Тіл білімінің зерттеу нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 11:34, лекция

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда тіл білімінде антропоөзектік бағыт үстемдік алып, адам факторына ерекше мән беріліп отыр. Зерттеу парадигмасының антропоөзектік ұстанымы тілдің диалектикалық бірліктегі ең маңызды екі қызметін, атап айтқанда, танымдық (когнитивтік) және коммуникативтік қызметін терең ашуға бағытталады. Антропоөзекті зерттеулерде ұлттық сананың тілдегі көрінісі бейнеленеді. Тілден тыс болмыс сөйлеушілердің тілінде бейнеленумен қатар, бір тілде сөйлесушілердің ойлау жүйесі де ортақ болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тіл білімінің зерттеу нысаны.docx

— 109.08 Кб (Скачать документ)

Жұмыстың  жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда тіл білімінде антропоөзектік бағыт үстемдік алып, адам факторына ерекше мән беріліп отыр. Зерттеу парадигмасының  антропоөзектік ұстанымы тілдің диалектикалық бірліктегі ең маңызды екі қызметін, атап айтқанда, танымдық (когнитивтік) және коммуникативтік қызметін терең ашуға бағытталады. Антропоөзекті зерттеулерде ұлттық сананың тілдегі көрінісі бейнеленеді.

Тілден тыс болмыс сөйлеушілердің тілінде бейнеленумен қатар, бір тілде сөйлесушілердің  ойлау жүйесі де ортақ болады. Ғаламның тілдік бейнесін түзуде грамматикалық  категориялардың өзіндік орны бар. Қоғам дамуына байланысты грамматикада да өзгерістер болып тұрады. Алайда ол лексикамен салыстырғанда, өте баяу жүреді.

Зерттеудің  өзектілігі. Қазіргі тіл біліміндегі антропоөзектік бағытқа сәйкес тілдің адамның ойлау жүйесі мен іс-әрекетіне ықпалы, сонымен қатар адамның тілге әсері, тілдегі адам факторына ерекше мән берілуде. Осы тұрғыдан қарағанда, грамматикалық категориялардың қалыптасуында адам болмысы, мінезі, көзқарасы, коммуникативті актіге қатысушылардың т.б. антропоөзекті сипатының объективті жағдаятқа қатысы байқалады. Соның нәтижесі ретінде грамматикалық категориялар түрлі формада тілдік бірліктер арқылы тұрпатталады. Оған негіз болатын грамматикалық қатынастар санада мазмұнданып, осымен байланысты морфологиялық категорияларды таным әрекетімен, концептуалдау және категориялау үдерістерімен тығыз байланыста қарастыру қажеттігі туындайды. Соған сәйкес жүргізілетін талдау тілдік құбылыстарды антропоөзектік тұрғыдан айқындайды. Мұнда адам екі түрлі бағытта сипатталады: 1) адамның тілдегі көрінісі; 2) адамның тілді тұтынуы. Бірінші бағытқа сәйкес адамның дүниетанымы байқалады. Мысалы, адамның соматикалық бейнесінің концептуализациясы нәтижесінде адамның физикалық қабілеті, зияткерлік (интеллектуалдық) қабілеті, эмоциясы, әлеуметтік «мен»-і көрінеді, адам сөйлеу-ойлау әрекетіне қатысушы тұлға ретінде көрінеді. Адамның тілдегі көрінісі негізінен лексика мен фразеологияда айқын көрініс тапқан, сондай-ақ грамматикалық категориялардан да оның өзіндік ерекшеліктерін байқауға болады. Ол үшін грамматикалық категорияларды жеке-дара, оқшау қарастырмай, коммуникация мен когниция талаптарын ескере отырып, тілді когнитивті жүйе ретінде тұтас қарастыру қажеттігі байқалады. Зерттеу жұмысының өзектілігін осы тұрғыдан негіздеуге болады.

Екіншіден, зерттеу  жұмысында тіл мен адам өзара байланыста қарастырылып, адамның грамматикалық категорияларды танушы және атаушы субъект ретіндегі және концептуалдаушы, коммуникативті діттеміне (интенция сөзінің баламасы, Н.Уәли термині) байланысты коммуникация әрекетіне енгізуші, тілді тұтынушы тұлға ретіндегі қызметіне ерекше назар аударылады.  Бұл орайда тіл қарым-қатынас құралы, әлемді тану құралы, білімнің шоғырлану құралы, білімді жеткізуші құрал болып табылады. Осымен байланысты қазақ тіліндегі морфологиялық категорияларды тілде концептуалды мазмұнды репрезентациялайтын құрал ретінде алғаш рет кешенді түрде қарастыру зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді. Грамматикалық жүйедегі тілдік репрезентацияның антропоөзектік тұрғыдан сипатталуы қазақ тілін үйренушілер үшін де ерекше маңызды болып табылады. Сайып келгенде, белгілі бір ұлттық ұжымда қалыптасқан тіл тұтынушының тілдік санасындағы грамматикалық құрылымнан әр тілдің өзіндік ерекшелігі, ұлттық дүниетанымы көрінеді. Көтерген мәселенің өзектілігі осыдан көрінеді.

Қазақ тіл білімінің  қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардыэлитарлық тұлға ретінде сипаттай отырып, тіл білімінің қалыптасқан кезеңінен бүгінгі таңдағы еңбектерге дейін хронологиялық тұрғыдан сипаттау, бір жағынан, жекелеген категориялардың танылу үрдісінен хабар беріп, ұлттық тіл білімінің қалыптасу, даму ерекшелігін көрсетсе, екінші жағынан, әр кезеңде тіл білімі саласында еңбек еткен ғалымдардың бүгінгі таңдағы ғылым жетістіктерімен, жаңа бағыттармен сабақтастығын сипаттай келіп, тіл деректері мен қазақ тіл білімінің дамуындағы түрлі бағыттарды анықтау қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарастыруға жол ашады.

Зерттеудің  мақсаты – қазақ тіліндегі грамматикалық категориялардың мазмұндық және коммуникативтік негізіндегі антропоөзектік сипаты мен антропоөзектіліктің көріну деңгейін анықтау: адамның тілдегі көрінісі мен тұтынушы ретіндегі тілді қолдану ерекшеліктерін көрсету.

Аталған  мақсатқа жету үшін төмендегідей  міндеттер көзделді:

- грамматикалық  категориялар концептуалдау және  категориялау үдерістерінің нәтижесі  екенін көрсету;

- предикативті негізді  грамматикалық категориялардың  (жақ, рай, шақ) антропоөзектілік  сипатын ашып, көріну деңгейі  мен қолданылу ерекшеліктерін  айқындау;

- қатынас негізіндегі  грамматикалық категориялардың  (етіс, септік) антропоөзектілік сипатын  ашып, көріну деңгейі мен қолданылу  ерекшеліктерін айқындау;

- сан-мөлшер мәнді  грамматикалық категориялардың  (жекелік-көптік, шырай) антропоөзектілік  сипатын ашып, көріну деңгейі  мен қолданылу ерекшеліктерін  айқындау;

- морфологиялық  категориялардың үш тобын (предикативті  негізді, қатынас, сан-мөлшер) талдай  отырып, олардағы антропоөзектіліктің  берілу ерекшеліктерін, ұқсастықтары  мен айырмашылықтарын көрсету;

- морфологиялық  категорияларға негіз болған  әмбебап (ядролық) концептілерді  анықтау;

-  морфологиялық репрезентация арқылы грамматикалық категориялардағы ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктерін айқындау;

- грамматикалық  категориялардың көркем әдебиеттегі,  киноаударма,  ғылыми әдебиет пен публицистикадағы қолданылу сипатын талдай отырып, грамматикалық категория көрсеткіштерінің функционалды және семантикалық вариативтілігін ашу;

-    түрлі әлеуметтік-демографиялық топтан құралған информанттар арасында эксперименттер жүргізу арқылы жекелеген грамматикалық категорияларды (етіс) сөйлеушілердің қабылдау ерекшелігін, етіс семантикасының тілдік санадағы көрінісін, түсінік деңгейін анықтау;

- элитарлық тілдік тұлға ұғымын нақтылау және тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарды элитарлық тілдік тұлға ретінде тани отырып, олардың теориялық тұжырымдарын талдау арқылы қазақ тіліндегі грамматикалық категориялардың қабылдану ерекшеліктерін айқындау;

- қазақ тіл біліміндегі элитарлық тілдік тұлғалар мен қазақ тілінің бүгінгі тұтынушыларының ұстанымдарын салыстыра отырып, қазақ тіліндегі грамматикалық категориялар туралы тұжырымдардағы өзгерістерді анықтау.

Зерттеу нысаны – қазақ тіліндегі антропоөзектік факторларды анықтауға мүмкіндік беретін, онтологиялық категориялардың ұжымдық санадағы бейнесін көрсететін морфологиялық категориялар.

Зерттеу пәні – қазақ тіліндегі тілдік білімді сипаттайтын морфологиялық категориялардың грамматикалық мазмұны мен қолданысы.

