Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 10:40, дипломная работа
Ол отбасы деп аталатын туған туысқандардың бірлесе отыра, ерлі – зайыбының ақылдаса отыра шешілетін дүниесі. Отбасы құпиясын заң жүзінде сақтау нотариаттарға жүктеледі. Сондықтанда нотариустар туралы заңдарда отбасы құпиясына байланысты қадағалау мен бақылауда ұстауды жоғары деңгейде көрсеткен. Диплом жұмысының жаңашылдығы, отбасы құпиясына жататын бала асырап алу, азаматтардық жеке басына байланысты құпиялары мен суррогатты анаға байланысты құқықтар мен міндеттер мен мазмұны заң шеңберіне қарастыра келе құпиялылықтың қаншалықты деңгейде жүзеге асатыны және әлеуметтер арасындағы қандай мәселелер барын көрсету.
- отбасы мүшелерінің күш-
Отбасы тəрбиелік
Отбасылардың өздеріне тəн
ерекшеліктеріне орай топтасуы төмендегідей:
1) құрылымы бойынша (мүшелер саны, жас
деңгейлері): үш əулетті отбасылар – ата-аналар,
балалар, немерелер; екі əулетті отбасы
- ата-аналар жəне балалар; бір балалы;
көп балалы (үш одан да көп балалы) отбасылар;
толық болмаған, яғни ата - анасының біреуі
жоқ; перзентсіз жəне т.б. отбасылар; отбасы
тұрмысы жəне даму жағдайларына байланысты
(жарасымды жəне қисыны кеткен жанұялар);
отбасылық тəрбие стиліне орай (əкімшіл,
адамгершілікті, либералды).
2) әкімшіл (авторитарлы)
отбасы – бала қарсылығын не
күйзелісі мен селқостығын
3) адамгершілікті қатынас
түрі (стилі) ата-аналардың бала
тұлғасына болған сыйластық,
4) либералды стильдік
қатынас отбасы баласының не
істесе де бетін қайтармауға,
оның жауапкерсіздігі мен
Өз перзентіне шынайы қамқорлық пен сүйіспеншілік
шуағын арнаған ата-ана, негізінен адамгершілікті
(демократтық) стильді қолдана отырып,
орынды жерінде əкімшіл не либералды тəрбие
элементтерін қолдануды да ұмытпайды.
Отбасында тиімді тəрбиелеудің белгілі
ережелері қалыптасқан:
- баланы бар қалпында сүю, құрметтеу қажет;
- балаға əсер ететіні
құрғақ сөз емес, оның қалай
айтылғаны, шын көңілден
- баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сəйкес болуы шарт, сонда ғана үлкендер мен кішілер арасындағы дау - дамай туындамайды да ең қонымды тəрбие əдісін таңдап, қолдануға болады;
- баланың не айтқысы
келетінін түсініп алған жөн,
асығыс қорытынды жасаудан
- жазаны істеген келеңсіз
əрекеті үшін қолдануға
- бала жөнінде басқалар (мұғалімдер,
көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден
қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен
əңгімелесіп, əрекетінің себебін анықтап,
кейін шешім қабылдаған жөн: жұрт алдында
өз беделіңді жоғалтамын деп шошынудың
қажеті шамалы, өз балаңның сенімінен
айырылып қалмаған дұрыстау;
- балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп ал;
- өз балаңызға қанша
рет «жоқ» деп, бетін
- бала жасына қарамай,
басыбайлы қадағалауды жек
- баламен өмір, тұрмыс
жөнінде жиі сұхбаттасып
- баланы қиындықтар құрсауында
жападан жалғыз қалдыруға
Отбасы ерлі - зайыптылардың арасындағы, ата - ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым - қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дауына орай қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады.
Отбасы – белгілі бір әлеуметтті нормалар, санкциялар, мінез - құлық, құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі - зайыптылар, ата - аналар мен балалар арасындағы қарым - қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады. Отбасы - некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады.
Отбасы – табиғи, биологиялық, рухани және материалдық қатынастардың жиынтығы. Дүние жүзінің қай елінде болмасын мемлекет отбасын қорғайды, Қазақстан Республикасында да мемлекет отбасын өз қамқорлығына алады және отбасындағы қатынастарды арнайы қабылданған заңдар арқылы реттейді. Біздің еліміздегі отбасы қатынастарын реттейтін құқықтың дербес саласы отбасы құқығы болып есептеледі [17, 140б.].
Отбасы – заңнамада жиі қолданылатын әлеуметтік ұғым. Бұл ұғымға әр түрлі ғылым салалары өзінше жауап береді. 1998 жылы Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес: отбасы дегеніміз – некеден, туыстықтан, дүниеге бала келіп оны тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын өзара жәрдемдесуге тиісті адамдардың тобы[1, 26б.]. Отбасы мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтармен міндеттерді туындатады. Туыстық қатынастар, некенің болуы, бала, бала асырап алу, тағы да басқа негіздер отбасының ең басты белгілері. Ешкімде күштеу арқылы отбасына біріктірілмейді, оның негізі туыстық, сүйіспеншілік сезімдерінен басталады. Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғамда бірқатар қызметтер атқарады. Олар: отбасы мүшелерінің өзара көмек көрсету қызметі, өмірге ұрпақ әкелу қызметі [1, 43б.].
Қоғамда жаңа отбасының пайда болуы неке ұғымымен тікелей байланысты. Неке дегеніміз – ерлі – зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатында жасалған ер мен әйелдің тең құқықты одағы. Неке одағын құру негізінде ер мен әйелдің рухани және тәндік жақындығы, бірге өмір сүру, бала тәрбиелеуге, өзара қамқор болуға деген ортақ ниеті болу керек. Махаббат, сүйіспеншілік, өзара түсіністік – отбасы бақытының қайнар бұлағы. Ешбір заң екі адамды бірін – бірі жақсы көруге күштей алмайды [17, 60б.].
Неке құру негізінде әйел мен ер адамның бірігіп өмір сүруге деген ортақ ниеті сезімдері мақсат – мүдделерінің болуы тиіс. Заңдық негізде некелері тіркелген, бірақ жеке бастарының мүліктік, материалдық, әлеуметтік мәселелерін шешіп алу мақсатында құрылатын некенің түрі болады.
Мұндай некені заңда жалған неке деп атайды. Жалған неке ерлі –зайыптылар арасында өзара құқықтар мен міндеттер туындатпайтын отбасын құру ниетінсіз, заңда белгіленген тәртіпте жасалған неке [2, 21б.].
Мұндай неке сот тәртібі мен жарамсыз деп танылады. Алайда мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот тәртібімен қарағанға дейін шынайы отбасын құратын болса, сот «Неке және отбасы туралы» Заңның 26-бабына сәйкес, некені жарамсыз деп тани алмайды, яғни мұндай отбасында заңда көрсетілген барлық құқықтық негіздер пайда болады [2, 16б.].
Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу) [2, 21б.].
Нарықтық қатынастардың дамуымен, шетелге көзсіз еліктеумен бірге материалдық құндылықтар алдыңғы кезекке қойыла бастады. Соның салдарынан жас қыздарымыз басында үйі, астында көлігі бар «дайын» жігіттерді ғана таңдауға айналды. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» дегендей, қиындықты бірге көре жүріп, бірге шаңырақ қаласуға қазір ешкімнің көнгісі жоқ.
Отбасылық қарым-қатынас ұғымы мәнін өзгертіп, деградацияға ұшырай бастаған Америка мен Еуропа елдері мысал болады. Бір жыныстық неке, жынысын өзгерту, бірнеше мәрте ажырасу, міне, батыстық идеологияның қол жеткізген «жеңісі» және «жемісі». Жағдайдың ушыққаны соншалық, Англия мектептерінде гей-балаларға арнап бөлек әжетханалар ашыла бастаған. Оны қойып, 13 жасар Эльфи Паттен қаршадайынан әке атанғаннан кейін британнның оқу орындары жыныстық қатынасты балаларға 5 жастан бастап түсіндіру жөнінде шешім қабылдаған.
Некенін аты жоқ түрі де бар. Жұбайлар бөлек тұрады, бір-бірімен анда санда мейрамханада жолығып, «кездесіп» қояды. Бұл – олардың арасындағы романтикалық сезімнің ұзаққа созылуына әсер етіп, тұрмыс тауқыметінен некенің бұзылуынан сақтайды – мыс [18, 15б.].
Неке қатынастары тек
біздің мемлекетіміздің шеңберінде
ғана емес, бүкіл әлемде кең өріс
алуда. Некесіз қатынастардың, жалған
некелердің, толық емес отбасыларының
саны артуда. Кейде отбасы дағдарысының
белгілері ретінде
Отбасы әлеуметтік бірлік
ретінде, әрдайым әлемдік дамудың
басты элементтерінің бірі ретінде
қарастырылған. Отбасының басымдылығы
идеологиясы, қоғам мен адамның
өмір сүруі және дамуы үшін отбасының
қажетті құндылығы көптеген нормативтік
актілерде бекітілген. Осы құжаттардың
негізгі ережелерінің бірі, отбасы
институтының қоғам тарапынан қорғалуы,
барлық мемлекеттердің ұлттық отбасы
саясатын жетілдіруі болып табылады.
Отбасы саясатының алдына қойған негізгі
мақсаты қоғам дамуының күрделі
мәселелерін шешу барысында отбасы
мүмкіндіктерін қоғамдық институт ретінде
белсенді пайдалануға жағдай жасайтын
технологиялар мен
1.2 Отбасы алғашқы әлеуметтік институт ретінде
Отбасы, жанұя, әйелмен, семья
деген атаулар бір мағынаны береді.
Мәселен, “Отбасы – семья, үй деген сөздің
синонимі” [19, 165б.], яғни бір оттың (ошақтың)
басында өмір сүріп жатқан қандастар.
“Жанұя - өмірдегі туысқандық қарым –
қатынастық ортақ белгісі”[14, 33б.]. “Әйелмен
– ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан
адам баласының әлеуметтік ортасы” [12,
31б.]. “Семья - некеге немесе қандас
туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын
топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы
формасы” [1, 106б.].
Осы төрт анықтамадан шығатыны – адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.
Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес. Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады.
Әлеуметтану ғылымы оны былай
анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи
өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның
жалпы белгілері – бөтен
Отбасы еркек пен әйелдің
табиғи физиологиялық және басқа
қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық
қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы
қоғамды қалпына келтіре
- репродуктивтік (бала табу
арқылы қоғамды қалпына
- экономикалық (өндіру және тұтыну);
- қорғаныс функциясы (отбасы
мүшелерінің денсаулығына, материалдық
игіліктермен қамтамасыз етуге,
- балаларды оқыту-тәрбиелеу;
- эмоциялық (ерлі –
зайыптылардың бірін-бірі сүюі)
- әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа баулу). Отбасының өзінің тарихи өзгерісіне байланысты бұл функциялардың арақатынасы да өзгеріп отырады.
Отбасының формасы мен
атқаратын міндеттерінің (функциясының)
өзгеруі, өндіргіш күштердің дамуына,
яғни адамның шығу тегін айқындайтын
элементтердің дамуына
Бірінші жағынан – тіршілік қажеттерін: азық-түлік, киім-кешек, баспана және бұларды өндіру үшін қажетті құралдар өндіру;