Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2015 в 13:01, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес кұндылығы деп саналады. Тіл - дүниетаным кұралы, ұғым мен пайымдаудың объективтенуі. "Әлемнің тілдегі бейнесі" көркем туындылар тілінен, яғни суреткердің тіл шеберлігінен де көрінеді. Ұлттың айнасы тіл десек, сол ұлттың айшықты тілі көркем шығармаларда көрініс тауып, сол арқылы ұлттың шынайы болмысын беруге қызмет етеді. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе иеленуімен байланысты қоғамдық өмірдің барлық саласында өрісінің кеңейіп жан-жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдік кұрылымдардың жазбаша формадағы көрінісін, нақтырақ айтқанда көркем шығарма тілін зерттеу үлкен мәнге ие болып отыр.
Кіріспе......................................................................................................................6
I Тарау. ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ-ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Шығармадағы фразеологизмдердің стильдік қызметі...................................8
1.2«Қаздар қайтып барады» шығармасы тіліндегі синоним, антоним сөздердің тілдік қолданысы.................................................................................29
1.3. Шығарма тіліндегі қос сөздердің қолданылу аясы ....................................36
II Тарау.ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі.........39
2.2 Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты(теңеу,эпитет)...43
2.3. Портрет...........................................................................................................49
Қорытынды ........................................................................................................51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................53
Білмейміні тосыннан бір күш
келді де, дүниемді астан-кестен
етті ( Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып
барады»,22 бет)
Қорыта айтқанда, Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» атты шығармасын талдау барысында 17 қайталама, 18 қосарлама қос сөз жиналды.
2. ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Шығарма тіліндегі
мақал-мәтелдердің ұлттық-
Зерттеуші-ғалым Ш.П.Қарсыбекова өзінің 2004 жылы қорғаған ‟Қазақ мақал – мәтелдерін этнолингвистикалық тұрғыда топтастырудың этнолингвистикалық принциптері” атты кандидаттық диссертациясында мынадай тұжырым жасайды: ‟этномәдени танымды айшықтайтын қазақ тіліндегі мақал – мәтелдер тек сан жағынан ғана емес, сапа, мазмұнына қарай да алуан түрлі. Оның басты себебі: ұлттық менталитетіміздің тілдегі ерекше бір жарқын, мәнді де маңызды өрнегі болып саналатын мақал–мәтелдер – қазақ этносына тән дүниетаным мен сананың айқын айғағы, халық даналығы мен философиялық толғанысының, эстетикалық танымы мен тағлым – тәлімінің, өркениеті мен мәдениетінің – барша болмысының қайнар бұлағы. Мақал-мәтелдер сан ғасырлар бойы екшеленіп, қырланған, мазмұны түрліше, сан алуан тақырыпты қамтуымен қатар, адам өмірінде, тұрмыс – тіршілікте, әр қилы қоғамдық жағдайларда кездесетін құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға. Халық арасына өте көп тараған және жалпы тіліміздің қаймағы ретінде ұзақ өмір сүретін құрамдық бөлшегі де – мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдер – шешендік өнермен туыстас жатқан сөз өрнегі[30] .
Мақал-мәтелдер – жалпы
Зерттеуші ғалым Ж.И.Исаева өзінің 2007 жылы қорғаған ‟Дүниенің паремиологиялық бейнесі (лингвомәдениеттанымдық аспект)” атты кандидаттық диссертациясында мақал – мәтелдердің зерттелуі жайында толығырақ, жүйелі түрде мәлімет береді.
Зерттеуші – ғалым С.Ғ.Қанапина ‟Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)” атты монографиялық еңбегінде паремиология жайлы былай дейді: ‟тілдің осы паремиологиялық қорында ұлттың мұң – мұқтажы мен тұрмыстық жағдайлары көрініс табады. Себебі, мақал – мәтелдер халықтың рухани өмірімен, өткен тарихымен тығыз байланысты және мақал – мәтелсіз тілдегі ұлттық нақышты, дүниенің тілдік бейнесінің ұлттық ерекшелігін толық сипаттау мүмкін емес[32].
Бүгінгі
күнде халықтың алтын тұғыры,
рухани – мәдени қазынасы
Қазақ паремиологиясының қалыптасу тарихын 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:
1)ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың 40 – 60 жылдарына дейінгі кезең қазақ мақал-мәтелдерін халық аузынан жинақтау, қағаз бетіне түсіру, жеке басылым ретінде шығару жұмыстарының жүргізілуімен сипатталады (Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Ш.Ибрагимов, М.Терентьев, Ф.Катанов, В.В.Катаринский, П.М.Мелиоранский, Н.Н.Пантусов, А.Е.Алекторов, М.Ысқақов, А.Байтұрсынов, Ө.Тұрманжанов, Б.Ақмұқанова, М.Аққозин т.б.).
2) Мақал-мәтелдердің ғылыми айналымға түскен кезеңі. М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Б.Адамбаев, М.Әлімбаев, Н.Төреқұлов, Т.Кәкішов, З.Қабдолов, М.Базарбаев, С.Қасқабасов, С.Нұрышов, Б.Ақмұқанова т.б. әдебиетші ғалымдар зерттеулерінде қазақ мақал-мәтелдерінің әдеби табиғаты, Р.Сәрсенбаев, Ә.Қайдар, Б.Шалбаев, Ө.Айтбаев, М.Мұқанов, З.Ерназарова, Қ.Бейсенов, Ғ.Тұрабаева, А.Нұрмаханов, С.Сәтенова, Д.Бегалықызы, Б.Сағын, С.Қанапина т.б. тілші – мамандар зерттеулерінде тілдік ерекшеліктері сөз болды[38].
ХХ ғасырда қазақ лингвистикасында үстемдік еткен құрылымдық – жүйелілік парадигма аясындағы зерттеулерде мақал-мәтелдер фразеологияның шеңберінде лексика – семантикалық, лексика – грамматикалық, құрамдық – құрылымдық, стилистикалық тұрғыдан зерттеліп, олардың жалпы құрамдық, мағыналық заңдылықтары мен іштей жіктелу принциптері, узуальды және окказиональды қолданысы мен стильдік мәнері, шығу төркіні мен тілара ауыс – түйістігі, көркемдік – поэтикалық табиғаты, ауыспалы – идиомалық мағыналары, эмоционалды – экспрессивтік реңкі т.б. мәселелер қарастырылды.
3) ХХІ ғасыр тіл білімінде мақал-мәтелдер паремиологияның зерттеу нысанына айналып, анторпоцентристік бағытта қарастырылуда.
Зерттеушілер мақал-мәтелдер, яғни паремиялар предикативтік типтегі кешенді сөйлесімдік құрылымдар ретінде фразеологияның шеңберінде емес, тілтанымдық дербес пән – паремиологияның зерттеу объектісі ретінде қарастырылуы қажет екенін айтады [41].
Қазақ паремиологиясының
антрополингвистикалық
Қазақтың белгілі паремиолог – ғалымы Ә.Қайдар мақал-мәтел туралы былай дейді: ‟Қазақ мақал-мәтелдерінің халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысын танып білуде дүниетанымдық, логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте зор. Себебі, дүниеде, қоғамда, табиғатта қалыптасқан құбылыстардың бәріне мақал-мәтелдердің қатысы бар. Дүние болмысының өзінде о бастан – ақ қалыптасқан табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай шоғырландырып қарағанда ғана көрінеді”. Сондықтан академик Ә.Қайдар оларды шартты түрде ‟Адам”, ‟Қоғам” және ‟Табиғат” деп атауды ұсынады. Бұлай үш салаға бөліп қараудың ұстанған принципі – барлық құбылысты түгел қамту дегендік деп түсінеміз[44].
Түркі халықтары мақал-мәтелдерді ‟аталар сөзі”, ‟даналық сөздер”, ‟нақыл сөздер”, ‟асыл сөздер” деп атап, ‟Ақылың бар ма – ақылға ер, ақылың жоқ па – нақылға ер”, ‟Атаңның сақалына қарама, айтқан мақалына қара”, ‟Мақал-мәтел мардан сөз” деуі – халықтың берген әділ бағасы.
Мақал-мәтелдер айтылатын ойдың бағытына қарай – тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, тыңдаушысына ой салады .
«Түз несібесі-тәңірден»- қазақ жүргенге жүрге ретінде ішінде деп ,несібесін алыстан еңбектеуден күткен . Еңбектенген адамға тәңірде сұрағаның береді. Мейлі,қамықпа,есің барда еліңді тапсаң болғаны..
( Қ.Жұмаділов «Қаздар
қайтып барады»,17 бет)
–Е,жігіттер, «заман екі келмейді,өгіз
аттай желмейді» (Қ.Жұмаділов «Қаздар
қайтып барады»,20 бет)
«Заман екі келмейді,өгіз
– «Атақты ұры аштан өліп,
–Оқи бер,шырағым,ұлы сөзде
«Інген ыңғай білдірмесе,буыршы
Қанаттыға қақтырмай,
«Аяз мүйізді қысса,мүйіз
Сырты бүтін,іші түтін бір
«Бір жоқты бір жоқ табады» дейді қазақ. («Қаздар қайтып барады»,75 бет) «Жібекті түте білмеген жүн етеді» дегенді қазекең осындайда айтса керек(« Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»,76 бет)
«Cонымен бірге «тіршілікте –
Шығармадағы эпитеттер бейнелі сөз арқылы келіп, романның әсерлік қуатын күшейтіп тұр. Жазушы сөзді құлпыртып, ойната отырып, эпитет арқылы жүрек толғанатын, адамның жан-дүниесіне әсер ететін сөз тіркестерін көркем, бейнелі образдар тудыруға қолданған.
«Ер жаңылып қолға түседі, құс жаңылып торға түседі» деген бар. Болар іс болды, енді жасымайық (« Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»,76 бет) -1.тура. өмір бақи жем іздеумен жүретін құс табиғи соқыр сезіммен әрекет етеді, ал ол күндердің күнінде торға түссе, түсейін деп түспейді, тәжірибесінің аздығынан, жаңылғандықтан түседі; 2. ауыс. адам да қателесіп барып әбестік істейді демекші
Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді(« Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»,78 бет) ауыс. Екі істі, немесе бірнеше істі бірден қолына алып, әрекеттенуші адамның бір істің де үдесінен шыға алмай, әрі - сәрі болуы ықтимал
«Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал алдынан шығып сәлем береді» дейді екен»-себебі: бұл халқымыздың қанына сінген қасиет,біздің қазақ қонақтың жасына қарамаған. Кім келсе де есіктері ашық, дастархандары жаюлы болған («Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады», 87 бет).
«Жол ақысы - жүрмек» деген. Қозғалайық!»-себебі: жолға шыққан жолаушының жолынан қалдырмау керек (« Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» 95бет).
«Ездің қойнында жатқанша, ердің
аяғын құш» дегенді бұрынғылар
- ауыс. қасыңдағы жарың, досыңның адам сүйерлік құлқы болмаса, жаныңдағы адамгершілігі бар, ел қамын ойлайтын адамның құлы бол деген мағынада айтылған.
Жазушы эпитет қолданудағы жаңашылдығы, тың сөздерді тудырып, құлпыртып немесе тереңнен, ұқсас құбылыс және заман сипатына сәйкес ұғымды білдіретін жайларды суреттеп, жаңа тіл шұрайлылығын, сөз сұлулығын, ой ұшқырлығын, сезім тұңғиығынан шыққан сөздерді қолданудағы тапқырлығына тәнті боласың.
Жазушы шығармасында кейіпкердің ішкі тебіренісін суреттей отырып, белгілі бір тұжырымды кейіпкерге жасатады және авторлық баяндауда береді.
Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» шығарма тілін талдау барысында 18 мақал-мәтел теріліп, талдауға түсті.
2.2 Көркемдегіш тәсілдердің
этнолингвистикалық сипаты(
Белгілі бір
халықтың көркем әдебиеті
Түрдің өзінің көріну тәсілдері, жүзеге асу жолдары, өмір сүру заңдылықтары болады. Сол түрдің көріну тәсілдерінің бірі – теңеу категориясы. Теңеу категориясы – бүкіл бейнелеу, көркемдеу тәсілдерінің ішіндегі ең бастысы, ең пәрмендісі. Бейнелеу тәсілдерінің барлығы да бастауын осы теңеуден алады [47] .
Зерттеуші – ғалым Есқараева А.Д. өзінің ‟З.Шүкіровтің поэзиялық шығармаларындағы метафоралық қолданыстар” атты диссертациясында:
Информация о работе Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі