Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2015 в 13:01, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес кұндылығы деп саналады. Тіл - дүниетаным кұралы, ұғым мен пайымдаудың объективтенуі. "Әлемнің тілдегі бейнесі" көркем туындылар тілінен, яғни суреткердің тіл шеберлігінен де көрінеді. Ұлттың айнасы тіл десек, сол ұлттың айшықты тілі көркем шығармаларда көрініс тауып, сол арқылы ұлттың шынайы болмысын беруге қызмет етеді. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе иеленуімен байланысты қоғамдық өмірдің барлық саласында өрісінің кеңейіп жан-жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдік кұрылымдардың жазбаша формадағы көрінісін, нақтырақ айтқанда көркем шығарма тілін зерттеу үлкен мәнге ие болып отыр.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................6

I Тарау. ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ-ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІГІ

1.1 Шығармадағы фразеологизмдердің стильдік қызметі...................................8

1.2«Қаздар қайтып барады» шығармасы тіліндегі синоним, антоним сөздердің тілдік қолданысы.................................................................................29

1.3. Шығарма тіліндегі қос сөздердің қолданылу аясы ....................................36

II Тарау.ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі.........39

2.2 Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты(теңеу,эпитет)...43
2.3. Портрет...........................................................................................................49

Қорытынды ........................................................................................................51

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................53

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная работа.doc

— 347.00 Кб (Скачать документ)

Тырнағына да тұрмау-түкке жаратпады,менсінбеу деген мағынада [ ҚТФС, 290 бет].

       Үнемі  болмаса да ауылдастарының тырнағын  жібітіп,сорпа-судан кенде қылмаған («Қаздар қайтып барады»,11 бет)

Тырнағын жібіту-бір нәрсеге қолы жетті деген мағынада[ҚТФС , 291 бет].

Сорпа-судан кенде қылмау-жұрттан кем қылмау [ ҚТФС ,257  бет].

        «Әттең,Шекер-ай,сен  де Асылқанның тырнағына ілініп  пе ең? («Қаздар қайтып барады»,27 бет)

Тырнағына іліну-бір нәрсеге қолы жетті [ ҚТФС, 290 бет].

 

                        

 

 

Жалпы соматикалық атаулар

 

          Қарттың иегі кемсеңдеп,бет-әлпеті  бұзылып кетті(«Қаздар қайтып  барады»,11 бет)

Иегі кемсеңдеу-дәмеленді,дәме етті,үміттенді [ ҚТФС , 130 бет].

          Сонан соң оқ тиген аңдай  ыңыранып,етпетінен аунап түсті  де,өзегі өртеніп бара жатқандай  жанталасып,қолына ілінген шөпті  жұла берді («Қаздар қайтып барады»,11 бет)

Өзегі өртену-күйінді,қатты қайғырды,қапаланды  [ ҚТФС ,235 бет].

          «Шал ендігі қалған аз өмірін бір игілікті іске жұмсауға бел байлады» («Қаздар қайтып барады»,14 бет)

Бел байлау-бір нәрсені істеуге шындап кірісті,тәуекел етті [ ҚТФС, 63 бет].

        «Жеттім-ау ақыры, - деді ол көкірегі қарс айырылып,мынау дәу де болса, «Көкөзек» колхозының орталығы болар» («Қаздар қайтып барады»,

15 бет)

Көкірегі қарс айырылу- уайымдады,қайғырды,қасірет шекті деген мағынада

[ҚТФС ,150 бет].

         «Қарт тұла бойының қан қақсап  ауырғанына қарамай,тістеніп,бар  қайратын жинап,тағы да алға жылжыды» («Қаздар қайтып барады»,15 бет)

Қан қақсап ауыру- қатты солқылдап,жанға бата ауырды,зар илетті деген мағынада [ ҚТФС ,175 бет].

         Бірақ ескі қыстаудың тұсына келгенде,дымы құрып,әрі қарай жүруге халі келмеді («Қаздар қайтып барады»,16 бет)

Дымы құру-жүйкеледі,шаршады,сілесі қатты деген мағынада [ ҚТФС,87 бет].

        Бүкіл  тұла бойының талып шаршағаны  соншалық,ештеңені ойлауға да  зауқы соқпады. («Қаздар қайтып  барады»,16 бет)

Зауқы соқпау-тәбеті болмау,көңілі соқпау,ықыласы түспеу деген мағынада.

[ҚТФС,127 бет].

         Ал,енді көздеген жеріне жетіп,арқасы  кеңіген соң,сүйектері сырқырап  қоя берді («Қаздар қайтып барады»,16 бет)

Арқасы кеңу-асықпады,саспады,жайбарақатқа салынды [ ҚТФС, 29 бет].

       Бейне  бұрауы таусылған ойыншықтай буын-буыны босап,өне бойы салдырап бос қалды(«Қаздар қайтып барады»,16 бет)

Буын-буыны босау-күші кетті,әлсіреді деген мағынада [ ҚТФС, 72 бет].

          Ішіміздегі басының дымы кеппеген,жастауы  мен едім(«Қаздар қайтып барады»,18 бет)

Басының дымы кеппеу-есі жимаған,ақылын жинақтай алмаған мағынасында

[ҚТФС,69 бет].

         Басқаларымыз болымсыз нәрсеге  қызыл кеңірдек боп,қырқысып жатқанда,ол  бір шетте елеусіз ғана отырар  еді. («Қаздар қайтып барады»,

19 бет)

Қызыл кеңірдек болу-таласып дауласты,керілдесті,жанжалдасып керісті [ҚТФС, 204 бет].

         Барлық қызық соның қасында  тұрғандай,ол сыланып бір жаққа  жиналып жатқанда,ауызым аңқайып  қарап қалам(«Қаздар қайтып барады»,20 бет)

Ауызым аңқайып қарап қалу-үлесінен құр қалды,сыбағадан айрылды,жер соқтырып алдап кетті [ҚТФС, 36 бет].

         Бұл сөз менің көкейіме қона кетеді («Қаздар қайтып барады»,20 бет)

Көкейіме қона кетеді-өте ұнады,миға қонып кетті,толық ұқты деген мағынада [ҚТФС, 148 бет].

           Жігіттер,мені қай сайтан түртті  екен? –деп санын соғады («Қаздар қайтып барады»,21 бет)

Санын соқтыру-қатты өкінді,алданып,опық жеді деген мағынада[ҚТФС, 250 бет].

           Мұны көрген Асылқан былай шыға бере,менің құлақ етімді жейді («Қаздар қайтып барады»,21 бет)

Құлақ етін жеу-мазасын қашыру,алу деген мағынада[ ҚТФС, 198 бет].

          Үндемей жүріп мықты шықтың-ау,Қажеке,-дейді  Асқар екі езуі құлағына жетіп («Қаздар қайтып барады»,24 бет)

Екі езуі құлағына жету-өте көңілді,көңілі көтеріңкі,қуанышты,мәз-мейрам болу деген мағынада[ ҚТФС, 88 бет].

       Қажымды ойласам,қабырғам сөгіледі («Қаздар қайтып барады»,27 бет)

Қабырғасы сөгілу-берекесі кетті,быт-шыт болды деген мағынада [ҚТФС,167 бет].

        Мен бейбақ беттің арын белбеуге түйіп Шекерге де бардым-ау («Қаздар қайтып барады»,27 бет)

Арын белбеуге түю-кісілігіне кір келтірмеу,қорламау,ұятқа қалдырмау деген мағынада [ҚТФС, 31 бет].

        Жылысып сыртқа шықтым да, басым ауған жаққа кете бардым («Қаздар қайтып барады», 27 бет)

Басын ауған жаққа кету-қайда болса сонда,бағытсыз жүре беру,қаңғырып кету [ҚТФС, 57 бет].                                                   

          Емтиханнан әбден ұрынып шыққан  бетімде жүдеңкіреп келіп ем,аз  күн ішінде құйқам қалыңдап,бетіме  қан жүгіріп қалды («Қаздар қайтып  барады»,33 бет)

Бетіме қан жүгірді-өңі келу,жақсару деген мағынада[ ҚТФС,67 бет].

          Қаным бұрқ етіп басыма шапшыды («Қаздар қайтып барады»,28 бет)

Басыма шапшу-басыма шықты,жайбарақаттанды деген мағынада [ҚТФС, 67 бет].

        Мақпал  мырс етіп,-он болмаса да,екеу-үшеуінің  басына су құйды емес пе осы?... («Қаздар қайтып барады»,38 бет)

Басына су құйды-алдап кетті деген мағынада [ҚТФС,60 бет].

        Әлгі  Дәметкен кет дегендей болып  еді,сиырына сақтағаны бар ма  қалай?-деп рұқсат сұрағандай,езуі  жайылып күліп қойды(«Қаздар қайтып барады»,40 бет)

Езуі жайылды-күлімсіреді,күле берді,ұзақ уақыт күлкісі тыйылмады[ҚТФС, 89бет].

        Мүмкін,бағы  жанып қаладағы көп оқудың  біріне түсіп кетер деген үмітпен  ел қатарлы институтқа аттандырып  еді, «құлап» келді(«Қаздар қайтып  барады»,41 бет)

Бағы жанды-маңдайы ашылды,ырысы тасыды  [ҚТФС, 51 бет].

      Есі шыққан  Дүйсенбай өз құлағына өзі  сенбей аңырап отырып қалған («Қаздар  қайтып барады»,46 бет)

Өз құлағына өзі сенбеу-айтқан сөздерге сенімсіздік таныту деген мағынада [ҚТФС,236 бет].

         Бірақ бастық тіс жарар емес («Қаздар қайтып барады»,49 бет)

Тіс жармау-үн-түнсіз қалды,үндемеді,ләм-мим демеді [ҚТФС,296 бет].

        Осы  ауылдағы тәжірибелі,естияр шофер  сен көрінесің,-деген ол совхозға  келген күннің ертеңінде Садықты  шақыртып алып,-өз машинамның тізгінін саған ұстатайын деп отырмын («Қаздар қайтып барады»,49 бет)

Тізгінін ұстату-билік тиді,ерік өз қолына келді [ҚТФС,292 бет].

       «Шофер  дегеннің көрген күні осы,-деді  ол өз өміріне көңілі толмай («Қаздар қайтып барады»,50 бет)

Көңілі толмау-жақтырмау,ұнатпау,көңілінен шықпау деген мағынада [ҚТФС, 154бет].

         Мынау ұшы-қиыры жоқ,жапан дүзде қойын қаптатып жіберіп,тізгінін бос тастап,ілби беріпті жарықтық («Қаздар қайтып барады»,50 бет)

Тізгінін бос ұстау-ерік берді,ырық берді деген мағынада [ҚТФС, 292 бет].

         Оның соңында қазір қабырғасы  қатып,бұғанасы бекіген жүздеген  ғылыми қызметкерлері,талантты  шәкірт інілері бар(«Қаздар қайтып  барады»,74 бет)

Қабырғасы қату-ер жетіп,буыны бекіді,есейді [ҚТФС,167  бет].

Ол көкірегін кере тыныс алды («Қаздар қайтып барады»,58 бет)

Көкірегін кере тыныс алу-мақтанды,менменсінді,мастанды [ҚТФС, 151бет].

         Көне қыпшақ мәдениетін зерттеп,аяғынан  тік тұрғызу арманы-Әлекеннің  бүкіл ғылыми жұмысының өне  бойында қызыл жіптей созылып  отырады («Қаздар қайтып барады»,71 бет)

Аяғынан тік тұрды-құрмет көрсетті,төбесінен тік тұрып қарсы алды [ҚТФС, 44  бет].

        Сол бір жаны кеудесіне сыймай тұрған албырт балалық шақты қарт академик бұл күнде аса бір ыстық толқынмен еске алады («Қаздар қайтып барады»,68 бет)

Жаны кеудесіне сыймады-қатты қуанды,қуанышы қойнына сыймады [ҚТФС,104  бет].

         Кейін біле жатар,жан жарасын тырнай беріп керегі не? («Қаздар қайтып барады», 27 бет)

Жан жарасын тырнау-қайғылы,күйікті еске алу деген мағынада [ҚТФС,104 бет].

       Шілде  айының жайма-шуақ бір күнінде,мен  Көктөбенің бауырындағы Әлекеңнің  дачасына қарай бет түзедім («Қаздар  қайтып барады»,64 бет)

Бет түзеу-бет алды,бет қойды,алған бағытына қарай тура жүрді [ҚТФС, 66 бет].

      Өзіміз қоян-қолтық араласып жүрген осы өмір жайында,бүгінгі замандас хақында бірдеңе жазғың келеді («Қаздар қайтып барады»,64 бет)

Қоян-қолтық араласу-өте тығыз,мидай араласты деген мағынада [ҚТФС, 194  бет].

      Бірақ қолыңа қалам ұстар алдында «осыным-саусақтан сору болмас па екен» деп әлденеден қысылып қорғанасың(«Қаздар қайтып барады»,64 бет)

Саусақтан сору-өкіндіру,арта қалу деген мағынада[ ҚТФС,253 бет].

       Қаныш,Мұхтар,Әлкей үшеуінің иық сүйесіп қатар отырғанын көргенде,университеттің бірінші курсына жаңа түскен көкірегімді бір ғажайып мақтаныш сезімі кернегені әлі күнге дейін жадымда («Қаздар қайтып барады»,66 бет)

Иық сүйесу-селбесті,екі жақ бірігіп әрекет етті,бір-біріне көмек берді,демеу болды [ҚТФС, 134  бет].

 

Сандық фразеологизмдер

           Асқарға үш қайнатса сорпасы қосылмайтын  Асылқан бір бөлек жан («Қаздар қайтып барады»,18 бет)                                                                                   Үш қайнатса сорпасы қосылмайтын-бірімен-бірі жуыспайды,мүлде бөлек [ҚТФС, 742  бет].

              Қ.Жұмаділов шығармада тұрақты тіркес қорынан ең қажеттісін таңдай отырып, оларды түрлендіреді, оларға қосымша мағына үстейді, өзінің мазмұндап отырған оқиғасына байланысты тұрақты тіркестердің ойға сай болуын ажарлайды да, атқаратын қызметін түрлендіре түседі, бірақ тіл заңдылықтарын еш уақытта ұмытпаған.

        Қ.Жұмаділовтің  «Қаздар қайтып барады» шығармасын талдау барысында 176 фразеологизм теріліп, талдауға түсті. Соматикалық атаулар негізінде жасалған фразеологизмдер (тіл, көз, жүрек, қол),  жалпы соматикалық атаулар, ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер, сндық фразеологизмдер, қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер, бейтарап және кітаби фразеологизмдер деп бөлінді.

 

                 

                         1.2. «Қаздар қайтып барады» шығармасы тіліндегі синоним,           

                                             антоним сөздердің  тілдік қолданысы

 

            Тілдегі синонимдер бір-бірінен  не мағыналық жағынан не стильдік  мәні жағынан өзгешеленіп, біріңғай  болып келе бермейді. Олар кейде әрі мағыналық,әрі стильдік белгілері арқылы ерекшеленеді.

Жазушы шығармасында, бір-біріне жарығын түсіріп тұрған семантикалық-стильдік сипаты бар сөздерді, прозада түр беретін антонимдерді шығарма  тілінде қолданудың маңызы ерекше[18] .

           Сөздің дыбысталуы мен мағынасы жағынан салыстырып қарағанда, синоним омонимге қарама-қарсы тұрған лексикалық-семантикалық тілдік құбылыстар.Омонимдер ұғымы басқа, дыбысталуы бірдей бірнеше сөздер тобын білдірсе, ұғымы бір, әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобын қамтиды.Синонимдер бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір ғана сөз табына қатысты болады[23,104бет].Белгілі ғалым Рәбиға Сыздық синонимге мынадай анықтама береді: «Синонимдер дегендер – тек мағыналас келген сөз қатарлары ретінде лексикалық категория ғана емес, қолданыста, әсіресе көркем сөзде қуатты, икемді, актив стильді құрал.Синонимдерді көріктеуіш қызметте жұмсау, әсіресе поэзияда кең орын алады».

         Белгілі  ғалым Мұсаев синонимдерге мынадай  анықтама береді: «Басқаша жазылып, бір мағынаны білдіретін сөздерді синоним дейміз деген анықтама дәл емес, синоним дегеніміз – мағынасы жақын болғандықтан белгілі контексте бірін-бірі алмастыруға жарайтын сөздер. Сонымен синонимдер бір мағынадағы сөздер емес, мағыналары бір-біріне жақын сөздер екен»[20, 25бет].

          Қазақ  тіліндегі синонимдер мағынасы  мен қолданысына қарай 3 түрге  бөлінеді:

1.Мағыналық синонимдер деп әрқайсысының  өзіне тән мағыналық реңкі  бар, стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада талғаусыз  қолданыла беретін синонимдер.

2.Стильдік синонимдер деп мағынасы  жағынан ұқсас болса да, стильдік  жағынан бір-бірінен өзгешеленетін  синонимдер.

3. Мағыналық – стильдік синонимдер  деп әрі мағыналық, әрі стильдік  белгілері арқылы ерекшеленетін  синонимдер. 

          Жалпы  сын есім синонимдерді білдіретін мағыналарына байланысты бірнеше топқа бөлуге болады.

                      1. Адамға қатысты айтылатын сын  есім синонимдер:

а) Адамның мінез – құлқына байланысты синонимдер: мейірімді – қайырымды – рақымды, ұшқалақ – күйгелек – жеңілтек, ашушаң – ашуланшақ, сотқар – бұзақы – тентек, т.б.

ә) Адамның жеке басындағы қасиеттеріне байланысты синонимдер: шешен – сөзшең – ділмәр, сөзуар – мылжың, дарынды – талантты – талапты, табанды – тұрақты – орнықты, т.б.

б) Адамның қоғамдық ортадағы орнына байланысты синонимдер: беделді – абыройлы, атақты – даңқты – әйгілі – белгілі, епті – икемді, әлді – ауқатты – бай – дәулетті, көнтерлі – көнбіс, т.б.

в) Адамның табиғатпен және қоғамдық – әлеуметтік өмірмен қарым – қатынасына байланысты синонимдер: азат – ерікті – еркін – тәуелсіз, діншіл – құдайшыл, тілектес – тілеулес, адал – ақ – пәк, жетім – панасыз, т.б.

г) Адамның денсаулығы мен мүшелік кемшіліктеріне байланысты синонимдер: науқас – аурушаң, кемтар – жарымжан – мүгедек – ғаріп, ақсақ – шойнақ – сылтыма, соқыр – әз – көрсоқыр, т.б.

                  2. Адам мен жан – жануарларға  қатысты айтылатын сын есім  синонимдер: арық – көтерем – көкбақа, мешкей – жалмауыз, тойымсыз – ашқарақ – қомағай, бұралқы – қаңғыбас, жабайы – тағы, т.б.

                   3. Барлық жанды – жансыз заттарға қатысты айтылатын сын есім синонимдер: бағалы – құнды – қымбат, қажет – керек – зәру – ділгір, терең – тұңғиық – шыңырау, ескі – көне – бағзы – баяғы – ежелгі – бұрынғы, дайын – әзір, аласа – тапал – кішкене – қысқа, т.б .

Информация о работе Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі