Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 10:40, дипломная работа
Ол отбасы деп аталатын туған туысқандардың бірлесе отыра, ерлі – зайыбының ақылдаса отыра шешілетін дүниесі. Отбасы құпиясын заң жүзінде сақтау нотариаттарға жүктеледі. Сондықтанда нотариустар туралы заңдарда отбасы құпиясына байланысты қадағалау мен бақылауда ұстауды жоғары деңгейде көрсеткен. Диплом жұмысының жаңашылдығы, отбасы құпиясына жататын бала асырап алу, азаматтардық жеке басына байланысты құпиялары мен суррогатты анаға байланысты құқықтар мен міндеттер мен мазмұны заң шеңберіне қарастыра келе құпиялылықтың қаншалықты деңгейде жүзеге асатыны және әлеуметтер арасындағы қандай мәселелер барын көрсету.
1 Ерлi-зайыптылардың ортақ
мүлкiн бөлу ерлi-
2 Ерлi - зайыптылардың ортақ мүлкi олардың келiсiмi бойынша ерлi-зайыптылар арасында бөлiнуi мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiктi бөлу туралы келiсiмi нотариатта куәландырылуға тиіс.
3 Дау туған жағдайда ерлi - зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың осы мүлiктегi үлестерiн айқындау сот тәртiбiмен жүргiзiледi. Ерлi - зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот кәмелетке толмаған баланың мүдделерін ескере отырып, ерлi - зайыптылардың талап етуi бойынша қандай мүлiктің ерлi - зайыптылардың әрқайсысына берiлуге тиiс екендiгiн айқындайды. Егер ерлi - зайыптылардың бiреуiне құны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе, екінші жұбайға тиісті ақшалай немесе өзге өтемақы берiледі.
4 Тек қана кәмелетке
толмаған балалардың
5 Ерлi-зайыптылардың некеде
тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде
ортақ мүлкiн бөлген жағдайда
ерлi-зайыптылардың ортақ
6 Некесi (ерлі-зайыптылығы) бұзылған
ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы
ерлi-зайыптылардың талаптарына неке (ерлі-зайыптылық)
бұзылған кезден бастап талап-арыз ескіруінің үш жылдық мерзiмi қолданылады
[2, 38б.].
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде үлестерді айқындау егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу және осы мүлiктегi үлестерiн айқындау кезiнде ерлi-зайыптылардың әрқайсысының үлесi тең деп танылады. Жұбайлардың бiреуi дәлелсiз себептермен табыс таппаса немесе ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн екінші жұбайдың келісімінсіз отбасының мүдделерiне нұқсан келтiрiп жұмсаса, сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн негiзге ала отырып және (немесе) ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн негiзге ала отырып, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi олардың үлестерiнiң теңдiгi негiзiн ескермеуге құқылы. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде ерлi-зайыптылардың ортақ борыштары олардың арасында өздерiне берiлген үлеске барабар түрде бөлiнедi.
Отбасы құпиясының ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі дегеніміз неке шарты және неке шартын жасасу болып табылады. Неке шартына отыру және оны өзгерті, оны бұзу кез келген ерлі зайыптының жеке басының құпиясына айналады. Тек ол заңмен шектеліп отырады. Неке шарты міндетті түрде нотариустта заңдастырылады. Нотариус бұндай жағдайда ерлі зайыптының неке шартын өте құпияда ұстайды. Егерде ол айтып, жария етіп қойған жағдайда қылмыстық іс қозғалып, қылмыстық заңның баптарына сәйкес жазалануы мүмкін. Неке шарты дегеніміз некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады. Неке шартында некеде (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтары көзделуі мүмкін. Неке шартын жасасу ол неке шарты тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттiк тiркеу туралы өтініш берілген күннен бастап неке қию (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттік тіркелгенге дейін де, некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкiн. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттiк тіркелгенге дейiн жасалған неке шарты неке қию (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және міндетті түрде нотариатта куәландырылуға жатады. Неке шартының мазмұны тоқталатын болсақ. Заңнамалық негіз бойынша, ерлi-зайыптылар неке шартымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бiрлескен ортақ меншiк режимiн өзгертуге, ерлi-зайыптылардың барлық мүлкiне, оның жекелеген түрлерiне немесе ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкiне бiрлескен, үлестiк немесе бөлек меншiк режимiн белгiлеуге құқылы.
