Отбасы құпиясының түрлері мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 10:40, дипломная работа

Краткое описание

Ол отбасы деп аталатын туған туысқандардың бірлесе отыра, ерлі – зайыбының ақылдаса отыра шешілетін дүниесі. Отбасы құпиясын заң жүзінде сақтау нотариаттарға жүктеледі. Сондықтанда нотариустар туралы заңдарда отбасы құпиясына байланысты қадағалау мен бақылауда ұстауды жоғары деңгейде көрсеткен. Диплом жұмысының жаңашылдығы, отбасы құпиясына жататын бала асырап алу, азаматтардық жеке басына байланысты құпиялары мен суррогатты анаға байланысты құқықтар мен міндеттер мен мазмұны заң шеңберіне қарастыра келе құпиялылықтың қаншалықты деңгейде жүзеге асатыны және әлеуметтер арасындағы қандай мәселелер барын көрсету.

Прикрепленные файлы: 1 файл

отбасы құпиясы.docx

— 173.41 Кб (Скачать документ)

4) туған баланы өзімен  суррогат ана болу шартын жасасқан  адамдарға беруге міндетті [9, 79б.].

Суррогат ана баланы өзге адамдарға беруге құқылы емес. Суррогат ананың тұрақты жұмысы болған кезде еңбек қызметін жалғастыру мәселесі суррогат ана болу шарты тараптарының өзара келісімі бойынша шешіледі. Суррогат ана репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін суррогат ана болу шартында көзделген жүктілік үшін жауаптылықта болады және табиғи жүкті болу мүмкіндігін болғызбауға міндетті. Көп құрсақ көтеріп жүкті болу туралы мәселе суррогат ана болу шарты тараптарының өзара келісімі бойынша шешіледі.

Қосалқы репродуктивтік әдістер  мен технологияларды қолдану дегеніміз тіркелген некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған), сондай-ақ кәмелетке толған, некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) және медициналық ұйымның қорытындысымен расталған, қанағаттанарлық тән саулығы, психикалық және репродуктивтік денсаулығы бар әйелдерге қатысты қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға жол беріледі. Донордың шәуетін қоса алғанда, қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде өзі баланы көтеретін және туатын әйел генетикалық ана болып табылады. Бала қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде туған жағдайда, бұл баланың ата-аналары туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Отбасы және Неке Кодексте белгіленген тәртіппен жазылады [2, 91б.].

Суррогат ана болу шартының немесе қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданудың құқықтық салдарына жататындар ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) суррогат ана болу шарты негізінде қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде туған баланың ата-аналары болып танылады.

Мұндай әдістер мен  технологияларды қолдану нәтижесінде  не суррогат ана болу шартына сәйкес екі және одан да көп бала туған  жағдайда ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) әрбір туған бала үшін тең жауаптылықта болады. Суррогат ана болу шартын жасасқан жұбай (тапсырыс беруші) бала туғаннан кейін туу туралы медициналық куәлікте оның анасы болып жазылады. Ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) баладан бас тартуы оның туылғаны тіркеуші органда тіркелгеннен кейін белгіленген тәртіппен ресімделеді.

Қосалқы репродуктивтік әдістер  мен технологиялар қолдануға  өз келісімін берген не суррогат анамен шарт жасасқан ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) баладан бас тартқан  жағдайда, суррогат анадан материалдық  шығыстарды өтеуді талап етуге құқылы емес.

Суррогат анамен шарт жасасқан ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) баладан бас тартқан жағдайда, ана болу құқығы өз қалауы бойынша  суррогат анада қалатын болады, ал ол бас тартқан жағдайда, бала мемлекет қамқорлығына беріледі.

Ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) баладан бас тартқан кезде  және баланы суррогат ана қабылдап алған кезде бұл адамдар суррогат анаға шартта белгіленген мөлшерде және тәртіппен өтемақы төлеуге міндетті. Ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған жағдайда, суррогат ана болу шарты бойынша туған бала үшін жауапкершілік ерлі-зайыптылардың екеуіне де жүктеледі.

Ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) біреуі қайтыс болған жағдайда суррогат ана болу шарты бойынша  туған бала үшін жауапкершілік олардың  көзі тірісіне жүктеледі. Ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) екеуі де қайтыс болған және олардың жақын туыстары туған баланы асырап алудан бас тартқан жағдайда, бұл бала суррогат ананың тілегі бойынша - оған, ал ол бас тартқан жағдайда, мемлекет қамқорлығына берілуі мүмкін [2, 108б.].

Қорғаншылық нысанында баланың  суррогат анаға не мемлекеттік ұйымдарға  берілуі оның суррогат ана болу шарты  бойынша ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) мұрагері ретіндегі құқықтарын тоқтатпайды. Суррогат ана болу шарты жасалғаннан кейін шартта көрсетілген мерзім ішінде қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялардың пайдаланылмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады. Суррогат ана болу шарты жасалғаннан кейін суррогат ана табиғи түрде жүкті болған жағдайда шарт бұзылады, ол суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушілер жұмсаған барлық шығыстарды төлейді.

 

 

2.2 Бала асырап алудың  құпиялылығы

 

 

Бала асырап алудың құпиялылығы  заңмен қорғалады. Бала асырап алу туралы шешім шығарған судьялар немесе бала асырап алуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған лауазымды адамдар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгеше түрде хабардар болған адамдар бала асырап алудың құпиялылығын сақтауға міндетті.

Қазақстан Республикасының балаларды асырап алу және асыраушылара арналған ұйымдар туралы Үкіметтің №1346 жарлығы (09. 09. 1999 ж.) [29, 108б.].

Қазақстан Республикасының  отбасы және неке Кодексінің 97 бабының 1 тармағында бала асырап алудың құпиялылығын оны асырап алушылардың еркіне қарамай  жария еткен адамдар Қазақстан  Республикасының заңдарында белгіленген  тәртіппен жауапкершілікке тартылады  деген тармақ бар, бұл дегеніміз  қылмыстық іс қозғалып, жазаға тартылады  деген сөз [2, 120б.].

Бала асырап алудың құпиясын толық  білу үшін, бала асырап алудың мазмұнына  назар салу қажет, содан кейін  барып ғана оның құпиялылығы да түсінікті  болады. Бала ретінде асырап алуға жол берілетін балалар қатарына кәмелетке толмаған балаларға қатысты және солардың мүдделеріне сәйкес қана ұл асырап алуға немесе қыз асырап алуға жол беріледі. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бұл балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана шетелдіктерге асырап алуға, не балалардың туыстарына осы туыстарының азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан асырап алуға берілуі мүмкін. Балалар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, балалардың туысы емес шетелдіктерге аталған балалар осы Қазақстан Республикасының отбасы және неке Кодексінің 101-бабының 3-тармағына сәйкес орталықтандырылған есепке қойылған күннен үш ай өткеннен соң асырап алуға берілуі мүмкін. Бала асырап алғысы келетін шетелдіктер баланы жеке өзі таңдап алуға, онымен кемінде екі апта бойы тікелей жақын араласуға, қорғаншы және қамқоршы органға баланы асырап алғысы келетіні туралы жазбаша арыз, сондай-ақ мемлекеттік лицензиялар негізінде осындай қызметті жүзеге асыратын агенттіктер беретін ықтимал ата-аналардың қаржы жағынан әл-ауқаты, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы анықтама беруге міндетті [2, 128б.].

Баланы асырап алу тәртібі:

1 Баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді. Балаларды асырап алу туралы істерді сот қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуымен қарайды.

2 Бала асырап алушының және  асырап алынған баланың құқықтары  мен міндеттері (Қазақстан Республикасының отбасы және неке Кодексінің 89-бабы) баланы асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды [2, 95б.].

Сот баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің көшірмесін шешім шығарған орны бойынша  азаматтық хал актілерін жазатын  орган мен қорғаншы және қамқоршы органға жіберуге міндетті.

Бала асырап алу азаматтық хал  актілерінің мемлекеттік тіркеуі  үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс. Асырап алынуға тиісті балаларды және бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу асырап алынуға тиісті балаларды есепке алу осы Қазақстан Республикасының отбасы және неке Кодексінің 101-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Бала асырап алуға тілек білдірген  адамдарды есепке алу облыстық (республикалық  маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдар белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының азаматы  болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді  есепке алу Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.

Бірнеше бала асырап алу ең алдымен, бір адамның ағалы-інілі және апалы-сіңлілі (қарындасты) болып табылатын немесе өзара туыстық қатынасы жоқ бірнеше баланы асырап алуына болады. Өзара туыстық қатынасы жоқ асырап алынған балалардың арасында ағалы-інілі және апалы-сіңлілі (қарындасты) сияқты құқықтар мен міндеттер пайда болады. Асырап алу балалардың мүдделеріне сай келетін жағдайларды қоспағанда, ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерді (қарындастарын) әртүрлі адамдардың асырап алуына жол берілмейді.

Бала асырап алуға құқығы бар  адамдар қатарына жататындар, бала асырап алуға бала асырап алушы адамның отбасында баланың қалыпты дамуы, тәрбиеленуі және білім алуы үшін жағдайлар болған кезде рұқсат етіледі. Мыналарды:

1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарды;

2) сот біреуін әрекетке қабілетсіз  немесе әрекет қабілеттілігі  шектеулі деп таныған ерлі-зайыптыларды;

3) сот арқылы ата-ана құқықтарынан  айырылған немесе сот ата-ана  құқықтарын шектеген адамдарды; 

4) өзіне заңмен жүктелген міндеттерді  тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық  (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген  адамдарды; 

5) егер өз кінәлары бойынша  сот шешімімен бала асырап  алудың күші жойылса, бұрынғы  бала асырап алушы адамдарды; 

6) денсаулық жағдайы бойынша  ата-ана құқықтарын жүзеге асыра  алмайтын адамдарды қоспағанда, қай жыныстан болса да кәмелетке  толған адамдар бала асырап  алушылар бола алады. Баланы  асырап алуға, оны қорғаншылығына (қамқоршылығына) алуға, патронатқа  алуға болмайтын адамның бойындағы  ауруларының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді [29, 36б.].

Бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардың белгілі бір баланы бірлесіп асырап алуына болмайды. Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың  арасындағы жас айырмасы некеде тұрмайтын асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде он алты жас болуы тиіс. Сот дәлелді деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартылуы мүмкін.  Өгей әкесі (өгей шешесі) бала асырап алғанда, Қазақстан Республикасының отбасы және неке Кодексінің 81 бабның 1-тармағында белгіленген жас айырмасы талап етілмейді. Бала асырап алуға ата-аналардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың келісімі қажет. Оны алудың келесідей қажеттіліктері бар. Баланы асырап алу үшін оның ата-аналарының келісімі қажет. Жасы он алтыға жетпеген, кәмелетке толмаған ата-аналардың баласын асырап алғанда, сондай-ақ олардың ата-аналарының немесе қорғаншыларының (қамқоршыларының), патронат тәрбиешілерінің келісімі, ал ата-аналары немесе қорғаншылары (қамқоршылары) болмаған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы органның келісімі қажет. Бала асырап алуға ата-аналардың келісімі нотариат куәландырған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын мекеменің басшысы растаған не бала асырап алу жүргізілген орындағы немесе ата-ананың тұрғылықты жеріндегі қорғаншы және қамқоршы орган бекіткен арызда көрсетілуге тиіс, сондай-ақ бала асырап алу ісін жүргізу кезінде сотта тікелей білдірілуі мүмкін. Бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылғанға дейін ата-аналар бала асырап алуға өздері берген келісімінің күшін жоюға құқылы [30, 5б.].

Ата-аналар нақты адамдарға не нақты  адамды көрсетпей-ақ баланы асырап алуына келісім беруі мүмкін. Қорғаншы және қамқоршы органдар сотқа баланы асырап алудың бала мүдделеріне сай келетіні туралы қорытынды береді. Мұндай қорытынды  баланы оның өгей әкесі (өгей шешесі) асырап алған кезде талап етілмейді.

Қорғаншылықта (қамқоршылықта) тұрған балаларды асырап алу үшін олардың  қорғаншыларының (қамқоршыларының) жазбаша  түрдегі келісімі қажет. Патронат туралы шарт бойынша тәрбиеленіп жатқан балаларды асырап алу үшін патронат тәрбиешілерінің жазбаша түрдегі  келісімі қажет.

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және тәрбие, емдеу мекемелері мен  басқа да мекемелердегі балаларды  асырап алу үшін осы мекемелер  басшыларының жазбаша түрдегі келісімі қажет. Сот баланың мүдделерін көздей отырып, оны асырап алу туралы Қазақстан Республикасының отбасы және неке Кодексінің 82 бабының 1, 4 - 6 -тармақтарында аталған адамдардың келісімінсіз шешім шығаруға құқылы.

Баланы ата-аналарының келісімінсіз асырап алу егер ата - аналарын:

1) сот белгісіз немесе өлген,  хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;

2) сот әрекетке қабілетсіз деп  таныса;

3) сот ата-ана құқықтарынан айырса (Қазақстан Республикасының отбасы және неке Кодексінің 69-бабының 7-тармағындағы талаптар сақталған жағдайда);  
   4) баламен бірге тұрмайтын және сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша алты айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен асыраудан жалтарып жүрсе, олардың баланы асырап алуға келісімі талап етілмейді" [2, 73б.].

Асырап алуға баланың келісімі берілуі тиіс. Ол мұнандай жағдайда іске асырылады:

1 Он жасқа толған баланы асырап алу үшін оның келісімі қажет. Баланың асырап алынуға келісімін сот белгілейді.

2 Егер бала асырап алу туралы  арыз берілгенге дейін бала  асырап алушының үйінде тұрып,  оны өзінің ата-анасы деп есептейтін  болса, асырап алуға баланың  келісімі бар деп ұйғарылады" [4, 26б.].

Бала асырап алуға ерлі-зайыптылардың  біреуінің келісімі егер баланы ерлі-зайыптылардың екеуі бірдей асырап алмаса, баланы ерлі-зайыптылардың біреуі асырап алған кезде бала асырап алуға ерлі- зайыптылардың екіншісінің жазбаша келісімі талап етіледі. Егер ерлі-зайыптылар отбасылық қатынастарды іс жүзінде тоқтатып, бір жылдан астам уақыт бөлек тұрып жатса және екінші жұбайының тұрғылықты жері белгісіз болса, бала асырап алу үшін екінші жұбайдың келісімі талап етілмейді.

Асырап алынған баланың аты, әкесінің аты және тегі асырап алынған баланың өз аты, әкесінің аты және тегі сақталады. Бала асырап алушының өтініші бойынша, егер бұл баланың мүдделеріне қайшы келмейтін болса, асырап алынған балаға бала асырап алушының тегі, сондай-ақ ол ұсынған ат беріледі. Асырап алынған баланың әкесінің аты болып, егер бала асырап алушы еркек болса, асырап алушының аты, ал егер асырап алушы әйел болса, асырап алынған баланың әкесі ретінде сол әйел ұсынған адамның аты танылады. Егер бала асырап алушы ерлі-зайыптылардың тектері әртүрлі болса, бала асырап алушы ерлі-зайыптылардың келісімдері бойынша, асырап алынған балаға олардың біреуінің тегі беріледі.

Информация о работе Отбасы құпиясының түрлері мен мазмұны