Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2015 в 13:01, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес кұндылығы деп саналады. Тіл - дүниетаным кұралы, ұғым мен пайымдаудың объективтенуі. "Әлемнің тілдегі бейнесі" көркем туындылар тілінен, яғни суреткердің тіл шеберлігінен де көрінеді. Ұлттың айнасы тіл десек, сол ұлттың айшықты тілі көркем шығармаларда көрініс тауып, сол арқылы ұлттың шынайы болмысын беруге қызмет етеді. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе иеленуімен байланысты қоғамдық өмірдің барлық саласында өрісінің кеңейіп жан-жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдік кұрылымдардың жазбаша формадағы көрінісін, нақтырақ айтқанда көркем шығарма тілін зерттеу үлкен мәнге ие болып отыр.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................6

I Тарау. ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ-ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІГІ

1.1 Шығармадағы фразеологизмдердің стильдік қызметі...................................8

1.2«Қаздар қайтып барады» шығармасы тіліндегі синоним, антоним сөздердің тілдік қолданысы.................................................................................29

1.3. Шығарма тіліндегі қос сөздердің қолданылу аясы ....................................36

II Тарау.ШЫҒАРМА ТІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі.........39

2.2 Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты(теңеу,эпитет)...43
2.3. Портрет...........................................................................................................49

Қорытынды ........................................................................................................51

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................53

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная работа.doc

— 347.00 Кб (Скачать документ)

   Ғалымдар А. Омарова мен А. Шыныбекова «Қазақ тілі» еңбегінде синонимдерге мынадай анықтама берген: «Дыбысталуы мен мағынасы жағынан қарағанда омонимдерге қарама- қарсы тұрған тілдік құбылыстар қай тілде болса да кездеседі. Ондай сөздердің дыбысталуы, тұлғалары әр түрлі, ал мағыналары мен білдіретін ұғымдары бір немесе ұқсас болып келеді. Олар тіл білімінде синоним деп аталады» .

Синонимдер  - кемінде екі не одан да көп сөздің бір ұғымды аңғаруы. Синоним сөздер бір-бірінен мағыналық реңктермен, эмоционалды-экспрессивті бояумен, белгілі жанрға тән стильдік белгісімен, қолдану ерекшелігімен, басқа сөздермен мағыналық байланыс өзгешелігі[23].

      Ғалым К.Аханов сионимдер жайлы былай дейді: «Мағыналары бір-біріне жақын, өзара мәндес сөздер синонимдер деп аталады. Өз ара мәндес сөздерден синонимдік қатар құрылады. Синонимдер омонимдерге қарама-қарсы құбылыс.

 

 

 

Мағыналық синонимдер:

          Неткен сұлу,неткен ғажап таң еді бұл?! («Қаздар қайтып барады»,15 бет)   

Сұлу мен ғажап-көрсе көз  тартарлықтай қасиеті бар ажарлылық,әсемділік,тартымдылық[ҚТСС,307 бет].                                                            

         Бала болып еркелік,шолжақтық дегенді білдім бе екем мен («Қаздар қайтып барады», 20 бет)

Еркелік,шолжақтық- бетімен бұла болып өскен,ешкім бетіне келмеген [ҚТСС, 218 бет].                                                             

        Өмірде  бәрін жасап,бәрін тындырып жүретін осындай бір бейнетқор адамдарға рахат пен ләззаттан тым аз үлес тиетінін ойлап,қатты назаландым  («Қаздар қайтып барады»,27 бет)                                                          Рахат пен ләззаттан-Жанның жай табушылық сезімі,жақсылыққа кенелу хошы[ҚТСС, 465 бет].                                                              

         Үшінші автобус келгенде,таласып-тармасып зорға ілінді («Қаздар қайтып барады»,56 бет)                                                                                               Таласып-тармасу-белгілі бір нәрсеге таласып қалу,соны алуға ұмтылу [ҚТСС, 525 бет].                                                             

         Мұндайда ұрыс-керіске де сылтау  көп («Қаздар қайтып барады»,56 бет)            

Ұрыс-керіс-сөзге керісу,айқайлап жәбірлеу [ҚТСС, 577 бет].                                                                                                             

         Абай әндерін шырқар едік,-дейді Әлекең сол бір бозбалалық,жастық дәуренді сағына еске алып(«Қаздар қайтып барады»,69бет)                     Бозбалалық,жастық-адамның жастық кезеңінің түрі[ҚТСС, 249бет].                                                                                            

         Осы зар-мұңын шаға отырып,Ләззатқа да жеткізіп еді («Қаздар қайтып барады»,41бет)                                                                                                                      Зар-мұң-көкірегі зар мен мұңға толы,қайғы-қасірет басқан [ҚТСС, 277 бет].                                                                         

        Той-томалақ көбейіп,есеңгіреген жұрт ұмыт болған мереке-мейрамын қайта тапты («Қаздар қайтып барады»,46 бет)                                                                                   Мереке-мейрам-адамды қуанышқа бөлеу,той-томалақ болатын кез [ҚТСС, 418 бет].               

             Синонимдік қатарлардағы сөздер  көркем шығармадағы сөздердің  әсерін күшейтіп, үстеме мағына  беріп тұр.

Қайғылы, шерлі, қаялы, қамырықты, күйікті, құсалы, мұңды, зарлы, бейнет, налалы, азалы. Қайғы-қасірет тартқан, налып күйзелген, қайғыға толы, жан ашырлықтай.

                                                      

 

Стильдік синонимдер:

         Қарттың көз шарасына көкжиекпен астасқан шетсіз-шексіз кең дала еркін сыйып тұрды  ( «Қаздар қайтып барады»,15 бет)

Шетсіз –шексіз-дариядай кеңге созылған кейіпте суреттеу [ҚТСС,601 бет].                                                             

         Өзінде бір дегдарлық,маңғаздық бар («Қаздар қайтып барады»,38 бет)

Дегдарлық,маңғаздық-тыным таппайтын,өзіне де,өзгеге де маза бермейтін,күйгелек[ҚТСС, 198 бет].                                                              

      Қалаға келгесін,келіндерінің  шытынған қабағына қарап,нұқыған-зекіген әміріне бағынып,күн кешеді («Қаздар қайтып барады»,56 бет)

Нұқыған-зекіген-бір нәрсені әдейіліп көрсету [ҚТСС, 278бет].                                                             

        Бір-біріне тәртіп-өнеге үйретеді,екеуі де заңға жетік-ақ («Қаздар қайтып барады»,57 бет)

Тәртіп-өнеге-жеке адамды қалыптастырудағы жүйелі процесс,үлгі-өнеге [ҚТСС, 535 бет].                                                             

        Бұларға  талапты студент жастар қосылып,бір  топ өнегелі,өнерлі қауымға айналған-ды («Қаздар қайтып барады»,69 бет)

Өнегелі,өнерлі-Тәлім-тәрбиесі бар.Адамдық қасиетке ие болу[ҚТСС,452 бет].                                                              

      Соғыс  аяқталды,қайғы-қасірет ескіріп,жан-жарасы  жазыла бастады («Қаздар қайтып барады»,45 бет)

Қайғы-қасірет- көкірегі зар мен мұңға толы,қайғы-қасірет басқан [ҚТСС,277 бет].                                                             

 

Мағыналық-стильдік синонимдер:

         Әр күні таңертен орнынан қуана,құлшына  түрегелетін («Қаздар қайтып барады»,23 бет)

Қуана,құлшына-қуанышқа бөлену,шат-шадымен болу,көңілі өсіп,жайдарылану [ҚТСС,377 бет].                                                             

        Қызарақтап,қысылып  қалды  («Қаздар қайтып барады», 37 бет)

Қызарақтап,қысылып-ыза болу,шамына тию[ҚТСС,388 бет].                                                            

        Осыншама сұлулық,нәзіктік пен тасбауыр,қатыгездіктің қалай сыйысып тұрғанына Сырымның ақылы жетпей-ақ қойды («Қаздар қайтып барады»,54 бет)

Тасбауыр,қатыгездік-аяушылықты білмейтін,мейірімсіз [ҚТСС,359 бет].                                                             

     Өзінің бақсыз,талайсыз  тағдырына құсаланып,тоқтамай ұзақ  жылаған («Қаздар қайтып барады»,41 бет)

Бақсыз,талайсыз-бақыты жанбаған,соры қалың [ҚТСС,131 бет].     

          Қ.Жұмаділовтің  синонимдерді стильдік мақсатта  жұмсауда ойды қайталамас үшін  шығарманың эстетикалық қызметін  күшейтіп, нақты беруде ерекше, айтпақ  ойын дәл бергендігін байқауға  болады.

         Сонымен, қорыта айтқанда, Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» шығармасын талдау барысында 18  синоним теріліп,үш түрге бөлініп талданды. «Қазақ тілінің синонимдер сөздігін» пайдалана отырып әрбір синоним сөздердің мағынасы ашылды. Шығарманы талдай келе мағыналық синонимдер көп кездесетіні анықталды.

 

 

 

Антонимдер

           Қазақ  тіл білімі ғылымында Қ.Аханов, Ә.Болғанбаев, Ж.Мусин, Ғ.Мұсабаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Қалиев т.б.ғалымдардың еңбектерінде  антонимдер әр түрлі зерттеу  саласында көрініс тапқан.

«Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында көп қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал – мәтелдерден жиі кездестіруге болады» дейді зерттеуші ғалым С. Ғ. Қанапина өзінің « Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі » еңбегінде[26] .

           Зерттеуші  ғалым К.Қ.Есіркепова өзінің ‟1960 – 1980 жылдардағы әйел – ақындар  поэзиясының тілі (Ф.Оңғарсынова, М.Айтқожина, А.Бақтыгереева, К.Ахметова  шығармалары негізінде)” атты монографиясында антонимдерге тоқталып өтеді. Белгілі сөз зергері Ғ.Мүсірепов ‟Сөз сөзге жарығын да түсіріп тұрады, көлеңкесін де түсіріп тұрады. Біріне бірі жарығын түсіріп тұратын сөздерден құралған сөйлем айтайын деп тұрған ойыңды оқушыға дәл жеткізеді. Бұл арада ерекше ескертетін бір нәрсе – әр сөздің ой мен сезімге бірдей дөп тиіп жатуы, ең алдымен арман осында” деп айтқан болатын.

          ‟Антонимдердің  көркем әдебиеттегі қызметі де  айрықша. Өйткені тіліміздегі осы сияқты мәндегі сөздерді ақын – жазушылар өзара қарама – қарсы қойып, шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі” деп айтылған. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың сапасын, қасиетін, мөлшерін салыстырып және қарама – қарсы қою, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, білім мен білімсіздік сияқты кереғар ұғымдарды көрсету арқылы философиялық ой түйінін, өмірге көзқарасын ақындар өз өлеңдерінде антонимдерді қолдану арқылы, яғни контраст суреттер беруде жиі пайдаланады.

            ‟Жан – жақты дамып, кемелденген тілде белгілі бір ойды әр түрлі мақсат – мүддеге қарай неше саққа жүгіртіп, сан алуан тәсілмен қолдануға болады. Қазақ тілі синонимге қаншалықты бай болса, антонимге соншалықты кедей емес екендігін байқаймыз”. Антонимдердің әрбір стиль түріндегі қолданылу дәрежелері әр басқа. Жеке тұрғанда барлық стильдік аяларды қолданыла береді. Ал антонимдерді қатар алып, қабаттастыра қолданыла береді. Ал антонимдерді қатар алып, қабаттастыра қолдану – барлық стильде бірдей дәрежеде емес. Антонимдерді поэзия тілінде қолданудың маңызы ерекше. ‟ Өйткені, тіліміздегі осы қарсы мәнді сөздерді ақын, жазушылар өзара қатар алып, шығарма тілінің көркемдігіне жұмсайды”[28]  .

            Ғалым К.Аханов ‟Антонимдердің  стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама – қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір – бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық – айқын, мейлінше мәнерлі болып келеді” деген .

            Ғалым Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен  шыққан ‟Қазіргі қазақ тілі”  оқулығында: ‟Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын – сапасын, артық – кем қасиетін, мөлшер – көлемін салыстырып, бір – біріне қарама – қарсы қоюдан шығады. Мысалы: Сараң – мырза, қапа – ырза, қайғы – шат, тұнық – ылат, тірі – өлі, паң – мүлайым, жұмсақ – қатты, т.б.”

         Қазақ тіліндегі  антонимдерді топтастыру жайында  екі түрлі көзқарас бар: бірі  – ұғымдардың белгілі бір логикалық  қатарындағы қарама – қарсылығына негізделген тіл бірліктерінің қарама – қарсылығын білдіретін антонимдік жұптар тұрғысынан топтайтын Ж.Мусиннің пікірі. Екінші, антонимдерді логикалық, грамматикалық, психолингвистикалық қатынастарға негізделген универсалды құбылыс деп қарайтын А.Жұмабекованың пікірі. Оның пікірінше, осы күнге дейін тіл бірліктерінің қарама – қарсылығы ғана антонимдік жұп құрауға негіз болған, енді логикалық, психологиялық, тілдік ұғымдарды кең көлемде кешенді бағытта Н.С.Трубецкой ұсынған оппозиция әдісі бойынша топтастыру қажет. Антонимдерді топтастыруда дәстүрлі тәсілмен бірге, кешенді бағытта оппозиция әдісін қолдану антонимдердің табиғатын терең түсінуге мүмкіндік берері сөзсіз [29].

           Тілдегі  антонимдер қарама – қарсы  құбылыстарды біріне – бірін шендестіріп салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Сол себептен антонимдер өте – мөте мақал – мәтелдерде жиі қолданылады. Антонимдерді қолданудың негізінен төрт жолы бар деп лексиколог – ғалымдар Ә.Болғанбаев пен Ғ.Қалиев былай көрсеткен:

1.Антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып айтылады. Мысалы: Қорлық өмірден ерлік өлім артық.

2. Антонимдер іргелес сөйлемде қарама – қарсы қойылып шендестіріледі. Мысалы: Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

3. Антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалады. Мысалы: Арымақ, семірмек көңілден.

4. Фразеологизмдер нақты мәтіндерде бір – біріне қарама – қарсы мағынада жұмсалып, антонимдік қатынасқа түсе алады. Мысалы: Қол жүйрік – тіл қысқа, қарға адым жер – ит өлген жер.

 

Зат есімге тән антонимдер

          Осынау өлкеге келіп тұрғаным шын ба,өтірік пе дегендей айналасына тағы бір рет көз жіберді де,бастаудың басына келді ( «Қаздар қайтып барады»,16 бет)                                                                                                                                  Шын-өтірік-зат есімге тән антоним.Нақты,анықтығын немесе жалғандығын  білдіріп тұр.

           Көкірегінде лықсып жатқан ашу-ызасын  менен өзге кімнен алушы еді  ол?...(« Қаздар қайтып барады»,20 бет)                                                                     Ашу-ыза-адамның көңіл-күйінбілдіріп тұр. 

            Алайда,Мақпалдың дәл сол мезеттегі қасірет пен мейірімге толы жаудыраған қара көзі шындықты ғана айтып тұр еді. («Қаздар қайтып барады»,46 бет) Су жаңа көк машинаны ауылдың кәрі-жасы қоршап алып,көпке дейін қасынан кетпей қойған еді-ау.(« Қаздар қайтып барады»,50 бет)                                       

          Көбі жастар,қарттар некен-саяқ («Қаздар қайтып барады»,59 бет)                       

         Сөйтіп,аға-інідей туысып кеткен,ғылымға  сусаған қазақ даласының екі  талантты перзенті Ленин қаласындағы  білім ордасына бірге сапар  шегіп еді («Қаздар қайтып барады»,69 бет)                                                                                                             

         Бұл жерде де қуаныш пен  қасіреттің қатар жүріп жатататынын  сонда барып ұқты ол («Қаздар  қайтып барады»,60 бет)                                                                     

        «Қуаныш  та,реніш те,бақыт та-бәрі де осы перделердің ар жағында,-деген ой келді жігітке («Қаздар қайтып барады»,61 бет)                                                           

Информация о работе Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі