Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 15:34, дипломная работа

Краткое описание

Оның ішінде талдау мен жинақтау, салыстыру, жүйелеу әдістері бар. Тақырыптың мақсатын ашуда мына әдістер қолданылды: бақылау, әңгімелесу, ойын әдістері, тіл дамыту деңгейін диагностикалау, нәтижелерді талдау, жинақтау, графикалық сызбалар қолдану, жинақталған деректерді математикалық талдау жасау.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................
1. Тілдің адам өміріндегі маңызы.
1.1. Тілдің даму тарихы туралы философиялық ойлар.........................
1.2. Мектепке дейінгі баланың танымдық әрекетін
қалыптасуындағы сөздің орны...............................................................
2. Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі.............................................................................
2.1. Тілдің, сөйлеудің анатомиялық физиологиялық
және психологиялық негіздері................................................................
2.2. Мектепке дейінгі балалар психикасын тіл дамыту
арқылы қалыптастыру..............................................................................
3. Зерттеу эксперимент жұмысы.......................................................
Қорытынды..............................................................................................
Әдебиеттер................................................................................................
Қосымша...................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаманкулова .doc

— 732.00 Кб (Скачать документ)

Мектепке дейінгі балаларда сөйлеу құрау тек жағынан емес, сапа жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Мектепке дейінгі балалар есінде бар сөз қорына негізделе отырып, тілдің тиісті ережелерін пайдаланып жаңа сөйлемдерді құрауыды меңгереді. Жаңа сөйлемдер деп отырғанымыз тек сол тілде бар сөйлемдер ғана емес, тіпті жоқ сөйлемдерді де құруды айтады. Қолданылатын сөзін бала тым өткір және ұқсастырып күлдіріп айтуға да шеберлігі дами бастайды. Қазақ тілінде кейбір басқа тілдердегідей заңдылықтар болмағандықтан, сөйлеу жеңіл түседі және тиісті морфемалар арқылы сөйлемдерге жаңа жұрнақтарды жалғай беруге мүмкіндіктер туады.

Егер бөбектердің сөйлеуі көбінесе ситуацияға тәелді келсе, мектепке дейінгілерде сөйлем көп текстіге сай құралы бастайды. Ситацияға байланысты сөйлеуде де зат есім кезедеспейді, оның орнына есімдік  көп айтылады. Яғни, балалар өзара сөйлесіп отырғанда қасына береу келсе, олардың сөзін түсіне алмайды. Түсіну үшін әңгіме не жөнінде екенін білу керек. Ал контексті байланысты сөйлеу деп сөйлеушілердің қасында тыңдап отырғандар әңгіме не жөнінде болып отырғанын білмесе де (жағдайды білмесе де) сол айтылған сөздің тікелей мағынасына қарап, соны айқын түсіне алуын айтады. Егер түсіне алмаса мұны контекстіге негізделіп сөйлесу деп мүлде айтуға болмайды. Мектепке дейінгілер ситуацияға орай сөйлеуден контекст арқылы сөйлеуге көшеді. Себебі олардың сөзі тек ситуацияға орай түсінікті емес, онсыз да түсінікті келеді. Осыған қарап ситуацияға қатысты сөйлеу тілдің төменгі сатысы екен деп айтуға болмайды.

Мектепке дейінгілердің сөздері, көбінесе, өздеріне орналасады. Кіші балалар кейде өз - өзіне арнап сөйлейді. Сөйлеудің бұл түрін Ж.Пиаже эгоцентрикалық сөйлеу деп атаған. Үлкендер ойланғанда ойын, үнсіз сөйлеу арқылы іске асырады. Үнсіз, сөйлеу мектепке дейінгілерде біртіндеп қалыптасады. Эгоцентрикалық сөйлеу - өзгелерге емес, баланың өзін арналған ойды жеткізудің ерекше түрі. Баланың ойы өзіне түсінікті болғандықтан, сол  ойын өзіне естіртіп айту не үшін қажет? Бұл жағдайда бала ой үстінде өзіне өзі арналғанда, сол сөзді тірек ретінде пайдаланады.

Тілді дер кезінде және сапалы меңгеру балада дұрыс психиканың қалыптасуының және оның кейін жақсы дамуының алғашқы аса маңызды шарты болып табылады. Дер кезінде, яғни, бала дүниеге келген алғашқы күннен бастау, сапалы дегеніміз тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы және баланың әрбір жас кезеніне қарай тілді меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық пайдалану.

Баланың еліктеуі – шартсыз рефлекс ойсыз, инстинкті. Баланың сөздік қорында белгілі бір дыбыс комплекс болғанның өзінде онымен өмір құбылысының шындығын байланыстыруды үйреткенде де ол әлгі байланысты жасауға кім үйретсе, соған еліктейді және еліктеу кейін де инстинкті болады.

Сөйлеуде еліктеуге ересек адам да бейім келеді: әдеби тілде сөйлейтін адам, диалектілік сөйлеу бар жерде бір – екі ай  тұрғаннан кейін еркінен тыс, инстинкт бойынша сол жердің ерекшелігін қабылдайды. Бала еліктеу объектісін таңдай алмайды, өзін қоршаған адамдардың аузынан естіген сөздерді ойланбастан бойына сіңіреді.(Сөйлеудегі кемшілікте де қабылдайды).

Табиғи сөйлеу ортасы үшін, жалпы психиканың дамуы үшін қолайлы және қолайсыз болып екіге бөлінеді. Бала өсіп отырған сөйлеу ортасының даму мүмкіндігі сөйлеу ортасының даму потенциалы деп аталады. Табиғи сөйлеу ортасының даму потенциалы ішкі себептердің әсерінен қалыптасады, реттелмейді. Бала мекемелерінде әр жастағы балалар үшін даму потенциалын жоғары, қолайлы етіп сөйлеу ортасын арнайы ұйымдастырады. Даму потенциалы әдейі жоғарылатылған сөйлеу ортасы жасанды сөйлеу ортасы болып табылады. Ана тілін оқыту тәжірибесі өсіп келе жатқан адамның интеллектісі мен сезімталдық – еріктік сферасын дамыту үшін аса маңызды рөль атқаратын ана тілін меңгеру үшін де жасанды сөйлеу ортасын ұйымдастыру қажет екенін көрсетеді.

Баланың сөзі сыртқы ортамен байланыста үш түрлі қызмет атқарады: қатынастық, танымдық, реттеушілік. Балада қатынастық және танымдық қызметтердің қатар дамуымен бірге оның мінез – құлықн реттеуші ретінде сөзді меңгеру басталады. Өзіндік мінез – құлық жасау үшін өз тілімен (іштей) сөйлеуге үйренеді. Бұл – тілді меңгерудің жоғарғы формасы.

Баланың қарым –қатынас жасау, өмірді тану, өзінің іс - әрекетін жоспарлау қабілеті мидың дамуына байланысты қалыптасады, бірақ даму процесі көбіне машықтануға, меңгерген сөздеріне үнемі назар аударуына байланысты.

Бала үшін тілді меңгеру оның реттеушілік қызметінде түсінікті болғанда, ана тілі баланың адамгершілік тәрбие құралына айналады. Дәл осы кезден бастап ересек адам өз сөзіне, мінез – құлқына ұқыпты болуы керек.

Ана тілінің интеллектікі дамытушы және сезімталдық пен ерік – жігерді тәрбиелеу факторы ретнідегі күші – тілдің табиғатында: оның адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс құралы, немесе, тілден тыс шындық қасиеті болуында. Бұл қасиет тіл белгілерінің мәнімен түсіндіріледі.

Тілді меңгеру үшін тілді адамды қоршаған шындықты (тілден тыс шындық) бейнелейтін белгілер жүйесі ретінде қарастырамыз. Мектепке дейінгі балаларды үйренген тілдің мазмұны сезім органы арқылы қабылданған, санасында көрініс берген қоршаған болмыс болып табылады. Сөздің мазмұнына айналадағы адамдар, табиғат жөніндегі этикалық ұғымдар, табиғат жөніндегі этикалық ұғымдар, қоғамдық өмірдің құбылыстар, т.б. кіре бастайды.

Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым – қатынас жасайды. Өмірде кездесетін түрлі іс - әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайыттар туралы әңгімелейтін болады. Дж осы жас шамасында баланың сөз қолдану ерекшелігін терең зерттеп, талдаған балалардың көрнекті жазушысы К. Чуковский оларды «данышпан лингвистер» деп атаған болатын.

Баланың айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Жас ұрпақты жан – жақты тәрбиелеу, ой - өрісін, сана – сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім – дағдыларға үйретуде – тілдің алатын орны ерекше.

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту, ауызекі дұрыс, мәдениетті сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге бағыттау қажет. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл. Тілдің дамуы оның сана – сезімінің, ой - өрісінің жетіле түсуіне негіз болады. Баланың табиғат сыйға тартқан барлық интеллектуалдық қабілеттерін ана тілін меңгерудің, мектепке дейінгі кезде меңгерудің арқасында пайда болады және дамиды. Әрбір ұрпақ дәстүрді қажетіне қарай қабылдап, «озығы мен тозығын» тыңдауды өзі шешеді. Әрбір  ата – ана өз перзенттерінің ақылы жетілген адам болуын тілейді, өздері жетпеген арман – тілектерге балалары қуанады, кемшілігіне қайғырады. Ата – ананың осындай үміт – арманы дәстүр сипатында ұрпақтан – ұрпаққа ұласып келеді. Дәстүрдің педагогикалық насихатын дәл осы ретпен түсіну керек.

Шығыс халықтарында балажандылық түбегейлі қалыптасқан. Бала – отбасының қуанышы, сондай – ақ ерлі – зайптыны бірлік пен татулыққа байлап тұратын жіп. Сонымен қатар балалар үлкендірдің қамқорлығы, мейір – шапағаты арқылы өсіп, ер жетеді, адам ретінде өмірден өз орнын табады. Халқымызда тәрбиелік маңызы бар отбасылық дәстүрлер өте көп. Әсіресе, адамгершілік дәстүрі өзіне сай өзгеше қасиетпен дараланады. Мысалы, ата – анасыз қалған балаларды асырап алу, оларға қамқорлық көрстеу, ата – аналық мейір – шапағатпен өсіру, мүгедек пен қарт адамдарды сыйлау, т.б. өзіне тән игі дәстүрлеріміз бар. Әрбір халықтың тұрмыстық, ұлттық ерекшелігінен әлеуметтік – қоғамдық психологиясы қалыптасып, халықтың рухани байлығы танылады. Ең маңызыдысы, тәрбиелік маңызы бар осы дәстүрлерді жандандырып, күнделікті тұрмыста, отбасыда, ұрпақ тәрбиесінде тіл арқылы қолданылады.

Біздің халықта тілі шыға бастаған балалардың тілін одан әрі дамыту мақсатында халқымыз тілашар дәстүрін қалыптастырып, оны салтқа айналдырған. Тілашар дәстүріне жаңылтпаш айтқызу, санамақ, жұмбақ, мақал – мәтел, тақпақ, өлең – жыр, мазақтама арқылы баланың тілін қалыптастырып дамытады. Жаңылтпаш баланың тілін ширату үшін және кейбір дыбысқа баланың тілін жаттықтыру үшін қолданылады. Мысалы:

Былдыр, былдыр бүлдіршін,

Бұл бір білгір бүлдіршін.

Білгір бұл бір бүлдіршін

Білгірлігін білдірсін! – деген жаңылтпаш «Р» - дыбысын айтуға құрылған. Осы сияқты жаңылтпаштар тек баланың тілін ширатып қана қоймайды, сонымен бірге ойын дамытады, дүниетанымын арттырады.

Мақан әкеп үш алма,

Ақан әкеп үш алма, Нұр, Бек, Сәтке тең бөлді,

Әркім алды неше алма? - деген санамақ арқылы балаға санды қосуды әрі қосындыны бөліп, жауабын тез шығаруды үйретеді. Санамақты тез жаттап алу үшін оны ықыласпен мұқият тыңдап алу қажет. Сонда жатталған санамақтың жауабын да тез шығаруға мүмкіндік туады.

Халық өмірге, тұрмысқа, табиғатқа байланысты көптеген жұмбақтар шығарған. Мысалы:

«Аяғы жоқ жүреді,

Аузы жоқ сөйлейді» (хат)

Жұмбақтар балаға дүние танытумен қатар, ой - өрісін дамытады. Қазақ халқы мақал –мәтелге бай. Мақал деген сөз арабшадан енген. Ол араб тілінде «Ликелми мәканин мәкал» - деп аталады, яғни «тауып айтылған сөз» - деген мағынаны білдіреді. Ата – бабаларымыз мәнің зор мақал – мәтелдерді балаларына жастайынан үйретіп, оларды шешендікке баулып отырған.

«Балған адам болдым демес,

Болдым десе болғаны емес».

    • деген мақалда білімді, ақылды адамның баязылығы, көрегендігі, ұстамдылығы айтылған. Мақал – мәтелді көп шешендікке баулып, әдептілікке қалыптастырады.

«Ой, жылауық,Құрама,

Ойбай салып жылама».

 

Мұндай мазақтамалар намысты оятып, кесірлік мен кемістікті түзетуге себепші болады. Мазақтаманы екі қарама – қарсы жақ жарысса, айтып, айтыста бірі жеңіп шығады. Жеңілген жақ үндемей қалады да бірі жеңіп шығады. Жеңілген жақ үндемей қалады да жеңілдігін білдіреді. Сондықтан балаларға мектепке барғанға дейін тілашар дәстүрі бойынша мақал – мәтел, жаңылтпаштарды, мақал – мәтелдерді, санамақтар мен мазақтамаларды үнемі үйретіп отыру өте маңызды.

Қазақ дәстүріндегі тілашар тойында мектепке баратын балалар жұмбақ, жаңылтпаш, мақал - мәтел , санамақ айту, ұлттық ойындар өткізу тіл мен сөйлеуге деген қызығушылықтын көрінісі.

Ауыз әдебиетінің қай – қайсысы болмасын: жұмбақ, жаңылтпаш, мақал – мәтелдердің дүниетанымдық мәнімен қатар тәрбиелік маңызы да ерекше. Көркем әдебиет шығармалары балалар алдына адамға тән сезімдер дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкердің жан дүниесіне қызығушылық тудырады.

Көркем шығарма кейіпкерлермен бірге қуану – қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің төңірегіндегілердің, жақын адамдарының көңіл күйін байқай бастайды. Оларда адамгершілік сезім – қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті ояна қалыптасу негізі.

Баланың сезімі таныстырған шығарманың тілін түсініп, оны, ұғу процесінде дамиды. Көркем шығарма сөзі балаға ана тілінің әдемілігін түсінуге көмектеседі, қоршаған ортаны эстеткика тұрғысынан қабылдауға, этикалық түсінігінің қалыптасуына көмектеседі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ МЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Біздің тәжірибелік зерттеу жұмысымыз, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Борас орта мектебіндегі мектеп – балабақша тобында жүргізілді.

Зерттеу тәжірибелік жұмысымыздың негізігі міндеті – мектепке дейінгі балаларыдың тілдік дамуының психологиялық негізін айқындау, балалардың тілдік даму деңгейлері анықтап, тіл дамыту мүмкіндіктері мен мазмұндары арқылы мектепке дейінгі балалардағы тілдің сапалы дамуының қалыптастыруы болғандықтан, мына мәселелерді шешу көзделеді:

      1. Мектепке дейінгі балалардың жалпы дамуы мен тілдік дамуын психологиялық әдістемелер арқылы анықтау;
      2. Тіл дамыту мақсатында қолданылып жүрген дидактикалық ойындар, ауыз әдебиет үлгілерімен; осы бағытта жүргізілетін жұмыстардың барлығымен танысу:
      3. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту арқылы балалардың ақыл – ой, креативтілік, парасаттылық мүмкіндіктерін оятып, дамыту.
      4. Мектепке дейінгі балалардың тілдік даму ортасын қалыптастыруды анықтау.

Осы мәлелерді шешуде тәжірибелік – зерттеу жұмысы барысында мектепке дейінгі балаларды оқыту – тәрбиелеуге арналған «бағдарламалар», оқу - әдістемелік құралдар, дидактикалық ойындар, ауыз әдебиет үлгілері; педагогикалық – психологиялық оқулықтар, педагогикалық жағдайларды ұйымдастыру, әдебиеттер жан – жақты талқыланды.

Тәжірибелік – зерттеу жұмысы екі сатыда (анықтау, қалыптастыру) жүргізілді. Қалыптастыру эксперименті үш кезеңде жүргізілді, оған Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Борас ауылындағы Борас мектеп – балабақшасындағы 26 бала қатысты.

Мектеп жасына дейінгі балалардың абстрактылы ойлаудан гөрі көрнекті көру қабілеті басым. Олар өздерін қоршаған ортадағы заттарды, құбылыстарды көзбен көріп, қолмен ұстап, сипап, байқау арқылы түсінігі, көзқарасы нақтылана түседі. Сондықтан да баланы қоршаған ортасы, адамдар құрбылары, заттар балалардың ұғымына әсер етіп қоймай, олардың тіл байлығын жетілдіреді.

Тәжірибелік зерттеу барысында мекетепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізінің өлшемдері белгіленеді:

    • сөздің мәні, мазмұнын түсіну, ұғыну, айтып беру;
    • сөздерді, дыбыстарды, өз ойын дұрыс жеткізе білу;
    • байланыстырып сөйлеуге (монологты, диалогты) қабілеттілігі;
    • сөздің әсерін, сезімдік ерекшеліктерін меңгере білу.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі