Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2015 в 13:01, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес кұндылығы деп саналады. Тіл - дүниетаным кұралы, ұғым мен пайымдаудың объективтенуі. "Әлемнің тілдегі бейнесі" көркем туындылар тілінен, яғни суреткердің тіл шеберлігінен де көрінеді. Ұлттың айнасы тіл десек, сол ұлттың айшықты тілі көркем шығармаларда көрініс тауып, сол арқылы ұлттың шынайы болмысын беруге қызмет етеді. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе иеленуімен байланысты қоғамдық өмірдің барлық саласында өрісінің кеңейіп жан-жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдік кұрылымдардың жазбаша формадағы көрінісін, нақтырақ айтқанда көркем шығарма тілін зерттеу үлкен мәнге ие болып отыр.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................6

I Тарау. ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ-ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІГІ

1.1 Шығармадағы фразеологизмдердің стильдік қызметі...................................8

1.2«Қаздар қайтып барады» шығармасы тіліндегі синоним, антоним сөздердің тілдік қолданысы.................................................................................29

1.3. Шығарма тіліндегі қос сөздердің қолданылу аясы ....................................36

II Тарау.ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі.........39

2.2 Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты(теңеу,эпитет)...43
2.3. Портрет...........................................................................................................49

Қорытынды ........................................................................................................51

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................53

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная работа.doc

— 347.00 Кб (Скачать документ)

Зәресі қалмады-  қатты қорықты,шошынды деген мағынада [ҚТФС, 294 бет].

 

  • Ә,Болат,сен екенсің ғой,-деді түсін жылытып,-неге ерте жүрсің,

жай ма? («Қаздар қайтып барады»,28 бет)

Түсін жылыту-жарқын жүзбен қарау деген мағынада  [ҚТФС, 291 бет].

Үмітім үзіліп,тауым қайтып қалды («Қаздар қайтып барады»,28 бет)

Үмітім үзілді-күдер үзе түңілді;болды-ау деген ойынан шықпады [ҚТФС, 133 бет].

 

           Сол баяғы қалпы,иненің көзінен  өтеді...(« Қаздар қайтып барады»,

29 бет)

 Иненің көзінен өтеді-пысық,қайдан болса да тесіп шығатын кісі әрекеті туралы [ҚТФС , 133 бет].

 

      -Оған  бола еңсенді түсірме,-деді қасыңдағы  кісі машинаға жақындағанда  («Қаздар  қайтып барады»,48 бет)

Еңсені түсірмеу-аңсамау,сағынбау,ұнжырғасын түсірмеу деген мағынада [ҚТФС, 92 бет].

 

Ұяттан кірерге тесік таба алмадық («Қаздар қайтып барады»,52 бет)

Кірерге есік таба алмау-ұялу,қысылу деген мағынада [ ҚТФС, 162 бет].

 

           Үкіметтің жұмысы сендерсіз де  қараң қалмайды,-деді қалшылдап («Қаздар  қайтып барады»,52 бет)

Қараң қалмау-жоғал,құры деген мағынада  [ҚТФС, 180 бет].

 

         Етектен тартқаннан басқаны білесіңдер  ме,түге? («Қаздар қайтып барады»,52 бет)

Етектен тарту-шалғайдан тартты,ілгері бастырмады [ ҚТФС, 96 бет].

 

Қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер

 

           Ауызекі  сөйлеу стиліндегі фразеологизмдер  сияқты қарапайым сөйлеу тіліндегі  фразеологиялық тұлғалар да сөйлеу  тіліндегі тіркестер.Бірақ бұл  қабаттағылар,өзіндік экпрессиясымен,эмоционалдығымен,бағалауыштық  қасиетімен ерекшеленіп тұрады.Бұған дөрекі,кекесін сөзбен айтылатын фразеологизмдер жатады[13].

       Тек тілі аузына сыймай,шөл әкетіп барады («Қаздар қайтып барады»,6 бет)                                                                                                                                     Тілі аузына сыймай-қатты аңқап шөлдеді,сусады  [ҚТФС , 294 бет].            

        Солармен шүйіркелесіп,тілін таба білу керек. («Қаздар қайтып барады»,76 бет)                     

Тілін таба білу-қисынын келтірді,жөнін тапты [ҚТФС, 294  бет].                        

         Жаппай сауаттану,жаппай ояну заманы салтанат құрды («Дала «Қаздар қайтып барады»,68 бет)                                                                                                       Салтанат құру-жарастықты сән түзеді [ҚТФС, 250  бет].

        Жаңа төлдің басындай болған өнерлі жас қауым сейіл,серуен кештерінде,Ертіс бойлап,сауық құрып,таң атқанша Абай әндерін шырқар едік,-дейді Әлекең сол бір бозбалалық,жастық дәуренді сағына еске алып («Қаздар қайтып барады»,69 бет)                                                                                             Сауық құру-қызықты думан жасады,көңіл көтерді  [ҚТФС, 252  бет].                           

