Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 10:40, дипломная работа
Ол отбасы деп аталатын туған туысқандардың бірлесе отыра, ерлі – зайыбының ақылдаса отыра шешілетін дүниесі. Отбасы құпиясын заң жүзінде сақтау нотариаттарға жүктеледі. Сондықтанда нотариустар туралы заңдарда отбасы құпиясына байланысты қадағалау мен бақылауда ұстауды жоғары деңгейде көрсеткен. Диплом жұмысының жаңашылдығы, отбасы құпиясына жататын бала асырап алу, азаматтардық жеке басына байланысты құпиялары мен суррогатты анаға байланысты құқықтар мен міндеттер мен мазмұны заң шеңберіне қарастыра келе құпиялылықтың қаншалықты деңгейде жүзеге асатыны және әлеуметтер арасындағы қандай мәселелер барын көрсету.
Толық емес туыс аға – қарындастарды ерлі – зайыптылардың бұрынғы некелерінен немесе некеден тыс туған туыс аға – қарындастарымен шатастыруға болмайды. Олардың ортақ әкелері де шешелері де жоқ, демек, олар туыс емес, сүйек жақындар деп танылады. Ері мен оның тусытары бір жағынан, әйелі мен оның туыстары – екінші жағынан, бұлар да сүйек жақындар. Өгей әке – шешесі және өгей ер бала мен қыз да сүйек жақындар деп есептеледі.
Отбасының құрылымының негізгі белгілері:
1) оның мүшелері арысындағы қарым-қатынастар жиынтығы;
2) рухани, ізгіліктілік қарым-қатынастар жүйесі;
Туыстық құрылым бойынша отбасы былайша бөлінеді:
1) нуклеарлы отбасы (балалары бар ерлі-зайыпты жұп); 2) кеңейтілген отбасы (балалары бар отбасы және отбасымен бірге күйеуінің не әйеленің туысы тұрады).
Жұбайлар арасында билікті бөлу құрылымы бойынша келесі отбасыларды бөлуге болады:
1) эгалитарлы –тең құқықтылыққа негізделген;
2) авторитарлы- басты шешімді күйеуі (әйелі) қабылдайды.
Балалар саны бойынша – көп балалы, балалар саны орташа, аз балалы, баласы жоқ отбасы болып бөлінеді.Үй міндеттерін бөлу сипаты бойынша- дәстүрлі отбасы (міндеттерді көбінесе әйелі атқарады) және ұжымдық отбасы (міндеттер бірлесіп не кезекпен атқарылады) болып бөлінеді. Бос уақытты өткізу сияқты бойынша ашық отбасы (араласуға және мәдениет индустриясына бағдар алған) және жабық отбасы (бос уақытты үй ішінде өткізуге бағдарланған) болып бөлінеді [11, 248б.].
Еуропалық отбасы әйелдің жұмыс бастылық деңгейінің жоғары болуымен, ажырасу деңгейінің жоғары және бала туу деңгейінің төмендігімен сипатталады. Ортаазиялық отбасыға, керісенше, әйелдердің жұмысбастылық деңгейінің төменірек болуы, балатуу деңгейінің жоғарылығы және ажырасу санының төмен деңгейде болуы тән. ТМД-ның бірқатар елдерінде - Қазақстанда, Закавказъезде отбасының аралас түрлері кездеседі [12, 10б.].
Неке - әйел мен еркектің арасындағы қарым-қатынасқа рұқсат беретін әлеуметтік нормалар жиынтығы, сондай-ақ олардың отбасы мен отбасы тобының өмір сүруі үшін қажет өзара құқықтары мен міндеттерінің жүйесі түріндегі әлеуметтік институт. Кейбір нормалар, құқықтар мен міндеттер заңды сипатта болады және заңнамамен реттеледі. Заңмен бекітілген нормаларға мүлікті иелену жөніндегі мәселелер, некені бұзумен байланысты бірқатар құқықтық проблемалар жатады. Некеге отырудың ең төменгі жасы мен неке бұзудың заңды негіздерінің тізімі де құқықтық реттелуге жатады. Олардың қатарында:
Некеге отырудың нақты жас шамасы
да, ажырасу барысында, ажырасқаннан
кейінгі кезеңдегі қарым-
Азия мен Африканың көптеген елдерінде ата- анасымен келісіп некеге отыру, келін үшін қалыңмал беру және тағы да басқа дәстүрлер сақталған.
Неке қию салтанатын өткізу шаралары бойынша азаматтық және шіркеулік неке қию болып бөлінеді. Кейде некеге нақты некені немесе бірге тұрады жатқызады (яғни, заңда қаралған тәртіпте ресімделмейтін ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы). Бірқатар елде кейбір әлеуметтік топтардың, негізінен жастар мен қала тұрғындарының нақты некеде болуы көбейіп келе жатқаны байқалады. Өз құрылымы бойынша некелер Еуропа мен Америка елдеріне тән моногамды және Азия мен Африка елдеріне тән полтгамды болып бөлінеді. Бірлескен өмірлерінің алғашқы жылдарында некені бұзу деңгейінің жоғары болуы мазасыздық тудырып отыр; ажырасудың шамамен 40 пайызы жұбайлардың бірлескен өмірінің алғашқы 4 жылында болады [4, 68б.].
Қазіргі ғылымда отбасының көптеген типологиясы бар. Әлеуметік қолдаудың объектісі кез келген типтегі отбасы болуы мүмкін. Алайда, әлеуметтік қолдаудағы қажеттілік дәрежесі оның нақы мазмұны, отбасының қажет ететін немесе қажет етуі мүмкін әр түрге жататын көмек түрлері сияқты әр түрлі болады. Өзара әрекеттестік жүйесі осалдау, өздеренің сезімдері мен тілектерін еркін көрсете алатын, өздерінің пайда болған проблемаларын қарым-қатынастың жаңа бір жолын тауып беретіндей бірлесе отырып талқылайтын отбасы өзінің отбасылық құрылымын бара-бара өзгертеді. Мұндай типтегі отбасылары жүйкеге нормативті емес жүк түскен жағдайда, аса қауіпті табиғи қайғылы оқиға, қатерлі ауру, дене немесе ақыл-ой кемістігі, сыртқы факторлардың әсерінен пайда болған мезгілсіз қаза, қайғы сияқты табиғи оқиға тап болғанда әлеуметтік қолдауды қажет етеді. Сонымен бірге мұндай отбасылар тіпті отбасыларына көмек көрсететін әлеуметтік қызметке ерікті түрде көмекші де бола алады.
Негізгі күштері ерік пен ықыласы
бір ғана ерік пен ықыласқа бағыну
(басшы, бастаушыға) арқылы қол жеткізілген,
сондықтан кез келген жеке алып-
қашпа сөздер тудырмайтын сыртқы
дүниемен келісімді және бірлікті қолдаудырмайтын
сыртқы дүниемен келісімді және бірлікті
қолдауға бағытталған отбасылары азды-көпті
қолдау мен қорғауды қажет етеді,
бірақ сыртқы дүниемен араласуға
олар үшін «жол жабық» болғандықтан, белгілі
бір шекке жетіп, белгілі болғаннынша
мүмкіндікке қол жеткізе
Өзара әрекеттестіктері былыққан және
дағдарысқа жетелейтін ұдайы дау
мен жанжалдан арылмайтын, сонымен
бірге өмірлік тәжірибелері алдағы
уақытта лайықты мінез-құлық
Отбасыларды шартты түрде қызметтік қисынды және қызметтік қисынды емес (тәуекел ету тобы) деп бөлуге болады. Қызметтік қисынды отбасылары арасынан 50-ден 60-қа дейінгі пайызын ерлі - зайыптылардың қарым-қатынастары үнемі шиеленіскен ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастары үнемі шиеленіскес және психологиялық жағынан қисыны келмейтін ата-налар, бала – ата - ана қарым - қатынастарының жолы теріс, жанжалды деп аталатын, қолайсыз әлеуметтік-психологиялық факторлармен сипатталатын отбасылар құрайды.
Адам барлық жақсы мен жаманды
отбасында алады. Отбасы жеке тұлғанын
қалыптасуының маңызды саласы әрі
халықтың әлеуметтік қайта жандауына
және белгілі бір өмір салтын
жасауға жауап беретін
Отбасында баланың тұлғасына әсер ететін факторлардың мамандар шартты түрде үш топқа бөледі. Біріншісі- бұл отбасының әлеуметтік микроортасы, онда балалар әлеуметтік құндылықтар мен рольдерге тартылады, қазіргі заманның қиындықтары менқайшылықтарын танып біледі. Екіншісі- бұл отбасы ішілік және отбасынан тыс жұмыс, негізінен тұрмыстық еңбек, ол адамда әлеуметтендірудің және оны болашақ тіршілікке тартудың мықты құралы болып табылады. Үшіншісі- отбасындағы тәрбиенің өзі, мақсатты педагогикалық әсерердің белгілі бір кешені.
Отбасылық қарым-қатынасты келесі салаларға бөлуге болады: шаруашылық –тұрмыстық сала, ізгілікті-психологиялық және жақын да жеке сала.
Отбасы мүшесін тәрбиелеуде
бұл салалардың әрқайсысының мәні зор
әрі даусыз, алайда біз көбінесе
ізгілікті- психологиялық қарым-қатынастың
мәнін елемейтінімізді атап өту
керек. Мұның себебі олардың материалдық
түрде көрінбейтіндігі мен жас
жігіттер мен қыздардың болашақ
отбасылық өміріне олардың
Ата-ана болып табылатын жұбайлар мен отбасының басқа ересектері арасындағы «көлденең»қарым-қатынастар – отбасындағы моральдық- психологиялық климаттың ерекшеліктерін анықтайтын ізгілікті –психологиялық қарым-қатынастың маңызды саласы болып табылады. Неке — бұл ерлі-зайыптылар арасында жасалатын шарт, осы ерлі зайыптылардың арасындағы катынас, отбасы құпиясы ондағы балаларға қатысты.
Сонымен қатар, отбасындағы бала кұқықтары, оларды асырап алу мен корғаншылық, камқоршылық институттарының жеке құқықтың деңгейінде ерекшеліктері бар.
Коллизиялық сұрақтарды шешуден бұрын Қазақстан Республикасының заңнамасының неке және отбасы қатынастарына байланысты кандай ережелерді колданатыңдығын қарастырсақ. Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ер адамдар мен әйелдердің тең құқықтарға ие. Отбасылық қатынастар үшін ерлі - зайыптылардың отбасындағы сұрақтарды шешудегі тең құқықтық жағдайда болуы үлкен маңызға ие және бұл отбасындағы бала тәрбиесіне де қатысты болып келеді. Отбасы және неке құқығы саласындағы заңнама бала мен ананы жан - жақты қорғауға бағытталған. Отбасылық қатынастарда тегіне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге козқарасына байланысты кез келген өзге жағдаяттар бойынша кемсітушілікке жол берілмейді.
Бірқатар мемлекеттердің отбасы құқығына ер адамның басшылығы тән болып табылады; көптеген мемлекеттерде осы күнге дейін отбасындағы әйел мен ер адамның теңсіз құқықтық жағдайлары орын алуда. Бұл мемлекеттердің отбасылық зандарында неке шарты деген түсінік бар, бұл жерде некеге тұрғанша неке шарты бекітіліп, ер адамның әйел адамның мүлкіне деген құқықтарын анықтайды.
Көптеген мемлекеттердің заңнамасы бір ғана некенің (моногамия) болуын бекітеді. Бірақ, қазіргі күнге дейін Азия мен Африканың көптеген мемлекеттерінде көп әйел алушылық (полигамия) танылады, некеге тұру кезінде қалындықка ақы төлеу және басқа да архаикалық әдет-ғұрыптар күні бүгінге дейін сақталуда. Бұнын барлығы отбасы құқығындағы әйелге қатысты дискриминацияның болуын білдіреді. Бірқатар елдердің заңнамасы мен тәжірибесі нәсілдік кемсітушілікке жол береді; түрлі нәсіл мен дінге кезқарастары бөлек адамдарға некеге отыруға тыйым салынады [13, 100б.].
Осы жекелеген отбасы заннамасындағы әр түрлі жағдайда екі мемлекеттін азаматы некеге отырған уақытта коллизиялық сұрақтарды шешу үлкен маңызға ие болып табылады. Батыс мемлекеттерінде отбасы құқығы қатынастарындағы коллизиялық нормалар алуандылыққа ие болып табылады. Некелік құқық қабілеттілік, яғни некеге тұру жасы, некеге тұруға кедергілердің болмауы — мұның барлығы түрлі мемлекеттерде ерлі -зайыптылардың өздерінін жеке зандарымен анықталады. Некені тоқтатқан кезде түрлі азаматтыққа ие ерлі - зайыптылар арасында бірқатар мемлекеттерде ер адамның азаматтық заңы қолданылады.
Бір мемлекетте сол елдің заңының талаптарын сақтай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, басқа мемлекеттерде танылмауы да мүмкін, бұны отбасылық құқықта «ақсандаған неке» («хромающие браки») деп те атайды [14, 88б.].
Некедегі ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары бірқатар мемлекеттерде ер адамның жеке заңымен анықталады.
Бірқатар мемлекеттерде түрлі коллизиялық мәселелер шешіледі. Венгрияның отбасы туралы Заңының 30 - параграфына сәйкес некенің жарамдылығынын материалдық - құқықтық шарттары некеге тұрушылардың «ортақ жеке зандарымен» анықталады. Егер де бұл тұлғалардың жеке зандары түрліше болып келсе, онда некенін жарамдылығы сол екі тараптың да жеке зандарымен жарамды деп танылса (өзара түсіністік негізінде), жарамды болып баға беріледі. Венгрияда некенің нысанына некеге отыру жерінің құқығы қолданылады [15, 76б.].
ҚХР-да Қытай азаматы шетел азаматымен некеге тұратын болса, онда некеге отыру жергілікті заңы қолданылады, ал некені тоқтату кезінде — некені тоқтату туралы мәселені шешетін орган — сот елінін құқығы колданылады (Кытай Азаматтық құқығынын жалпы ережелерінің 147-бабы) [16, 92б.].
Венгрия мен Румынияда некені тоқтату туралы сауалды шешу кезінде негізгі қағиданың бірі болып, ерлі-зайыптылардың зандары танылады.
Некеге отыру және некені бұзу мәселесіне тоқталсақ, некені занды түрде ресімдеу дегеніміз отбасы және неке қатынастары туралы заңнамалар мен Қазақстанның заңнамаларына сәйкес азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенін ғана құкықтық күші болады. Бұл ереже неке-отбасы зандарының негіздерінін бірі. Бұл мән-жайдың неке және неке қатынастарын реттейтін заңнамаларда ерекше маңызы бар. Ерлі-зайыптылардың зандық құқықтары мен міндеттері неке АХАТ-да тіркелген кейін ғана ерлі-зайыптыларды қорғау туралы міндеттеме алады, оларды ерлі-зайыптылар ретінде ресми таниды, сондай-ақ бұл отбасыға қамкорлық көрсетеді.
Отбасы белгілі қызметтерді атқарады:
- қайта өндіру (репродуктивті)
–ұрпақ келтіру (тек
- шаруашылық - экономикалық
(ортақ шаруашылық жəне қаржы
пайдалану, еңбекке
- тəрбиелеу (отбасы, оның əрбір мүшесінің
тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау;
- отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке - дара ықпал жасап баруы;
- өмірлік тəжірибе, инабаттылық тəртіптері мен адамгершілік құндылықтарға баулу);
- қарым-қатынас құру (коммуникативті
– отбасы ішіндегі қатынас
түзу, отбасының басқа адамдармен,
жанұялармен, əлеуметтік
- қайта қалыпқа келу (рекреативті – бос уақыттарындағы демалыс іс-əрекеттерін ұйымдастыру;