Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 10:40, дипломная работа
Ол отбасы деп аталатын туған туысқандардың бірлесе отыра, ерлі – зайыбының ақылдаса отыра шешілетін дүниесі. Отбасы құпиясын заң жүзінде сақтау нотариаттарға жүктеледі. Сондықтанда нотариустар туралы заңдарда отбасы құпиясына байланысты қадағалау мен бақылауда ұстауды жоғары деңгейде көрсеткен. Диплом жұмысының жаңашылдығы, отбасы құпиясына жататын бала асырап алу, азаматтардық жеке басына байланысты құпиялары мен суррогатты анаға байланысты құқықтар мен міндеттер мен мазмұны заң шеңберіне қарастыра келе құпиялылықтың қаншалықты деңгейде жүзеге асатыны және әлеуметтер арасындағы қандай мәселелер барын көрсету.
Шариғат заңы бойынша күйеуі «талақ» деп үш рет айтса, неке бұзылып ажырасуға болады деп есептелген. Егер талақ деп екі рет айтылып келесі некеге дейінгі күтетін мерзімі (ол идда деп аталады әлбетте төрт ай он күн) өтсе, онда қайтадан некесін қиған. Күйеуінің өз әйелін соққыға жығып, бір мүшесін мертіктіріп, басын жарып, көзін шығарса, зақым болған мүшесінің құнын (саусақ құны, көз құны) төлеткен. Бұл жайт ажырасуға себеп болуы мүмкін. Ал, әйелдің туыстарын балағаттап, намысына тигендігі дәлелденген жағдайда, сүйек сындырған құны, өнерлі әйелдің өнеріне нұқсан келтірген жағдайда, өнер құны тәрізді мәселелер арнайы қарастырылады. Бірақ, бұл ажырасуға себеп бола алмайды [34, 21б.].
Бүгінгі күндер ажырасу себептер
ерлі-зайыптылардың өзара
Қазіргі көптеген отбасының ажырасуы кезіндегі өмір сүру өтілі бір жылдан бес жылға дейін және бес жылдан он жылға дейінгі (25,5 пайыз) болып отыр, демек сол кезде балалар әлі кішкене болса,ажырасқанннан кейін ата-анасының біреуімен қалады. Ажырасудан балар қиналады.
1 кесте Некеде тұрғандар мен ажырасқандардың 10 жылдық статисткалық мәліметтері:
Жыл |
Некеде |
Ажырасқандар |
2002 |
7,3 пайыз |
4,5 пайыз |
2012 |
99,0 пайыз |
31,2 пайыз |
Қазақстан Республикасының 1000 тұрғынның 6,1 некеге отырушыларға 1,8 ажырасушылар келген. 60 пайыздан жоғарысы екі жыныстың да ең репродуктивті жасына түседі [35, 74б.].
Қазіргі кезде некелескендердің 90 пайызы бір - бірін шын сүйгендер болса, ажырасуға не себеп? Бұл сұраққа статистика мәліметтері жауап береді. Маскүнемдік – жан ұя үшін барып тұрған кесел, осы мәселе сотта көп ұшырасады. Әсіресе ажырасу мәселесін әйелдер жағы көтерген кезде оған айқын көз жетеді, өйткені бүгінде некені бұзу туралы өтініштің үштен екісін әйелдер береді. Сонымен қатар, қазіргі кезде көптеген басқа да себептер туындайды (көзге шөп салу, қызғаныш, ата- ананың араласуы, сексуалды қанағаттанбаушылық) [35, 80б.].
Статистикалық мәліметтерге көңіл бөлетін болсақ, келесідей нәтижелерді көруге болады. Халықтың 1000 адамына шаққанда 2011 жылғы некелесу және ажырасу коэффициенттері Шығыс Қазақстан облысы бойынша некелесу мен ажырасу бір деңгейде десе де болады. Ерлі – зайыптылар арасындағы құпиялылық сыртқа жария болған кезде ажырасу процессі де өз жолына турады.
Ажырасқан әйелдер саны, ер адамдарға қарағанда жоғары болып келеді. Егер 2009 жылы ажырасушылардың жастары 40 – 44 - ке дейін жетсе, 2011 жылы максимальды деңгейде оның интервалы 35 жастан 49 жасқа дейін болады. 50-54 жастағылардың да көрсеткіштері жоғары болып келеді. Жынысы бойынша ажырасу көрсеткіштердің мұндай деңгейде болуы, келесідей түсіндіріледі. Мұндағы, әйел адамдар ер адамдарға қарағанда некені тоқтатуға басты инициатор болып келеді [36, 61б.].
Білім деңгейінің арасында
әйелдер мен ерлер
Жалпы алғанда ажырасу коэффициенттердің ортақ өсуі 2001-2012 жылдары қарастырылғанда төмен деңгейге дейін өзгерілді, ал 2012 жылы ол мүлдем 1,7 промилльге дейін құлады. Алынған статистикалық мәлімет неке және ажырасулар біздің елімізде күрт төмендеуін көрсетеді. Сонымен, неке қию саны 2002 жылы 165,4 мыңға дейін қысқартылды. Ал 2012 жылы 123,3 ке дейін қысқартылған. Неке коэффициенті 10,0 ден 7,3 пайызға дейін төмендеді (неке саны 1000 тұрғындармен есептелген). Ажырасу саны 45,8 мыңнан 41,9 мыңға дейін қысқарылды [37, 159б.].
Ажырасудың көптеген себептеріне бүгінгі күнге әлеуметтік- факторлар әсерін тигізеді. Баспананың болмауы, ата - ананың араласулары, төлем ақының төмен болуыда себепші болып жатады. Бұл отбасы құпиясын жария етіп қана қоймайды, тіпті бала асырап алынған жағдайда және суррогатты аналар арқасында бала туылыған жағдай да жоғары деңгейдегі құпияны жариялаушылар болып табылады.
2.3 АХАТ органдарының бала асырап алу құпиясын қамтамасыз етуі
Мемлекеттік тіркеуге жататын азаматтық хал актілері дегеніміз туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту тіркеуші органдарда осы Кодексте белгіленген мерзімде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатады. Басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуіне тыйым салынады және ол танылмайды. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы және қайтадан куәліктер беру азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегеннен кейін өздеріне қатысты акт жазбасы жасалған адамдарға құжатты берген тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекітілген, белгіленген үлгідегі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі. Бастапқы куәлік жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда мұрағаттық акт жазбасының негізінде азаматтық хал актісін тіркеу туралы куәлік қайтадан беріледі. Өздеріне қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған ата-аналарға, оны қалпына келтіргенге дейін баланың туу туралы куәлігі қайтадан берілмейді [38, 5б.].
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған ерлі-зайыптыларға және некесі (ерлі-зайыптылығы) жарамсыз деп танылған ерлі-зайыптыларға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік қайтадан берілмейді. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер қазақ тілінде немесе орыс тілінде толтырылады. Азаматтар (ата-аналар, ерлі-зайыптылар, бала асырап алушылар) туралы мәліметтер олардың жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша берілуі мүмкін. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізетін органдар азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар жүргізеді. Мұндай бөлімдер жоқ жерлерде ауыл (село), кент, ауылдық (селолық) округ әкімі өздерінің аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін (тууын, неке қиюын (ерлі-зайыпты болуын), қайтыс болуын) тіркеуге арналған құжаттарды қабылдауды және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және осы Кодексте көзделген мерзімде Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін оларды әділет органдарына беруді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер беру мен тапсыруды жүргізеді [39, 22б.].
Ауыл (село), кент, ауылдық (селолық) округ тұрғындарының азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру тәртібін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының келісімі бойынша аумақтық әділет органдары айқындайды. Тіркеуші органдардың лауазымды адамдары өздеріне, өздерінің жұбайларына және жақын туыстарына қатысты азаматтық хал актілерін тіркеуді жүргізуге құқылы емес. Мұндай жағдайларда азаматтық хал актілерін тіркеуді тіркеуші органның басқа да лауазымды адамы немесе басқа тіркеуші орган жүргізеді [40, 84б.].
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің қағидалары мен тәртібі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің қағидалары, сондай-ақ некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың денсаулық жағдайы мен отбасылық жағдайы туралы бір-бірін өзара хабардар етуі, олардың болашақ ерлі-зайыптылар және ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіру тәртібі осы Кодекске сәйкес белгіленеді. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібін әділет органдары айқындайды. Акт кітаптары, оларды сақтау тәртібі мен мерзімдерінің мазмұнына тоқталатын болсақ. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қатаң, жүйелі түрде тігілген және нөмірленген, оны құрастырған, тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекітілген акт кітаптары бірдей жүз акт жазбасын қамтып, екі данада жасалады. Акт жазбаларының бірдейлігін аумақтық әділет органдарының лауазымды адамдары қамтамасыз етеді [38, 56б.].
Акт кітаптарының бірінші даналары - азаматтық хал актісін бастапқы тіркеу орны бойынша ауданның (қаланың) тіркеуші органының мұрағатында, екінші данасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тіркеуші органының мұрағатында сақталады. Акт кітаптарының бірінші және екінші даналарын бір үй-жайда (ғимаратта) сақтауға тыйым салынады. Республика бойынша акт жазбаларының электрондық нұсқалары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған уәкілетті органда Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың орталық серверінде сақталады. Бастапқы тіркеу орны бойынша акт кітаптары жетпіс бес жыл бойы сақталады, содан кейін тиісті мемлекеттік мұрағатқа беріледі. Екінші даналардың акт кітаптары белгіленген мерзім өткеннен кейін жойылуға жатады [39, 15б.].
Мемлекеттік баж туралы да азаматтық хал актілерінің тіркелгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады. Тууды, қайтыс болуды, әке болуды анықтауды, Қазақстан Республи касы азаматтарының бала асырап алуын тіркеу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты қайтадан куәліктер беру Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынбай жүргізіледі. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгерт, толықтыру және түзету тәртібі. Тіркеу туралы бастапқы акт жазбалары, сондай-ақ жеткілікті негіздер болған кезде және мүдделі адамдардың арасында дау болмаған кезде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді тіркеуші орган жүргізеді. Мүдделі адамдардың арасында дау болған кезде азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мәселелері сот тәртібімен шешіледі. Азаматтық хал актілерінде жазылған жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштер өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға беріледі [38, 21б.]. Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi арқылы бастапқы жазбаның сақталған орны бойынша тіркеуші органға беріледі [41, 2б.]. Азаматтық хал актілерінде жазылған жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді жазба жасалған жер бойынша тіркеуші орган жүргізеді. Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбаларын қалпына келтіру туралы өтініш сол өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген шетелдіктердің азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері Қазақстан Республика сының шетелдегі мекемелерi арқылы бастапқы жазбаның мемлекеттік тіркелген (жоғалған) орны бойынша тіркеуші органға беріледі. Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру тиісті жазбаның бұрын болғанын растайтын құжаттар болған кезде немесе мемлекеттік тіркеу орны мен уақыты көрсетіле отырып, акт жазбасын қалпына келтіру туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі. Тарихи отанына қайта оралған адамдарға қатысты туу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру жеткілікті негіздер болған кезде және осы фактіні құжаттық растау (акт жазбасының болмауы (жоғалғаны) туралы анықтама немесе хабарлама) мүмкін болған кезде немесе ішкі істер органдарының осы адамдардың Қазақстан Республикасына заңды түрде келгені туралы растамасы және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын беру туралы өтініші болған кезде ғана жүргізіледі [39, 44б.].
Оралмандардың туу туралы қалпына келтірілген жазбаларын мемлекеттік тіркеу олардың тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі. Азаматтық хал актілері жазбаларының жоғалғанын сол жоғалған жазба жасалған жер бойынша азаматтық хал актілері жазбасының облыстық (қалалық) мұрағаты растауға тиіс. Тіркеуші органның жоғалған жазбаны қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу фактісі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген қағидалар бойынша сот тәртібімен белгіленеді. Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіруді мемлекеттік тіркеуді жоғалған жазба жасалған жер бойынша тіркеуші орган жүргізеді. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою азаматтық хал актілерінің жазбасы:
1) сот шешімінің негізінде;
2)
мүдделі адамдардың өтініші
3)
жойылуға жататын бастапқы, қалпына
келтірілген немесе қайтадан
жазылған жазбаны тапқан
Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою туралы өтініш сотқа немесе өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi арқылы жойылуға жататын акт жазбасының сақталу орны бойынша тіркеуші органға беріледі. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою, жойылуға жататын жазба жасалған жер бойынша жүргізіледі.
Жеке адамдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін сақтау міндеті жеке адамдар осы Кодексте белгіленген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін сақтауға міндетті. Тіркеуші органдарда азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде мемлекеттік тіркеу міндеті азаматтарға жүктеледі. Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайларды жасыруға немесе жалған мәліметтер беруге тыйым салынады. Өкіл арқылы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеуге, баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке болуды анықтауға, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуге жол берілмейді [42, 21б.].
Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады (қараңыз азаматтық неке). Қазіргі уақытта қоғамымызда азаматтық неке деген жалған некелер тамырын кеңге жая бастады. Әділет органдарына тіркелмей, неке жұбын құрып, мінезіміз үйлеспеді деп, өз жөндерімен кетіп жатқан қаншама жұп бізге белгісіз. Бүкіл адамзат тарихының дамуында өзіндік кедергі-кесапатын тигізіп жатқан қаржылық дағдарыс пен жаппай жаһандану үрдісі ежелден қалыптасқан қазақы салт-сананы, дәстүрді, әдет-ғұрыпты бұзды. Кеңес Одағы кезінің өзінде жас отбасында болып жататын дау-дамайлар сөзі дуалы ауылдың ақсақалдарынан аспайтын. Сотқа келіп неке бұздыру жайттары некен-саяқ болған. Себебі өткен ғасырдағы отбасы құрған жастарда ар-ұят, әдеп деген халқымыздың бағалы құндылықтары сақталатын [43, 215б.].