Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 10:40, дипломная работа
Ол отбасы деп аталатын туған туысқандардың бірлесе отыра, ерлі – зайыбының ақылдаса отыра шешілетін дүниесі. Отбасы құпиясын заң жүзінде сақтау нотариаттарға жүктеледі. Сондықтанда нотариустар туралы заңдарда отбасы құпиясына байланысты қадағалау мен бақылауда ұстауды жоғары деңгейде көрсеткен. Диплом жұмысының жаңашылдығы, отбасы құпиясына жататын бала асырап алу, азаматтардық жеке басына байланысты құпиялары мен суррогатты анаға байланысты құқықтар мен міндеттер мен мазмұны заң шеңберіне қарастыра келе құпиялылықтың қаншалықты деңгейде жүзеге асатыны және әлеуметтер арасындағы қандай мәселелер барын көрсету.
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Отбасы дегеніміз - некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы - бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым -қатынастарын реттейтін әлеуметік нормалардың, санкциялардың және міңез -құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы - некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады. Отбасының құпиясы ол некеге тұрған соң ерлі – зайыптылардың жеке мүліктік, меншіктік құқықтары. Отбасыдағы туыстар арасындағы жеке құқықтары, суррогаттық анаға лайықты болған адам арасындағы хал ахуал, бала асырап алу кезіндегі әртүрлі жағдайларды құпия түрде ұстау болып табылады.
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Отбасы құқығының пәнін
Отбасы дегеніміз - қоғамның нақты тарихи типінде өз ерекшеліктері, дәстүрлері бекітілімдері бар әлеуметтік құрылым. Отбасы екі позициядан сарапталады:
Әлеуметтік институт ретінде отбасы анализінде нақты отбасы қарастырылмайды белгілі мәдениетке тән отбасылық мінез-құлық үлгілері қарастырылады. Жас отбасы дегеніміз - жастары 29 - дан аспаған және неке тұрғандарына 3 жылдан артық уақыт тұрмаған отбасын айтамыз. Неке ұғымның астарында ересек индивид арасындағы қоғам мен реттелетін қарым-қатынастарының тарихи шапталған формасын айтамыз. Ең көп таралған түрі нуклеарлы отбасы. Екінші орында толық емес отбасы.
Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл 20-шы ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.
Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады. Осы аталған Заң актісі 1969 жылғы 6-тамызда Республиканың Жоғары Кеңесі бекіткен неке және отбасы туралы Кодексті алмастырды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. 20-шы ғасырдың ортасынан бастап отбасы құпиясы елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі. Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны отбасы және неке туралы толық қанды ойлануды қажет етеді. Отбасы құпиясын сыртқа жария етуге тиым салынады. Ол отбасы деп аталатын туған туысқандардың бірлесе отыра, ерлі – зайыбының ақылдаса отыра шешілетін дүниесі. Отбасы құпиясын заң жүзінде сақтау нотариаттарға жүктеледі. Сондықтанда нотариустар туралы заңдарда отбасы құпиясына байланысты қадағалау мен бақылауда ұстауды жоғары деңгейде көрсеткен. Диплом жұмысының жаңашылдығы, отбасы құпиясына жататын бала асырап алу, азаматтардық жеке басына байланысты құпиялары мен суррогатты анаға байланысты құқықтар мен міндеттер мен мазмұны заң шеңберіне қарастыра келе құпиялылықтың қаншалықты деңгейде жүзеге асатыны және әлеуметтер арасындағы қандай мәселелер барын көрсету.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы. Диплом жұмысындағы материалдар қазақ тілінде жазылып, Қазақстан Республикасының отбасы және неке Кодексінің шеңберінде жазылғандықтан кез келген отбасының құпиясын білгісі келген азаматтар, жоғары оқу орындарындағы заңтану мамандығының студенттері «отбасы құқығы» пәніне, әлеуметтану мен саясаттану сабақтарына арналған курстық, өзіндік жұмыстарына пайдалана алады.
Дипломдық жұмыстың зерттелу ахуалы. Отбасы шағын мемлекет деген ұлы түйіндіні жазаған Ф.Энгельстің өзі отбасын заңнамалық негізде қарастыруды көрсетіп тұрғандай. Қоғамдағы даму үрдісінің өзі отбасымен байланысты [1, 108б.]. Отбасы құпиясының мазмұны мен түрлері Қазақстан Республикасының 1998 және 2005 жылы қайта қарастырылған отбасы және неке Кодексіне негізделді [2]. Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі Чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский еңбектерінен орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын бөліп қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы «Ана мектебі» деп көрсетеді. Өйткені, бала адамгершіліктің негізгі түсініктерін отбасында альш, алғашқы адамдық қасиеттерін отбасында қалыптастырады [3, 82б.].
Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай деп жазады: "Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету керек" [4, 88б.].
Отбасы құпиясына анықтаманы және түрлерін ажыратып берген Байжанов Н. Өзінің Неке және отбасы атты еңбегінде: «отбасы құпиясы әуелде бала тәрбиесінен басталады, сондықтанда бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес. Ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған» - деген тұжырым жасайды[5, 72б.]. Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесіне құпиялылықты да енгізуді туралы кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10-сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? Баланы кішкентайдан үй ол мемлекет және онда ішкі саясат бар, оны сыртқа шығаруға болмайды деп құлағына сіңіру қажет» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды [6, 25б.].
Отбасы құпиясының құқықтық негізін азаматтардың жеке бастарының құпиясымен пара пар екенін дәлелдеген Ибраева А және басқа да авторлар Құқықтану оқулығында қарастырған [7, 11б.]. Отбасы құпиясындағы бала асырап алудың мазмұны мен құқықтық негіздерін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 66 бабынан бастап таба аламыз [8, 108б.]. Отбасы және неке мәселесін тек құқықтық негізде ғана емес әлеуметтер арасындағы дау жанжалды қалыптастырғаннан кейін әлеуметтану пәні де қарастырады. Ол туралы әлеуметтану ғылыми пәніне арналған оқулықтар қарастырады. Олардың қатарына Ә.Х. Тұрғынбаев, А. Қарабаев, Р.Г. Әбсаттаров, З.Ж. Жаназаров сияқты ғалымдар қарастыруда.
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып, отбасы құпиясы дегеніміз не, оның түрлері мен отбасы құпиясы туралы толық мазмұнын білу болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
1) Отбасы құпиясы туралы
толық мәліметтерді жиыстырып,
отбасы құпиясының ұғымын
2) Отбасы құпиясының Қазақстан Республикасының отбасы және неке заңнамасына сай түрлерін анықтау;
3) Азаматтардың жеке және
отбасы құпиясының мазмұнын
4) Бала асырап алудың құпиялылығына мән беру;
5)Азаматтық хал актілерін жазу органдарының бала асырап алу құпиясын қамтамасыз етуі туралы мәліметтер беру.
Дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі. Қазіргі қоғамдағы отбасы баланың шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап өмірінің соңына дейін тәрбиелік ықпал жасайтын негізгі ошақ болып отыр, ондағы болып жатқан ішкі және сыртқы құпиялылықты сақтау отбасының кез келген мүшесіне жүктеледі.
Дипломдық жұмыстың негізгі пәні болып, отбасы құпиясы болғандықтан отбасы қатарына жататын ерлі – зайыптылар мен олардың балалары және туған туыстары да жатады. Ең бастысы осылар арасындағы сақталатын құпиялардың мәні мен мағынасы, отбасы құпиясын сақтау кезіндегі қатысты нотаритар мен суррогатты ана болуға келіскен үшінші жақтың субъектілері де заң жүзінде отбасы құпиясын сақтауы қажет.
Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізі. Диплом жұмысты жазу барысында негізінен Қазақстан Республикасы конститутциясына, Қазақстан Республикасының заңнамалар жинағына, құқықтық еңбектерге сүйене отырып, оларға логикалық болжамдар жасау, отбасының әлеуметтік мәселелері жайлы тың еңбектерді зерделеу, шет елдердің отбасы құпиясына арналған тәжірибелерді қарастыра отырып салыстыру. Кеңес өкіметінің таралуына және Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алуына отбасы құпиясы мәселесіне байланысты зерттеу үрдісі (әдісі) қолға алынды.
Диплом жұмысының құрылымы дәстүрлі негізде 2 тарау 6 тараушадан, кіріспе мен қорытындыдан тұрады.
1 Отбасы құпиясының түрлері мен мазмұны
1.1 Отбасы ұғымы, түрлері және тарихи дамуы
Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады [2, 8б.].
Отбасы – неке қатынастарын реттейтін
негізгі нормативтік құқықтық акт
Қазақстан Республикасының «
Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы [5, 15б.].
Адамдар арасында некеден, туыстықтан,
бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу
үшін бала алудан туындайын қатынастар
отбасылық қатынастар деп аталады.
Бірақ отбасындағы
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің
өзара келісімі бойынша шешіледі.
Егер ол мәселе кәмелетке толмағандардың
мүдделеріне қатысты болса, оны
шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық
нормаларға араласу отбасылық қатынастар
бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен
салыстырғанда отбасылық
Туыстық және туысқандардың түрлері. Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындаңы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кәмелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынстардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондақтан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармақ – арғы атадан ұрпақтарына қарай тарайды (балаға, немереге, шөбереге) [10, 28б.].
Жанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негіздеген. Мысалы, бір атадан тарайтын немере ағалары мен қарындастары; бір жағдайда ортақ атасы - әкесі, ал енді бір жағдайда – атасы болып табылатын көкесі мен жиені.
Азаматтық құқықта заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде жақын, сондай – ақ алыс туысқан да есепке алынады. Бүгінгі күнгі мұрагерлердің алты кезектілігі анықталған. Оларға: балалары, ерлі – зайыптылар мен ата – аналарынан басқа (бірінші кезектілік) мұра қалдырушының туыстары, толық туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай – ақ оның әкесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтәлері (үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары (төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде ое жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары, өгей әкесі мен шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады. Туған ағалары мен қарындастары толық туыс және толық емес туыс болып бөлінеді. Толық туыстар – бір ортақ ата – анадан тарайтын аға – іні, апа – қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына іні – қарындастары толық емес туыс деп есептеледі. Егер олардың аналары бір, ал әкелері басқа болса, оларды бір кіндіктен тарағандар (яғни, бір анадан туғандар) деп атайды. Егер олардың әкесі бір, шешелері басқа болса, онда оларды қандастар деп атайды. Қазақстанның отбасылық заңнамасы құқықтық жағынан ағасына іні – қарындастарды толық туыс не толық емес туыс деп айырмайды [8, 44б.].