Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 10:40, дипломная работа
Ол отбасы деп аталатын туған туысқандардың бірлесе отыра, ерлі – зайыбының ақылдаса отыра шешілетін дүниесі. Отбасы құпиясын заң жүзінде сақтау нотариаттарға жүктеледі. Сондықтанда нотариустар туралы заңдарда отбасы құпиясына байланысты қадағалау мен бақылауда ұстауды жоғары деңгейде көрсеткен. Диплом жұмысының жаңашылдығы, отбасы құпиясына жататын бала асырап алу, азаматтардық жеке басына байланысты құпиялары мен суррогатты анаға байланысты құқықтар мен міндеттер мен мазмұны заң шеңберіне қарастыра келе құпиялылықтың қаншалықты деңгейде жүзеге асатыны және әлеуметтер арасындағы қандай мәселелер барын көрсету.
Отбасы және неке қатынастарын
реттейтін жалпыға танымал
Қазақстан Республикасында
Қазақстан азаматтарының шетел
азаматтарымен некеге отыруы. Қазіргі
заман жағдайында, халықаралық қатынас
пен әріптестіктің дамуы
Қазақстан Республикасында қазақстандық азамат пен шетел азаматының некесі, сонымен катар шетелдіктердің де некесі бекітіле береді. Біздің заңнама, өз азаматтарымыздың баска шетел мемлекетінің азаматымен некелесуге тыйым салып, ол үшін рұқсат сұрауды талап етпейді.
Біздің азаматтардың шетел азаматтарымен некелесуі, сонымен қатар шетел азаматтарының өздерінің арасында некелерін бекітуі Қазақстан Республикасының заңнамасына бағынады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл салада «некеге отыру жер заңы» немесе «Іех loci celebrationis» деген коллизиялық кағида қолданылады [22, 15б.]. Неке біздің заңнамада көзделген нысан бойынша жасалады, яғни азаматтық хал актілерін жазу органдарында, осы некені тіркеудің бекітілген ережелерін сақтай отырып тіркеледі. Қазақстан Республикасында некені діни жолмен бекіту қандай да бір құқықтық салдарға жетелемейді, бірақ бұны адамдар өз арасында тануы да мүмкін.
Қазақстан Республикасында некеге тұру туралы келісім некеге тұрушылардың оздерімен жасалуы тиіс болып табылады. Біркатар елдерде (Испания, Перу т.б.) некеге тұрушылар сенімхат беріп, екіл аркылы некеге тұруларына жол беріледі. Біздің заң мұндай окілдік етуге жол бермейді [22, 29б.].
Шетеддіктердің де некеге
түруларының материалдық
«Неке және отбасы туралы» Заңның 11-бабында «Егер тұлғалардың бірі басқа некеде тіркелген болса, онда ол жаңа некеге отыра алмайды» делінген, яғни егер шетелдіктің ез заңы коп әйел алушылыққа жол берсе, онда ол біздің республикамызда некеге отыра алмайды [9, 38б.].
Шетелдік азамат, егер оның ез заңы екі некеге рұқсат бергеннің езінде бізде некесін тіркеуді талап ете алмайды. Кейбір мұсылмандық елдерде (Түркия, Ирак) екі некеге рұксат етілмейді.
Шетелдіктер, сонымен катар, біздін азаматтар некеге тұрған кезде, некеге тұруға ешқандай кедергі жок екендігі тексеріледі және мұндай тексерістің ең бастысы оның басқа некеде тұрған-тұрмағандығы анықталады. Некеге тұруға кедергілердің бар екендігін айту міндеті некеде тұрушыларда болып келеді [22, 38б.].
Некеге тұрушының баска некеге тұрмағандығы дәлелдейтін бірден-бір дәлел оның баска некесі туралы Азаматтық хал актілерін жазу органдарында ол туралы жазбаның болмауы болып табылады. Егер шетелдік біздің Республикада некеге отыру ниетін білдіретін болса, ол өзінің мемлекетінің тиісті органынан өз мемлекетінде ешкіммен некеде тұрмайтындығын дәледдейтін анықтама қағазын алып келуге міндетті. Тәжірибеде әдетте мұндай анықтама кағаздары Қазақстан Республикасындағы тиісті мемлекеттің елшілігімен немесе консулдығымен беріледі.
Құқыққа белгісіз басқа мемлекеттердің шектеулері (нәсілдік, діни, ата-ана келісімінің болмауы) біздің елде некені тіркеуден бас тартуға негіз болып табылмайды. Бұл шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тіркейтін некелеріне де байланысты болып табылады. Тәжірибеде шетелдікпен некеге отыруға толық емес, ішінара шектеулер койылатыны анық. Мысалы, некеге отыру үшін рұқсат алу Венгрияда, Үндістанда, Иракта, Италияда және тағы басқа да мемлекеттерде бекітілген [22, 33б.].
Азаматгардың шетелдік азаматтармен некелерін тіркеу кезінде бірқатар жағдайда некеге отырушы шетелдіктің де заңнамасы басшылыққа алынуы керек, өйткені, бұл жағдайда некені жарамсыз деп тану басқа мемлекетте орын алмауы анық. Мынадай мысалды келтірсек болады: егер, некеге тұрушының елінің заңнамасы бойынша ол келісім алмаған кезде неке ол елде жарамсыз болып калуы мүмкін. Мұндай жағдайларда біздің АХАЖ органдары некеге тұрушыларда онын мүндай некеге отыруға келісім бар-жоктығын анықтауы керек. Егер де мұндай келісім болмаса, некеге отырушылармен келісіле отырып, шетелдіктің осындай келісімді алуы үшін уакыт беріледі. Егер де осы белгіленген уақытта органға қажет келісімді алып келмейтін болса, бірак некеге тұрушылар некені тіркеуді талап етіп отырса, неке тіркеуші орган мұндай келісімнің болмауына қарамастан некені тіркеуге міндетті болып табылады. Мұндай неке біздің заннама бойынша танылғанымен, тиісті шетелдіктің мемлекетінде бұл неке танылмайды. Бұл ез кезегінде біздің мемлекеттін азаматынын өзінің некелескен адамының мемлекетіне барған уақытында құқығының шектелуіне алып келуі мүмкін.
Бұндай жағдайда түсіндірудің рәсімі үлкен маңызға ие болып есептеледі, ейткені біздің азамат шетелдікпен некеге отырған кезівде бұл некенің басқа мемлекетге, оның ішінде некелескен адамының мемлекетінде танылмай, оның белгілі бір шекте мүліктік құқықтары шектелетіндігін білуі шартболып табылады.
20 ғасырдың 80-жылдары Болгариямен, Вьетнаммен, Венгриямен, Финляндиямен бекітілген құқықтық көмек керсету туралы шарттарда некені бекіту нысаны неке бекітілген мемлекеттің заңымен анықталатындығы айтылады.
Материалдық шарттар жағдайын да құкықтық көмек керсету шарттары камтып кеткен. Мысалы, Вьетнаммен КСРО-ның арасында жасалған құкықтық көмек көрсету шарттарында ерлі-зайыптылардың мүліктік жағдайы сол азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасымен шешіледі деп керсетілген [22, 48б.].
Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңында Казақстан Республикасы азаматынын шетел азаматымен некеге тұруы немесе онымен некені токтатуы азаматтықтың өзгеруіне алып келмейді деп көрсеткен [8, 28б.].
Бір некелесушінің өз азаматтығын өзгертуі екінші азаматтың азаматтығының өзгеруіне алып келмейді. Консулдық некелер. Біздің заңнама Казақстан Республикасынын аумағында консулдық некелерді, яғни шетелдік дипломатиялық екідціктер мен елшіліктерде жасалатын некені таниды.
Шетел азаматтарының арасында
Казакстан Республикасының
Басқа мемлекеттермен жасалған консулдық ковенциялар өз мемлекетінің азаматының некесін консулға тіркеуге рұксат етеді. Мұндай консулдық конвенциялардың көпшілігінде консул сол келуші мемлекеттін заңына сәйкес некені тіркеуі тиіс деп корсетілген. Тек кейбір консулдық конвенцияларда ғана консул некені өзінін келген мемлекетінің заңнамасына карсы болмаса, өз мемлекетінің заңы бойынша тіркеуіне болады деп керсетілген. Куба мен Финляндия арасындағы консулдық конвенцияларға сәйкес, консул некені тек өзі келген мемлекеттің заңнамасына кайшы болмаған жағдайда ғана оз мемлекетінін заны бойынша тіркеуі тиіс болып табылады.
Консулдық конвенцияларда осындай некенін тіркелгендігі туралы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына хабарлау кажеттігі туралы жазба жасалуы мүмкін [22, 38б.].
Қазақстан Республикасы азаматтарынын. шетелдіктермен басқа мемлекетте некеге отыруы. Қазакстан Республикасының азаматтары шетелдіктермен біздің аумақта да, сонымен катар, басқа мемлекет аумағында да некелесуі мүмкін. Мұндай некелер сол некеге отырушы мемлекеттің зандарынын талаптарымен койылған неке нысанына сәйкес болуы шарт. Тиісті мемлекеттің муниципалитетінде, мэриясында немесе баска да органдарында және діни ғұрыптарды сактай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, кейіннен, біздін мемлекетте танылуы мүмкін бе дегенсұрақтуады. Біздің заңнама бұлорайда накты жауапты беріп отыр.
Қазақстан Республикасынын «Неке және отбасы туралы» Заңынын ережесіне сәйкес, егер неке Қазакстан Республикасынын аумағынан тыс, сол тиісті мемлекеттің заннамасы бекіткен нысанда тіркелетін болса және ол Казақстан Республикасынын некені тіркеуге байланысты заң талаптарына қайшы болмайтын болса, ол неке занды деп танылуы ықтимал болып табылады [9, 18б.].
Мұндай неке занды болып танылуы үшін біздің мемлекеттің некелесу бойынша заңынын материалдық нормалары бұзылмауы тиіс болып табылады. Бұл айтылғаннын мазмұнын ашатын болсак, біздің мемлекеттің азаматтығында тұрған азаматтың некесі жарамды болуы үшін ол біздің заннаманың коятын материалдық шарттарын сактауы керек. Шетелдікке катысты айтар болсак, казақстандық азаматпен некеге тұру үшін оған біздің заңнаманың талаптарын сақта деп айта алмаймыз, ойткені, ол неке біздін мемлекеттің аумағында емес, баска мемлекеттің аумағында жасалуы тиіс. Осыған сәйкес некенін жасалған орнының заны колданылуға жатады. Некенің нысанына байланысты айтар болсак, оның жарамды деп танылуының негіздері басқа да болып калуы мүмкін. Өткеннен мысал келтірер болсақ, 1937 жылы Л. деген азамат Тегеранда ирандық калындық Амалиямен некелеседі. Неке Тегерандағы орыстың Православиелік шіркеуінде жасалады, өйткені ирандық заңнама бойынша діни нысанға жол берілген. 1958 жылы Тбилисиде тұрып жаткан Л. Раиса дегенмен некелеседі. 1960 жылы Л., қайтыс болып кеткеннен кейін Амалия мұраға бірден мұрагер бола отырып, Л-дің екінші некесін заңсыз деп тануды сұрап Грузиялық сотка талап арызын береді. Сот талап қоюшының пайдасына істі шешеді [23, 68б.].
Қазақстан Республикасының
азаматы мен шетел азаматының
некесін тиісті мемлекеттің жергілікті
органдарында тіркеу кезінде біздің
азаматтың шетел азаматымен некелесуге
құкығын танитын кағазды талап
етсе, онда мұндай анықтама қағазын
Қазақстан Республикасының
Консулдық конвенцияларда консулдың мемлекетінің азаматы некеге тұрғандығын тіркеп тұру міндеті көрсетіледі. Мысалы, кейбір мемлекеттердің консулдық жарғылары мұндай міндетті тікелей көрсетуі мүмкін. Мысалы, бұрынғы Кенес мемлекетінің заңнамасында бұл тікелей көзделген болатын [23, 75б.].
Қазақстан Республикасы азаматтарының
арасында шет мемлекетте некені бекіту.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының консулдықтарында шет ел аумағында некені бекіту кезінде толығымен біздің мемлекеттің зандары басшылықка алынуы тиіс, өйткені екі азамат та біздің республика азаматы болып табылады.
1.3 Отбасы құпиясының негізгі мазмұны
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Отбасы құпиясының негізін құрайтын қоғамдық қатыныстар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатыныстар құқықтың басқа да саласының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құрайды. Бірақ, аталған қатыныстардың басымдылығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті - мүліктік қатынсатарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатыныстарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасы өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осыда жатыр. Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде сез қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірдей құқықтық реттеуге жатпайды. Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан және 213 - баптан тұрады [9, 118б.].
Бірінші бөлімдегі «Жалпы ережелерде» неке-отбасы заңдарының негізі жасалып, осы заңмен реттелетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принциптері белгіленеді.
«Неке» деп аталатын 2 - бөлімде некеге тұру, оны тіркеу, некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.
«Отбасы» деп аталатын 3 - бөлім ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерінің негізі туралы, ата-аналарды туу туралы жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы, ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.