Неке шарты ерлi-зайыптылардың қолда бар мүлкiне қатысты да, болашақтағы мүлкіне де қатысты жасалуы мүмкiн. Неке шартында ерлi-зайыптылар өзара күтiп-бағу жөнiндегi өз құқықтары мен мiндеттерiн, бiр-бiрiнiң табыстарына қатысу тәсілдерін, өздерінің әрқайсысының отбасылық шығыстар шығару тәртiбiн айқындауға; неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлетiн мүлiктi айқындауға, сондай-ақ неке шартына ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелердi, сондай-ақ осы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік жағдайын енгізуге құқылы.
Неке шартында көзделген құқықтар мен мiндеттер белгiлi бiр мерзiмдермен шектелуi не белгiлi бiр жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкiн. Неке шарты ерлi-зайыптылардың құқық қабiлеттiлігін немесе әрекетке қабiлетiн, олардың өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгiну құқығын шектей алмайды; ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк емес жеке қатынастарды, ерлi-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн реттей алмайды; еңбекке қабiлетсiз мұқтаж жұбайдың күтіп-бағу қаражатын алуға құқығын шектейтiн ережелерді Қазақстан Республикасы неке - отбасы заңнамасының негiзгi бастауларына қайшы келетiн басқа да жағдайларды көздей алмайды [2, 43б.].
Неке шартын өзгерту және бұзудың да өз ережелері бар. Оларға жататындар, неке шарты ерлi-зайыптылардың келiсiмі бойынша кез келген уақытта өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келiсiм неке шартының өзi сияқты нысанда жасалады [27, 30б.].
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, неке шартын орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiлмейдi. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң талап етуi бойынша неке шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде шартты өзгерту және бұзу үшiн белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша соттың шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн. Неке шартында неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылғаннан кейiнгi кезеңге көзделген мiндеттемелерді қоспағанда, неке шартының қолданылуы неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады [2, 66б.].
Неке шартын жарамсыз деп тану ол неке шартын сот Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мәмiлелер жарамсыздығы ның негiздері бойынша толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы мүмкiн. Егер шарттың талаптары ерлi-зайыптылардың бiреуiн өте қолайсыз жағдайда қалдырса немесе осы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтарын бұзса, сот ерлi-зайыптылардың осы бiреуiнiң талап етуi бойынша неке шартын толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы да мүмкiн. Осы Кодекстің 41- бабы 3-тармағының талаптарын бұзатын неке шартының талаптары жарамсыз деп танылады [2, 68б.].
Ерлі - зайыптылардың міндеттемелер бойынша жауапкершілігі отбасы құпиясының соңғы тармағы болып табылады. Бұл ерлі – зайыптылардың мүлкінен өндіріп алу және кредит кезіндегі отбасы жағдайлары қарастырылады. Бұлда отбасының құпия бөлімдеріне жатады. Бұны туыстар арасында жариялауға болады, егерде ерлі зайыпты дұрыс деп тапқан жағдайда. Туыстар да отбасы мүшелері екенін ұмытпау қажет. Бірақ бұл жердегі жеке басының және азаматтардың жеке өмірлерінің құпиясы қарастырылғандықтан, оларды тек ерлі зайыптылар арасындағы құпиялылық ғана назарда болуы қажет.
Ерлі - зайыптылардың мүлкінен өндіріп алу дегеніміз ерлi - зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша тек сол жұбайының мүлкi ғана өндiрiп алынады. Бұл мүлiк жеткiлiксiз болған кезде кредит берушi өндiрiп алу үшiн ерлi - зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде борышкер жұбайға тиесiлi болатын борышкер жұбайдың үлесiн бөліп беруді талап етуге құқылы.
Егер сот ерлi - зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша алынғандардың бәрi отбасының мұқтажына пайдаланылғанын анықтаса, өндiрiп алу ерлi-зайыптылардың ортақ мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi өндіріп алынады. Бұл мүлiк жеткiлiксiз болған кезде ерлi-зайыптылар көрсетілген мiндеттемелер бойынша өздерiнiң әрқайсысының мүлкiмен ортақ жауапкершілікте болады.
Егер соттың үкiмiмен ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi ерлi-зайыптылардың бiреуi қылмыстық жолмен алған қаражат есебiнен сатып алынғаны немесе көбейтiлгенi анықталса, тиiсiнше ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi немесе оның бiр бөлiгi өндіріп алынады. Ерлi-зайыптылардың өздерінің кәмелетке толмаған баласы келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен айқындалады. Ерлi-зайыптылардың өздерінің кәмелетке толмаған баласы келтiрген зиянды өтеуi кезiнде осы баптың 2 - тармағына сәйкес олардың мүлкiнен өндiрiп алыну жүргізіледі. Неке шартын жасасу, өзгерту және бұзу кезіндегі кредит берушілердің құқықтарына кепілдік. Борышкер жұбайдың кредит берушiсi (кредит берушiлерi) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларына сәйкес, өзгерген мән - жайларға байланысты ерлi - зайыптылар арасында жасалған неке шартының талаптарын өзгертудi немесе оны бұзуды талап етуге құқылы [8, 74б.].
Бойға бала бітірудің жасанды
әдісін немесе эмбрион имплантациясын
жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының
лауазымды адамдары, сондай-ақ суррогат
ана шартын куәландырған нотариустар
бұл туралы құпияны сақтауға міндетті.
Ең бастысы суррогатты ана дегеніміз
кім және оның қандай жағдайлары бар,
сонымен қоса суррогатты ана болған
адаммен жасалатын келісім
Суррогат ана болу және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану. Суррогат ана болу шарты дегеніміз суррогат ана болу шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптары сақтала отырып, жазбаша нысанда жасалады және міндетті түрде нотариатта куәландыруға жатады. Суррогат ана болу шартының жасалуы қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде туған балаға ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) ата-аналық құқықтары және міндеттерінің болуын әдейі көздейді. Суррогат ана болу шартымен бір мезгілде ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) тиісті қызметтер көрсететін, қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйыммен шарт жасасады.
Суррогат ана болу шартының мазмұны келесі бөлімдерден тұрады, суррогат ана болу шартында:
1) ерлі-зайыптылардың (тапсырыс
берушілердің) және суррогат ананың
деректері;
2) суррогат ананың күтіміне арналған
материалдық шығыстарды төлеу тәртібі
және шарттары;
3) тараптардың шарт талаптары
орындалмаған кездегі
4) өтемақының мөлшері және оны төлеу тәртібі;
5) өзге де, оның ішінде
төтенше оқиға жағдайлары
Суррогат анаға қойылатын талаптар келесідей болады, суррогат ана болуға тілек білдірген әйел жиырмадан отыз беске дейінгі жаста, медициналық ұйымның қорытындысымен расталған, қанағаттанарлық тән денсаулығы, психикалық және репродуктивтік денсаулығы, сондай-ақ өзінің дені сау баласы болуға тиіс. Егер суррогат ана тіркелген некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) жағдайда, суррогат ана болу шартын жасасу кезінде жұбайының нотариат тәртібімен куәландырылуға тиіс жазбаша келісімі ұсынылуы қажет. Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйым балалы болуға тілек білдірген адамдардың өздерінің не донор банктің биоматериалдарының сол үшін пайдаланылғаны туралы толық әрі жеткілікті ақпаратпен оларды қолдану туралы қорытынды шығаруға міндетті.
Қорытындының бір данасы нотариатта куәландырылған суррогат ана болу шартына қоса беріледі және мәміленің жасалған жері бойынша сақталады. Суррогат ана болу шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері:
Суррогат ана болу шартын
жасасу кезінде ерлі-зайыптылар (тапсырыс
берушілер):
1) суррогат ананың медициналық
зерттеп-қараудан өтуімен байланысты
материалдық шығыстарды көтеруге;
2) қосалқы репродуктивтік
әдістер мен технологиялар
3) қосалқы репродуктивтік
әдістер мен технологияларды
қолданатын медициналық ұйымға
тән саулығы, психикалық
4) суррогат ананың жүктілігі,
босануы кезеңінде және
Суррогат ана болу шартын жасасу кезінде суррогат ана Қазақстан Республикасының Отбасы кодексінің 56 - баптың талаптарына сәйкес:
1) тапсырыс берушілерге
өзінің тән саулығы,
2) дәрігердің үнемі бақылауында
болуға және оның ұсынымдары
мен тағайындаған емдерін
3) өзімен шарт жасасқан
адамдарды суррогат ана болу
шартында ескерілген