Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 11:34, лекция
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда тіл білімінде антропоөзектік бағыт үстемдік алып, адам факторына ерекше мән беріліп отыр. Зерттеу парадигмасының антропоөзектік ұстанымы тілдің диалектикалық бірліктегі ең маңызды екі қызметін, атап айтқанда, танымдық (когнитивтік) және коммуникативтік қызметін терең ашуға бағытталады. Антропоөзекті зерттеулерде ұлттық сананың тілдегі көрінісі бейнеленеді. Тілден тыс болмыс сөйлеушілердің тілінде бейнеленумен қатар, бір тілде сөйлесушілердің ойлау жүйесі де ортақ болады.
Қазақ тіліндегі жақ категориясының құрамы туралы мынадай тұжырым жасауға болады:
1) мен‚ сен‚ біз‚ сіз есімдіктері бірегей референт болып табылады да жекелік мәнде‚ адамдық қатынаста ғана қолданылады‚ жақтық қатынаста өзара қарама-қарсы қойылады;
2) Бірегейлік/жиынтық қатары бойынша мен‚ сен‚ біз‚ сіз (бірегей) жәнебіздер‚ сендер/сіздер (жиынтық) өзара қарсы қойылады;
3) біздер есімдігі ғана инклюзивті/эксклюзивті сипатта көрініс табуы мүмкін;
4) ІІІ жақ жіктеу
есімдігі адамдық/заттық мәнде
қатар қолданылып‚ сілтеу
Сонымен, предикативті қатынас жақ, рай, шақ категориялары негізінде құралады. Предикативті қатынас негізінде сөйлеушінің ақиқат болмысқа қатынасы, коммуникацияға қатысушы адам факторы ескеріледі. Предикативті бірліктер сөйлеуші-тыңдаушы осінде орналасқан. Сөйлеуші (адресат) – нақты адам, сөйлеу актінің авторы, тыңдаушы (адресант) та нақты адам ретінде қабылданады. Жақ категориясы арқылы сөйлесушілердің өзара қатысы, өзара ілтипаты, сыйластығы, қарым-қатынас ерекшеліктері көрінеді. Модальділік концепті арқылы сөйлесушілердің ақиқат болмысқа деген көзқарасы байқалады. Шақ, рай категорияларында сөйлеушілердің дүниені, ақиқат болмысты қабылдау ерекшеліктері көрініс тапса, жақ категориясында олардың тілді тұтыну ерекшеліктері көрінеді.
«Қатынас
концептінің морфологиялық
3.1 Етіс
концептінің морфологиялық
Логика-гносеологиялық
тұрғыдан алғанда, қатынас екі немесе
одан да көп затты қандай да бір
белгісі бойынша өзара
Әмбебап сипаттағы
қатынас негізгі (ядролық) концепті
морфология деңгейінде етіс пен септік
категориялары арқылы көрінеді. Етіс
– субъектілі-объектілі
Етіс – тілде
қатынас идеясын
Етіс категориясы
белгілі бір жағдаятқа
Мұндағы S1 – іс-әрекетті
орындаушы белсенді субъект S2– іс-әрекетке
қатысы жоқ, пассив субъект, тыңдаушы,
ақпаратты қабылдаушы. О – нысан. Үй тазаланды деген
сөйлемде ырықсыз етіс тұлғасы жағдаятты
басқаша сипаттайды. Мұнда нысан ғана,
істің нәтижесі ғана көрінген:
Яғни екінші субъектіге,
іс-әрекетке қатысы жоқ, белсенсіз субъектіге
ақпарат беріледі. Ол әрекетке бірінші
субъектінің қатысы байқалмайды. Іс
өзінен өзі орындалғандай болады.
Бұдан сабақты етіс пен ырықсыз
етіс тұлғалары арқылы концептуалдау
түрлі сипатта болатынын
Етіс мәндеріндегі белсенділік және белсенсіздік сияқты жалпыланған морфологиялық мәндер сабақты және ырықсыз етіс тұлғалары арқылы актив қолданысқа түседі. Әрі қарай қосымша лингвистикалық факторлардың көмегімен мәндері нақтыланып, қатынас негізгі концептінің сипаты түзіледі. Яғни етіс концепті етіс морфологиялық категориясы мен оның көрсеткіштері арқылы көрініс табатын концептуалды деңгей бірлігі болып табылады. Сонымен қатар ол осы категорияға негіз болып, белсенділік және белсенсіздік мәндері ретінде көрінеді.
