Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2015 в 13:01, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес кұндылығы деп саналады. Тіл - дүниетаным кұралы, ұғым мен пайымдаудың объективтенуі. "Әлемнің тілдегі бейнесі" көркем туындылар тілінен, яғни суреткердің тіл шеберлігінен де көрінеді. Ұлттың айнасы тіл десек, сол ұлттың айшықты тілі көркем шығармаларда көрініс тауып, сол арқылы ұлттың шынайы болмысын беруге қызмет етеді. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе иеленуімен байланысты қоғамдық өмірдің барлық саласында өрісінің кеңейіп жан-жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдік кұрылымдардың жазбаша формадағы көрінісін, нақтырақ айтқанда көркем шығарма тілін зерттеу үлкен мәнге ие болып отыр.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................6

I Тарау. ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ-ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІГІ

1.1 Шығармадағы фразеологизмдердің стильдік қызметі...................................8

1.2«Қаздар қайтып барады» шығармасы тіліндегі синоним, антоним сөздердің тілдік қолданысы.................................................................................29

1.3. Шығарма тіліндегі қос сөздердің қолданылу аясы ....................................36

II Тарау.ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі.........39

2.2 Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты(теңеу,эпитет)...43
2.3. Портрет...........................................................................................................49

Қорытынды ........................................................................................................51

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................53

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная работа.doc

— 347.00 Кб (Скачать документ)

         Кез келген  сөз жеке тұрып та не болмаса  алдынан, артынан анықтайтын сөздермен  келіп те бейне жасай береді. Олай болса, эпитет – бейнені айқындап, көріктеп тұратын көріктеу құралы. Р.Сыздықова: ‟Эпитет – адамның, заттың, құбылыстың, бір белгісін, сырын, сипатын, қасиетін атап көрсететін сөз, бірақ осы қызметте келетін жай анықтауыш сөзден эпитеттің айырмасы бар. Жай анықтауыш заттың, құбылыстың, адамның өзіне тән қалыпты сынын (белгісін, қасиетін, түрін, түсін т.б.)  білдірсе, эпитет өзі атайтын белгіні бейнелеп көрсетеді, өйткені бұл белгі сол заттың, адамның, құбылыстың, табиғи қалыпты белгісі емес”, - дейді” .

              Жоғарыдағы ғалымдардың эпитет  жайында айтқан пікірлерін ескере  отырып, тұжырымдайтын болсақ, эпитет  көркем шығарма тілінің бейнелі  және айшықты болуына үлкен  ықпалын тигізеді.

           Әжімі тереңдеген дөңгелек ажарлы  жүзінде нұр ойнап, ойлы көзі күлімдейді («Қаздар қайтып барады», 23 бет).                                                                     

            Менің қатал командир екенімді  ұмытып кеткен жоқсың ба? «Қаздар  қайтып барады», 34 бет).                                                                                                     

               Шақырайған аппақ қардың сәулесі  сөніп, реңі солып күңгірт аспанның  астында сұлық жатыр («Қаздар  қайтып барады», 47 бет).                                                   

               Үлкен жылы қол шашынан сипайды («Қаздар қайтып барады», 22  бет). 

           Қазір осы жігіт тұрып кетсе  Жаңылдың тәтті үміті, жүрегіне  кірген жылуы бірге кетеді («Қаздар  қайтып барады», 28 бет).                                                              

             Өңінде ұдай өшпей, бір рақат  күлкінің ізі тұратын болды («Қаздар  қайтып барады», 29  бет).                                                                                             

            " Құдай, сақтай гөр" деп жүрегі ұшып жүргенде сол суық хабар келді («Қаздар қайтып барады»,45   бет).                                                                                                  

            Өңіне түс жалғасып тоңазыған  денесін маужыратқан жылумен бірге көңіліне алдамшы тәтті үміт еніп келеді (“ Қаздар қайтып барады”, 14  бет).                           

Қорыта айтқанда,  жазушы Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімелері тілін  талдау барысында 12 эпитет теріліп, талданды.

 

                                                         2.3. Портрет

         Суреткер  көркем бейнені мүсіндеу барысында  оның болмысын неғұрлым жан  – жақты әрі шынайы, толыққанды  тұлғалау мақсатымен түрлі көркемдік  әдеби амал – тәсілдерді шебер  пайдалануға ұмтылады. Ондай тәсілдердің негізгілерін атар болсақ, олар: портреттік тәсіл, мінездеу, кейіпкер тілін даралау жолдары, адамның күйініш – сүйініш халін суреттеу т.б.

        Көркем бейненің  жанды, нақты, әсерлі бейнеленіп, танылуында  портреттік тәсілдің алатын орны ерекше. Портрет – француз сөзі, мағынасы бейнелеу дегенді білдіреді. Бұл көркем шығармада кейіпкердің бет пішіні, киім киісі, жүріс – тұрысы, жалры сырт келбеті тұрғысынан суреттелуі. Жазушы кейіпкерін сыртқы түр – тұлғасымен, қимыл – қозғалысымен таныстыра сипаттай отырып, оны нақты тірі адам бейнесінде көз алдымызға елестетеді және оның ішкі әлеміне де барлау жасауға тырысады [60].

        Портреттің  түрлері де, қырлары да сан  алуан. Мәселен, портретті ерекшелік  сипатына қарай шартты түрде  төмендегіше жіктеуге болғандай: мөлтек портрет, топтама портрет, сатиралық портрет, психологиялық портрет, статикалық портрет, портрет – мінездеу, живописьтік портрет т.б.

         Көркем  шығармалық тәжірибеде кейіпкер  портретін түрлі жағдайларға  және жас мөлшеріне қарай құбылтып – өзгертіп, оны әр қырынан толықтырып, қайталап беріп отыру да кең орын алған үрдіс. Бұл живописьтік портреткетән ерекшелік.

        Өмірде адам  түрлі жағдаяттарда көрінеді, танылады, есейеді, уайымға түседі, көкірегін  шаттық кернеп, толқып – тасатын сәттері де баршылық. Әдеби бейнені де жазушы міне осындай алуан күйде, түрлі өмір кезеңдерінен алып әр қырынан (сыртқы түр-түсі, ішкі жан әлеміндегі өзгерістер) бейнелеп – бедерлеуі керек. Осыған сәйкес ол кейіпкердің іс – әрекетімен қоса оның кескін – келбетін де алуан ситуацияларда түрліше құбылтып, ішкі – психологиялық толғанысын танытатындай етіп беріп отырады.

        Әрине, қай  түрі болмасын, портрет ең алдымен  шынайылығымен, нақтылығымен ұтымды. Шын шеберлік адамның сыртқы  кескінін, қимыл – қозғалысын сипаттай отырып оның ішкі жан әлемінің сырларын аңғартуда, сезіндіруде болса керек. Бұл ретте сөз жоқ, психологиялық портреттің атқарар рөлі мен маңызы ерекше.

      ‟Психологиялық  портрет тек автордың баяндауымен  жасалынбай, кейіпкер көзімен, сөзімен, аңдауымен бой көрсетпек” дейді тарихи роман табиғатын зерттеуші профессор Т.Сыдықов .

       Ғалымдар көркем  әдебиеттегі портретті 2-ге бөледі: ситуациялық және жалпы портрет.Жалпы портретте көркем бейненің өзіне тән үнемі болып тұратын сипат белгілері суреттелсе, ситуациялық портрет кейіпкердің бір сәттік эмоциялық кейпін береді .                                                                        

           Жолға шыққанына төртінші күн  дегенде ұзын бойлы ,қапсағай  қара шал осы Етікші асуының бір орқаш биігіне көтерілді ( Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»,5 бет).

           Мектептен кейін біртлаай жұмыс  істеп келген ересек ,пысық жігіт .Бала секілді ақ көңіл жігіт  еді .Өзі ауқатты ,қалтасынан ақша  төгіліп жүр 

( Қ.Жұмаділов «Қаздар  қайтып барады»,18 бет).

          Ұяндау,сарғыш шашы жалбырап тұратын  аққұба,арық жігіт еді.Үлкен қой  көздері жұмсақ нұр шаашып ,адамға  бір түрлі ойлы қарайтын 

( Қ.Жұмаділов «Қаздар  қайтып барады»,19 бет).                                                                                           

           Жасы алпыста алқымдағанмен ,көңілі  жас,қайраты қайтпаған кісі.Кеудесі  үйеңкінің бір құшақ ,жауырыны  тұтас .Мықыр саусақтары бүріп  түсер бүркіт шеңгеліндей  («Қаздар  қайтып барады»,31 бет).

Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады »атты әңгімелері тілін талдау барысында 4 портрет терілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта  келетін  болсақ,  жазушы тілі бай, образды, ойлы суреттері де жарқын, нақты. Оның тілдік образдары түгелдей қазақ ұғымына лайықты. Кейіпкерлерді сөйлету кезінде көп ойлана отырып, түйдек- түйдек ой тастайды. Өмір шындығын мол қамтып, байсалдылықпен кең суреттеу орын алады. Сонымен бірге жазушы өзінің ойлау парасатымен суреткерлік шеберлігін жоғары деңгейде ұстай отырып, оқырманға үлкен мұра ұсынады.

          Дүниенің  тілдік бейнесінде образдылық  айнала қоршаған болмыс жайлы  шындықты түсіндіруге ықпал жасайды. Сондықтан да дүниені тілдің  лексикалық қорының көмегімен  танып-білудің маңызы зор. Өйткені дүниенің тілдік бейнесі ұлт өкілдерінің ғасырдан-ғасырға жинаған тәжірибелері мен өмірге көзқарастарынан тұрады. Ал осы тілдік байлықта халық даналығы, құндылықтары жүйесі, қоғамдық мораль, ұлттың дүниеге, адамдарға  деген қарым-қатынасы тәрізді маңызды ақпараттар жинақталған.

             Қ.Жұмаділовтің шығармасы тілін талдау барысында мынадай ерекшеліктер анықталды: фразеологизмдер  өзара  салыстырыла  отырып  талдауға  түсті; мақал-мәтелдердің өзгешелігін анықтап,олардың көркем  мәтінде автор бейнесі мен кейіпкер тіліндегі қолданысының танымдық қызметі сараланды;  антоним, синоним, омонимдердің ұлттық болмыс пен қоғамда қалыптасқан мағынасы танымдық тұрғыдан ашылып көрсетілді;

шығармадан бейнелегіш-көркемдегіш тәсілдердің (эпитет, теңеу, портрет т.б.) көркемдік-стильдік, ұлттық танымдық қызметі ашылып талданды.

        Тіл таңбалар  жүйесі ғана емес, ол-осы жүйені  көмкерген мәдениет. Сондықтан да  ол-әр халықтың ұлы мұрасы, ұлттың  тарихи жетістігі. 

 

    Ол интуитивті түрде  ғана танылатын белгілі бір идеяны арқалайды. Символ-сөздің мағынасы кейде бір сөйлем немесе абзац, әйтпесе тіпті бүкіл мәтін көлемінде ғана танылады;

Қ.Жұмаділов – ой ағысының, оймен сурет салудың шебері, пәлсапашыл қаламгер. 

Жазушы  ұстанған тақырыптардың риясыз шындығы, тәлімі демекпіз. Сүйіспендік сағыныш пен адамгершілік ниетін ұлылап ұстаған жазушы шеберлігінің көкжиегі әлі алыс, барар жер басар тауы оқырман көкейінен үндес шығып жатуына шен ниеттеспіз. «Қол, жазуды ермек ет, жатпа бекер» деп Абай ақын айтқанда, жазушының қалам сілтесін асыға күтеміз.

Жұмысты қорытындылай келе мынадай тұжырым жасадық:

-  тіл лингвистикалық кұндылық  қана емес, дәуірге тән ұлттық  мәдениет   пен өркениеттің  формасы да болып табылады. Осы  тұрғыдан келер болсақ, Қ.Жұмаділов  шығармасы тілінің лексикасы  белгілі бір мәдени кеңестік пен уақытқа сай дәуірдің "тілін" көрсетеді;

- жалпыхалықтық қолданыста ұшыраспайтын  кейбір сөздер талдауға түсіп,фразеологизмдер,синонимдер,троп  түрлерінін стильдік қызметтері  анықталды және жазушының сөз  колдану даралығы тілдік деректермен негізделді;     

- жазушы шығармаларындағы қос  сөздердің өркениетті өзгерістерді  көрсету үшін қоғам, ондағы адам  келбетін таныту мақсатында алынған  бірліктер болып табылатындығы  аныкталды.

       Қ.Жұмаділов прозасындағы  кейбір тілдік бірліктер дүниенің тілдегі      бейнесін айқындайтын лингвомәдени көрсеткіш ретінде қарастырылды.

          Қ.Жұмаділов  шығармаларының  лексика-фразеологиялық  ерекшелігі  айқындалды. Шығармадағы  фразеологизмдердің, мақал-мәтелдер,антоним, синонимдердің тілдік  қолданысы,  қос сөздердің ерекшелігі анықталып,  шығарма  тіліндегі этномәдени  ерекшеліктер    айқындалды.  

 

 

 

                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Болатханұлы Д. Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» дилогиясы жанр және поэтика. Канд.дисс. автореферат. Түркістан, 2007 ж -  30 бет.

2. Тарақов Ә. Қазақ әдебиетіндегі  тарихи тұлға проблемасы (Абылай  хан бейнесінің көркемдік тағылымы). -Алматы: Қазақ университеті, 2004ж. – 341 бет.

3.  Қабдолов З. Сөз өнері.- Алматы: Мектеп, 1992.- 119 бет.

4.Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдер  сөздігі.-Алматы:сөздік-словарь                 баспасы,2002.-192бет.

5. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі  қазақ тілінің лексикологиясы  мен     фразеологиясы.оқулық.-Алматы, 264бет.

6. Авакова Р.Фразеология теориясы.-Алматы:Қазақ  Университеті, 2009.-      292бет.

7. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің  фразеологиялық  сөздігі.- Алматы, 1977.- 615 бет.

8.Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы.- Алматы: Мектеп, 1972.- 112 бет.

9.  Маслова Б.С. Введение в  языказнание. – М., 1998 г. – 160 стр.

10. Ержанов М. «Адамның сыртқы  бейнесін сипаттайтын сөздердің  лексика – семантикалық топтары»  Канд дисс. автореферат. Алматы,  2004 ж - 32 бет.

11. Сағынова Б.Ұ. Қазақ тіліндегі  интеллектісіне қатысты лексика: филол. ғыл. канд. автореф. – Алматы, 1999 ж. – 27 бет.

12.Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің  тарихы.-Алматы.Ана тілі,1993-320бет.

13. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті  мәселелері.-Алматы, 1998 ж .- 304бет.

14. Ғалымбекқызы С. Қазақ тіліндегі  мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі. -Қостанай. ТОО «Центрум»,2010.-180бет.

15. Мусин Ж. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі.- Алматы: Мектеп, 1984.- 127бет.

16.  Жұмабеков А. Қазақ тілінің  оқыту әдістемесі. Алматы, 2008 ж. - 325 бет.

17.  Аханов К. Тіл  біліміне кіріспе.-Алматы, 1993ж .- 496 бет.

18. Айғабылов А. Қазақ тілінің  лексикологиясы. Алматы: Зият Пресс, 2004ж. – 64 бет.

19. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілінің  диалектологиялық сөздігі.-Алматы: Мектеп, 1969ж. – 520 бет.

20. Омарова А, Шыныбекова А. Қазақ  тілі. - Алматы: Бастау, 2003ж . –127бет.

21. Бельбаева М.Қазақ тілінің  омонимдер сөздігі.- Алматы: Мектеп,1988ж. -

192 бет.

22.  Барлыбаев Р. Қазақ тіліндегі сөз мағыналарының кеңеюі және тарылуы.- Алматы, 1973 ж.- 205 бет.

23.  Мұхамеджанов Б. Ш. Қазіргі  қазақ тіліндегі сөздердің ауыс  мағынасы. фил. ғыл. канд. дисс. - Алматы, 1968 ж . - 147 бет.

24.  Жалмаханов Ш.Ш. Қазіргі қазақ  тіліндегі көп мағыналы нақты  түбір зат есімдердің мағыналық  құрамы. Фил. ғыл. канд. дисс.- Алматы: 1992 ж. -132бет.

25.  Османова А. Қазақ тілінің  түсіндірме сөздігінде омонимдердің  берілуі мен бір-бірінен ажыратылуы  жайында. Қазақ тілінің түсіндірме  сөздігін жасау тәжірибелері.- Алматы, 1989 ж . - 74б бет.

26. Құрманалиева А.М. Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің табиғаты. Фил. ғыл. канд. дисс.- Алматы, 1999 ж .- 122бет

Информация о работе Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі