Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 10:40, дипломная работа
Ол отбасы деп аталатын туған туысқандардың бірлесе отыра, ерлі – зайыбының ақылдаса отыра шешілетін дүниесі. Отбасы құпиясын заң жүзінде сақтау нотариаттарға жүктеледі. Сондықтанда нотариустар туралы заңдарда отбасы құпиясына байланысты қадағалау мен бақылауда ұстауды жоғары деңгейде көрсеткен. Диплом жұмысының жаңашылдығы, отбасы құпиясына жататын бала асырап алу, азаматтардық жеке басына байланысты құпиялары мен суррогатты анаға байланысты құқықтар мен міндеттер мен мазмұны заң шеңберіне қарастыра келе құпиялылықтың қаншалықты деңгейде жүзеге асатыны және әлеуметтер арасындағы қандай мәселелер барын көрсету.
Екінші жағынан – адамның өзін өндіру, ұрпақты өсіру. Белгілі тарихи дәуірде және белгілі бір елде өмір сүретін адамдардың қоғамдық қатынастары өндірістің осы екі түрімен: бір жағынан, еңбектің, екінші жағынан, семьяның даму дәрежесімен анықталады…» [5. 59б.].
Қазір қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай-ақ құқықтық институт та болып табылады. Кіші әлеуметтік топ ретінде отбасы бірқатар міндеттерді іске асыратынын жоғарыда айттық. Құқықтық институт ретінде отбасы – туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысты адамдар тобы. Оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген. Отбасының өзіндік тарихи даму формалары бар. Мәселен, адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи дамып отырады.
Отбасының тарихи дамуының
ғылыми-материалистік
Морганның зерттеулеріне негізделген жорамал бойынша, адамзат қоғамы тарихының бастапқы кезеңінде адамдар арасындағы жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған – үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары қатынаса берген. Бұл жабайы не жартылай жабайы кез болатын [12, 68б.]. Морганның және басқа зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, отбасылық қатынас промискуитет яғни жалпы аралас деп аталатын бұл кезеңнен кейін бір қандастар отбасы, снидиасмикалық отбасы және моногамиялық отбасы кезеңдерінен өткен [12, 72б.].
Бір қандастар отбасы топтық
некеге негізделеді, мұнда жыныстық
қатынастар тек бір ұрпаққа жататындар
арасында ғана рұқсат етіледі. Бір ұрпаққа
жататындардың бәрі, яғни аға-інілер
мен апа-қарындастар
Бұдан кейін біртіндеп эндогамиялық принцип экзогамиялық принциппен, яғни руаралық некелесу формасымен ауысады. Бір рудың бір топ қыздары (апалы-сіңлілер) басқа рудың бір топ туысқан жігіттеріне шығатын болған. Бұл бір әйел мен бір еркектен тұратын отбасына көшудің алғашқы қадамы болды [12, 108б.].
Бір еркек пен бір әйелден тұратын моногамиялық отбасыға өтудің тарихи типі синдиасмикалық отбасы болды – ол жабайылықтан варварлыққа өту кезеңінде пайда болды, ал полигамиялық (көп әйел алу формасында) тек еркектердің ғана еркіне тиді. Отбасының бұл формасында баланың шын биологиялық әкесі белгілі болатын болды да, мұның өзі рулық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің, қосымша өнімнің шығуына, сөйтіп моногамиялық отбасының тууына жағдай жасады.
Моногамиялық отбасы патриархалды қатынастарға негізделгендіктен отбасы басшысы еркек болды, отбасының ажырасуы да еркектің ғана еркімен болатын болды.
Қазіргі заманғы отбасының
негізгі типтері өзгеше. Қазіргі
заманда бір типті отбасы жоқ.
Отбасылық қатынастардың
Тотемдік ру біздің заманымызда әлі де болса кездесетін ең көне отбасы формаларына жатады. Мұндай отбасылар Австралиядағы кейбір тайпаларда кездеседі. Ру мүшелерінің жеке - дара есімі болмайды екен, бәрінің ортақ есімі болады. Мұндай отбасындағы неке жеке болмайды, жалпы (ортақ) болады екен, баланың әкесін анықтау мүмкін емес, бала шешесінің есімімен аталады. Мұндай отбасы кейбір көшпелі тайпаларда кездесді [12, 93б.].
Патриархалдық туыстар тобы
(туыстық отбасы) өткен замандарда
үндіеуропалық халықтардың
Ұрпақтардың шығу тегіне қарай бұл отбасы матриархалды немесе патриархалды отбасы болды. Біріншісі – отбасының ең көне түрі. Мұнда бір әйелдің көп күйеуі болуы жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және Оңтүстік Үндістанда тұратын тода деген халықта кездеседі. Патриархалды отбасының басшысы – еркек. Сондай-ақ баланың тегі бір мезгілде әке жағынан да, шеше жағынан да анықталатын екі жақты отбасы да кездеседі. Бұл жеке отбасының түріне өтетін өтпелі форма болып табылады. Моногамиядағы патриархалды отбасында отбасы басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып саналады. Бұл-жеке меншіктің шығуына байланысты болған отбасылық қатынас. Бұл отбасының мүшесі – ері (құқықтың бәрі еркектікі), әйелі, ұлдары (әкесі өлгенше), қыздары (тұрмысқа шығып кеткенше).
Жеке отбасы – бүгін таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай-ақ заң жүзінде бекітілген топ. Отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы - бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу [12, 110б.].
Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сипатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті. Әр елдің, ұлттың отбасын құру жолдары әртүрлі. Соған байланысты бала тәрбиесі де ерекше. Отбасы тәрбиесі өмір өзгерісіне ұшырап отырады.
Қазақстан Республикасының
1991 жылы тәуелсіздік алуы, әлемдік
деңгейде егеменді ел ретінде айқын
танылуы, сондай-ақ президенттік басқару
нысанындағы демократиялық
Аристотель болса, «отбасы
- адамдардың қарым-қатынастарының ең
бірінші түрі және ол мемлекеттің
бірінші кішігірім бөлігі» деп
санаған [21, 54б.].
Классикалық неміс философиясының өкілі
Кант отбасы мәселесін қарастыра отырып,
ондағы адамдардың құқықтық мәселелеріне
көп көңіл бөлген.
Фихте отбасының негізі-махаббат десе
[21, 56б.], Гегель бірінші болып отбасы мен
некенің тарихи формаларын көрсеткен
[21, 58б.].
CIC ғасырдың екінші жартысынан бастап отбасына деген тарихи көзқарастар толықтырыла түсті. Мысалы, 1877 жылы шыққан «Ежелгі қоғам»[12, 49б.] атты кітабында Л. Морган отбасының тарихын, оның некелі қарым-қатынасын, экономикалық, әлеуметтік дамуын және қызметін қарастырған. Одан кейінгі уақыттарда отбасы туралы марксистер де жазды. Соның бірі - Ф. Энгельстің 1884 жылы шыққан «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» атты еңбегі [1, 48б.]. Мұнда Ф. Энгельс жанұяны тарихи категория ретінде қарастырып, оның формаларының байланысын, даму жолдарын көрсетті. Француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо, швейцарлық И. Г. Песталоцци, орыс педагогтары К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, өз еңбектерінде отбасы тәрбиесін қарастырған [4, 53б.].
Отбасындағы тәрбие мәселесін
көптеген әлеуметтану, философия, психология,
педагогика, демография, құқық, әдептану,
тарих, ғылымдардың қарастыруына байланысты
көптеген анықтамаларды кезіктіруге
болады. Бұл да дұрыс шығар, өйткені,
барлық ғылымдарды бірдей қанағаттандыратын
бір анықтама табу өте қиын. Олай
болса, отбасының бірнеше
Философиялық тұрғыда «отбасы» - қоғамның ажырамас құрамды, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйымы деп санаса, әлеуметтану ғыымында отбасы - некеде және қандас туыстар негізінде құрылған кішігірім топ деп берілген. Оның мүшелері бір-бірімен тұрмыстық, моральдық жауапкершілік, өзара жәрдем көрсету қарым-қатынаста болып, әлеуметтік құрылыс ретінде қоғамның экономикалық базисінің дамуына байланысты өзгертіп, жекелей дербестікте болады деп көрсетеді.
Педагогикалық – психологиялық
тұрғыда отбасы – ата-ана мен балалар
арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа
да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының
тарихи нақты жүйесі болып табылады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде
«Отбасы» - өзіне, «неке мен қандас туысқа
негізделген шағын топ» деп анықтама берілген
[19, 54б.]. Оның ерекшелігі- тұрмыстың ортақтығы,
өзара көмек және рухани жауапкершілік
арқылы байланысқан. Қоғаммен, бүкіл қоғамдық
қатынастардың жүйесімен тығыз байланыста
бола тұрса да, отбасы - қоғамдық өмірге
қарағанда адамдардың белгілі дәрежедегі
дербес сырлас тобы.
Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады. Табиғи-биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
Отбасы мәселелері ТМД елдерінің ғалымдары В. И. Зацепин, В. Д. Цимбалюк, Г. К. Матвеев , Ю. И. Семенов, Н. Е. Соловьев, А. Г. Хрипкова, З. Я. Янкова, ал Қазақстанда С. Қалиев, М. Жарықбаев, Ж. Б. Қоянбаев, К. Бейсенбиева, М. Тажин, Б. Аяғанова секілді ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған [21, 26б.].
Бұл ғалымдардың тұжырымдалары
бойынша отбасы - адамдардың, яғни некелік
негізде қосылған еркек пен әйелдің,
олардың туған немесе тумаған
балаларының, кей кезде басқа
да бірге тұратын жақын
Дүниежүзіндегі әрбір халықтың өзіне
тән отбасы тарихы бар. Сол сияқты, қазақ
отбасы да өзіне тән ерекшеліктермен сыйпатталады.
Қазақтың отбасы мәселесіне байланысты
бұрын-соңғы жазылып, кезінде баспа жүзін
көрген үлкенді-кішілі ғылыми мақалалар
мен монографиялық еңбектер, әдеттік құқық
туралы жинақтар мен қазақтың ауыз әдебиеті
- фольклор деректері де көптеп табылады.
Мәселен, орта ғасырлық ғұлама ойшылдар
Сағди, Науаи, Кей Каустың отбасы мәселесі
төңірегінде айтқан құнды пікірлерінің
баға жетпес еңбек екендігіне ешқандай
күмән жоқ. Мұнда отбасында балаларды
тәрбиелеуге маңыз беріледі. Отбасындағы
тәрбие әміршілдік қағидаларға негізделіп,
ата-ананың балаға деген қатынасын анықтайды.
Отбасының бірлігі оның мүшелерінің бір-біріне
адамгершілік, экономикалық, құқықтық
өзара жауапкершіліктеріне, түсініктеріне,
сонымен қатар эмоцианалдық (сезімдік)
жақындықтарына негізделеді. Бір жағынан
отбасы - адамдардың өзінің ішкі өмірін,
құпияларын, сырларын, қарсы тұрған сыртқы
әсерлерден қызғанышпен қорғайтын тұйық
бірлестік. Егер отбасының ішкі өмірін
қоғамға ашық етсе, онда ол бірден ыдырап,
күйзеліске ұшырауы мүмкін, ал екінші
жағынан, отбасы адамдардың қоршаған ортаға,
қоғамға ашық, айқын бірлестігі. Мұндай
отбасыда өз мәселелері қоғам мәселелерімен
қатар қарастырылып, шешімі де ыдырамайды.
Керісінше, отбасының дамуына қауіпсіздік
және сақтану сезімдерін қамтамасыз ететін
мүмкіндік туғызады. Қандай да тұйық, жабық
отбасы болғанымен ол қоғамсыз өмір сүре
алмайды. Өйткені оның мүшелері жан-жақты
әлеуметтік топтарға, яғни өндірістік,
оқу ұжымдарына, балалар ұйымдарына, қоғамдық
ұйымдарға, сонымен қатар сауда, денсаулық
орындарына қатысты, ондағы адамдармен
тығыз байланыста болады [21, 18б.].
Отбасы қоғамдық қарым-қатынасқа оның барлық өмірінің үрдісіне ықпалын тигізе алады. Отбасы адамдарға қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, бірқатар әлеуметтік функциялар орындалып, қоғамның әлеуметтік құрылымы, бір элементі болып табылады.
Отбасы мүшелелері бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық, сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына елеулі ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді. Екі ұрпақты отбасыда: әйелі мен ерінің, әке мен шешенің, балалардың, ағалардың және қарындас, сіңлілердің рөлі негізделеді. Ал, үш ұрпақтық отбасыда ата мен әженің, ене мен атаның, күйеу бала мен келіннің, қайындар мен балдыздардың рөлі қосылады.
Отбасындағы ата мен баланың
қарым-қатынасына ешкімнің күмәні жоқ.
Ана баланы өмірге әкеледі, ақ сүтімен
тамақтандырып, әлдилейді, өсіреді. Ал,
әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа
әртүрлі көзқарастар мен
Ғалым-педагогтар мен психологтардың
ойынша балаға әке-шешесінің қарым-қатынасы
мен олардың берген тәрбиесіне жететін
өмір жоқ. Балалардың дұрыс қалыптасуы
олардың отбасындағы
Сонымен отбасының өзіндік даму тарихы бар. Отбасы - кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері қарай дамуда. Ертеде отбасын құру - күнкөріс қамынан, ерлі-зайып қатынасы нан, ұрпақ әкелуден туындаған.
Бүгінде отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу.
Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сыйпатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті. Отбасы туралы философ, педагог, психолог, әлеуметтанушы, мәдениеттанушы, ғалымдар анықтама беріп, еңбектер жазып, осы проблеманың негізін қалаған.