Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 10:40, дипломная работа
Ол отбасы деп аталатын туған туысқандардың бірлесе отыра, ерлі – зайыбының ақылдаса отыра шешілетін дүниесі. Отбасы құпиясын заң жүзінде сақтау нотариаттарға жүктеледі. Сондықтанда нотариустар туралы заңдарда отбасы құпиясына байланысты қадағалау мен бақылауда ұстауды жоғары деңгейде көрсеткен. Диплом жұмысының жаңашылдығы, отбасы құпиясына жататын бала асырап алу, азаматтардық жеке басына байланысты құпиялары мен суррогатты анаға байланысты құқықтар мен міндеттер мен мазмұны заң шеңберіне қарастыра келе құпиялылықтың қаншалықты деңгейде жүзеге асатыны және әлеуметтер арасындағы қандай мәселелер барын көрсету.
Баланы некеде тұрмайтын адам асырап
алған жағдайда, оның өтініші бойынша
туу туралы кітапқа асырап алынған
бала шешесінің (әкесінің) тегі, аты
мен әкесінің аты осы адамның
(бала асырап алушының) көрсетуі бойынша
жазылады. Бала асырап алудың құпиялылығы
талап еткен жағдайларды
Асырап алынған баланың тегі, аты және әкесінің аты өзгертілгені туралы оны асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі. Асырап алынған баланың туған күні мен туған жерінің өзгертілуі бала асырап алудың құпиялылығын қамтамасыз ету үшін бала асырап алушының өтініші бойынша асырап алынған баланың туған күні, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге, сондай-ақ оның туған жері өзгертілуі мүмкін.
Асырап алынған баланың туған күнін өзгертуге үш жасқа дейінгі бала асырап алынған кезде ғана жол беріледі. Асырап алынған баланың туған күнінің және (немесе) туған жерінің өзгертілуі жөнінде бала асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі.
Бала асырап алғандарды асырауға алынған баланың ата-анасы ретінде жазу бала асырап алушылардың өтініші бойынша сот туу туралы жазбалар кітабына бала асырап алушыларды өздері асырап алған баланың ата-анасы ретінде жазу туралы шешім қабылдай алады. Қазақстан Республикасының отбасы және неке Кодексінің 84-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған асырап алынған балаға қатысты мұндай жазба жасау үшін оның келісімі қажет. Мұндай жазба жүргізу қажеттілігі жөнінде баланы асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі" [30, 22б.].
Бала асырап алудың құқықтық салдары асырап алынған балалар және олардың ұрпақтары бала асырап алушылар мен олардың туыстарына қатысы бойынша, ал бала асырап алушылар және олардың туыстары асырап алынған балалар мен олардың ұрпақтарына қатысы бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер жағынан тегі бір туыстарға теңестіріледі. Асырап алынған балалар өздерінің ата-аналарына (өздерінің туыстарына) қатысы бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарынан айрылады және олар жөніндегі міндеттерден босатылады. Баланы бір адам асырап алған жағдайда, егер бала асырап алушы еркек болса, шешесінің тілегі бойынша, егер бала асырап алушы әйел болса, әкесінің тілегі бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттердің сақталуы мүмкін. Асырап алынған баланың меншігіндегі мүліктің сақталуы үшін бала асырап алушы жауапты болады. Бала асырап алудан бас тартқан жағдайда бұл мүлікті қайтару жөніндегі міндет те бала асырап алушыға жүктеледі.
Асырап алынған баланың ата-
Асырап алынған баланың
Енді негізгі тақырыптың мазмұндығына келетін болсақ, бала асырап алудың құпиялылығына тоқталсақ. Бала асырап алудың құпиялылығы заңмен қорғалады. Бала асырап алу туралы шешім шығарған судьялар немесе бала асырап алуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған лауазымды адамдар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған адамдар бала асырап алудың құпиялылығын сақтауға міндетті. Қазақстан Республикасының отбасы және неке Кодексінің 91-ші баптың 1-тармағында аталған, бала асырап алудың құпиялылығын оны асырап алушылардың еркіне қарамай жария еткен адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.
Бала асырап алуды жарамсыз деп тану бала асырап алу:
1) асырап алу туралы шешім
жалған құжаттар негізінде
2) заң бойынша міндетті болса да (Қазақстан Республикасының отбасы және неке Кодексінің 82-бабы), бала асырап алу ата-аналардың келісімінсіз жасалған;
3) некеде тұрған адам жұбайының
келісімінсіз бала асырап
4) Қазақстан Республикасының отбасы және
неке Кодексінің 80-бабының 2-тармағында
көзделген ережелер бұзылған жағдайларда
жарамсыз деп танылады" [4, 35б.].
Бала асырап алуды жарамсыз деп тану сот тәртібімен жүргізіледі. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы істі сот қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қарайды. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талап етуге құқығы бар адамдар. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талапты асырап алынушының ата-аналары, асырап алушының жұбайы, бала асырап алуға байланысты құқықтары бұзылған адамдар, прокурор, қорғаншы және қамқоршы орган қоюға құқылы.
Бала асырап алуды жарамсыз деп танудың салдары бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан кезден бастап бала асырап алу жарамсыз деп танылады. Бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, асырап алынған баланың және асырап алушылардың (бала асырап алушылар туыстарының) өзара құқықтары мен міндеттері тоқтатылады және егер мұны баланың мүдделері қажет етсе, баланың және оның ата-анасының (оның туыстарының) өзара құқықтары мен міндеттері қалпына келтіріледі.
Ата-ананың талап етуі бойынша балаға
бұрынғы аты, әкесінің аты және тегі
беріледі. Сот бала асырап алуды
жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі
заңды күшіне енген күннен бастап
үш күн ішінде осы шешімнің үзіндісін
бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу
орны бойынша азаматтық хал
Бала асырап алудың күшін жоюға негіздер бала асырап алушылар өздеріне жүктелген міндеттерін орындаудан жалтарған, ата-ана құқықтарын теріс пайдаланған, асырап алынған балаға қатал қараған, соның ішінде оған күш қолданып немесе психикалық зорлық- зомбылық етіп, жыныстық пәктігіне қастық жасаған, маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған жағдайларда, баланы асырап алудың күші жойылуы мүмкін. Сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып, басқа да негіздер бойынша баланы асырап алудың күшін жоюға құқылы.
Бала асырап алудың күшін жою бала асырап алудың күшін жою сот тәртібімен жүргізіледі. Бала асырап алудың күшін жою туралы іс қорғаншы және қамқоршы органның, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады. Бала асырап алудың күшін жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бала асырап алу тоқтатылады. Сот бала асырап алудың күшін жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің үзіндісін бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органдарға жіберуге міндетті.
Бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге құқығы бар адамдар. Бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге оның ата-аналарының, бала асырап алушылардың, он төрт жасқа толған асырап алынған баланың, қорғаншы немесе қамқоршы органның, сондай-ақ баланың мүдделеріне сай прокурордың құқығы бар.
Бала асырап алудың күшін жоюдың салдары сот бала асырап алудың күшін жойған кезде, асырап алынған баланың және баланы асырап алғандардың, бала асырап алушылар туыстарының өзара құқықтары мен міндеттері тоқтатылады және егер баланың мүдделері талап етсе, бала мен оның ата-анасының (оның туыстарының) өзара құқықтары мен міндеттері қалпына келтіріледі. Бала асырап алудың күші жойылған кезде бала сот шешімі бойынша ата - анасына беріледі. Ата-аналары болмаған кезде, сондай-ақ баланы ата-анасына беру оның мүдделеріне қайшы келсе, бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқоршылығына беріледі. Сот баланың асырап алынуына байланысты оған берілген аты, әкесінің аты және тегі сақталу-сақталмау мәселесін де шешеді. Он жасқа толған баланың атын, әкесінің атын немесе тегін тек оның келісімімен ғана өзгерту мүмкін болады. Сот баланың мүдделерін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының отбасы және неке Кодексінің 125 және 127 - баптарында белгіленген мөлшерде бұрынғы бала асырап алушыны баланы асырауға қаражат төлеп тұруға міндеттеуге құқылы" [2, 66б.].
Асырап алынған бала кәмелетке толғаннан кейін бала асырап алудың күшін жоюға жол бермеу. Егер бала асырап алудың күшін жою туралы талап қойылған кезде асырап алынған бала кәмелетке толса, баланы асырап алудың күшін жоюға жол берілмейді, бұған мұндай күшін жоюға бала асырап алушы мен асырап алынған баланың өзара келісімі, сондай-ақ асырап алынған баланың ата-анасының, егер олары тірі болса, сот ата-ана құқықтарынан айырмаған немесе әрекетке қабілетсіз деп танымаған болса, олардың да келісімі болған жағдайлар қосылмайды.
Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушысы болып саналады. Сондықтанда бала асырап алу мәселесі туындаған жағдайда кейде отбасы құпиясы бұзылып, тіпті, отбасының жанжалдауы арқасында ажырасуға әкелуі мүмкін. Кез келген жағдайдың екі жағы бар жағымды және жағымсыз. Жағымды жағын қарастырғаннан соң жағымсыз жағын да қарастырып көрелік.
Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркі, сүйіспеншілік, өзара сыйластық жатады [10, 20б.].
Ерлі зайыптылар арасындағы
ажырасу санының өсуінен
Ерлі-зайыптылардың
Ажырасуға әкеліп соқтыратын
себептерді негізінен үш топқа біріктіруге
болады. Оның бірінші тобында –
тұрмыстық ахуал, яғни баспана жағдайы,
екінші топқа тұлғалар, яғни ерлі-зайыптылар
арасындағы кикілжіңдер мен модан
туындайтын шиеленістер ықпал етеді.
Үшінші топтағы себептерге сыртқы алғышарттары,
яғни ерлі-зайыптылардың терус
ХХ ғасырдың аяғында қазақтар арасында ажырасу құбылысы сирек ұшырасқан. Социумның (әулет, ру, тайпа) әлсіреуіне, ыдырауына соқтыратындықтан, әйелдің күйеуден, күйеудің әйелден ажырасуына байырғы қазақ қоғамы жол бермеуге тырысқан. «Босағаның берік, керегенің кең, шаңырақтың биік» болуын өсіп-өнген жуан ауыл, табаны жалпақ, құрығы ұзын тайпа іргелі елдіктің негізі деп ұққан. Ажырасудың себептері ауылбасы, рубасы, билердің қатысуымен мұқият тексерілген. Қазақы ортада әдет-ғұрыпқа сай ажырасуға себеп болатын жағдайлар күйеуіне қатысты жағдайлардан туындауы мүмкін: егер күйеу жігіт бірге тұруға жарамаса, ол қылмыс жасап, ұзақ уақытқа қамалса, басқа дінді қабылдаса, ұзақ уақыт (3-4 ай) бойы хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен кезде әйелдің ажырасу талабын қоя алатын құқы болды. Бұл жағдайлар созылып кетуі де мүмкін. Мұндай жағдайда әдет-ғұрыптық құқықтың нормалары бойынша немесе Шариғат жолымен ажырасу мәселесі қарастырылады [32, 4б.]. Негізінде, ажырасу әйелдің төркіні тарапынан жасалған талаптарға байланысты немесе әйелдің өзінің ауыл ақсақалдары мен ықпалды адамдарға немесе билерге шағымдануы негізінде қаралады. Егер әйелі күйеуінің бірге тұруға жарамайды деген шағымы болса, көп жағдайда еріне емделуге, қаралуға үш ай уақыт мұрсат беріледі. Ішінара әйелдердің ерлерінен қашып кетуі некен-саяқ болса да, кездескен. Қалыптасқан үрдіс бойынша, ажырасу үшін алдымен, әйелі күйеуінен үш рет қашып шығуы тиіс. Үшінші рет қашып шыққаннан кейін, егер ер әйелдің күйеуінен жәбір көргенін растайтын болса немесе куәгерлер ері әйелін үйден қуып жіберіп, бірнеше жыл қарамағанын дәлелдейтін болса ғана ажырасуға рұқсат берілді. Қазақ арасындағы ұстаным бойынша, шариғат ережелеріне сай ерлі-зайыптылар ажырасқан кезде әйел ажырасуға себеп емес. Қазақы түсінік бойынша, әйел кінәсіз болған жағдайда, оның пайдасына (ортақ) мал мүлкінен арнайы үлес бөлініп берілді. Оған қоса әйелдің күнделікті өмірде пайдаланған тұрмыстық заттары қоса берілген. Ажырасқан кезде кінәсіз деп танылған әйелге тиетін мұндай үлесті ақымар деп атаған. Ақымар малдай, жылжымайтын мүліктей немесе ақшалай да берілген [33, 15б.].