Тіл білімінің зерттеу нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 11:34, лекция

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда тіл білімінде антропоөзектік бағыт үстемдік алып, адам факторына ерекше мән беріліп отыр. Зерттеу парадигмасының антропоөзектік ұстанымы тілдің диалектикалық бірліктегі ең маңызды екі қызметін, атап айтқанда, танымдық (когнитивтік) және коммуникативтік қызметін терең ашуға бағытталады. Антропоөзекті зерттеулерде ұлттық сананың тілдегі көрінісі бейнеленеді. Тілден тыс болмыс сөйлеушілердің тілінде бейнеленумен қатар, бір тілде сөйлесушілердің ойлау жүйесі де ортақ болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тіл білімінің зерттеу нысаны.docx

— 109.08 Кб (Скачать документ)

Морфологиялық шақ  мәндеріне негізделген лексика-грамматикалық  мәндерді талдау нәтижесінде морфологиялық  репрезентацияда шақтық және қимылдың өту сипатының өзара байланысы  көрінеді. Бұл түрлі морфологиялық  мәндердің негізінде түзілген, концептуалды негізі бөлек мәндердің ерекшеліктерін нақтылауды қажет етеді. Морфологиялық  репрезентацияда уақыт негізгі  концепті арқылы грамматикалық және лексика-грамматикалық мәндер түзіледі.

Сонымен когнитивті тұрғыдан алғанда, уақыттың тілде концептуалдануы  жіктеушілік сипаты бар грамматикалық  шақ категориясы арқылы көрініс  табады. Шақ категориясы ғалам  туралы білімдерді, материяның өмір сүру формаларының бірі ретіндегі уақыттың мәнін зерделеу нәтижесінде қалыптасады. Оның мазмұны энциклопедиялық білімдерді: уақыттың философиялық және физикалық  сипаттарымен қатар тілдік білімді, яғни шақ категориясының мәні мен  қолданысы туралы білімді қамтиды. Бұл концепт басқа концептілермен тығыз байланыста болып, солардың көмегімен  нақтыланып отырады. Уақыт концептін  жалпылау арқылы ол осы шақ, келер  шақ, өткен шақ мәндеріне жіктеледі. Бұл оның грамматикада көрініс тауып, шақ категориясының қалыптасуына негіз  болады. Яғни уақыт концепті – шақ  категориясының когнитивті негізі болып  табылады. Шақ концептінің мазмұны  уақыт мәнінің тілдегі концептуалдану ерекшеліктерін көрсетеді. Тілде оқиғалардың  болған нақты уақыты концептуалданбайды. Сөйлеу сәтін меже ете отырып,  оқиғалар өткен шақ, осы шақ, келер шаққа қатысына қарай жіктеледі.

2.2 Модальділік  концептінің морфологиялық репрезентациясы.                 Модальділік сөйлеуші, тыңдаушы, сөйленім мазмұны мен ақиқат шындық сияқты коммуникацияның негізгі факторларының өзара қатынасын айқындаудан туындайды. Соған байланысты одан түзілетін концепт те аталған факторлардың өзара байланысынан құралады. Модальділік концепті коммуникация факторларының арасындағы түрлі қатынастарды (шынайылық, жалғандық, ерік, күдік, сенім, мақұлдау, сұрақ, бұйрық т.с.с.) білдіреді. Модальділік концепті тілдің түрлі деңгейлерінде (просодикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік) репрезентациялануы мүмкін. Модальділік негізгі концептінің мазмұнында жалпылану арқылы шынайылық, жалғандық сияқты сипаттар түзіледі. Ол сипаттар шынайы болмыспен сәйкес келу, шынайы болмыспен сәйкес келмеу түрінде көрініс тауып, рай концептіне негіз болады.  Ол морфологиялық репрезентацияның тілдік механизмі ретінде көрініп, рай концептінің қалыптасуымен байланысты болады.

Рай сөйлеушінің  ақиқат шындыққа қатынасы туралы тілдік білімдеріне негізделеді. Концептінің  жіктелімдік сипаты оның сөйлеуші мен  тіл жүйесіне бағытталуымен байланысты. Сол арқылы сөйлеуші қандай да бір  райдың көмегімен жағдаятты шынайы не жалған болмыс түрінде көрсете  алады. Морфологиялық репрезентацияда  рай көрсеткіштері концептінің  «шынайы болмыспен сәйкес келу», «шынайы болмыспен сәйкес келмеу»  сияқты сипаттарын актуалдандырады. Соның  нәтижесінде «ақиқат болмыспен  сәйкес келу», «ақиқат болмыспен  сәйкес келмеу» сияқты жалпы сипатты, сөйлем-сөйлесім деңгейінде әрі қарай  нақтылауды керек ететін морфологиялық  тұлғалар қалыптасады. Олар қосымша  лингвистикалық факторлардың (синтаксистік, мәнмәтін, семантикалық) көмегімен  әрі қарай нақтылана түседі. Сол  арқылы рай категориясы жиі қолданылуының  нәтижесінде модальділік негізгі  концептінің мазмұны белгілі  бір сипаттарға ие болып, концептуалды мазмұн құрайды, сол арқылы түрлі  лексика-грамматикалық мәндер түзіледі.

Ашық  рай тұлғалары «шынайы болмыспен сәйкес келу» морфологиялық мәнін беруге қатысып, іс-әрекеттің шынайылығын білдіреді. Ол басқа лексика-грамматикалық мәндерді білдіре алмайды. Олай болмаған жағдайда сөйлем мазмұны ақиқат шындыққа сәйкес келмей қалады: «Ашық рай – қимыл, іс-әрекет үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірін білдіретін рай түрі. Демек, ашық райдың басты семантикалық ерекшелігі – қимыл, іс-әрекеттің объективті шындыққа қатысты болу-болмауының сөйлеп тұрған сәтпен (шақпен) байланысты өтіп кеткенін, өтіп жатқанын, әлі өтпегенін, бірақ өтетін сипатын білдіру, сөйтіп, ашық рай, бір жағынан, етістіктің рай категориясының бір түрі болса, екінші жағынан, бір өзі етістіктің шақ категориясын құрайды. Осыған байланысты райдың басқа түрлерінен айырмашылығы тікелей ашық рай жасатын арнайы қосымшалары жоқ болып келеді. Демек, шақ категориясы дегеніміз, екінші жағынан, ашық рай екен де, енді оның (ашық райдың) сипаты шақ категориясы мен оның түрлері шеңберінде қарастырылады» [16, 513 б.].

Негізінен алғанда, рай категориясының ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай сияқты төрт түрі бөлініп көрсетіліп жүр. А. Ысқақов жалпы бұл сияқты рай  түрлерін жоққа шығарғанмен, рай  категориясын (етістіктің модальдылығын) қимылдың, іс-әрекеттің ақиқатқа қатысын  білдіруіне қарай «екі топқа реальды  немесе ашық (негізгі) және неғайбыл (жәрдемші) немесе ирреалды рай деп бөледі. Бұлай бөлуге негіз болып отырған  бұл рай түрлерінің семантикалық сипаты ғана емес (реальды мән және ирреалды мән) сонымен бірге неғайбыл (ирреальды рай түрлері бұйрық рай, шартты рай, қалау рай) белгілі  морфологиялық тұлғалар жүйесі арқылы берілсе, ашық (негізгі) райда арнаулы  грамматикалық көрсеткіштер болмайды», сөйтіп, олар арнаулы көрсеткіштерінің болу-болмауына қарай «бір-біріне қарама-қарсы қойылып қаралады» [17, 322-333].

Шартты  рай тұлғасы рай концептін активтендіре отырып, оның мазмұнындағы «ақиқат шындықпен сәйкес келмеу» сипатын актуалдандырады. Ол жалпы сипат алып, ықтималдық реңк үстейді, сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатысын білдіре алмайды. Ол сөйлем-сөйлесімде мағынаны нақтылау арқылы синтаксистік, мәнмәтін сияқты қосымша факторлардың көмегімен жүзеге асады. Мұнда әсіресе синтаксистік фактордың орны ерекше болады. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңары шартты білдіру үшін жұмсалып, сөйлемнің «ақиқат шындыққа сәйкес келмейтінін» білдіреді: Біреу қисынсыз жала жапса, ісің ақ болса да, бетің  бір күрең тартпақшы  ғой (Б. Майлин, Шығ.). Шартты рай тұлғалары сөйлем-сөйленімнің шындыққа сәйкес келмейтінін білдіріп, рай концептінің мәні мен модальділік негізгі концепті тоғысуы нәтижесінде «іс-әрекеттің орындалуының шарты», «ирреалдылық» мән түзіледі. Сол арқылы концептуалды мазмұн қалыптасып, грамматикалық мән түзіледі.

Бұйрық  рай сөйлеушінің тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (3-жаққа) қарастырылып, бұйрық, сұрай алатын, өзіне (1-жаққа) байланысты қимылға, іс-әрекетке қозғау салу, ниет мәнін білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрық рай тұлғасы рай концептінің мазмұнындағы «шындықпен сәйкес келмеу» сипатын актив қолданысқа түсіреді. Бұл орайда бұйрық рай тұлғасы нақты морфологиялық мән түзе алмайды. Ол үшін сөйлем бұйрық мәнде жұмсалуы керек. Бұйрық райдың басты мәні – бұйрықтық мағына.Сондықтан бұйрық рай тұлғасының бұйрық мәнін білдіруі үшін синтаксистік фактор маңызды орын алады. Сол арқылы жиі қолданысқа түсетін модальділік негізгі концептінің мазмұнында «ерік» сипаты түзіледі. Сонымен қатар мұнда семантикалық фактор да елеулі орын алады. Себебі етістіктің бұйрық мәнде қолданылуы етістіктің мағынасына тікелей байланысты. Кез келген етістік бұйрық мәнде жұмсала бермейді. Модальділік негізгі концепті рай концептінің «шындықпен сәйкес келмеу» мәні мен «ерік» сипаты тоғысып, «іс-әрекетке түрткі болу, қозғау салу» мәнін түзеді. Ол мәнмәтін арқылы нақтыланып отырады. Іске қозғау салу, түрткі болу мәні сөйлем-сөйлесімдегі өтініш, тілек, рұқсат, тыйым салу т.с.с. түрінде көрінуі мүмкін.

Қалау рай. Тілек, қалау мәніне шартты рай тұлғалы етістік негіз болады. Қалау рай – сөйлеушінің қимыл іс-әрекетті орындауға я орындамауға қалау, тілек, ниет, ынтасын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын рай категориясының бір түрі. Қалау рай бірнеше жолмен жасалады. Қалау рай көрсеткіштері концептінің мазмұнындағы «ақиқат шындықпен сәйкес келмеу» сипатын күшейтеді. Ол әрі қарай нақтылауды қажет етеді. Морфологиялық жолмен берілетін концептінің жиі қолданылуы нәтижесінде модальділік негізгі концепті актив қолданылып, онда «қажеттілік, «қалау», «мүмкіндік» мәндері түзіледі. Оған қосымша лингвистикалық факторлар (синтаксистік, мәнмәтін) ықпал етіп, жалпы морфологиялық мәнді нақтылайды. Мұнда әсіресе синтаксистік фактор елеулі орын алады. Себебі бұл шартты райдың белгілі бір тұлғаларға ие болуы, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары ретінде қызмет етуі сияқты факторлар әсер етеді.

2.3 Персоналдылық  концептінің морфологиялық репрезентациясы.   

Персоналдылық – сөйлеуге қатысушылардың бір-біріне қатысын, көбінесе сөйлеушіге қатысын білдіретін семантикалық категория. Сонымен қатар персоналдылық – осы семантикалық категорияға негізделген функционалды-мағыналық өріс. Функционалды грамматика тұрғысынан алғанда‚ персоналдылық функционалды-семантикалық өрісінің негізін жақ грамматикалық категориясы құрайды. Ол – жіктеу есімдіктері мен етістіктің жіктелу жүйесінде көрініс табады. Персоналдылық орталығын құрайтын есімдік пен етістік формалары түрлі грамматикалық категорияларды емес‚ бір грамматикалық категорияны білдіреді. Персоналдылық бір орталықты функционалды-семантикалық өріс ретінде (есімдік пен етістіктен құралып‚ әртүрлі сөз табын қамтыған күрделі жұп құрылымды) қарастырылады. Етістік пен есімдік әртүрлі категорияға жатқанымен‚ жақ семантикасы тұрғысынан‚ олар өзара жақындасады да‚  өзінше өріс түзіп‚ өзек (І‚ ІІ жақ есімдіктері мен етістіктері) пен периферияға (ІІІ жақ) бөлінеді.

