Отбасы құпиясының түрлері мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 10:40, дипломная работа

Краткое описание

Ол отбасы деп аталатын туған туысқандардың бірлесе отыра, ерлі – зайыбының ақылдаса отыра шешілетін дүниесі. Отбасы құпиясын заң жүзінде сақтау нотариаттарға жүктеледі. Сондықтанда нотариустар туралы заңдарда отбасы құпиясына байланысты қадағалау мен бақылауда ұстауды жоғары деңгейде көрсеткен. Диплом жұмысының жаңашылдығы, отбасы құпиясына жататын бала асырап алу, азаматтардық жеке басына байланысты құпиялары мен суррогатты анаға байланысты құқықтар мен міндеттер мен мазмұны заң шеңберіне қарастыра келе құпиялылықтың қаншалықты деңгейде жүзеге асатыны және әлеуметтер арасындағы қандай мәселелер барын көрсету.

Прикрепленные файлы: 1 файл

отбасы құпиясы.docx

— 173.41 Кб (Скачать документ)

Екінші ереже. Ата –  ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне  сенім арту, олардың құқықтық  мәдениетінің деңгейін көтеру тәрбиелік  белсенділігін арттыру бала мен  ата ана арасындағы отбасы құпиялықты сақтауға да мүмкіндіктерін көрсетеді. Ата-аналар заңнама жағынан мектептің  барлық бастамалары мен талаптарын қолдауға дайын. Тіпті педагогикалық  дайындығы, жоғары білім жоқ ата-аналардың  өзі бала тәрбиесіне терең түсінікпен және жауапкершілікпен қарайды.

Үшінші ереже. Отбасының  өміріне орынсыз араласуға жол  бермейтін әдеп. Отбасы құпиясын сақтаушылар  – ресми тұлға. Олар қызмет аясында  көп жағдайда қаласа да, қаламаса да отбасының өзгелерден жасыратын  құпия сырларына куә болуы  мүмкін. Жақсы туыс отбасы үшін бөтен  емес, қайта ата-аналар одан көмек  күтіп сеніп сыр айтады, ақылдасады. Сондықтан отбасы қандай болса да, ата-аналар қандай болса да құқықтық негізде әдепті болуы тиіс. Құпия  сақтаушылар отбасы туралы барлық білімін  ата-аналардың тәрбие ісіне көмектесуге, ізгі ниетті орнықтыруға тиіс.

Төртінше ереже. Тәрбие мәселелерін  шешуге өмірге құштар, көтеріңкі көңіл  күйді басшылыққа алу, жеке тұлғаның табысты дамуына бағыт ұстау, баланың жағымды қасиеттеріне, отбасы тәрбиесінің күшті жақтарына  сүйену. Құпия сақтаушылардың мінезін  қалыптастыру қиындықсыз, қайшылықсыз  және оқыс оқиғасыз іске аспайды [4, 66б.].

Баланы өмірге дайындауда отбасы тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелетінін көрсетеді. Әділдік пен  бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата-анаға және туған туыстарға  деген сүйіспеншілік пен сыйластық, Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа  деген махаббат, адамдарға және еңбекке  деген құрмет тағы сол сияқты қасиеттер  баланың кішкентай кезінен отбасында  және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан  отбасындағы, мектептегі және айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы  өте маңызды. Қазіргі кезде отбасы өмірінің барлық кезеңі, отбасының  құрылуынан бастап бүтін отбасы ретінде  өмір сүруі аяқталғанға дейін: некеге дейінгі кезеңі, бүкіл отбасылық  өмір кезеңі, отбасының ажырауы кезеңі өзгеріске ұшырағанын атап өтуге болады.

Отбасы - адам баласының  өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруғакіріседі.

Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өзара түсінушілік, олардың бір - бірін ұғынуы, сыйласуы, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және экономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатны мәлім. Осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата-аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де.

Ата-аналардың  балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.

Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» Қазақстан Республикасының тәлім - тәрбие тұжырымдамасында. 

Отбасы тәрбиесінің  негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Баланың адамдармен қарым-қатынас  жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы  мен қальштасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі  жағдайлары жасалады, мәдени орта қальштасады, сезімдік күйлер орнығады.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда  соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі  міндетке айналады. Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.

 

 

 

2 Отбасы құпиясының құқықтық  негізі

 

 

2.1 Азаматтардың жеке және  отбасы құпиясы

 

 

Азаматтардың жеке және отбасы өмірі заңмен қорғалады, сондықтанда ондағы әрбір ішкі жағдайлар отбасы және неке арасындағы құпиялылық болып саналады. Бұл актілерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын лауазымды адамдар, сондай-ак өзге түрде бұл туралы хабардар болған адамдар ол туралы азаматтардың жеке және отбасылық өмірінің құпиясын сақтауға міндетті. Сонымен қатар, бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ суррогат ана шартын куәландырған нотариустар бұл туралы құпияны сақтауға міндетті.

Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері азаматтардың жеке және отбасы құпиясы негізінде  мазмұнын ашуға тікелей ықпал  етеді. Ерлі-зайыптылардың құқықтары  мен міндеттерінің туындауы ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері неке қиюды (ерлі - зайыпты болуды) мемлекеттік тіркелген күннен бастап арыз беріп тіркеуден өткен кезден бастап туындайды.

Ерлі-зайыптылардың отбасындағы  теңдігіне төмендегі бағыттар жатады:

1 Ерлі-зайыптылар тең құқықтар пайдаланады және тең міндеттер атқарады;

2 Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы  қызмет түрін, кәсібін және діни сенімін таңдауға ерікті;

3 Ерлі-зайыптылар ана  болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу,  оларға білім беру, ерлі-зайыптылардың  тұрғылықты, болатын жерлері мәселелерін  және отбасы өмірінің басқа да мәселелерін бірлесіп шешеді;

4 Ерлі-зайыптылар отбасындағы  өз қатынастарын өзара сыйластық  пен өзара көмек негізінде  құруға, отбасының игілігі мен  нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының  денсаулығына, өсіп - жетілуіне және олардың әл - ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті [2, 11б.].

Ерлі - зайыптылардың тектерді таңдау құқығы азаматтардың жеке басының құқығындағы құпиялардың бірі болып табылады. Кез келген жас отбасы құрардың алдына бірлесе отыра болашақтағы текті таңдау құқығымен жолығады. Бірақ кей кезде ата – анасына айтудан қорқады. Бұндай жағдайда екі жас отау құрып неке куәлігін алғанға дейін өз тектерін құпияда ұстайды. Осындай жағдайда екі жақтан дау жанжал шығып кетпеу үшін ерлі – зайыптылар өз тектерін құпияда ұстауды ұйғарады. Заңнама бойынша оның төмендегідей құқықтық шарттары бар:

1 Неке қию (ерлі-зайыпты  болу) кезiнде ерлi-зайыптылар өз  тiлектерi бойынша ортақ тегі ретiнде  өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдайды  не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы  өзiнiң некеге дейiнгi тегiн сақтап  қалады, не біреуі (екеуі де) өз  тегiне екiншi жұбайдың тегiн қосып  алады. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң болса да некеге тұрғанға дейiнгi тегi қосарлас болса, олардың тектерін қосуға жол берiлмейдi. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда, азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті.

2 Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң  тегiн өзгертуi екiншiсінің тегiн  міндетті түрде өзгертуiне әкеп  соқпайды.

3 Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған  жағдайда ерлi-зайыптылар неке  қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде  таңдаған тектерін сақтауға немесе  өздерiнiң некеге дейiнгi тектерін  қалпына келтiруге құқылы [2, 31б.].

Ерлі - зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттеріде отбасы құпиясының бір бөлігі болып табылады. Меншік әсіресе мүліктік меншік ерлі – зайыптылар арасындағы өзара келісе отыра шешілетін жағдай және оған басқа адамдардың қол соғып, әліс жетік көрсету құқығы жоқ. Соған орай, мүліктік меншік ерлі зайыптылар арасындағы басты құпиялар қатарына жатады. Отбасы Кодексінде отбасы құпиясына байланысты ерләі – зайыптылардың мүліктік жағдайы үш кезеңге бөлінеді, оған ерлі – зайыптылар мүлкінің заңды режимі, шартты режимі, міндеттемелер бойынша жауапкершілігі. Жеке жеке қарастырсақ:

 Ерлі - зайыптылар мүлкінің заңды режимі ұғымына тоқталатын болсақ, ол бірнеше жағдайда сипаталады, егер неке шартында өзгеше белгiленбесе, ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгiнiң режимi олардың мүлкiнiң заңды режимi болып табылады. Ерлi-зайыптылардың шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң бiрлескен ортақ меншiгi болып табылатын мүлiктi иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде айқындалады [22, 81б.].

Отбасы мүлкінің заңды  режиміне сонымен қатар, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі жатады. Ол дегеніміз, ерлi - зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады. Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлкiне ерлi-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметiнен, кәсiпкерлiк қызметтен және зияткерлiк қызмет нәтижелерiнен түскен табыс сомалары, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен және ерлi-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкiнен алынған табыс сомалары, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, зейнетақы жинақтары, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабiлетiнен айрылуына байланысты нұқсанды өтеуге төленген сомалар және басқалары) жатады. Сондай-ақ ерлi - зайыптылардың ортақ табыс сомалары есебiнен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлiктер, бағалы қағаздар, пайлар, салымдар, кредиттік ұйымдарға немесе өзге де ұйымдарға салынған, капиталдағы үлестер және ол отбасында кімнің атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлi-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде жинаған басқа да кез келген мүлiк ерлi -зайыптылардың ортақ мүлкi болып табылады. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіне құқық некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып - күтудi жүзеге асырған немесе басқа да дәлелдi себептермен жеке табысы болмаған жұбайға да тиесiлi болады.

Ерлі-зайыптылардың ортақ  мүлкін иелену, пайдалану және оған билік етуде отбасы құпиясының жеке бас құпиясына жатады:

1 Ерлi-зайыптылардың ортақ  мүлкiн иелену, пайдалану және  оған билiк ету ерлi - зайыптылардың екеуінің келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

2 Ерлi-зайыптылардың ортақ  мүлкiне билiк ету жөнiнде ерлi-зайыптылардың  бiреуi мәмiле жасасқан кезде  екiншi жұбайының келiсiмi қажет  болады. Екінші жұбайдың тек қана оның талап етуі бойынша оның келісімі болмаған себептері бойынша және егер басқа тарап осы мәмiленi жасасуға екінші жұбайдың келiспеуі туралы бiлгендiгi немесе көріне бiлуге тиiс болғандығы дәлелденген жағдайларда ғана сот ерлi - зайыптылардың бiреуiнің ерлi -зайыптылардың ортақ мүлкiне билік ету жөнiнде жасасқан мәмiлені жарамсыз деп тануы мүмкiн.

3 Ерлi-зайыптылардың бiреуi  жылжымайтын мүлікке иелік ету  жөнінде мәміле және нотариатта куәландыруды және (немесе)  заңда белгіленген тәртіппен тіркеуді қажет ететiн мәмiле жасасуы үшiн екінші жұбайдың нотариатта куәландырылған келiсiмiн алу қажет. Аталған мәмiлені жасасуға нотариатта куәландырылған келiсiмi алынбаған жұбай осы мәмiленiң жасалғандығы туралы өзi бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап үш жыл iшiнде мәмiленi сот тәртiбiмен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы [2, 44б.].

Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі төмендегілер болып табылады:

1) некеге отыруға (ерлі-зайыпты  болуға) дейiн ерлi-зайыптылардың  әрқайсысына тиесiлi болған мүлiк;

2) ерлi-зайыптылардың некеде  тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде  мұрагерлiк тәртiбiмен немесе өзге  де өтеусіз мәмiлелер бойынша  сыйға алған мүлкi;

3) некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражаты есебiнен сатып алынса да, қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, жеке пайдаланатын заттары (киiм-кешек, аяқ - киiм және басқалар) ерлi-зайыптылардың әрқайсысының меншiгi болып табылады [2, 46б.].

   Некенің (ерлі-зайыптылықтың) іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезеңде ерлi-зайыптылардың әрқайсысы жинаған мүлiктi сот олардың әрқайсысының меншiгi деп таниды. Ерлі - зайыптылардың әр қайсысы мүлкін олардың бірлескен ортақ меншігі деп тану. Егер некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi немесе ерлі-зайыптылардың бірінің мүлкi не олардың кез келгенiнiң еңбегi есебiнен осы мүлiктiң құнын едәуiр арттырған салыным жасалғаны (күрделi жөндеу, реконструкциялау, қайта жабдықтау және басқаларды) анықталса, ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып танылады [2, 55б.].

Осы айтылғандардың қарама қарсы жақтары да бар оны да Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексі мен Отбасы Кодекстерінде  көрсетілген. Олар да отбасы құпиясын сақтаудың бірден бір саласы болып  табылады. Ерлі - зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу қатарына:

Информация о работе Отбасы құпиясының түрлері мен мазмұны