Сабақты етісті қалыптасқан тұжырымдарға сәйкес етістік деп атамай, етісдеп атауымыздың өзіндік себебі бар. Себебі сабақты етістің етіске тән мағынасы бар. Сабақты етіс те, басқа етістер сияқты, қатынас концептін репрезентациялап, субъектілі-объектілі қатынасты білдіреді. Сабақты етіс тұлғалары етіс концептінің мазмұнында белсенділік сипатын активтендіреді. Сол арқылы белсенділік морфологиялық мәні түзіліп, бастауыш қызметіндегі субъект қимылдың иесі екенін білдіреді. Бұл мән жалпылық сипат алып, субъектінің бастауыш қызметінде, объектінің толықтауыш қызметінде жұмсалатынын білдіреді. Ол семантикалық, синтаксистік және мәнмәтін факторлары сияқты қосымша лингвистикалық факторлардың көмегімен нақтылана түседі. Екіншіден, оның өзіндік көрсеткіштері (-т‚ -қыз‚ -тыр‚ –р) бар. Бүгінгі таңда өзгелік етіс қосымшалары ретінде танылып жүрген бұл қосымшалар сабақты етіске жалғанған жағдайда ғана өзгелік етіс тудыра алады. Ал салт етіске жалғанса, ол өзгелік етіс емес, сабақты етіс тудырады. Мысалы, үйді ағарт, көлікті жүргіз, ағашты сындыр, жерді қаздыр, хабарын сұрат т.с.с. Келтірілген етістіктер өзгелік етіс қосымшаларын қабылдағанмен, өзгелік етіс бола алмайды. Себебі өзгелік етіс болу үшін іс-әрекетті субъектінің өзі орындамай, басқа біреуге істетуі керек. Яғни сөйлемде тура толықтауышпен қатар барыс септік тұлғалы жанама толықтауыштың да болуы шарт. Ал бұл етістіктерде субъект іс-әрекетті өзі орындап тұр. Бұл етістіктер өзгелік етіс болуы үшін оларға өзгелік етіс қосымшалары үстемелене жалғануы керек:ағарттыр немесе ағартқыз, жүргіздір, сындыртқыз, қаздырт, сұраттыр т.с.с. Ендеше, сабақты етіс етіске тән өзіндік мағынасы мен арнаулы көрсеткіштері болуына байланысты етіс категориясынан өз орнын алуы керек сияқты. Ал сабақты етіс етіс ретінде танылатын болса, онымен оппозиция құрайтын, яғни тура толықтауышты (объектіні) керек етпейтін салт етіс те осы категория шеңберінде қарастырылуы қажет. Салт етісте белсенді субъектінің әрекеті нысанға бағытталмайды. Ол қалып-күйді өзі қабылдайды. Олай болса, түркітануда көп жылдар бойы талас тудырып жүрген негізгі етістің орнына салт, сабақты етістерді етіс қатарында тануға әбден болады.
Салт-сабақты етістіктердің
бұл ерекшелігін ұлттық тіл білімі
қалыптаса бастаған кезеңде А.Байтұрсынұлы
[10], Қ.Кемеңгерұлы [18], Қ.Жұбанұлы [2] еңбектерінде
айқын көрініс тапқан. Ғалымдар етіс
категориясының табиғатын терең
түсінгендіктен, салт, сабақты етістікті
етіс категориясына қатысты сөз
етеді. Алайда ғалымдардың репрессиялануына
байланысты еңбектеріне тыйым салынған
кезеңнен, яғни 1939 бастап салт, сабақты
етістер оқулықтар мен
Өздік етісте қимыл іс-әрекет орындаушысына (иесіне), субъектіге қарай бағытталып, сабақты етістікке -ын/-ін қосымшасы қосылып жасалады: ки — ки-ін-ді, көр (дәрігерге) — көр-ін-ді, шеш — шеш-ін-ді, тара – тара-н-ды, сұра -сұра-н-ды, сүрт — сүрт-ін-ді т.б. Осы мысалдан көрінетіндей, біріншіден, қимыл, іс-әрекет іс иесі субъектіге қарай бағытталады, сөйтіп, субъекті әрі тура объекті мәнінде қызмет атқарады. Ол өзіне өзі субъекті әрі тура объекті мәнінде қызмет атқарады [16, 509].
Ырықсыз етіс деп қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, қимыл, іс-әрекеттің тура объектісі оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып, тек сабақты етістіктерден -ыл/ -іл қосымшасы, түбір құрамында л дыбысы болса, -ын/-ін қосымшасы арқылы жасалатын етістің түрін атаймыз [16, 509].
Ырықсыз етіс баяндауыш қызметінде жұмсалған сөйлемде қимыл иесі айтылмайды, яғни ол сөйлемде қимыл иесінің кім екені белгісіз болады. Бастауыш қызметінде жұмсалған қимыл иесі өзі қимыл-әрекет істемейді, керісінше, ол басқа біреудің қимыл-әрекетінің объектісі болады.
Өзгелік етіс қимыл, іс-әрекеттің тікелей субъектінің өзі арқылы емес, екінші бір субъекті арқылы істелінетінін, іске асатынын білдіріп, сабақты етістіктен (кез келген етістіктен емес) белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етіс категориясының түрі болып табылады. Демек, өзгелік етісте қимылды, әрекетті іске асырушы субъекті бір емес, екеу болады: бірі – іс-әрекетті, қимылды орындатушы, сөйлемде ол грамматикалық бастауыш қызметінде болады, яғни бұл логикалық субъекті әрі грамматикалық субъекті болады, екіншісі, іс-әрекетті, қимылды тікелей орындаушы субъекті (агенс). Ол сөйлемде берілмеуі де мүмкін, берілсе, барыс септік тұлғасында тұрып, ол сөз сөйлемде жанама толықтауыш қызметін атқарады. Бұл – бір. Екіншіден, өзгелік етіс тек сабақты етістікпен жасалады, сабақты етістікке өзгелік етіс қосымшасы үстелгенде, ол баяндауыш болып тұрған сөйлемде тек іс-әрекет, қимылды тікелей атқарушы барыс септіктегі екінші субъект (агенс) қана пайда болады, [16, 510].
Өзгелік етісті схема түрінде былайша беруге болады:
|
|
|
Яғни мұнда іс-әрекетке екі субъект те қатысады: оның бірі – тура толықтауыш тұлғалы субъект, екіншісі – барыс септіктегі жанама толықтауыш тұлғалы субъект. Бірінші субъект (S1) екінші субъектінің (S2) істі орындауына түрткі болады, қозғау салады. Мысалы: Астыма жорғамінгізді. Үстіме торқа кигізді, Оқытып білім білгізді, Қызық дәурен сүргізді. Ақ тұйғын беріп қолыма, Көлінен аққу ілгізді. Бай мен ханның баласы Бәрімен бірге жүргізді (Бақтыбай ақын, Жел қобыз).
Мұнда қимыл-әрекетке қатысушылар өзара тәуелді, бағынышты деңгейде болады. Ол бағыныштылық әлеуметтік немесе жас ерекшелігіне байланысты болуы да мүмкін [16].
Ортақ етіс қимыл, іс-әрекеттің бір емес, бірнеше субъекті арқылы іске асатынын білдіріп, -ыс/-іс қосымшасы арқылы жасалады. Біріншіден, ортақ етісті қимыл, іс-әрекеттің субъектілері қимылға ортақтығы бірдей де, бірдей емес те болуы мүмкін (субъект көптік тұлғадағы бір зат атауы, немесе бірыңғай бастауыштар немесе біреуі грамматикалық субъект те, екіншісі грамматикалық жанама объекті болуы мүмкін т.б., екіншіден, ортақ етіс қосымшалары салт етістікке де, сабақты етістікке де жалғанып, ортақ етіс жасай береді: олар хат жаз-ыс-ып тұрады [16, 511]. Ортақ етісті схема түрінде былайша беруге болады:
Мұнда іс-әрекетке қатысушы субъектілер өзара тең дәрежеде (қызметі, лауазымы, жасы т.с.с.) болуы мүмкін немесе жасы үлкен адам іш тарту, жақын тарту мақсатымен ортақ етіс қосымшаларын мақсатты түрде қолдануы мүмкін. Мысалы: Байқамас оны ешкім жақындаспай, Істес боп ой сынасып, ақылдаспай. Бөшкеде не зат барын білеміз бе, Қақпағын я бір жерін тесіп ашпай? (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Етіс тұлғаларының мағынасы мен қызметін айқындау, сөйлеушілердің қабылдау ерекшелігін, етіс семантикасының тілдік санадағы көрінісін, түсінік деңгейін анықтау мақсатында арнайы дайындалған кестені толтырту арқылы оқушылар, студенттер, аудармашылар, оқытушылар және маман емес адамдар арасында эксперимент жүргізілді.
Информанттардың жалпы саны ─ 60, олардың 54-і қазақ тілін еркін меңгерген, ана тілім деп есептейді. Ал алтауы қазақ тілін үйреніп жүр.