Тұтастай алғанда, жақ семантикасы белгілі бір  иерархиялық сипаттағы орталық  пен периферияға жіктелетін өріс құрылымын түзеді. Персоналдылықтың ең жоғары биігінде сөйлеуші білдіретін мен, І жақ орналасқан. Оған ІІ жақ сен сәйкес келеді. Персоналдылық семантикасының жақын перифериясын немесе орталық пен периферияның аралығын адамды білдіретін ІІІ жақ семантикасы қамтиды. ІІІ жақ персоналдылықтың семантикалық ядросымен тығыз байланыста болады. Ал заттық ІІІ жақ анық периферияда болады. Жақсыздық формаларының мәні шеткі периферияға тән. Кез келген тілде персоналдылықтың семантикалық орталығы – мен,  ол сен есімдігімен тең түседі. Адамға тән ІІІ жақ орталықтан периферияға ойысу болса, заттар әлемі оның шеткі перифериясын құрайды.

Қазақ тіліндегі  жақ жалғауларының анайы және сыпайы түрге жіктелетінін ескеруіміз керек. Мен есімдігінің (І жақ) ерекшелігі түркі тілдерінде‚ оның ішінде қазақ тілінің материалдары негізінде өте айқын көрінеді. Функционалды-семантикалық өрісте сөйлеуші мен тыңдаушы орындары өзара алмасып отыратындықтан‚ сөйлеуші (І жақ) әрдайым жекеше түрде қолданылады. І жақтың көпше түрі біз-ге ауысатын болса‚ оның құрамы мен+мен+… + мен емес‚ мен+сен немесе мен‚ ол т.б. түрінде келеді. Сондықтан І жақтың  көпше түрі болмайды‚ ал сен ретінде сөйлеушіден басқа тыңдаушылардың бәрі қолданыла алады‚ яғни сендер: сен+сен+…+сен. І (сөйлеуші) жақ пен ІІ (тыңдаушы) жақ ерекше референтті білдіріп‚ өзара қарсы қойылады. І‚ ІІ жақтың көпше түрі бірдей адамдардың көптігін емес‚ әртекті референттердің жиынтығын білдіреді. Ендеше‚ сендер әртекті референттен құралуы мүмкін болғанмен‚ мен (І жақ) әртектілік құрай алмайды. Соған сәйкес сен есімдігінің көпше түрі сендер болғанмен‚ менесімдігінің көпше түрі *мендер бола алмайды. Бұдан І‚ ІІ жақ «бірегейлік/жиынтық» корреляты бойынша қарсы қойылғанда‚ олар өзара тең түсе алмайтынын көреміз. Яғни сөйлеуші әрдайым біреу ғана болғандықтан‚ ол көптік тұлғада қолданыла алмайды. Осы жағынан келгенде‚ І жақ (мен) референтінің өзіндік ерекшелігі байқалады. Сондықтан қазақ тіліндегі І жақ көптік формасы инклюзив/эксклюзив коррелятында қолданыла алмайды.

І‚ ІІ жақта сөйлесушілердің  бір-біріне қатысы байқалады, олардың  өзара ілтипаты, сыйластығы байқалады. Сондай-ақ дейксистік қатынас та көрінеді. Яғни мен, сен, ол деген кезде сөйленіс актіне қатысушылар көрсетіледі. Қазақ тіліндегі жақ категориясының анайы/сыпайы түрге жіктелуі ұлттық ділдің көрсеткіші бола алады. Бұл туралы А.Байтұрсынұлы былай дейді: «Сыпайылап сөйлегенде, сөйлеуші өзін мен деудің орнына біздейді, тыңдаушыға сен деудің орнына сіз дейді, бөгде кісіні ол деудің орнына ол кісі дейді. Сондықтан біз – 
І жақ, сіз – ІІ жақ, ол кісі – ІІІ жақ болады» [10, 226 б.].    

Біз‚  сіз есімдіктері – көптік ұғымда емес‚ жекелік ұғымда қолданылады‚ яғни сыпайы жіктеудің жекеше түрлері. Сол себепті де біз құрамына мен‚ сенесімдіктері‚ сіз құрамына сен‚ сен есімдіктері кіре алмайды. Біз‚ сіз сыпайы жіктеу тұлғалары мен‚ сен анайы жіктеу тұлғаларымен өзара сәйкес келіп‚ бірегейлік қатарын құрайды‚ жиынтық қатарында біздер‚ сіздер есімдігі танылады.

Бірегейлік                                      Жиынтық

І жақ         мен         біз                                         біздер

ІІ жақ       сен         сіз                                 сіздер

Ал біздер есімдігінің құрамына келетін болсақ‚ ол, ең алдымен‚ «мен+сен» немесе «біз+сіз» болып‚ сөйлеуші мен тыңдаушыдан құралуы‚ сондай-ақ «мен+сендер/сіздер» және «мен+сендер/сіздер емес (ол/олар)»  болып құралуы да мүмкін. Бұл қарама-қарсылық инклюзив және эксклюзив формалары арқылы көрініс табады. Қазақ тілінде инклюзив/эксклюзив мәнмәтін арқылы ғана ажыратылады. Мазмұн межесі бойынша‚ бұлар – әртүрлі референттердің жиынтығы.

Сонымен қатар біздер есімдігінің құрамы «мен+сен /сіз + сендер/сіздер+ол/олар» болып келуі мүмкін. Тәуелдік, жіктік жалғауларының сыпайы түрі тек ІІ жақпен ғана шектелмейтінін тіл фактілері де көрсетіп отыр. Мәселен, ресми стильде мен орнына біз есімдігі қолданылды. Тіл – тұтас жүйе болғандықтан, оның әрбір мүшесі сол жүйеге бағынып тұрады. Сондықтан анайылық жөннің үш жақта көрінетіні сияқты, сыпайылық жөн де осы үлгімен берілуі қажет деп ойлаймыз.

А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы  еңбектерінде бұйрық райдың жіктелу  үлгісі былайша көрсетілген:

Анайы жіктеу:

І ж. -йын/-йін                                                       —

ІІ ж. етістік  түбірі                                       -ңдар/-ңдер

ІІІ ж. -сын/-сін                                               -сын /-сін

Сыпайы  жіктеу:

І ж. -йык/ -йік                                                -лық/-лік

ІІ ж. -ңыз/-ңіз                                                 -ңыздар/-ңіздер

ІІІ ж. -сын/-сін                                               -сын/ -сін

Байқап отырғанымыздай, бұйрық райдың анайы, көпше түрінің  І жағы жоқ (дұрысында да, сен айт дегеннің көпше түрі сендер айтыңдар болғанмен,мен айтайын дегеннің көпше түрі ретінде *мендер айтайындар деген қолданыс тілімізде мүлде жоқ). Қазіргі грамматикаларда І жақтың көпше түрі ретінде көрсетіліп жүрген -йық/-йік жалғаулары А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде сыпайы жіктеудің І жақ көпше түрі ретінде берілген, ал А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы жіктеулеріндегі сыпайы жіктеудің І жақ көпше түрі ретінде берілген -лық/-лік  тұлғалары кейінгі грамматикаларда мүлде берілмеген. А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлының жіктеу табиғатын түсіндіруі мен кейінгі ғалымдардың еңбектерінде сәйкес келмейтін тұстар  қазақ тілінде жіктеу ерекшеліктерінің әлі де толық танылып бітпегенін, кемшілік тұстарының кездесетінін танытса керек. Ұлттық дүниетаным мен сөйлеу мәдениетіміздің айнасы іспетті жіктеу мен тәуелдеу жалғауларының өзіндік болмысын әлі де зерделей түсу қажет екені даусыз.

Информация о работе Тіл білімінің зерттеу нысаны