Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 10:40, дипломная работа
Ол отбасы деп аталатын туған туысқандардың бірлесе отыра, ерлі – зайыбының ақылдаса отыра шешілетін дүниесі. Отбасы құпиясын заң жүзінде сақтау нотариаттарға жүктеледі. Сондықтанда нотариустар туралы заңдарда отбасы құпиясына байланысты қадағалау мен бақылауда ұстауды жоғары деңгейде көрсеткен. Диплом жұмысының жаңашылдығы, отбасы құпиясына жататын бала асырап алу, азаматтардық жеке басына байланысты құпиялары мен суррогатты анаға байланысты құқықтар мен міндеттер мен мазмұны заң шеңберіне қарастыра келе құпиялылықтың қаншалықты деңгейде жүзеге асатыны және әлеуметтер арасындағы қандай мәселелер барын көрсету.
«Азаматтық неке» деген шарасыздықтан қойылған шартты атауы ғана. Оны Дін мүлдем неке деп санамайды, Аллаһтың алдында куәлік келтірмей, жұртқа жария етілмей ерлі-зайыптылардың бір шаңырақтың астында тұруын зинақорлыққа ғана балайды. Аллаһ тағаланың Хақ діні–Исламды жеткізуші Мұхаммед (с.ә.с) Пайғамбарымыз заңды некесіз қосылып, зина жасағандарды: “Пенде зина жасағанда иманы шығып, бас жағында көлеңке сияқты үйіріліп тұрады” деп сипаттаған. (Әбу-Һурайрадан) “азаматтық некемен” тұратын ерлі-зайыптылардың да өздерінің санасына сіңіріп алған пәлсапасы бар. Олардың пікірінше, бір шаңырақтың астында тұрамыз деп шешкен жандарға неке куәлігін алып, әуреленудің қажеті жоқ. Мөрдің қойылғаны, қойылмағаны не? Ең бастысы, тату-тәтті болып, жарасып кету, жараспасақ ың-шыңсыз өз жөнімізге кете барамыз дейді. Өздеріне шаң жуытқысы жоқ [44, 3б.]. Заңды түрде ерлі-зайыпты болып танылмағаннан кейін “азаматтық некедегі” ерлер мен әйелдер бір-бірінің алдында жауапкершілік алмайды. Тіпті “Азаматтық некеге” үйірсек келетіндердің көпшілігі қарақан басын күйіттеуден әрі аса алмайды, әрі одақтарының тұрақты болуы да неғайбыл, қашан айырылысып кетеміз деген қауіппен жүреді, сол себепті олар перзент сүйіп, ата-ана борышын өтеуге де құлықсыздау болады. Психологтардың пікірінше, “азаматтық некедегі” нәзік жандылар көбінесе күйеуім бар деп сенеді, ал ер адамдар оларға тек көңілдесім деп қана қарайды. Осындай қарым-қатынастағы ер мен әйелді отбасы деп те атауға қалай ауыз барады? Әрине, “азаматтық неке” жағдайында балалы болып жататын жұптар бар. Бірақ о баста Заңды менсінбегендер дәл осы кезде мықтап опық жейтіні сөзсіз. Бір жолдасым ағасының бел баласынан қалай айырылып қалғанын айтып берді. Ағасы бір әйелмен көңіл қосып, некелерін заңдастырмастан тұра береді. Ал сәбилері дүниеге келіп, оны кімнің тегіне жазуымыз керек деген мәселеге келіп тірелгенде, әйел аяқасты айнып, “әкесі емессің” деп маңына жуытпайды. Қолдан келер амал жоқ. Өйткені заң бойынша сәбидің әкесінің кім екендігін тек анасы ғана шеше алады. Кейде оқиға керісінше өрбіп жатады. “Азаматтық неке” кезінде дүниеге келген баланың әкесі екенін мойындаудан ер адамдардың өздері бас тартады. Осындай келеңсіз жағдайлардың кесірінен қаншама сәбидің тағдырына “некесіз туылған” деген жаман атақ жамалады, қаншама сәби жарық дүние көрместен жатыр ішінде тұншығып өледі [45, 69б.].
Азаматтық некенің тарихына тоқталсақ, бірқатар батыс елдеріндегі шіркеу мен мемлекет арасындағы ушыққан дүрдараздық нәтижесінде халық екіге жарылып, азаматтық некеге тұрушылар пайда болды. Олардың некесін енді дін өкілі қиған жоқ, мемлекеттік орган тіркеді” деп жазылған. Ал Ресей жеріндегі православиелік христиан дінін ұстанатын халықтардың арасында азаматтық неке ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болған. 1917 жылғы революциядан кейін билік тізгінін ұстаған большевиктер ескілікке қарсы көзсіз күрес жүргізе бастады. Соның ішінде Дінге де қарсы атейстік атой салынды. Православ діндарларының таратуынша, бұрыннан қалыптасқан заңды бұзып, “бүйректен сирақ шығарып” ең алғаш азаматтық некеге отырған– әйел комиссар Александр Колонтай болған [46, 63б.].
70 жыл бойғы Коммунистік
партияның үстемдігі кезінде
күштеп жүргізілген атейстік
ілімнің пәрменімен адамдардың
көбі енді некесін шіркеуде
емес, азаматтық хал актілерін
жазатын мемлекеттік мекемеде
тіркетуге мәжбүр болды.
Қазақстандағы жағдайына тоқталатын болсақ, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының қызметкері Қайрат Жолдыбайұлының айтуынша “Мемлекеттік Неке сарайларындағы некені тіркеу рәсімінде де шариғаттың кейбір талаптары орындалады; куәлары болады, екі жас бір-біріне жар болуға ризашылықтарын білдіреді. Бірақ қосылғалы жатқан жас жұбайлар имандылыққа бет бұрған жандар болса, мешітке келіп, Аллаһтың алдында куәлік келтіріп, шариғат бойынша неке қидырғаны дұрыс” дейді. Ал Біз сөз қылып отырған “азаматтық неке” – діни некені де мойындамайды, мемлекеттік органның тіркеуінен де өтпейді, әрі Қазақстан Республикасының “Неке және Отбасы туралы” Заңында ол туралы ешқандай түсініктеме берілмеген, сондықтан заң өкілдері мұны “бейресми некелесу” деп атайды немесе “азаматтық неке” деген тіркесті тырнақшаның ішінде жазуды ұсынады. Сірә, сөз сыңайын ұққан адамға діннен бөлектенген некенің екі түрінің де әу бастағы сипаты бір болғанын аңғаруға болады. Тек жік ішінен жік пайда болып, енді тіпті мемлекеттік неке куәлігін де керек қылмайтын, “еркін махаббатты ” қолдаушылар қалыптасты. Сірә, “еркін махаббат” деген ұғым асу астында қалған жүз жылдықтың бел ортасындағы оқиғалардан хабары бар адамды еміксіте қоюы екі талай. АҚШ пен Батыс Еуропадағы 60- жылдары еркіндікке бой ұру тым жүгенсіз кетіп, тұтас бір ұрпақты “сексуальдық төңкеріс” деп аталатын азғындықтың билеп алғаны көзі қарақты адамның есінде. Бүгін Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмаған балалардың 22 пайыз–некесіз туылғандар. Дағдарыс орталықтары Одағының төрағасы, заңгер Зүлфия Байсакова: “Жыл сайын кем дегенде “азаматтық некеге” тұрып, алданып қалған 10-15 әйел көмек сұрап келеді. Қазір ер адамдар өздерінің заңды балаларына алимент төлеуден қашқақтайды, ал “азаматтық некеде” дүниеге келген балаға алимент төлету мүлде мүмкін емес. Ер адамды шынымен баланың әкесі екенін анықтайтын бір ғана жол бар, ол – ДНК арқылы дәлелдеу. Бірақ бұл өте қиын, әрі қаржыны қажет етеді. Ал сот көп жағдайда мұндай істерді қарауға тәуекел етпейді [48, 21б.].
Қазақстанда тіркелмеген некелер тарап келеді. Мұндай некелер (бірге тұратындар, еркін одақ) қашанда болған,бірақ соңғы жылда жиі кездеседі және көптеген батыс елдерінде тіркелген некемен ресми отбасымен негізделген статистикалық маңызы бар баламаға айналды. 2000 жылдың мәліметі бойынша Қазақстанда өздерін некеде тұрмыз деп санайтын еркектердің 6 пайыз және әйелдердің 6,5 пайыз тіркелместен, бірге тұрып жатыр [49, 215б.].
Қазақстанда осы шағын тізімді жасау ресімделмеген некенің кейбір құрылымдылық сипаттамысы береді. Олар, әсіресе, әйелдер арасында 16 - 20 дейінгі жастағы жастардың тіркелмеген некелік одақ құруы неғұрлым қарқынды түрде екендігін көрсетеді. Некенің жалпы саны бойынша мұндай одақтардың үлесі 26 жасқа қарай неғұрлым азаяды, 30-33 жаста ең аз орын алады, одан кейін қайта көтеріле бастайды.
Тіркелмеген неке санының өсуі некесіз бала көтеру санының өсуімен қатар журмеуі мүмкін емес. Оның көбі баланы тууымен емес аборт жасаумен аяқталады, Қазақстанда аборт жасау санының ерекше көп екендігі анық. Ресми түрде некеде тұратын әйелдердің аборт жасатумен қоса нақты бірге тұратын,бірге тіркелмеген некедегі әйелдердің де аборт жасату саны өте жоғары екендігінде күмән жоқ.
Некесіз бала көтерудің тағы бір бөлігі аборт жасамау және ақырында некеге тұрмай, некесіз баланың тууылуымен аяқталады [35, 79б.]. Бұлда қоғамның отбасы және неке арасындағы құриялылықтар қатарына жатады. 2002 жылдан 2012 жыл аралығындағы 10 жылдың ішіндегі некесіз туылған балалар саны жылдан жылға өсуде. Бұны төмендегі статистикалық мәліметтерден көруге болады.
2 кесте Некесіз туған балалар статистикасы
Жылдар |
Пайыз(%) |
2002 |
10,3 |
2003 |
10,1 |
2004 |
13,2 |
2005 |
13,4 |
2006 |
13,4 |
2007 |
13,4 |
2008 |
14,5 |
2009 |
15,7 |
2010 |
17,6 |
2011 |
21 |
2012 |
22 |
Бұдан шығатын қорытынды, отбасы құпиясын олар туыстары тұрмақ, өз балаларынан да жасырын ұстайды. Бұндай жағдайда дәрігерлер де құпияны ашып қоймауы тиіс. Бұл жеке азаматтардың құпиялылық негізі болып табылады [50, 15б.].
21 ғасырда отбасының түрлерінің
көптігі қазіргі жастарға
Сондықтанда бұл диплом барысында мұсылмандық, азаматтық, Еуропалық отбасы құпиялары тұралы қарастыруға тырысылды.
Қорытынды
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады. Отбасы құқығы бойынша неке - бұл «ерлі-зайыптылар арасында мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағы» Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз оны азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке-отбасы заңдары негіздерінің бірі болып табылады.
Отбасы - шағын мемлекет. Сондықтан одан берілетін тәрбие мен әдет-ғұрып, дәстүрдің сақталуы ерекше мәнге ие. Алайда, жанұяда қалыпты тәрбие беруді айтпағанның өзінде түрлі жағдаймен шаңырақ шайқалып, бала тағдырына өз деңгейінде көңіл бөлінбей жататындығы жасырын емес. Кезінде ата-бабамыз ерекше қастерленген отбасылық құндылық мәселесі неге төмендеп кетті? Біз бүгінде оған қаншалықты мән берудеміз?
Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуде де отбасы үлкен рөл атқарады. Бүгінгі жас ұрпақ кең байтақ жерімізді сом білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған, «Малым – жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы» деп намысын бәрінен жоғары қойған ата-бабаларымыздың қаһармандық, отаншылдық дәстүрлерін жалғастыруы тиіс.
Қоғамымыз бүгінде белсенді
өмірлік позиция ұстанатын
Тек ұлтаралық, дінаралық келісімнің негізінде, қоғамның барлық салауатты күштерін біріктіре отырып қана әрбір отбасының гүлденуіне қол жеткізуге болады. Бұл орайда отбасы мен адамға деген сүйіспеншілік пен құрмет сенімін қалыптастырудағы шынайы серіктестіктер болып табылады.
Келешек ұрпақтың, жалпы еліміздің қарқынды дамуы үшін қажетті жағдай жасауда отбасы мен қоғамның күш-жігерін біріктірейік. Осы негізде Қазақстанның ерікті, күшті.
Отбасы — шағын мемлекет. ол шағын мемлекеттің ішкі саясатын дұрыс жүргізе алмаған жан кімге тұлға. Әрбір отбасы - шағын мемлекет. Онда ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азамат тәрбиеленеді. Осыны ұмытпау керек. Бала ата-әженің, әке мен шешенің тәлімін көріп бой түзейді. Жақсылықты да, жамандықты да отбасынан алады. Олар барлығын көзбен ұғады. Сондықтан ата-аналардың ісі мен сөзінде сәйкестік болуы шарт. Отбасы үйлесімділігі тағылымды тәрбиеде деп түсінемін.
Әлемнiң ғұлама ойшылы Конфуцийдiң: «Отбасы – шағын мемлекет», – деген ғибратты сөзi себеп болса, екiншiден отбасы босағасының берiк, шаңырағының биiк болуы ондағы жанұя мүшелерiнiң тату-тәттi өмiр сүрiп, халық санының көбеюiне, қоғам байлығының еселеп артуына тигiзетiн ықпалы зор болатыны әр бiр саналы азаматтың жадында ұстайтын қағидасы болуы шарт.
Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке қүкыктар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Ата-аналар мен балалардың озара құқыктары мен міндеттері баланың заңда белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған тегіне негізделеді.
Куәландыру жолдары баланың анасы екендігін шешесінің медициналык мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда - медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғактардың негізінде АХАТ белгілейді. Бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата-анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады; өзара некеде тұрмаган әке-шешеден туған баланың тегі әкесі мен шешесінщ азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органға бірлесіп берген арызымен анықталады. Мүндай мойындау болмаган күнде, баланың әкесі, сот аркылы анықталады.
Өзара некеде тұрған әке
мен шеше қай-қайсысының болса да
арызы бойынша туу туралы кітапқа
баланың ата-анасы болып
Әке мен шешенің, өз балалары
жөніндегі кұкықтары мен