Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 15:34, дипломная работа

Краткое описание

Оның ішінде талдау мен жинақтау, салыстыру, жүйелеу әдістері бар. Тақырыптың мақсатын ашуда мына әдістер қолданылды: бақылау, әңгімелесу, ойын әдістері, тіл дамыту деңгейін диагностикалау, нәтижелерді талдау, жинақтау, графикалық сызбалар қолдану, жинақталған деректерді математикалық талдау жасау.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................
1. Тілдің адам өміріндегі маңызы.
1.1. Тілдің даму тарихы туралы философиялық ойлар.........................
1.2. Мектепке дейінгі баланың танымдық әрекетін
қалыптасуындағы сөздің орны...............................................................
2. Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі.............................................................................
2.1. Тілдің, сөйлеудің анатомиялық физиологиялық
және психологиялық негіздері................................................................
2.2. Мектепке дейінгі балалар психикасын тіл дамыту
арқылы қалыптастыру..............................................................................
3. Зерттеу эксперимент жұмысы.......................................................
Қорытынды..............................................................................................
Әдебиеттер................................................................................................
Қосымша...................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаманкулова .doc

— 732.00 Кб (Скачать документ)

Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік – саяси өзгерістер, ғылыми – техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі жас ұрпаққа, әсіресе мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу, дамыту, жетілдіруді талап етеді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу мен қатынас ортасы өзгеру жағдайына еркін араласатындай етіп дайындау – аса маңызды міндет.

Қазіргі мектептің бірініші сыныбына келген балалар ерік – жігерлері күшті, еңбек сүйгіш қасиеттері мол, жұмыс қабілеттері жоғары, арнайы білімдік және икемділік сипаттары көзге түсерліктей болуы қажет.

Халыққа білім беру жүйесін қайта құру мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұның жаңартуды, балаларды мектепте оқуға дайындауды, денсаулық, адамгершілік, эстетикалық тәрбие сапасын арттыруды көздейді. Әрине, бұл талаптар тәрбиелеу жұмысындағы сабақтастық, бірізділік принципін сақтау арқылы жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі кезеңде баланың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, өмірге қажетті білім – дағдыларды меңгерту, ой еңбегіне баулып, үйрету өзекті мақсат етіп алынған. Ақыл – ойды жетілдірудің негізгі болып табылатын баланың тілін, сөз қорын молайту, еркін, дұрыс сөйлей білуге үйрету де негізгі мақсат болуы керек.

Тіл – адамдардың бір – бірімен пікір алысып, қарым – қатынас жасайтын құралы болғандықтан, тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі де ерекше. Сондай – ақ тіл ұлт мәдениетінің басты көрсеткіштерінің бірі екені белгілі. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана – сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез – құлқының белгілері көрініс табады.

Ал тілді, тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін процесс. Баланың тілін дамыту жұмысы жанұядан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуге тиіс. Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі де, бірегейі де – ұрпақ тәрбиесі болып отыр.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын бұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру – бүгінгі үннін

басты ісі. ХІ – ғасырдағы түркі ғалымы М.Қашғаридің «Тәрбие басы -  тіл» деп айтуынан – ақ біз тілдің қай кезде де тәрбие құралы саналғанын байқаймыз. Тіл – ұрпақ тәрбиесмінің пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес құдіреті, қуатты қайнар көзі. Ана тілі – халықтың өткен ұрпағы, қазіргі және келешек ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге асыратын бірден – бір сенімді құрал.

Мектепке дейінгі балалардың тілді үйренуі – тілге деген ерекше белсенділіктермен анықталады. Бұл белсенділіктер жоғарғы жүйке – жүйесінің  қызметімен тығыз байланысты – сөз рефлекстері негізінде қалыптасады. Сөз, тіл – бас ми сыңарларының жоғарғы функциясы. Сөз, тіл ойлаумен тығыз байланысты. Тілсіз ойлау мүмкін емес, тіл мен ойлау ажырамас бірлікте. Тіл 

ойдың материяландырылған түрі. Тілсіз ой (сана), ойсыз тіл де жоқ. Тіл ойдың, мазмұны, тікелей шындығы. Сөздің мәні ойдан көрінеді. Ой тіл арқылы жеткізіледі, айтылады, сөз арқылы безендіріледі. Әрбір ой міндетті түрде белгілі сөздік материалда пайда болады. Сөз – материалдық болмыстың баламасы. Ой пайда болса, ол белгілі, нақты сөздік формада білінеді, көрінеді. Тіл мен ойлау – адам миының  үлкен жарты шарларының қабығында үздіксіз өтіп жататын анализдеу және синтездеу әрекеті. Сөйлеу мен тілдің дамуы танымдық іс - әрекет негізі.

Сөздің мәніне, сөздердің көрсететін шындығына бағдар ұстаумен қатар мектепке дейінгі , әсіресе 6 жасар балалар сөз мәнінің қандай екендігіне қарамастан сөздің дыбыстық түріне үлкен ынта қоятындығы байқалады. Тілдің дыбыстық жағы балалар әрекетінің мазмұнына айналады. Сөзді жетерліктей терең ұғына білу тек арнаулы оқыту жағдайларында қалыптасады. Балалардың тілін дамыту өсіп келе жатқан ұрпақтың парасаттылық пен сезімталдық, еріктік қасиеттерін қалыптастыруда аса маңызды орын алады.

Тіл – ұлттық рух. Тіл - ұлттық сана, ұлттық психологиямен тамырлас.  Дүние есігін ашқаннан кейін- ақ бір ұлттың өкілі болып, тіл шығып, сөйлей бастағаннан ана тілің деген ұғым қаныңмен сіңіп, бойыңа тарайды.

Тіл – біз  мәдениет деп атайтын дүниенің мәңгілік ажыралас бөлшегі. Тіл уақыттан да биік тұр. Тілдің шығуы туралы сөз еткенде, екі түрлі мәселені, жалпы адамзат баласының тілінің шығуы мен жеке нақтылы, нақтылы тілдердің шығуын шатастырмаған жөн.

Адамзат тілінің шығуы сонау көне замағы, яғни алғашқы адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе, жеке тілдердің шығуы  содан кейінгі дәуірлерде болған нәрсе. Тілдердің шығуы туралы мәселе әртүрлі ойшылдардың назарын өзіне аударып келген. Бұл мәселе туралы түрлі – түрлі пікірлер мен жорамалдар айтылып, сан қилы пайымдар жасалды. Сол жорамалдардың бірі – ежелгі грек философиясынан басталатын, әсіресе ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда кең өріс алған дыбысқа еліктеу теориясы. Бұл теорияны қолдаушылар тілді «табиғат сыйы» - деп қарап, алғашқы жануарлардың дауыстарын, құстың сайрауын естіп, соларға еліктеуден әртүрлі дыбыстарды шығарған. Содан алғашқы сөздер жасалып, соларға еліктеуден әртүрлі дыбыстарды шығарған. Содан алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың атауына айналған дейді.

Тіл байлығы – ең алдымен тіл арқылы бейнеленетін халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысы. Тіл байлығын жете меңгеру дегеніміз – халық өмірін жетік білу дегенмен пара – пар. Осыған орай жазушы Марал Сқақбаевтың «Тіл байлығы таным білімге қаншалық тәуелді болса, жазушы көзінің жітілігі де, парасат – пайымы да тіл байлығына соншалық тәуелді» - деуі - өте орынды айтылған пікір. Жалпы адамзат тілінің пайда болуы туралы ой – пікірлерді, тұжырымдарды келтіргеннен кейін өзіміздің ана тіліміз – қазақ тілінің тарихы мен зерттелу жайына да тоқтала кеткенді жөн көрдік.

Қазақ тілі – ауыз әдебиетіне аса бай, бөтен тілдерден енген қоспалары онша көп емес, таза образды тіл.

Тіл табиғатпен тығыз байланыста жаратылған ерекше құбылыс. Көптеген зерттеулерде тілге қатысты айтылған түсініктеме мен анықтамалар оның жан – жақты ерекшеліктерін, жалпы сипатын және күрделі құбылысқа тән басты белгілерін жақсы атап өтеді.

Тілдің тіршілігі, дамуы оның қатынас құралы болу қызметіне байланысты. Тілдің бұл қызметі коммуникативтік  функция деп аталады. Тілді, адам өзін қоршаған қауымнан, өмірден үйренеді.

В.А. Артемов тіл ойлаумен болмыстағы заттар мен құбылыстар арқылы байланыста болады, өйткені адам осы құбылыстарды кездестіргендіктен, оларды бір сөздермен атауға тиіс деп есептейді. Оның пікірінше, әр ұлт, әр халық заттарды, табиғат құбылыстарын т.б. әр түрлі сөзбен айтады, сондықтан тіл де әр түрлі болады. Е.Н. Пассовтың пікірінше, ойлау екі қызмет атқарады: танымдық және коммуникативтік қызметін атқарады. Осы ретте де ойлау тілмен де, сөйлеумен де тығыз байланысты.

Дыбыстық тіл де, абстракты ойлау да адамға тән құбылыстар, яғни тіл де, ойлау да адам миының туындысы, соның жемісі. Адамның ойы арқылы тілдік бірліктер (сөздер, сөз тіркесі, сөйлемдер), болмыспен (объективті дүние) байланысқа түсетіндіктен, адамдар бір – бірімен сөйлесе алады, яғни тіл – ойлаудың құралы. Бұл жайында К.Маркс «Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы» - десе, Ә . Алдамұратов «тіл – адам ойының заттық қабыршағы» - деп көрсетеді.

Адам ойын жазып, не айтып білідіреді. Кім айқын ойласа, ол айқын түсінікті сөйлей алады немесе керісінше болады. Осы тұста В.Г. Белинскийдің «Сөз – ой сәулесі. Ойың түсініксіз болса – сөзің де түсініксіз» - деген пікірі мен Л. Толстойдың  «Тіл – ойлау құралы. Оған қалай болса, солай қарау – қалай болса, солай ойлау деген сөз» - деген ой – қорытындыларынан айтылған пікірді қолданғандарын көреміз. Өйткені, тілдің көмегінсіз, сөйлеусіз ойлау болмайды. Неміс ғылымы В. Гумбольт алғашқы пікірді жақтаса қолдаса, американ ғалымдары Л. Блумфилд пен З. Хорис екінші пікірді жақтаған. Ал негізінде, тіл мен ойлау әрдайым бірлікте болады. Әуелі еңбек, одан соң тіл – екеуі екі жақтан адам баласы миының дамуына зор ықпал етті. Ал мидың дамуы ойлаудың дамуына әсер етсе, ол өз тарапынан еңбек пен тілге, олардың дамуына тағы да әсерін тигізеді. Еңбек процесінде адам баласы қоғамның тууы, еңбек, тіл, сананың әрі дами беруіне мүмкіндіктер мен жағдайлар жасады. Тіл

адамның санасы мен ақыл – ойын дамытушы фактор екенін К. Маркс бір сөзбен ғана түйіндеп, «Тіл – сананың жиынтығы» дейді.

Тілдің тіл болуы үшін ең қажетті фактор ойлау, пайымдау екені белгілі. Адамның ми қабатына жинақталған ой тіл арқылы сыртқа шығады, сөйлеу арқылы бейнеленеді, көрініс табады. Адамның оны тілдік элементтері арқылы неше мәрте айтылса да, белгілі бір сөйлеу жүйесіне бағынбаса, түсініксіз болады. Сөйтіп, ой тілге әсер етсе, тіл сөзге әсер етеді, сөзден сөйлеу пайда болады. Бұдан тілдің ойлау мен сөйлеуге тығыз байланысты болатынын көреміз. Қазақ совет энциклопедиясында сөйлеуге мынадай (анықтама) түсініктеме беріледі: «Сөйлеу – адамның пайдалану арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу – анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірбиесіне сүйенеді».

Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөз тіркестерін, сөйлем құрау ережелері – көпшілікке ортақ, объективтік категориялар. Осы сипаты арқылы тіл жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Сөйлеудің әр коммуниктивтік жағдайға сай ыңғайланған стилі болады. Мұнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне ғана тән (индивидуалдық) сөз жұмсауы, сөз тіркес, сөйлем құрау ерекшеліктері болады.

Тіл мен сөйлеу жайындағы ғылымдардың пікіріне келсек, ерекше концепция Ф. Де Соссюрдің тұжырымы. Ф. Де Соссюрдің пікірінше, тіл – дыбыстық материяның жиынтығы, форма, қарым – қатынас құралы; ол сөйлеу – дыбысталуыдың жиынтығы. Ғалым «язык – это система знаков и правил их комбинирования; речь же это использование нашей языковой системы в целях общения». Ф. Соссюр тіл мен сөйлеуді ажырата келіп, олардың әрқайсысына тән айырмашылықтарды нақтылап көрсетеді.

    1. Тіл - әлеуметтік, ал сөйлеу – жеке құбылыс («язык – социален, а речь - индивидуален»).
    2. Тіл – тұрақты және ұзақ өмір сүретін процесс, ал сөйлеу – тұрақсыз және жиі өзгеріп отырады.
    3. Тіл адамның миымен, санасымен бірге өзі қалыптасатын процесс, ал сөйлеу, әркімнің өзі дамытып отыратын процесс.
    4. Тіл адамның қарым – қатынасында негізгі және бәріне ортақ, ал сөйлеуде автордың өз қолтанбасы болады.
    5. Тіл психикалық құбылыс, ал сөйлеу – психофизиологиялық құбылыс.

Осылайша, тіл мен сөйлеудің ара жігін ажырата келіп, олардың өзара тығыз байланысты екенін де атап өтеді: «язык и речь тесно связаны между собой и предполагают друг – друга: язык необходим для того, чтобы сложился язык».

Қазақ лингвистикасында тіл мен сөйлеуге қатысты мәселелерді анықтап, олардың айырмашылықтарын көрсетуге тырысқан тілші – Т.Р. Қордабаев. Ол: «Сөйлеу дегеніміз – тілді қатынас жасау процесінде өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деген сөз, дей келіп, - «сөйлеу тілдік материалдар арқылы болады және тілдік заң – ережелерге, тілдік нормаға бағынады. Тіл мен сөйлеу бір – бірінен ажырамас бірлікте» - деп көрсетеді.

Тіл – табиғаттың адамзатқа берген сыйы, ол – қоғамда өмір  сүретін адамдардың өзіне тікелей бағынбайтын күрделі процесс. Тіл – ойды  білдірудің, пікір алысудың, қатынас жасаудың кең көлемде қолданылатын жалпылама құралы. Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тіл мен сөйлеу бір ортақ жүйенің екі бүтін элементі болса, коммуникация, қарым – қатынас олардың шарты.

Тілдің ойлауымен, сөйлеумен байланысты болатынын, оның ерекшелік қасиеттерін көрсететін белгілерін жинақтайтын болсақ, тіл – адамзат қоғамында қатынас жасаудың, пікір алысып, сөйлесудің құралы ретінде пайда болды. Ал тарихтан мұндай коллективтердің алғашында ру, тайпа түрінде, кейінде халық, ұлт болып өмір сүргені белгілі. Соған орай, адамдар коллетивіне – ру, тайпа, халық не болсын – осылардың бәріне де тіл қатынас құралы ретінде қызмет атқаруы оның табиғатын айқындайтын басты қасиеті. Ал тіл мен қоғамның өзара тығыз байланысы екі жақты байланыс. Себебі, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайтын болса, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүре алады.

Тіл коммуникативтік қызмет атқарумен қатар, ойлаудың адам ойын қалыптастырып, жеткізуші құралы ретінде де басты қыземет атқарады. Бұл екі қызметіне қоса тағы бір қызметі – экспрессивті қызметі. Тілдің экспрессивті – эмоционалдық қызметі деп адамның затқа, ұғымға деген өзіндік (субъективтік) қатынасын, сезімі мен эмоциясын білдіруін айтады.

Тілдің ең басты ерекшелігі – жалпы халықтық сипатта болуы, яғни тіл белгілі бір топтың, жеке адамдардың мұқтажын өтеу үшін емес, қоғамдағы барлық топтар үшін қызмет атқарады.

Тіл – халықтың шежіресі, тарихы, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, онан сол тілді жасаушы халықтың арман үміті қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. К.Д. Ушинский тілдің осы бір қасиеттері жайында былай деп жазды: «Тілде бүкіл халықтың, оның бүкіл елінің рухы көрінеді, онда халықтық рух шығармашыл қуаты мен ойға, суретке айналды, отан аспанының дауысы, оның ауасы, физикалық құбылыстар, оның климаты, даласы, таулары мен жазықтары, оның ормандары мен өзендері, дауылдары мен найзағайлары көрінеді. Халық тілінің айқын да тұнық тереңінде туған елдің жалғыз табиғаты ғана емес, сонымен бірге халықтың рухани өмірінің бүкіл табиғаты сәулеленіп көрінді!».

Тілдің осындай, халықтың ұлан – ғайыр дәулетін, рухани қазынасын бойына мол сіңіріп, атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа мәңгілік мұра етіп жалғасытырып отыратын қасиетіне байланысты айтылған академик – жазушы Ғ .Мүсіреповтың сөзін келтіруге болады: «Қай халықтың болса да қоғамдық өсу - өркендеу жолында көтеріле алған  биігі мәңгілік болып ана тілінде сақталып отырады. Қай халықтың болса ақыл – ой тереңдігі, сана – сезімі, сергектігі көп салалармен тармақтана молыға келіп, тағы да сол ана тілінің алтын қорына қосыла береді, ажарлана береді – Қай халықтың болса да, басынан өткен дәуірлері, қилы – қилы кезеңдері ана тілінде із қалдырмай өте алмайды. Ана тілі ғасырлар бойында жасай да береді, жасара да береді. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі».

Осы жылдармен таныс болғаннан кейін, тіл дегеніміз – аса бір нәзік те ауадай қажет нәрсе, ол – ұлттың ең қасиетті сипаты, басты белгісі, асыл дүниесі, рухани қазынасының жиынтығы, оны сақтайтын қоймасы деуімізге болады.

Тіл, сөз – қай халықтың да қымбаттысы, тіпті жаны да, оны барша жұрт қадірлейді. Олай жоғары көтеруі түсінікті де. Өйткені, «өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен» - дегендей, адамзат тіршілігінің бар тынысы – сөзбен құрайтын бөлшек. Тілде адам өмір сүріп, еңбек етіп, шаттанып – қуанып, қайғы – қасірет те шегін жүрген бар дүние - әлем сәулеленіп те, сипатталып та тұрады.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі