зерттеулер сипаттама лингвистикадан функционалды бағыттағы зерттеулерге ойысып, тілді динамикалы, үнемі өзгеріп, дамып отыратын құбылыс ретінде қарастыра бастады. Соңғы жылдары тілдегі адам мәселесі ерекше маңызға ие болып келеді. Адамды тілінен тыс сипаттау мүмкін емес, тілдің мәні мен өзіндік ерекшеліктерін адам және оның әлемге қатынасы арқылы толық сипаттауға болады. Тіл адамға таным құралы, қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Антропоөзектік бағыттағы зерттеулерде адам сөйлермен, өзіндік әлемі, өзіндік дүниетанымы бар саналы жан ретінде сипатталады. Әсіресе адамның ойлау және сөйлеу қабілеттерінің терең үдерістерін зерттеуде когнитивтік лингвистиканың орны ерекше. Тіл ақиқат болмысты тану барысында жинақталған әлем туралы білімді жеткізудің негізгі құралы болып табылады. Когнитивтік бағыт тілдің ақиқат болмыс туралы білімді сақтап, жеткізуші ретіндегі қызметін ескере отырып, тілдік категориялар мен олардың құрылымдарын жаңаша сипаттауға мүмкіндік береді.

Тіл таным нәтижесінде  түзілген әлем туралы біліммен, оның адам санасындағы көрінісімен тығыз  байланысты. Сана тіл арқылы көрініс  табумен қатар, тіл арқылы қалыптасады. Сол себепті А.Байтұрсынұлы былай  деп жазады: «Сөз өнері адам санасының  үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге. Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің  тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау. Тілдің міндеті – ақылдың  аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін  адамы табылса, тіл шама-қадарынша  жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін  адам табылуы қиын. Ойын ойлаған  қалпында, қиялын меңзеген түрінде  көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге  көп шеберлік керек» [1, 343 б.].

Тарихи даму барысында  танымның екі түрі – сезімдік және логикалықтаным қалыптасқан. Сезімдік таным адамның сезім мүшелері арқылы қабылдау, түйсіну қызметімен байланысты болса, логикалық таным ойлау нәтижесінде қандай да бір құбылыстардың мәнін, өзіндік ерекшеліктерін, заңдылықтарын айқындауға бағыттаған. Адам бейнесі тіл семантикасында көрініс табады. Бұл орайда адамның өзі емес, адамның тілдегі бейнесі ерекше маңызды болады. Тілді зерттеу арқылы адамзат өзін өзі танып, түйсінеді. Тіл арқылы адам өзі де ескере бермейтін құпиялар ашылады. Адам алған әсерін өзі арқылы сипаттайды. Бұл орайда Қ.Жұбанов тұжырымдары назар аударарлық: «Адам баласының табиғатында әуелі басқаны біліп алып, өзін кейіннен білу қасиеті бар. Мысалы: адам фотографияны  танып білгеннен кейін ғана өзінің басқа заттарға ат қоятыны өзін сол басқаларға ұқсата атайтыны – өз басын кіші дүние деп біліп, оны ана үлкен дүниеге ұқсатуынан болған. Осы таным тілге де әсер еткен. Мысалы, орысша небо – аспан, небо – таңдай; қазақ тіліндегі таң=адамәлемінің аты, яғни жоғары жаққа тән қасиеттің иесі; таңдай=адам денесінің жоғары жағы… Адамның жекелеген бөлшектердің белгілерін түйсіну арқылы атрибутивті портрет қалыптастыра отырып, ғаламды таниды»… «Таңырқады – таңқалды; таңыр=таң+ыр=тәңір; Таң=аспан бөлегі; ір – аспан. Бұрын адам өзін кішкене дүние деп есептеген. Бет-ауызды аспанға ұқсатқан бет – таң атып келе жатыр. «Таң қалу» деген тіркесі кейде қысқартып таңырқау дейміз. Ұятсыз деуді бетсіз деуіміз де осы конкреттік бар. Бұл қолданыстың да ым тілінен шыққандығы байқалады (бетін сызу – ым тілінен қалған қалдық; заттық көрсеткіші (материальное выражение)» [2, Б. 94-120]. Ғалым тілдік құбылыстарды адамның (сөйлерменнің) категориялау және концептуалдау үрдістерімен байланыста сипаттағанын көреміз, яғни затқа берілген атауларды адамға қатысты түсіндіре отырып, адамды негізгі меже ретінде алған.

Информация о работе Тіл білімінің зерттеу нысаны