        Қонақта,сауық кештерде үнемі жұп жазбай қатар жүретін («Қаздар қайтып барады»,71 бет)                                                                                                               Жұп жазбау-айырылмау,қасынан кетпеу деген мағынада  [ҚТФС, 118  бет].     

        Студент шағында көркем аударма жасауға да ат салысты  («Қаздар қайтып барады»,71 бет)                                                                                                                 Ат салысу-көмектесті,жәрдемдесті,белсене қатысты  [ҚТФС, 36  бет].   

          -Қой,әлден олай деп күдер үзбе,жай  бір көңіл күйі жоқ кезде  барғансың ғой («Қаздар қайтып  барады»,25 бет)                                                                                  Күдер үзбеу-көңілі суымау,сенімін жоғалту,тілегі кесілмеу деген мағынада. [ҚТФС,158 бет].                                                                                                                 

          Әлдекімді пір тұтып табынасың,қиялдың  ғажайып көркіне бөлеп,көкке көтересің («Қаздар қайтып барады», 26 бет)                                                     Көкке көтеру-жоғары шарықтау,аспанға ұшыру деген мағынада [ҚТФС, 148 бет].                                                                                                                             

          Алқымыма бірдеме тіреліп,көзіме  жас толып кетті («Қаздар қайтып  барады»,27 бет)                                                                                                               Алқымына бірдеме тірелу-қыспаққа алды,апшысын қуырды,тығырыққа таяды [ҚТФС, 22 бет].

 

Соматикалық атаулар негізінде жасалған фразеологизмдер

 

         Соматизмдер дегеніміз-адамның дене мүшелерінің атауы.Соматикалық фразеологизмдерге қазақ тілі өте бай.Лексикографтардың пікірінше,кез келген тілдің фразеологиялық қорының 30% соматикалық тіркестер құрайды.І.Кеңесбаев сөздігінде 630-дан аса соматикалық фраземалар тіркелген.

 

Көз

       Осынау өлкеге келіп тұрғаным шын ба,өтірік пе дегендей айналасына тағы бір рет көз жіберді де,бастаудың басына келді («Қаздар қайтып барады»,16 бет)

Көз жіберу-шолып қарады,шола іздеді деген мағынада [ҚТФС, 143 бет].

 

       Сол бетімен қанша қуғаны белгісіз,бір заматта түлкі қалың жынысқа енді де,көз жаздырып кетті  («Қаздар қайтып барады»,17 бет)

 Көз жаздырып кету-ізінен адасты,қарасынан қол үзді,қапелімде айырылып қалды,жоғалтты деген мағынада [ҚТФС, 142бет].

 

          -Алматы көктемі қандай әсем!Бұрын не қып байқамағам?! Көкірек көзім енді ашылғандай... («Қаздар қайтып барады», 24 бет)

Көкірек көзі ашылу-сана-сезімі оянды,көңілі ашылды,зерделі болды деген мағынада [ҚТФС, 150 бет].

 

       Бақытсыз махаббат құрбандарына,кемінде,оныншы рет көз тігіп отырған шығармын... («Қаздар қайтып барады»,26 бет)

Көз тігу-қадала қарады,тесіле қарады [ҚТФС, 144 бет].

 

        Өз  көзіме өзім сенбей,сенделіп тұрып  қалдым. («Қаздар қайтып барады»,27 бет)

Өз көзіне өзі сенбеу-таң қалу,таңырқау,сенімсіздік таныту деген мағынада. [ҚТФС, 236 бет].

 

        Заманның дүрбелең шағында әкем жалғыз әпкесінен көз жазып қалған екен  («Қаздар қайтып барады»,29 бет)

Көз жазып қалды- ізінен адасты,қарасынан қол үзді,қапелімде айырылып  қалды,жоғалтты [ҚТФС, 142 бет].

 

           -Еркек болғанда,шіркін,заман осынікі  ғой,-деп Құрманның көзі жайнап  кетті  («Қаздар қайтып барады»,38 бет)

Көзі жайнады-телміре,мүсәпірси қарады[ ҚТФС, 145 бет]. 

 

        -Бригадир  қайда?-деді тұрғындарды көзімен  тінтіп («Қаздар қайтып барады», 51 бет)

Көзімен тінту-отты көзін қадады,тесіле,үңіле қарады  [ҚТФС, 145 бет].

 

          Сонан соң көзінің қиығымен  Жанбаевқа қарады («Қаздар қайтып  барады»,53 бет)

Көзінің қиығымен қарау-күмәндану,сенімсіздік таныту  [ҚТФС, 144 бет].

Қас пен көздің арасында лып етіп қайта жетіп келеді де, «осы оқып қойған жоқ па екен» дегендей жалтақтап кітапқа қарайды («Қаздар қайтып барады»,35 бет)

Қас пен көздің арасында-лезде,тез,жылдам,көзді ашып-жұмғанша [ҚТФС, 185 бет].

 

        Елемістің  де қабағы кірбең тартып,жиі күрсінетін болды(«Қаздар қайтып барады»,36 бет)

Қабағы кірбең тарту-ренжіді,көңілі жабықты,жабырқады [ҚТФС, 164 бет].

 

          Екі көзі төбедегі бір ноқатқа  қадалып қалған,кірпік қақпайды. («Қаздар қайтып барады»,27 бет)

Кірпік қақпау-ұйықтамады,көз жұмбады деген мағынада  [ҚТФС,164 бет].

 

         Мен жадыма сақтап қалғым келіп,Әлекеңнен  көпке дейін көз алмай қарап  отырдым («Қаздар қайтып барады»,67 бет)

Көз алмау-тесіле қарады,үңілді деген мағынада[ ҚТФС, 140  бет].

 

         Сырым қаптаған жұртты көзімен тінтіп,бүкіл залды айналып шықты («Қаздар қайтып барады»,62 бет)    

Көзімен тінту-бұл жерде көптеп,лек-легімен деген мағынада  [ҚТФС,145  бет].

 

         Қарт немересімен екеуі қаздар  тобы көзден ғайып болып,аспан  тұңғиығына сіңіп кеткенше кірпік қақпай қарап тұрды («Қаздар қайтып барады»,13 бет)

Кірпік қақпау-көз айырмай қарады,тыңдады деген мағынада  [ҚТФС , 164 бет].

         Көзі ілініп бара жатып,әлсін-әлі  шошып ояна берген («Қаздар қайтып  барады»,8 бет)

Көзі ілініп бара жатып- ұйқысы келу,ұйықтау,шаршау деген мағынада  [ҚТФС ,145 бет].

 

         -Өлтіресің бе..көзіңе қарасайшы,-деп  қалды Жанбаев мұны оқты көзімен  атып («Қаздар қайтып барады»,53 бет)

Оқты көзімен ату-ашулану,үрейлене қарау деген мағынада [ҚТФС,228  бет].

 

Тіл

        Қаталап,тілі аузына сыймай келіп еді,саптаяғымен су іліп алып,сіміре жұтты («Қаздар қайтып барады»,10 бет)

Тілі аузына сыймай- қатты аңқап шөлдеді,сусады [ҚТФС ,294 бет].

 

         Үйіне жиі келгіштеп,бір ауыз тіл қатпай,соңынан үнсіз еріп жүретін Дүйсенбайды бір күні қасына шақырып алды да,балаға тіл қатты («Қаздар қайтып барады»,46 бет)

Бір ауыз тіл қатпау-бір демеу,айтпау деген мағына  [ҚТФС, 294 бет].

           Бұл оның ауданнан шыққалы бірінші рет тіл қатуы(«Қаздар қайтып барады»,51 бет)

Тіл қату-бірдеңе деді,сөйледі  [ҚТФС, 294 бет].

         Азын-аулақ білім ауыл баласының тілін сындырып,қара танытуға ғана жетті («Қаздар қайтып барады»,69 бет)

Тілін сындыру-айтқанын істемей,сөзін қайтарды  [ҚТФС, 295  бет].

       Клара  «ләм-мим» деп тіл қатқан жоқ («Қаздар қайтып барады»,63 бет)

Тіл қатпау-ештеме демеу,сөйлемеді деген мағынада  [ҚТФС, 294  бет].

 

Жүрек

        «Әлгі мықтының өзіне жақындадым білем»деді жүрегі аузына тығылып» («Қаздар қайтып барады»,14 бет)

Жүрегі аузына тығылу-қатты толқыды деген мағынада  [ҚТФС , 120 бет].

           Қолқа-жүрегін біреу суырып әкетіп,құр қаңқасы ғана қалған сияқты(«Қаздар қайтып барады»,13 бет)

Қолқа жүрегі-қимас,қымбат заты деген мағынада. ҚТФС [ 190 бет]

        «Етекке  түсіп,жарқыраған тас бастауды  көргенде,қарттың жүрегі сыздап қоя берді» («Қаздар қайтып барады»,15 бет)

Жүрегі сыздау-жанына батты,жанын ауыртты [ҚТФС, 280 бет].

         Жүрегіңді қолыңа ұстап,қылғынасың да қаласың...(«Қаздар қайтып барады»,21 бет)

Жүрегін қолыңа ұстау-қорқыныш сезіміне душар болу деген  мағынада [ҚТФС, 120 бет].

         Өмір бойы жүрегіне дақ түсірмей өзін адал ұстап келген кімің бар,кәне? («Қаздар қайтып барады»,24 бет)

Жүрегіңе дақ түсірмеу-қайғы-өкініш ұялады,өксікті өкініш меңдеді деген мағынада  [ҚТФС, 120 бет].

      Қайран Қажымды кімге айырбастағанынды білесің бе?» деймін жүрегім қан жылап тұрып («Қаздар қайтып барады»,27 бет)

Жүрегі қан жылау-жаны ауырды,қиналды деген мағынада  [ҚТФС ,120 бет].

        «Соғыс»-деп ысылдай шыққан суық сөз жұрттың жүрегін қарып,еңсесін басып тастағандай («Қаздар қайтып барады»,45 бет)

Жүрегі қару-ниеті бұзылды,жамандық ойлады  [ҚТФС,120 бет].

         Сырымның жүрегі сыздап ауырып кетті («Қаздар қайтып барады»,55 бет)

Жүрегі сыздау-жанына батты,жанын ауыртты [ҚТФС, 120  бет].                                              

         Сырымның жүрегі алып ұшып,конвертті жыртып ашты да,асығыс оқи бастады (« Қаздар қайтып барады»,54 бет)

Жүрегі алып ұшты-қатты толқыды деген мағынада [ҚТФС, 120  бет].

          Қазақтың торсық шекелі,бұйра  шашты,сұлу нұр жүзді екі жігіті көрген жанның көзін тойдырып,небір әсем бойжеткеннің жүрегіне шоқ түсіріп,Неваны жағалап талай-талай қыдыратынды  («Қаздар қайтып барады»,71 бет)

Жүрегіне шоқ түсіру-қаяғы-өкініш  ұялады,өксікті өкініш  меңдеді [ҚТФС,120 бет].

          Оған тағы жүрегі дауаламады(«Қаздар қайтып барады»,61 бет)

Жүрегі дауаламау- батылы бармады,қаймықты,тайсалды [ҚТФС,120  бет].

          Асығып,жүрегі аузына тығылып,басқыштың екеу-үшеуін бір-ақ аттап келеді («Қаздар қайтып барады»,62 бет)

Жүрегі аузына тығылу-қатты толқыды деген мағынада [ҚТФС,120  бет].

          Жүрегі кеудесіне сыймай,тулап қоя берген («Қаздар қайтып барады»,59 бет)

Жүрегі кеудесіне сыймау-қуану ,шаттану,таңырқау деген мағынада [ҚТФС, 121  бет].

         Баяғы алғаш көргенімдей,жүрегім тағы да тулап қоя берді («Қаздар қайтып барады»,67 бет)

Жүрегі туалау-қиналып,әлсіреп кетті,қатты қиналып,есі ауып кетті [ҚТФС, 121 бет].                                                                                                                         

        Баласының тәтті қылықтары,былдырлап сөйлегені есіне түскенде,жүрегі елжіреп,жүйе-жүйесі босап кетті («Қаздар қайтып барады»,61 бет)

Жүрегі елжіреді-жаны ашыды,көңілі түсті,аяды,мейірленді  [ҚТФС,120 бет].

Жүйесі босады-егіліп,елжіреді,мейірі түсті,алпыс екі тамыры иіді[ҚТФС,119  бет].

         Әйтеуір,ата-анасы ұлды болғандарына жүрегі жарылғандай қуанып,сәбиге ұзақ өмір мен бақыт тілегені ақиқат(«Қаздар қайтып барады»,67 бет)

Жүрегі жарылғандай қуану-қатты қуану деген мағынада[ ҚТФС,120 бет].

       Заман орнығып бір жайлы болғанша,оң-солын танып үлгермеген жас баланы бұлай бетімен қоя беруге ата-ананың жүрегі дауалмайды («Қаздар қайтып барады»,68 бет)

Бетімен қоя беру-ешкімде ісі жоқ,өзімен-өзі болды,ойына келгенін істеді. Қайырусыз жіберді,қолын қақпады,тыйым салмады[ ҚТФС,67бет].

 

                                                   

Қол

          Кейін немересімен екеуі қалған  кезінде де,аңшылықтан қол үзген  жоқ («Қаздар қайтып барады»,11 бет)

Қол үзбеу-сырт қалмау,тастап кетпеу деген мағынада [ ҚТФС, 191 бет].

          Қолы қысқа болса да,Қажым жоқшылығын білдірмей,қалтасындағы соңғы сомын қуана-қуана жұмсап жүрді («Қаздар қайтып барады»,23 бет)

Қолы қысқа-кедей,жарлы,қалтасы жұқа деген мағынада [ ҚТФС, 190 бет].

Өзінің тырнағына да тұрмайтын кейбір жігіттерден ол осыны сезді де,жүрегі үркіп,безініп кетті («Қаздар қайтып барады»,46 бет)

Информация о работе Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі