Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 15:34, дипломная работа

Краткое описание

Оның ішінде талдау мен жинақтау, салыстыру, жүйелеу әдістері бар. Тақырыптың мақсатын ашуда мына әдістер қолданылды: бақылау, әңгімелесу, ойын әдістері, тіл дамыту деңгейін диагностикалау, нәтижелерді талдау, жинақтау, графикалық сызбалар қолдану, жинақталған деректерді математикалық талдау жасау.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................
1. Тілдің адам өміріндегі маңызы.
1.1. Тілдің даму тарихы туралы философиялық ойлар.........................
1.2. Мектепке дейінгі баланың танымдық әрекетін
қалыптасуындағы сөздің орны...............................................................
2. Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі.............................................................................
2.1. Тілдің, сөйлеудің анатомиялық физиологиялық
және психологиялық негіздері................................................................
2.2. Мектепке дейінгі балалар психикасын тіл дамыту
арқылы қалыптастыру..............................................................................
3. Зерттеу эксперимент жұмысы.......................................................
Қорытынды..............................................................................................
Әдебиеттер................................................................................................
Қосымша...................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаманкулова .doc

— 732.00 Кб (Скачать документ)

Тіл дамыту методикасының дәстүрінде жасанды сөйлеу ортасы тек шет тілін үйреткенде міндетті түрде жасалады. Алайда ана тілін оқыту тәжірбиесі өсіп келе жатқан адамның интеллектісі мен сезімталдық – еріктік сферасын дамыту үшін аса маңызды роль атқаратын ана тілін меңгеру үшін де жасанды сөйлеу ортасын ұйымдастыру қажет екендігін көрсетеді.

Сәби өз дамуының сөйлеуге дейінгі кезеңінде сөйлеу алдандағы дауыстық реакция деп аталатын айқаймен: «Тамақ ішкім келеді», «Су күйі жатқым келмейді» және т.б. түрлі тілектерін білдіреді. Айқайға тән түрлі ырғақтар баланың дүниеге келген алғашқы аптасында – ақ пайда болады, бала күн санап айқай айқындала түседі де, оның мәнін анасы ғана емес, баламен қарым – қатынас жасайтын адамдар да түсіне бастайды.

Демек, сәбидің айқайы белгілі бір ара қатынастық қызмет (қарым – қатынас қызметін) атқарады.

Бір жарым айлығынан бастап сәби тілдің дыбысын артикілдеуге талпынады. Әрине, алғашында бұл әлі сөйлеу алдындағы дыбыстық реакция ғана: гуілдеу, ызындау, былдырлау, түрленген былдырлау. Сөйлеуге дейінгі реакцияның айқын бір ізділігі бар.

Баланың бұл кезендегі сезімталдық қарым – қатынас жасау процесі ойын сипатында болады: адам мен бала кезектесіп бірін – бірі қайталайды, бір – біріне еліктейді – егер ересек адам жымиса, сәби де жымияды.

Тіл үйрену процесі – бұл сөйлеу органының: мидың, артикуляциялық және тыныс алу аппаратының жұмысы. Үйретушінің жеке басының күш – жігерінсіз және әлдекімнің үйретуінсіз тіл үйренуі мүмкін емес. Үйретушінің оқыту іс - әрекеті үйренуші баланың сөйлеу қимылын жандандыруға, оны өзін - өзі үйретуге мәжбүр етуге, яғни күш сала және интеллектуалды жұмыс істеуіне бағытталады.

Ана тіліне оқытудың әдістері мен тәсілдерін ойластыра отырып, тәрбиеші баланың тыңдайтындығына, жұмыс істеуде бас тартпайтындығына күні бұрын сенімді болады.

Тәрбиешінің бұл сенімділігі неге негізделеді? Бала үшін өмірінің алғашқы күндерінде, айларында, тіпті жылдарында тілдік қарым – қатынас оның өмір сүруінде субъективті түрде соншалықты өмірлік қажеттілік болып табылмайды: ата – анасы баланың қажетін болжап біледі және қанағаттандырады, сол арқылы оның өмірін және табиғи дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге біз дені сау баланың өмірінің алғашқы аптасында – ақ қоршаған өмірді білуге аса ынталы екендігін аңғарамыз. Ол барлығын көргісі, көзі көргенін қолымен ұстағысы келеді, өзімен сөйлескен адамның бетіне қараудан, оның қимылын, артикуляциясын қайталаудан жалықпайды. Тынығу сағаттарында ол ықыласпен жұмыс істеп қана қоймайды, тіпті жұмыссыз отыра алмайды; танымдық іс - әрекет – оның табиғи күйі.

Демек, танымдық инстинкт, туа біткен білуге құмарлық, «табысқа жету инстинкті» адамға тән нәрсе. Іс - әрекетке оны жоқшылық не кемшілік итермелейді, қайта жаңаны бастан кешуге – игеруге, табысқа жету талпынысы құлшындырады». Л.И. Божович сәби шақтан бастап адамда танымдық инстинктті қажетсіну шексіз, сондықтан ол психикалық даму процесінің – түйсік өткірлігінің дамуының, интеллекті қалыптасуының, эмоцияның ізгілігінің, ерік – жігер тиімділігінің ішкі мазмұның ынталандырады және анықтайды.

Тәрбиеші осы қажетсіну толық қанағаттандырылатын жағдайды балаға қамтамасыз етуі керек. Адамның өмірімен танысуы оның қоршаған ортаны көруінен басталады: міне, оның өзі – оның қолы, саусағы, аяғы, жақын адамдары – шешесі, әкесі, және заттары – сүт, ботқа, емізік, қасық, тостаған, кереует, үстел, орындық, бесік, бөлме, үй, көше, қала. Бала мұның бәрін сөзбен атаған кезде біледі (түсінеді). Бірақ сөз әр уақытта грамматикалық формада болады, яғни болмыстың белгілі бір құбылыстарының бейнелейтін белгісі ғана емес, сонымен бірге сол құбылыстардың арасындағы қарым – қатынастың және байланыстың бейнелейтін белігісі болып табылады. Демек, ана тілі балаға қоршаған өмірді сол өз күйінде өмірдегі заттар мен құбылыстардың байланыс пен қарым – қатынасын мезінуге көмектеседі.

Сөз араласпаса, бала өмірді түсінбейді. Таным психологиясы сондай – ақ, қоршаған өмір туралы білім адамның санасына ауызша түрде (сөзбен) жетеді. «Ол (шындықтың көрініс – С.Ф.) сөздік формаға ие болуына байланысты, - деп жазады А.Н. Леонтьев, - демек, оның мазмұны адам үшін объективті құбылыстарда – тіл құбылысынан көрінеді, адам өзіне әсер ететін заттар мен құбылыстардан ғана әсер алып қоймайды, сонымен бірге заттар мен құбылыстарды сөзбен атай отырып, өзінің алған әсерлеріне есеп беруге мүмкігдік алады. Ал бұл оның алған әсерлері (бейнелеуі көзге елестетуі, ойы) саналы болады деген сөз. Сонымен, көріністің кез –келген түрі секілді, саналы көрініс те. Айналадағы заттар мен құбылыстардың әсері негізінде мида пайда болғанмен, алайда мұның өзі, әсер ететін құбылыстар қалай болғанда да адамның сөзінде (сырттай немесе іштей, яғни оймен) айтылған жағдайда ғана мүмкін болады. Құбылыстың саналы көрінісі, жоғарыда айтқанымыздай, тіл, сөз арқылы жүзеге асырылады». Демек, баланың «табысқа жету инстинкті» алдымен қоршаған болмысты танудың құралы болып табылатын ретінде көрінеді.

Сонымен, балада ана тілін меңгеруге деген іштей психологиялық стимул бар. Тәрбиеші тек оның тілінің дамуын ақылмен бағыттап отыруы – оны қоршаған ортамен танысуға тәуелді етуге тиіс.    

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2004 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ұлт бәсекелстігі алдымен оның біліктілігі деңгейіне байланысты екендігі, сондықтан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, сөйтіп халықаралық деңгейге жету мақсаты қойылып отыр. 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша халықаралық тәжірибедегідей, орта білім берудің нәтижеге бағытталған моделіне көшу көзделуде. Ол 2008 – 2009 оқу жылынан бастап жүзеге асса, ал оған дайындық қазірден бастап жүруге тиіс екендігі сөзсіз. Дайындықтың мақсатты, жүйелі жүруін қамтамасыз ету үшін институт жанынан «Балалар әлемі» ғылыми - әдітемелік зертханасы ашылды. Зертхана 4 бағытта жұмыс жасайды: «12 жылдық білім беру, оқулық теориясы», «Қазіргі заманғы педагогикалық технология», «Шағын комплектілі мектеп», «Мекепалды даярлық». Әр бағыт іштей төрт мәселелер төңірегінде жұмыс жасайды. Дайындықтың негізгі мақсаттырының бірі мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектептің байланысын қамтамасыз етуге жағдай жасау болып табылады. Бұл екі кезеңнің жалғасы олардың байланысымен анықталады, яғни бала мектепке дейінгі соңғы кезеңнен бастауыштың алғашқы кезеңіне қалай өтетіндігімен анықталынады. Бұл өтпелі кезең бала үшін оңай емес. «Осы байланыс қалай жүзеге асуда немесе жүзеге аспақ?» - деген сауалдың жауабын іздеудегі проблемалар қандай? Алдымен бұл байланыстың негізі – баланы мектепке психологиялық дайындау болып табылады деп есептеуге болатынын айта кетуіміз керек. (Л.А. Вегер, В.С. Мухина, Л.И. Божович, Н.Г. Салмина, т.б.) Психологтар: «Баланы мектепке психологиялық дайындау мектепке дейінгі және кіші мектеп жасының байланысының феномені» - дейді.

«Баланы мектепке психологиялық дайындау» ұғымының нақты анықтамасы әзір жоқ және мектептегі жүйелі оқытуға дайындықтың сенімді, кең ақпаратты өлшемдері де әлі құрылмаған.

Шетелдік психологтар «мектептік кәмілеттікті» баланың мектептегі оқуға қатысуға қабілеттілігі дамыған кезең немесе «мектеп бағдарламасын меңгеруе қажетті білім, дағды, қабілет, мотивация және басқа деңгейлерді игеру» - деп атайды. Бірінші анықтама жалпы айтылса, екінішсінде психологиялық пен педагогикалық дайындық араласып кеткен. Оқу, жазу, есептеу сияқты білім, дағдының формальды деңгейі мектепке психологиялық дайындаудың белгісі бола алмайды. Оны игергенмен бала мектеп бағдарламасын меңгеруге қажетті ақыл – ой қызметінің механизмдерін білмеуі мүмкін.

Ал, ресейлік психологтар баланы мектепке психологиялық дайындауды ұжымда мектеп бағдарламасын меңгеруге қажетті психикалық даму деңгейінің болуы деп түсінеді. Яғни оқу бағдарламасы баланың «таяудағы даму зонасына сәйкес» (Л.С. выготский) келуі керек. Кейінгі кезде психологтар Л.А. Венгер мен С.В. Мухинаның көзқарасын қолдауда, «мектепке дейінгі жастағы балада «мектептік» қасиеттер таза күйінде, яғни оқушыға лайықты психологиялық белгілер болуы мүмкін емес, өйткені олар оқу әрекеті барысында ғана қалыптасады» - дейді. Осыдан келіп Л.А.Венгер мектептегі оқуға психологиялық дайындық балада «мектептік» қасиеттердің қалыптасуында деп есептейді. Психологияда осылайша бір ұғымның болмауынан баланы мектепке психологиялық дайындау туралы әртүрлі авторлар (Л.И. Божович, И.В. Дубровина, Н.Г. Салмина, И.Шванцара т.б.) оның түрлі құрылымдарын ұсынады.

Түрлі көзқарастарды қорыта келе, мектептегі оқуға психологиялық дайындықтың компоненттеріне психомоторлық  (функционалдық), интеллектуалдық, эмоционалды – еріктік  тұлғалық (соның ішінде мотивациялық), әлеуметтік – психологиялық (коммуникативтік) дайындықты жатқызуға болады деген пікірлер бар екендігін айтуға болады. Осы дайындықтар мектепке дейінгі ересектер тобында белгі – бір деңгейде қалыптасып келеді де, мектептегі жүйелі әрекетіне араласқанда өзінің дамуын жалғастырады. Осы жағдай баланың бірінші сынып оқушысы болып қалыптасуына негіз болады. Сондықтан «психологиялық дайындық және кіші мектеп жасының бірізді байланысынң феномені» - деп көрсетіледі. Сонымен осы тұстағы проблемаларға нелерді жатқызамыз? Теорияны практикаға алып келуде қандай қыйндықтар бар? Психологтар, практик психологтар мыналарды атайды:

Біріншіден екі жас кезінде (мектепке дейінгі, кіші мектеп) психологиялық бірлікте қарастыруға ықпал ететін интегративтік сипаттаманың әлі де аз жасалуы (2 жас бір кезеңге – балалық шаққа жатады, сондықтан бірінен біріне өткендігі кризис, Д.Б. Элькониннің терминологиясымен айтқанда аз. Сол өтпелі кезең секірмелі болмай, баланың дамуына ыңғайлы, оңтайлы жолмен өту керек. Осы жағдайда тәжірибеде дұрыс өтіп жатыр ма, міне, зерттелген мәселе - осы). 2 жас кезеңнің байланысы бала дамуынада үздіксіз болатын екі жақты процесс екендігі ескерілуі керек.

Екінші мәселе деп психологтар баланың мектепке психологиялық дайындығының бірыңғай тұжырымдамасының болмауын атайды.

Үшінші мектепке дайындықтың психодиагностикасын жүргізудегі мәселелер. Психодиагностика күрделі, көпкомпонентті құрылым, сондықтан әдістемені ғана қолдану мүмкін емес, оның үстіне психологтың (егер білікті маман болса) өз көзқарасы да болады. Сондықтан психолог алдында үлкен таңдау тұрады. Ол оның (психологтың) жоғары оқу орындарындағы әзірлігіне, біліміне, дағдысына байланысты.

Төртіншіден баланы мектепке психологиялық дайындау жұмысына психолог қана емес, ата – ана да, тәрбиеші де қатысады (қазір көбіне осы жұмысты соңғылары атқаруда деуге болады). Ал оларды психолог (мектеп психологы) дайындау керек.

Психологиялық зерттеудің міндеті – санаың тікелей мәліметтерін оны құраушы элементерін жіктеуден тұрады. Ассоцияциялық психологияда – жоғары процестер белгілі жекеленген элементтердің қосындысынан тұрады деген отандық көзқарастар жатыр.

Генетиканы (психологияның) зерттеудің міндеті дамудың өзінің пайда болуын мінез – құлық  процесінде оған қандай рөлді телу керектігін, басқа қандай факторлар оның көрінуі мен әрекетке себеп болатының генетикалық тұрғыдан көрсету.

Еліктеу – биологияның мәдени дамуының негізгі жолдарының бірі; мінез – құлықтың бұрын өндірілген формасын бірінен екіншісіне мехеникалық ауыстыру, бұл – дағдының қалыптасу процесі. Еліктеу – генетикалық салада зерттеудің аса пайдалы әдістемелік тәсілі.

Баланың сөйлеу функцияларындағы дамудың үш негізгі формасының алмасып отыруын байқауға болады:

  • Сөздің мағынасы затқа қатынасы болуы тиіс; сөз бен оның мағынасының арасында объективті байланыс болу керек. Себебі: сөздің әрі қарай дамуы мүмкін емес;
  • Сөз бен зат арасындағы объективті байланысты ересек функционалды түрде баламен қарым – қатынас жасау құрамы ретінде пайдалануы тиіс.
  • Сөз баланың өзі үшін түсінікті болмақ. Сөздің мағынасы алғашында объективті түрде басқалар үшін тіршілік етіп, кейіннен ғана баланың өзі үшін қызмет ете бастады.

Сөздік қарым – қатынастың барлық негізгі формалары психологиялық функцияға айналады. Мәдени дамудың жалпы генетикалық заңын былайша тұжырымдай аламыз: баланың мәдени дамуындағы кез – келген функция екі рет:

    • алғашында әлеуметтік; кейіннен психологиялық тұрғыда –
  • алдымен – адамдар арсындағы интерпсихикалық категория ретінде, кейін – баланың ішкі дүниесінде интерпсихикалық категория ретінде көрінеді.

Бұл ырықты зейінге де, логикалық еске де, ұғымдардың қалыптасуына да, еріктің дамуына да бірдей қатысы. Сыртқының ішкіге айналуы процестің өзін де трансформациялайды, оның құрылымы мен функцияларын да өзгертеді. Олар - әлеуметтік ретіндегі интериоризацияланған қатынастар жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымының негізі. Олардың құрамы, генетикалық құрылымы, әрекет ету тәсілі – барлығы – табиғаты әлеуметтік, тіпті психологиялық процестерге айналуының өзі де квазиәлеуметтік болып қала береді.

Ауызша сөйлеудің дамуы биологияның мәдени тәжірбиесі жинақталуының негізінде жатқан, мәдение мінез – құлқының маңызды функциясының біреуінің қалыптасу тарихын көрсету болып табылады. Бала сөйлеуінің бірте – бірте дамуын монография түрінде жазуды алғаш мақсат еткен Ш.Бюлер 40 – тан астам баланы жүйелі түрде бақылаған және сөйлеу дамуының барлық кезеңдерін бірізділікте көрсеткен. Балада дауыс реакциясының пайда болуына байланысты сөйлеу көмегімен жүретін әлеуметтік байланыс реакциялары жасала бастайтының көрсетті. Дауыс реакциясы сыртқы әсерлермен байланысты болғандықтан, құрамына кіретін ретсіз бүтіннен бірте – бірте дербес дауыс реакциясы бөліне бастайды. Құрамына дауыс реакциясы да кіретін көптеген ретсіз қозғалыстардан келе – келе жіктелген дауыс реакциясы бөлінеді. Дауыс реакциясы баланың қоршаған ортамен тепе – теңдігінің немесе оның бұзылғаның айқындайтын жалпы эмоциялы реакциясының белгісі. Дауыс реакцияның функциялары:

    • эмоционалдығы
    • әлеуметтік байланыс функциясы

Баланың алғашқы өмірінің жылында сөйлеуі толығымен негізінен инстинкті және эмоциялы шартсыз рефлекстер жүйесіне негізделген, олардың шартты дауыс реакциясы қалыптасады. Бала сөйлеуінің алғашқы фазасы бала ойынның дамуымен ешқандай байланыспайды, Эдингер үлкен мисыз туған баланың да дауыс реакциясын бақылай алған. 9 – 12 айлық баланың әлі сөйлей алмайтын кезеңін шимпанзе тәріздес жас деп атайды.

Ойлау мен сөйлеу дамуындағы ерекшеліктерді түсіндіретін алғашқы теорияны В. Штерн ұсынды. Ол балаларда белгілі жас шамаларында (шамамен 1,5 – 2 жас) ойлауы мен сөйлеунің кезедесуі болады деп тұжырымдады. Шнтерн негізгі 3 объективті белгінің негізінде түсіндіреді.:

Бірінші белгі: ойлау мен сөйлеу желілерінің түйісуіне байланысты өзгеріс болған балада сөз қорының секірмелі түрде ұлғаюы басталады. (10 – 20 сөзбен шектелсе, 2 – 3 ай ішінде ол 8 есе өседі)

Екінші белгі: балада алғашқы сұрақ беру кезеңі пайда бола бастайды

Үшінші белгі: баланың сөз қорын белсенді түрде кеңейтуге көшуі.

Біз Штерннің баланың сөйлеуі мен ойлауы түйсіккен кезде сөздердің мағынасы ашылады деген топшылауымен жоққа шығарамыз.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі