Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 11:34, лекция
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда тіл білімінде антропоөзектік бағыт үстемдік алып, адам факторына ерекше мән беріліп отыр. Зерттеу парадигмасының антропоөзектік ұстанымы тілдің диалектикалық бірліктегі ең маңызды екі қызметін, атап айтқанда, танымдық (когнитивтік) және коммуникативтік қызметін терең ашуға бағытталады. Антропоөзекті зерттеулерде ұлттық сананың тілдегі көрінісі бейнеленеді. Тілден тыс болмыс сөйлеушілердің тілінде бейнеленумен қатар, бір тілде сөйлесушілердің ойлау жүйесі де ортақ болады.
Ғаламның тілдік бейнесі негізінен субъективті сипатта, себебі онда нақты бір адамның көзқарасы, дүниетанымы көрінеді. Ол атадан балаға берілетін категориялар жүйесі арқылы белгілі бір код құрап, дайын күйінде қабылданылып отырады. Адам өзіне дейінгі жинақталған білім қорын қабылдау арқылы этномәдени қауымдастықтың өмір тәжірибелерін де қабылдайды. Жастардың үлкендердің сөзін түсіне алмауы немесе ақын-жазушылардың шығармаларын түсіне алмауы этномәдени кодты игере алмау салдарынан туындайды. Осыған байланысты З.Қ.Ахметжанова: «Қазақ тілінің концептуалды жүйесін білмегендіктен, жастар қазақ халқының салт-дәстүрін ескіліктің сарқыншағы ретінде қабылдап, теріс бағалайды. Жалпыадамзаттық, әлемдік мәдениеттің бөлшегі болып табылатын ұлттық мәдениеттің терең, философиялық мәнін жас буын өкілдері түсіне алмай жүр», – деп жазады [3, 175б.].
Адамның танымдық әрекеті
– ақиқат болмысты тануға, қоршаған
ортаны түйсініп, жинақталған білімдер
негізінде әлемдегі орнын түсінуіне
бағытталады. Адам қашанда әлемді танып,
ондағы өз орнын айқындауға талаптанады.
Тіл – сөйлермендердің
Ғалам бейнесі – адам дүниетанымының басты элементі. Онда адамның дүниені тануының негізгі көріністері жинақталған. Тілдік семантикахалықтың ғаламды танып-түйсіну тәсілі және болмыс туралы білімнің кодталу жолы болып табылады, сол арқылы ғаламның тілдік бейнесі түзіледі. Осыған байланысты А.Ислам былай дейді: «Адам қоршаған ортаны ойлау арқылы танып біледі және ол адам санасында көрініс табады. Адамның шындықты танып білуі, ой арқылы жүзеге асса, тіл – ойдың бейнелеу қызметінің нәтижесін бекітудің құралы ретінде қызмет етеді. Бұл – жалпыға ортақ таным, өйткені табиғаты жағынан адамзат бірдей болса, таным қызметі де, оның механизмдері де ортақ құбылыс екені де мәлім. Қандай да тіл өзіндік тілдік құрылымы және тілдік үлгілері жағынан әртүрлі болғанымен, тілдік болмысты түсінуге келген ортақ танымдық дүниелерден тұрады» [5, 13 б.]. Яғни коммуникация сәтті болуы үшін сөйленім әрекетінің субъектілері – сөйлеуші мен тыңдаушы, қабылдаушы атадан балаға беріліп отыратын кодтарды меңгеріп қана қоймай, дұрыс қолдана білуі қажет.
Қазіргі кезде зерттеулерде ғалам бейнесі түрліше сипатталады. В.И.Постовалова ғалам бейнесі адам дүниетанымының көрінісі екенін айта келіп, адам баласы қай қырынан сипаттаса, ғалам бейнесі де соншалық құбылып, өзгеріп тұратынын ескертеді [6, 32-33 б.]. Бұл орайда ғалам бейнесінің екі түрін – тікелей және жанама – ажыратып алу керек. Тікелей ғалам бейнесі – адамның болмысты тікелей танып, қабылдауының нәтижесінде түзілген ғалам бейнесі. Мұнда адам сезім мүшелері абстрактілі ойлау арқылы айналасын таниды. Ол дүниетаныммен тікелей байланысты. Алайда екеуін теңестіруге болмайды. Тікелей ғалам бейнесі мазмұнға ие білім болса, дүниетаным – әлемді тану әдістердің жүйесі болып табылады.
Тікелей ғалам бейнесі болмыс туралы мазмұнды, концептуалды біліммен қатар, болмыстан танытатын ментальді стереотиптер жиынтығын да қамтиды. Ғалам бейнесінің бұл түрі когнитивті деп аталады. Ол когниция (таным) нәтижесі болып табылады. Тікелей ғалам бейнесі когнитивті сана қызметінің нәтижесі болып табылады және белгілі бір жүйеге келтірілген білімдер жиынтығына – концептосфераға негізделеді. Адам болмысты, өзін тіл арқылы таниды. Тілде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылық ретінде қоғамдық-тарихи тәжірибе көрініс табады. Тілдің ерекшелігіне байланысты сөйлермен санасында белгілі бір ғалам бейнесі қалыптасады, адам сол арқылы әлемді таниды, бұл ғаламның жанама бейнесі деп аталады. Ғаламның жанама бейнесі – концептосфераның екінші таңбалар жүйесі арқылы көрінуі. Олар санадағы ғаламның тікелей бейнесін жарыққа шығарады. Яғни тілдік формада көрініс тапқан білімдер жиынтығы ғаламның тілдік бейнесін түзеді.
Бүгінгі таңда ғалам
туралы білімдер кешені лексикалық және
грамматикалық семантикада, сондай-ақ
этномәдениеттің ментальді
Тілдегі концептуалдау
үдерісінің әрбір тілдік деңгейдегі
өзіндік ерекшеліктері болады.
Когнитивті тұрғыдан
алғанда, морфологияның негізгі
бірлігі – морфологиялық
Морфологиялық концепт термині екі түрлі мәнде қолданылады:біріншіден, ол – тілдің морфологиялық құрылымы білдіретін ментальді сананың бірлігі болса, екінші жағынан, морфологиялық концептілер сипатталатын ғылымның ұғымдары. Морфологиялық концепт сөйлеушілердің дайындықсыз сезімінде жүзеге асады, ол тіл жүйесінде морфологиялық көрсеткіштер арқылы көрініс табады.
Морфологиялық концептілер сөйлесім әрекетін реттеп, тілде көрініс табады, ал метатілдік концептілер лингвистикалық зерттеулерде тілдік құрылымындағы морфологиялық концепт ретінде сипатталады. Метатілдік морфологиялық концептілер грамматикалық теориялар дамуы барысында қалыптасып, терминологияда бекіп, ғылыми зерттеулерде, грамматикаларда қолданылды. Ф. де Соссюр сөйлесім әрекетіне қатысушылардың «дайындықсыз әрекеті» мен тілші ғалымдардың «дайындалған әрекеттерінің» арақатынасын сөз еткен болатын [8, 54 б.]. Сөйлесім әрекетіне қатысушылардың «дайындықсыз әрекеттері» морфологиялық концептосферамен байланысты, онда морфологиялық концептілер қолданады, ал тілші ғалымдардың «саналы әрекеттері» нәтижесінде морфологиялық метаконцептілер айқындалып, тілдік фактілерді сипаттау үшін қолданады.
Н.Уәли тілдік ортада
мәдени-тілдік дәстүрдің, оның нормаларының
қалыптасуына тілдік тұлға әсер ететінін
айта келіп, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сынды
жұртшылық идеал тұтатын
1) әдеби тілді
шығармашылық деңгейде
2) әдеби тілдің
ауызша, жазбаша нормаларын сақтай
білетін, ара-тұра
3) негізінен әдеби
сөйлеу тілін қолданатын, арасында
қарапайым сөйлеу тіліне тән
элементтерді қосып сөйлейтін
тілдік-мәдени тип. Сан
4) қарапайым сөйлеу
тілімен сөйлейтін, бейәдеби
Жұмысымызда ғалымның тілдік тұлғаларды жіктеуін басшылыққа ала отырып, тіл білімінің дамуына өзіндік үлес қосқан, қазақ тіліндегі грамматикалық категорияларды танып-танытуда өзіндік орны бар ғалымдарды элитарлық тілдік тұлға ретінде сипаттаймыз. Элитарлық тілдік тұлға – ұлттық тілдің жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерін толық меңгерген, оларды орынды қолданатын, лексикалық, фразеологиялық, паремиологиялық бірліктердің семантикасын жан-жақты түсініп, орнымен қолдана алатын, коммуникативті стратегиялар мен тактикаларды, вербалды және бейвербалды қатынас талаптарын толыққанды меңгерген, ұлттық тіл мен мәдениет концептосферасын құрайтын концептілердің ұғымдық, бейнелі-ассоциативтік, құндылық сипатын білетін тілдік тұлға. Зерттеуші-ғалымдар ұстанымы өз кезеңінің, белгілі бір дәуірдің, тілтанымдық білімнің деңгейімен айқындалады.
1.2 Морфологиядағы
тілдік білімнің
Концептуалды және семантикалық деңгейлердің өзара байланысы бірнеше фактілерге байланысты:
Тіл ғалам туралы білімнің қалыптасып, жинақталуында, құрылымдалуында (яғни концептуалдау үдерісінде) және концептуалды жүйенің түзіліп, кеңеюінде маңызды қызмет атқарады. Бұл семантиканың екі жақты ерекшелігіне байланысты, яғни семантика концептуалды жүйеге де, тілдік жүйеге де қатысты. Сол себепті семантика тілдік жүйе мен концептуалды жүйені байланыстырушы дәнекер іспетті болады.
Тілді меңгермей тұрып, адам белгілі бір деңгейде ғаламмен танысады, сезім мүшелері арқылы болмыстағы құбылыстардың сырын түсіне отырып, ол туралы ақпарат жинақтайды, заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Бұрынғы мәліметтер жаңадан алынған ақпараттар жүйесімен толыға отырып, адамның ғалам туралы ақпараттар жүйесі, яғни концептуалды жүйе түзіледі. Адам белгілі бір құрылымдарға жіктейтін концептуалды жүйе индивидтің танымдық қызметін бейнелейтін ғалам туралы ақпараттар жүйесі болып табылады. Концептуалды жүйе сөйлеуші санасында сақталатын, ақпараттарды өңдейтін, оларды қалыптастырып, өзара байланыстыратын, тілде қолданысқа түсіретін бірқатар механизмдерден құралған концептілер жүйесі болып табылады. Яғни концептуалды жүйе – адамның ғалам туралы түсініктер жүйесі.
Концептуалды жүйе туралы тұжырымдарды жинақтай келіп, былайша тұжыруға болады:
Концептуалды мазмұн мен тіл екіжақты байланыста болады. Тілсіз концептуалды мазмұнды талдау мүмкін емес. Себебі санадағы құбылыстарды, таным әрекеттерін тілден басқа жолдармен бейнелеу мүмкін емес. Сонымен қатар концептуалды мазмұнды талдамайынша, тілдік формалардың қолданыс ерекшеліктерін түсіндіріп беру де мүмкін емес. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары адамның ғалам туралы түсініктерімен, концептуалды жүйемен тығыз байланысты болады. Түрлі деңгейдегі концептілер мен білімнің түрлі форматтарын, білімнің ұйымдасу тәсілдерін түсіну арқылы ғана адам тілдің қолданысын толыққанды түсіне алады.