Отбасы құпиясының түрлері мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 10:40, дипломная работа

Краткое описание

Ол отбасы деп аталатын туған туысқандардың бірлесе отыра, ерлі – зайыбының ақылдаса отыра шешілетін дүниесі. Отбасы құпиясын заң жүзінде сақтау нотариаттарға жүктеледі. Сондықтанда нотариустар туралы заңдарда отбасы құпиясына байланысты қадағалау мен бақылауда ұстауды жоғары деңгейде көрсеткен. Диплом жұмысының жаңашылдығы, отбасы құпиясына жататын бала асырап алу, азаматтардық жеке басына байланысты құпиялары мен суррогатты анаға байланысты құқықтар мен міндеттер мен мазмұны заң шеңберіне қарастыра келе құпиялылықтың қаншалықты деңгейде жүзеге асатыны және әлеуметтер арасындағы қандай мәселелер барын көрсету.

Прикрепленные файлы: 1 файл

отбасы құпиясы.docx

— 173.41 Кб (Скачать документ)

«Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары» деген 5 бөлімде ата-аналардың  балаларды асырау және кәмелетке  толғандардың ата-аналардың бағып-күтуі  жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа да мүшелерінің  алименттік міндеттемелері көрсетіледі, сондай-ақ алимент тағайындау және оны төлеу тәртібі берілген.

Жетінші бөлімде шетелдіктер  мен азаматтығы жоқ адамдарға  неке-отбасы заңдарының нормаларын қолдану  мәселелері шешілген.

Отбасы құқығы бойынша  неке - бұл «ерлі-зайыптылар арасында мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен  тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің  арасындағы тең құқы одақ» 
Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз оны азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке-отбасы заңдары негіздерінің бірі болып табылады.

Қазақстан аумағында қолданылып жүрген неке және отбасы туралы заңда  некені міндетті түрде тіркеу барлық кезде талап етілмеді. Мұндай ереже  1926 жылға дейін болды да, кейін 1944 жылғы 8-шілдедегі КССР Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығы болды. Бұл Жарлық бойынша іс жүзінде некеде болып, бірақ тіркелмеген адамдардың некесі мойындалмады. Ал, мұндый қатынастағыларға бірге тұрған кездерінің уақыты көрсетіле отырып АХАЖ органдарында тіркеу жолымен рәсімдеу құқығы берілді. Кейін ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болған, майданда хабарсыз кеткен жағдайларда аман қалғанының және балаларының мүддесі үшін іс жүзіндегі неке қатынастарын заңдастыру мүмкіндігі сот тәртібімен шешіліп отырады. 
Некеге түру үшін заңда белгіленген шарттарды (9-11 -баптар) сақтау қажет. Аталған шарттарды оң (пазитивтік) деп бөлу қабылданған. Басқаша айтанда, онды жағы көбірек болып, теріс жағы болмаған жағдайда некеге тұруға болады. Оның біріншісіне мыналар жатады: некеге тұратын еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі.

Некеге тұратын адамдардың өзара келісімі некеге тұрудың шарты  ретінде еркек пен әйелдің  ерікті және еркін одағы болып  табылатын неке мәнінен туындайды. Осы шарт біреудің мәжбүр етуімен  болатын неке одағына заң мән  бермейтін көрсетеді.

«Неке және отбасы туралы»  Заңның 10-бабында белгіленгендей, еркектер мен әйелдердің неке жасы - 18. Ертеректе  Қазақ ҚСР-інің неке және отбасы кодексінің 16-бабына сәйкес еркектердің неке жасы 18, әйелдердікі-17 деп белгіленген  болатын [9, 18б.].

«Неке және отбасы туралы»  Заңның 10-бабында азаматтық хал  актілеріне жазу органдары некеге түруды мемлекеттік тіркеу орындарында  дәлелді себебтері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендету мүмкіндігі (некеге тұрушылардың өздерінің және олардың ата-аналарының, немесе қорғаушылардың келісімімен) көзделеген. 
Белгілінген неке жасын кемітудің қажеттілігіне келетін болсақ, мұндай жағдай әдетте неке жасына толмаған, бірақ іс жүзінде некеге тұрғандар үшін, әйелдің аяғы ауырлығы мен баласын тууы үшін жасалады. Некеге тұруға кедергі жасайтын қолайсыз жағдайлардың, немесе басқа да себептердің болатындығы «Неке және отбасы туралы» Заңның 11 - бабында қарастырылған. Осы бапқа сәйкес мына тараптағы адамдардың некеге тұрудың тыйым салынады:

1) біреуі болса да басқа  тіркелген некеде тұрған адамдардың;

2) тікелей ата-тегі бойынша  және өзінен тарайтын жақын  туыстардың (ата-аналар мен балаларыдың,  атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы  бөлек әкесі немесе анасы ортақ  ағалы-інілер мен апалы-сіңлілердің  (аға-қарындастардың);

3) асырап алушылар мен  асырап алынғандардың;

4) біреуін болса да  психикалық ауруының немесе ақыл-есі  кемдігінің салдарынан сот әрекетке  қабілетсіз деп танылған адамдардың құқығын шектеу [9, 10б.].

Заңмен белгіленген шарттар  бұзылған жағдайда неке жарамсыз деп  танылады. Сондай-ақ жалған неке («Неке  және отбасы туралы» Заңның 24-бабы) жарамсыз деп танылады. Белгіленген  заң тәртібімен тіркелсе де, «отбасы құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардыі құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке» (заңның 1-бабы) жалған нею деп танылады. Некеге тұру фактісінен көрінетіндей, жалған нек кейбіреулердің бас пайдасы үшін, ғана жасалады (мысалы, қалада тіркеге түр үшін, армия қатарына шақырудан жеңілдік алу үшін). Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін [9, 12б.].

Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға құқығы бар  адамдар «Неке және отбасы туралы»  Заңның 25 - бабында аталған. Некені жарамсыз де тану туралы талап қоюға жүбайлар, прокурор, қорғаншы және қамқоршы және органдар, сонда-ақ осы некені тіркеу кезінде қүқығы бүзылған басқа, адамдар құқылы. Неке жасы жөніндегі шарт бұзыла отырып қиылған неке кәмелет толмаған адамның ата - анасының, қорғаншысының және прокурордың талап қоюымен жарамсыз деп танылады. Егер кәмелеі толмағандардың ісін қорғау кезінде жұбайы он сегіз жасқа толса, онда неке тек соның өзінің талабы бойынша жарамсыз деп танылады. Заңның некені жарамсыз деп тануға қатысты ережелерінің негіздерін атап көрсетуге болады.

Біріншіден, некені жарамсыз деп тануды сот қана жүргізеді. Екіншіден, егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәтте заңға орай оның қиылуына кедергі жасалған мән-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды. Мысалы, ері некеге түру кезінде басқа әйелімен некелескенін жасырған жағдайда, істі сот қарағанда дейін ол өзінің бірінші қиылған некесін бұзып, ажырасып үлгере алады. Үшіншіден, некені жарамсыз деп тану осы некені қиюдан туындаған немесе зауыптылардың барлық жеке және мүліктік құқығының, сондай-ақ «Неке және отбасы туралы» Заңның 27 - бабында қарастырылған басқа да құқықтық салдарлардың жойылуына әкеледі. Алайда некені жарамсыз деп тану осы некенің қиылуы нәтижесінде туған немесе некені жарамсыз деп танығаннан кейінгі 270 күннің ішінде туған балалардың құқығына нұсқан келтірмейді. Тіркелген некеге ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады [9, 21б.].

«Неке және отбасы туралы»  Заңның 29 - бабына сәйкес ерлі-зауыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықтары, тұрғылықты жерді таңдау құқығы, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешеу құқығы. Заңға сәйкес ерлі-зауыптылар тең құқықтырды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зауыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешкасысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес. Қолданып жүрген заңда текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зауыптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге ерлі-зауыптылар өз қалаулары боынша ортақ бір тек таңдауға қүқылы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін. Тәжірибеде ерлі-зауыптылар ортақ бір текті (әдетте ерінің тегін) таңдайды. Кейбір елдердің, оның ішінде ТМД құрамына кіретін елдердің заңы ерлі-зайыптылардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды. Қазақ КСР-нің неке және отбасы туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді [24, 14б.]. Ал, енді «Неке және отбасы туралы» Заңның 30-бабында жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанаға дейінгі тегі қосарлас болғанда болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді. 
   Қызмет мамандықты ерікті таңдау құқығы ерлі-зайыптылардың оқу орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс орнынын табу жөніндегі мәселелерді жеке өздерінің шешулеріне болатындығын көрсетеді. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімдері бойынша отбасы мүддесін ойластыра отырып жүзеге асыратын ісі. Тұрғылықты жерді таңдау еркі дегеніміз мынаны білдіреді: ерлі-зайыптылардың жеке тұруларына болады, немесе әртүрлі тұрғын үйлерді иемденуге құқылы. Бірақ, еркек пен әйел басын біріктіру үшін некеге тұратындықтан, отбасын құруға және оны нығайтуға мұндай құқықтардың пайдасы болмайды. Заңда көрсетілген тұрғылықты жерді таңдау еркіне ие болу құқығының мәні ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да бір-бірін белгілі бір жерде түруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі жақтың өзара келісімімен жүзеге асырылуы керек.

 Заңда ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнет ақысы, материалдық көмек, кәсіпкерлік қызметтен тапқан табыстары), осы табыстардың негізінде жиналған мүліктер (ортақ мүлік, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі) жатады. Жалпы тәртіп бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуіне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-тармақ) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған, немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді. Бірге тұрған кезде жинаған ортақ мүліктен басқа, ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері дара билік етеді. Мұндай жеке дара мүліктерге ері мен әйелінің некеге тұрғанға дейінгі немесе ерлі-зайыптылардың некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған заттары, ері мен әйелінің сый ретінде алған, немесе мүрагерлік жолымен иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киім, аяқ киім) ерлі-зайыптылардың некеге тұру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқасының бәрі жатады. Мысалы, әйелінің қүндыз мантосы, ерінің алтын сағаты ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып саналады [9, 30б.].

Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін. («Неке және отбасы туралы» Заңның 34-бабы). 
Жалпы ортақ меншік болып табылатын мүлікке ерлі-зайыптылар өзара келісім бойынша иелік ете алады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жалпы мүлікке байланысты өз бетінше келісім жасай алады. Бұл жерде жаңа Заңның талап етуі бойынша басқа жұбайдың келісімін алуы қажет. Ортақ мүлікке байланысты нотариалды рәсімденуі талап ететін мәміле жасау үшін (мәселен, түрғын үйді сату кезінде) екінші жұбайдың жазбаша келісімі қажет. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы некені тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде тұрған кезінде де жалпы ортақ мүлікті бөлісуді талап етуге құқылы. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліске салғанда олардың үлестері тең болуы тиіс. Отбасының жалпы табысына ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қосқан үлесінің көлемі жалпы ереже бойынша ескерілмейді. Сонымен бірге жекелеген жағдайларда сотқа кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін ескере отырып ерлі-зайыптылардың үлестерінің теңдігі негізін ескермеу құқығы берілген [2,  38б.].

Республикамыздың президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030», «Қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының  артуы» атты халыққа жолдауында: «Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерін –  біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында  орасан зор жауапкершілік жүгін  саралайтын әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің  өз балалары мен  немерелері алдындағы жауапкершілігін  күнделікті есте ұстауға тиіспіз», - деп қазіргі отбасының әлеуметтік, мәдени, қоғамдық қызметі белсенділігінің  маңызын жоғары бағалап, Республикамыздағы  отбасылардың алдында қомақты міндеттер  жүктейді [25, 78б.].

Ата - аналардың білім  деңгейіне байланысты да отбасында  ерекшеліктер орын алады. Мысалы: ата-аналардың  білімі жоғары болған сайын олардың  балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі  ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесіне, материалдық жағдайы  әртүрлі ата-аналардың қарым –қатынасына  әсер етеді. Отбасында балаларға  отбасылық бюджеттің 25-50 пайыз жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда  педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық  жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз - өмірге, өмірдегі материалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас. Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасынан торығушылар, қаңғыбастар «қызықты» әсерді іздеушілер өсіп шығады.

Бір балалы отбасы көпшілікпен  араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін  игеру жағынан баланы қиын жағдайда қалдырады.Бұндай отбасыларда аға, әпке сияқты тәлімгер, іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы  ұжымдық туыстық қатынастар аясын  мүлдем тарылта түседі. Осындай жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып кезінен оның бойына да тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.

Баланың әлеуметтік қалыптасуы ерте балалық шақтан (Мэри Эйнверт  және Джон Болби) бастау алады:

- қоршаған ортаға бейімделу  және оған деген қызығушылық  (дүниеге келгеннен үш айға  дейін);

- сүйіспеншілік сезімнің  дамуы (екіден жеті ай аралығында);

- потенциалды қарым –қатынасының  дамуы (үш пен он ай аралығы);

- «Мен» тұрақты сезімнің  пайда болуы (тоғыз бен он  сегіз аралығы);

- эмоционалды қиялының  пайда болуы (он сегіз бен  отыз алты жас аралығында);

- эмоционалды пайымдаудың  көрініс табуы (отыз бен қырық  сегіз жас аралығы) [26, 58б.].

Заң ғылымында адам әлеуметтенуіне күшті ықпал ететін биогенді және социогенді бағыттар айқындалған. Биогенді бағытты жақтайтындар жеке тұлғаның дамуы тұқымқуалаушылыққа тәуелді  деп есептейді. Олардың айтуын нақ осы адамның болашаққа кім болатыны тұқымқуалауға байланысты. Ғылыми тұрғыдан алғанда бұл бағыт жеткілікті түрде негізделмеген.

Ата - аналарының біреуі немесе екеуі де маскүнем не нашақор болса, сондай-ақ психикасында ауытқушылық болса, мұның бәрі сәбидің өсу және даму үрдісінде тежеу факторы ретінде айтарлықтай із қалдыруы мүмкін. Мұндай балалармен жұмыс, айтарлықтай деңгейде олардың әлеуметтік – жағымсыз дамуы мен тәрбиеленуін мүмкіндігінше ескерту және тежеу. Осы бағытта тек қана нақты баламен ғана емес, сонымен қатар оның қоршаған ортасымен, оның ішінде бірінші кезекте ата-анасымен әлеуметтік – педагогикалық профилактикалық жұмыс жүргізу қажет.

Баланың тәрбиелеу, және дамыту үрдісінде оның жеке ерекшеліктері  мен мүмкіншіліктерін білу керек. Сонымен  бірге балаға тән қабілеттердің  толық және мақсатты жүзеге асуын  қамтамасыз ететін орта жағдайын тиімді ұйымдастыра білу қажет. Бұл ата-аналар мен әлеуметтік педагогтардың, мектеп психологтары мен мұғалімдердің  міндеті. Баланың әлеуметтік тәрбиесін жүзеге асыруда мұғалімнің оқушылардың отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталған орынды.

Бірінші ереже. Мектеп пен  сынып жетекшісінің отбасымен жұртшылықпен жүргізетін жұмысының негізі ата-аналардың  беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс. Сынып жетекшісінің ақыл үйретушілік, көсемдік сөз саптауы өкпе, реніш, ыңғайсыздыққа негіз болады. Міндетті, қажетті деген үзілді-кесілді  сөздерден соң ата-ананың ақыл кеңес  сұрауға деген ынтасы жоғалады. Ата-аналардың  көпшілігі өз міндеттерін жап-жақсы  түсінеді, бірақ тәрбие практикасында  өз білгенін көңілдегідей қолдана алмауы мүмкін. Сондықтан оларға не істеу  керек екендігімен бірге қалай  істеу керектігін білу де маңызды. Мұғалім  мен ата-ананың арасындағы бірден бір  дұрыс норма – ол бірін –  бірі құрметтеу. Осындай жағдайда бала тәрбиелеу қадағалау, тәжірибе алмасу, ақыл-кеңес, бірлесе шешім қабылдау сияқты екі жақты да қанағаттандыратын  формаға ауысады. Мұндай қатынастың маңыздылығы сол – мұғаліммен ата-аналарда жауапкершілік, азаматтық  парыз, өзіне деген талапшылдық  дамып нығаятын болады. Ата – аналардың жұмыс орнына «Үлгерім экраны», «Ашық журнал» сияқты тәрбие құралдарын ілу нәтиже бермейді. Қара тізімге ілінген әкелер мен аналар ондай  форманың тиімсіздігін айтады. Өйткені, сол арқылы олардың балаға көңілі толмауы оны жазалауға, мектепке деген теріс көзқарастың қалыптасуына алып барады, ал ең бастысы отбасыдағы құпиянын сақталмай қоғам арасында жариялануына ықпал етушілер болып саналады. Балалары туралы жағымсыз әңгіме естіген ата – ана мектептің маңайын көргісі келмейді. Көп жағдайда осы негізде әке мен шешенің ара қатынасы бұзылады. Осының бәрі түптің түбінде баланың мұғалімді, мектепті жек көруіне ұласады. Мұғалім, сынып жетекшісі осы жағдайларды ескеріп, жұмыс әдістерімен түрлерін таңдағанда баланың көз алдында ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуды басшылыққа алуы тиіс.

Информация о работе Отбасы құпиясының түрлері мен мазмұны