Зерттеудің  дереккөздері ретінде ақын-жыраулар шығармаларынан (Қазтуған жырау, Шалкиіз жырау, Марқасқа жырау, Бұқар жырау, Ақтанберді жырау, Үмбетей жырау, Шал ақын, Жанақ ақын, Дулат Бабатайұлы, Абай Құнанбайұлы, Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Кердері Әбубәкір); тарихи жырлар мен батырлар жыры («Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Ер Қосай», «Қыз Жібек» т.с.с.); көркем әдебиет мәтіндері (Ж.Аймауытұлы, М.Әуезов, Қ.Кемеңгерұлы,  С.Мұқанов, О.Бөкей, Т.Ахтанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев т.с.с.),  бұқаралық ақпарат құралдарынан («Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан», «Түркістан» т.б.) жинақталған мәтіндер, киноаударма мәтіндері, сөздік мәтіндері (қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі, І.Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Т.Жанұзақ «Қазақ тілінің сөздігі», «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі», «Синонимдер сөздігі», «Қазақ әдеби тілінің сөздігі»), түрлі салалық сөздіктер,  ғылыми әдебиеттен жинақталған мәтіндер («Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы, «Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы», қазақ тілі грамматикалық ілімінің дамуына өзіндік үлес қосқан зерттеуші-ғалымдардың еңбектерінің мәтіндері, «Қазақ грамматикасы», етіс тұлғаларының мағынасы мен қызметін анықтауға арналған эксперимент материалдары.

Талдауға түскен тілдік материалдың жалпы саны – 7 000-нан астам, көркем әдебиет бойынша жинақталған материал (5000-ға жуық), 1000-нан астам кинодискурс мәтіндері, бұқаралық ақпарат құралдары бойынша жинақталған мәтіндер (1000-нан астам), эксперимент материалдары (2 940).

Зерттеудің  әдістанымдық  негізі. Зерттеудің әдістанымдық негізі ретінде қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов еңбектерімен қатар грамматикалық категориялардың сипаты туралы І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Н.Сауранбаев, Ы.Маманов, А.Ысқақов, С.Исаев еңбектері;

-          таным теориясы, тіл мен мәдениет, тіл мен сананың қатынасы туралы 
В. фон Гумбольдт, А.Я.Гуревич, С.Д.Кацнельсон, Г.В.Колшанский, В.Г.Костомаров, Е.С. Кубрякова, Н. Б. Мечковская, А.А.Потебня, Э.Сепир, Б.А.Серебренников, Р.М.Фрумкина, В.Г.Адмони, Н. Ф. Алефиренко, Р.Сыздық, Н.Уәли, Ж.Манкеева еңбектері;

-          психолингвистикалық бағыттағы Л.С.Выготский, А.А.Леонтьев, А.А.Залевская, Р.М.Фрумкина, Ю.А.Сорокин т.б. еңбектері;

-          лингвистикалық және когнитивті семантика туралы Н.Ф.Алефиренко, Ю.Д.Апресян, Н.Д.Арутюнова, Н.Н.Болдырев, Н.А.Беседина, В.В.Виноградов, И.М.Кобозева, Е. С. Кубрякова, О.Н.Прохорова, И.А.Стернин, Ж.Манкеева, А.Ислам еңбектері;

-          лингвомәдениеттаным, этнолингвистика бағытындағы зерттеулерге қатысты В.А.Маслова, В.В.Красных, Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров, Ә.Т.Қайдар, Е.Жанпейісов, М.М.Копыленко, З.К.Ахметжанова, Ж.Манкеева және т.б. ғалымдардың еңбектері;

-          функционалды грамматика және функционалды-семантикалық өріс, коммуникативті синтаксис теориясына қатысты А.В.Бондарко, М.А.Шелякин, З.К.Ахметжанова, Қ.Рысалды, Ф.Оразбаева, З.Ерназарова, М.Жолшаева, А.Жаңабекова, С.Құлманов және т.б. зерттеуші-ғалымдардың еңбектері;

-          когнитивті лингвистикаға қатысты Ю.Н.Караулов, Н.Ф.Алефиренко, Э.Д.Сулейменова, Қ.Жаманбаева, Н.Ж.Шаймерденова,  Э.Оразалиева т.б. ғалымдардың еңбектері негізге алынды.

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында когнитивті-репрезентативті әдіс, салыстыру, талдау, саралау және жалпылау әдістері, коммуникативті әдіс, когнитивті талдау, сипаттама, құрылымдық-семантикалық талдаумен қатар когнитивті-прагматикалық интерпретация, трансформация, эксперимент, жүйелеу әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

-      қазақ тіл білімінде алғаш рет грамматикалық категориялардың концептуалдау және категориялау үдерістерінің нәтижесінде түзілетіні, яғни әр грамматикалық категорияның негізінде когнитивті концепт жататыны  анықталды, грамматикалық категорияларға негіз болған ұғымдар математикадағы, философиядағы және психологиядағы т.с.с. түсініктермен, таным үдерісімен салыстырылып, оның тілдік категориядағы орны айқындалды;

- алғаш рет предикативті  сипаттағы грамматикалық категориялардың  (жақ, рай, шақ) антропоөзектілік  көрінісі айқындалып, жақ категориясына  –персоналдылық, рай категориясына  – модальділік, шақ категориясына  – уақыт концептілері  негіз болатыны анықталды;

- қазақ тілінде  алғаш рет қатынас мәнінің  антропоөзектілігі етіс, септік  категориялары арқылы берілетіні  көрсетілді;

- алғаш рет жекелік-көптік, шырай категорияларының сан-мөлшер  мәнінің антропоөзектілік сипатын  берудегі қызметі айқындалды;

- қазақ тіліндегі  әмбебап сипаттағы негізгі концептілер  анықталып, олардың ұғымдық, бейнелі-ассоциативтік,  құндылық мәндері болатыны көрсетіліп, бейнелі-ассоциативтік, құндылық  мәндері сипатталды;

- қазақ тіл білімінде  алғаш рет предикативті негізді,  қатынас, сан-мөлшер мәнді морфологиялық  категориялардың концептуалды мазмұндары  өзара салыстырылып, ұлттық діл  ерекшеліктеріне байланысты антропоөзектіліктің  көріну сипаты анықталды;

- көркем әдебиет,  киноаударма, ғылыми әдебиет пен  публицистикалық мәтіндердегі грамматикалық  категориялардың қолданысы талданып, қазақ тіліндегі грамматикалық  категориялардың синтагмалық және  парадигмалық мәндері көрсетілді;

-   етіс категориясының тілдік санадағы көрінісі мен етіс категориясы туралы түсініктерді пайымдау мақсатымен түрлі эксперименттер жүргізілді;

-     элитарлық тілдік тұлға ұғымы нақтыланып, тіл білімінің дамуында өзіндік орны бар ғалымдар элитарлық тілдік тұлға ретінде сипатталып, ғалымдардың тұжырымдары талданып, етіс категориясына (әсіресе өзгелік етіс), жақ категориясына қатысты (әсіресе анайы, сыпайы түрге жіктеуде) қазақ тіл білімінде әлі де басы ашыла қоймаған талас мәселелер (кез келген етістіктен өзгелік етіс жасала бермейтіні, өзгелік етіс тұлғалары сабақты етіске жалғанғанда ғана өзгелік етіс жасалатыны, салт етістікке жалғанса, ол сабақты етіс тудыратыны; бірінші жақ жіктеу есімдіктерінің көпше түрі болмайтыны (мен – мендер); көптік жалғауды жұрнақтар қатарында тану т.с.с.) анықталды;

- ұлттық тіл білімі  қалыптаса бастаған кезеңде еңбек  еткен А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы,  Т.Шонанов, Қ.Жұбанов т.с.с. ғалымдардың  ұстанымдары мен бүгінгі таңдағы  ғылым жетістіктері, грамматикалық  категорияларды танудағы түрлі  көзқарастар сарапталып, грамматикалық  категорияларды танудағы сабақтастық  көрсетілді, болашақ зерттеулердің  болжамы көрсетілді.

Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы.  Диссертациялық жұмыс қазақ тілі антропоөзекті грамматикасының негізін қалыптастырады. Жұмыста қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық категориялардың антропоөзектілігі жан-жақты сипатталып, түрлі формада берілетіні анықталды. Зерттеу жұмысы қазақ тіл біліміндегі тілдік тұлға, когнитивті лингвистика, коммуникативті лингвистиканың дамуына үлес қосады, тілтанымдағы функционалдық бағыттағы зерттеулерге, толық шешімін таппаған грамматикалық категориялардың тілдік сипаты мен категориалдық мәртебесін анықтауға, грамматикалық категориялардың ұлттық ерекшеліктерін айқындауға жол ашады. Диссертациялық жұмыс жүйелі-құрылымдық, функционалды бағыттағы зерттеулерге иек арта отырып, морфологиялық категориялардың мазмұнын, морфологияның тіл жүйесі мен сөйлеу-ойлау әрекетіндегі орнын айқындауға, морфологиялық категориялардың тілішілік сипатын, концептуалды мазмұнның тілдегі репрезентациясын анықтауға мүмкіндік береді. Сол арқылы морфологиялық категориялар негізгі танымдық үдерістер тұрғысынан, концептуалды деңгейде сипатталады. Бұл қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан үңіліп, әр категорияның өзіндік ерекшелігін басқа категориялармен, таным әрекетімен байланыста сипаттауға жол ашады.

Информация о работе Тіл білімінің зерттеу нысаны