Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 15:34, дипломная работа
Оның ішінде талдау мен жинақтау, салыстыру, жүйелеу әдістері бар. Тақырыптың мақсатын ашуда мына әдістер қолданылды: бақылау, әңгімелесу, ойын әдістері, тіл дамыту деңгейін диагностикалау, нәтижелерді талдау, жинақтау, графикалық сызбалар қолдану, жинақталған деректерді математикалық талдау жасау.
Кіріспе.........................................................................................
1. Тілдің адам өміріндегі маңызы.
1.1. Тілдің даму тарихы туралы философиялық ойлар.........................
1.2. Мектепке дейінгі баланың танымдық әрекетін
қалыптасуындағы сөздің орны...............................................................
2. Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі.............................................................................
2.1. Тілдің, сөйлеудің анатомиялық физиологиялық
және психологиялық негіздері................................................................
2.2. Мектепке дейінгі балалар психикасын тіл дамыту
арқылы қалыптастыру..............................................................................
3. Зерттеу эксперимент жұмысы.......................................................
Қорытынды..............................................................................................
Әдебиеттер................................................................................................
Қосымша...................................................................................................
Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикалық дамуының негізі болады.
Нәрестенің дыбыстарға сезгіштігі өте тез дамиды. Бірақ сөздер мен буындары айыру дыбыстық сезгіштігінің өткірлігін ғана емес, арнайы тілдік, не фонематикалық естуді дамытуды да талап етеді. Белгілі бір дыбыстық комплекс сөз ретінде қабылдануы үшін, ол бала үшін сигналдық мағынаға ие болу керек. Көптеген физилогтар мен психологтардың (М.М. Кольцова, А.Р. Лурия, В.К. Фадеева, т.б.) айтуынша, нәрестенің сөзді арнайы сигнал ретінде қабылдауы – едәуір ұзақ процесс.
М.М. Кольцова белгілі бір сөз және ол білдіретін зат арасында неғұрлым көбірек байланыстар болатын болса, сол сөз соғұрлым тез сигналға айналатынын көрсетті. 10 ай мен 1 жыл аралығындағы балаларда сөздің тактилькинестезиялық тітіркендіргіштермен байланысы баяуырақ, ал көру тітіркендіргішімен байланысы одан да баяуырақ орнайды. Бір жастағы нәресте үшін сөз бірінші сигналдар жүйесінің сигналы болып табылады. Мысалы, ол «кесе» деген сөзбен оған таныс көк кесені ғана белгілейді. Бұл сөзді бала басқа кеселерге -ақ, сары, қызыл кеселерге қатыстырмайды. Яғни 1 жастағы балаларға заттарды жалпылау қиынға соғады. Мәселен, балалар (11 ай – 1 жыл) «қуыршақты әкел» және «допты орнына қой» деген тапсырмаларды дұрыс
орындайды. Ал балаға «допты әкел» және «қуыршақтарды орнына қой» дегенде, ол оған таныс сияқты сигналдарға жауап қайтара алмайды. 9 айлық бала «әкең қайда?» деген сұрақты түсінгенмен, «әкеңе бар» деген нұсқанды түсінбейді. Өмірдің бірініші жылының аяғына қарай баланың мұндай, тар мағынада түсінілетін сөздері мен сөйлемдердің саны әдетте 12 – 18 – ден аспайды.
Тіл дамуының процесіндегі шұғыл өзгерістер бала өмірінің екінші және үшінші жылдарында болады. Бұл осы кезеңде баланың тұрмыс қалпының едәуір өзгертетіндігінен болады: Осы кезеңде бала жүре бастайды.
Мектепке дейінгі кезеңде тіл түсінуді дамытудағы елеулі жетістік тыңдауды игеру болып табылады. Тыңдау сәбилерде үлкендермен қатынас жасау құралы, мектепке дейінгі балаларда өткен шақ, осы шақ, осы шақ және келер шақтағы қорашаған айдаланы танудың күшті құралы болып табылады. Тыңдау процесінде баланың түрлі психикалық процестері мен қасиеттері: шоғырлану қабілеті, сөйлеуді қабылдау, есте сақтау қабілеті, т.б. дамып жетіледі.
Үлкендермен тілдік қатынас баланың (1 жыл 6 айдан кейін) сөздігін тез көбейтеді. Түсініктеліп және айтылатын сөздер көлемінің ұлғаюы баланың заттардың қолдануы мен үлкендермен қатынас жасауына тікелей байланысты. Үлкендердің сұрақтарына жауап беріп, бала (1 жыл 8 ай – 2 жыл 2 ай) өзі де сұрақ қоя бастайды. Оның бірінші сұрақтары – «бұл не?», «бұл қалай аталады?». Әрбір сұрағына жауап алып, соның арқасында әрбір заттың аты бар екенін біледі.
1 жыл 8 ай – 2 жылдан кейін баланың сөздік қоры тез молаяды: 1,5 жылға қарай белсене пайдаланатын сөздер қоры 18 – 25 сөз болса, өмірдің үшінші жылының аяғына қарай ол 1000 – 1200 сөзді құрайды. Сөздіктің негізгі бөлігін (60%) – зат есімдер, 25 27 % - тей етістіктер және 10 12 % - ін ғана сын есімдер құрайды.
Сөйлеудің дамуы ең алдымен баланың сөйлеуді түсінудің жетілуінен көрінеді. Балалар күрделі нұсқаулықтарды тыңдап, олардан талап етілген іс - әрекеттерді дәл орындайды. Мектепке дейінгі жастағы балалар өмірінде ертегілер, әңгімелер, өлеңдер маңызды орын ала бастайды. 5 жасар бала ертегі немесе қысқа әңгіменің күрделі емес мазмұнын түсінеді. Басқалардың сөзін, әңгіме – ертегілерін тыңдап, 4 – 6жастағы бала олардың мазмұнына ғана емес, формасына да қызығады. Осы кезеңде бала көп етістік, есімдік, шылаулары пайдаланады.
Мектепке дейінгі шақта баланың сөзі әлі де ситуативті сипатта болады. Ол әдетте экпрессивті, үзінділі және грамматикалық болып келеді. Бар нәрсені көргені туралы айта отырып, 3 – 4 жасар бала қысқа, аяқталмаған сөйлемдерді қолданады, әңгімесінің көп бөлігін ым – ишарамен бейнелеу әрекеттерімен алмастырады. Заттардың не адамдардың аттарын есімдіктермен алмастыруы мүмкін. Бала оны тыңдаушы адам бяндалып отырған оқиғаның куәгері болды деген сеніммен сөйлейді. Ал 5 жастағы балалар әңгімелесуші оларды дұрыс
түсінсін деп, әңгімесінің кейбір жерлерін анықтап түсіндіреді. Солай ситуативті сөйлеу, біртіндеп жүйелі сөзге алмасады.
3 – тен 5 – ке дейін жастағы
балалардың әңгіме сөзін
Мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры тек зат есімдердің және шылау сөздердің есебінен де тез өседі. Егер бала грамматика заңдары бойынша сөйлеудегі сөздері тіркестерге білуді қатар меңгермесе, сөздік құрамның өз бетінше өсуінің онша үлкен мәні болмаған болар еді. Мектепке дейінгі балалық шақта ана тілінің морфологиялық жүйесі игеріледі, бала іс – жүзінде жалпы сипатта септеу мен жіктеудің типтерін үйренеді. Сонымен бірге балалар құрмалас сөйлемдерді, жалғаулық шылауларды, сондай – ақ оның үстіне кең тараған жинақтардың (жынысты білдіретін жұрнақтар, кеңшілікті білідіретін жұрнақтар т.б.) басым көпшілігін үйреніп алады.
Мектепке дейінгі жаста балалар сөздерді айтарлықтай жеңіл құрады, әр түрлі жұрнақтар жалғау арқылы олардың мәнің өзгертеді.
Келтірілген мысалдан баланың тілдік мінез – құлқын, әр сөзден нақты затты көретіндігін байқауға болады. Мысалы, ересек түр – үлкен жануар (бұлан), ал оның төлі кіші, сондықтан да ол «бәрі бір шыбын», яғни ол да сондай кішкене, яғни кішірейту жұрнағын қолданудың қажеті жоқ, шыбын былай да кішкене. Грамматиканың, оның ішінде құрмалас сөйлемдерді меңгеру баланың тіл мәдениетіне, бұған тәрбиешілер мен ата – ананың бөлген көңіліне тікелей байланысты. Балалар серуендегенде, экскурсияға барғанда, паркте, өзен жағасында, көшеде көргені туралы неғұрлым көбірек баяндаса, олардың жүйелі сөзі соғұрлым тезірек дамиды. Әңгіме сөздің және мәнерлі сөйлеудің дамуы ішкі сөйлеудің қалыптасуымен өте тығыз байланысты. Ішкі сөйлеу уақытты әңгіме сөзінің негізі мен ішкі жобасын құрай отырып, дауыстап айтылатын сөйлемдерді жоспарлау қызметін атқарады.
Ж. Пиаже, Л.С. Выготский, т.б. жүргізген зерттеулер бойынша, 4 – 6 жастағы балаларда тілдің ерекше формасы мол байқалады. Пиаже мұны - эгоцентрлік тіл деп атаған. Ол мектепке дейінгі жастағы баланың сөйлеуі өзіне ғана бағытталған деп есептейді. Бала өзі үшін және өзі туралы сөйлейді. Пиаже балалық шаққа тән эгоцентризм 7 жасынан кейін, баланың біртіндеп әлеуметтендіруі болатын кезде жойылатының айтады.
Ішкі сөйлеу баланың практикалық жұмысында, әсіресе қыйыншылықтарға тап болғанда анығырақ байқалады. Ішкі сөйлеу баланың сұрақ қоюы, күліп немесе таң қалуы арқылы көрінеді: «Мынаны қайда қойсам?», «мынау мұнда болу керек пе?», «Бірденесі дұрыс емес» т.б. Баланың өзіне арналған сөзі сыртқы әңгіме сөздің ішкі сөйлеуге өтуі болып табылады.
Орындалатын іс - әрекеттерді жоспарлау, оларды қойылған мақсатқа сәйкес сын көзімен бағалау, сәтті табылған тәсілдерді бекіту немесе күмән білдіру баланың ішкі сөйлеуінің мазмұнын құрайды.
Педагогтар, ата – аналар
балалардың тілінің дамуына
Тілді меңгеру баланың іс - әрекеттерін өзгертеді: 3 жастағы баланың іс- әрекеті бағытталған бола бастайды және дербестік сипатқа ие болады. Сөз арқасында бала өзін өзі таниды. Екінші жылдың аяғында бала жиі өзі туралы ІІІ жақта сөйлейді: «Динара жақсы», «Еркін енді жыламайды». Алдымен ол өзін аты арқылы таниды, кейінірек «мен» жіктеу есімдігін меңгере отырып, бала өзін іс - әрекет субъектісі ретніде қабылдай бастайды. Бұл оған өзін басқалармен салыстыруға, өзін - өзі бағалауға, бақылауға мүмкіндік береді. Тиімді меңгеру баланың бүкіл қызметіне елеулі өзгерістерді енгізеді. Бала ойын және практикалық ойлаудың алғашқы формаларын меңгереді. Тиімді меңгеру балаға басқа балалармен қатынас орнатып, бірлескен іс- әркет жасауға, өлең жаттауға, тыңдауға, ән айтуға көмектеседі. Әсіресе баланың үлкендермен қатынасының мазмұны байиды, қатынас формалары түрлі болады: бұл әңгімелесу, сұрақтар, пікірлер, тыңдау, талас. Ересек адамдармен қатынас бірітіндеп баланың ең маңызды әлеуметтік қажеттілігі болады:
Сонымен:
2. Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі.
2.1. Тілдің, сөйлеудің анатомиялық
– физиологиялық және
Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа адамдармен пікірлеседі, ой алмасады. Адам баласының сана – сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық – физиологиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты қалыптасты. Осының арқасында адам дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән – мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие.
Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс - әрекетпен айналасуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі.
Адам тілінің интеллектіні және сезімталдық пен ерік – жігерді тәрбиелеу факторы ретіндегі күші – тілдің табиғатында: адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс құралы немесе, тілден тыс шындық қасиеті болуында.
Интеллектінің болуы, яғни сыртқы ортаны есте сақтау, көзге елестету, қиялдау, ойлау көмегімен тану, сондай – ақ сөйлеу – адамның жануардан басты өзгешелігі осы. Адамда интеллекті де, сөйлеу де ерте балалық шақта пайда болып, мектепке дейінгі, бастауыш мектеп жасында және жас өспірімдік шақтарда қарқынды түрде жетіледі.
Бірақ организм өскендіктен ғана емес, адам сөйлеуді сөзсіз игергенде ғана балада интеллекті пайда болып, жеткіншектік пен жас өспірімдік шақтарда жетіле түседі. Егер баланың айналасындағы ересектер оны сәби кезінен дұрыс сөйлеуге үйретсе, ондай бала қалыпты дамиды: көзге елестету қабілеті, содан соң ойлау мен қиялдау қабілеттері пайда болады; жасына қарай даму сатысында бұл қабілеттер жетіле түседі. Балада интеллектінің дамуымен қатар сезімталдық – еріктік сфера да дамып, жетіле түседі.
Сөйлеу деп қатынас жасау, түсіну, өзін тәртіпке келтіру үшін тілдің лексикалық және грамматикалық белгілерін дұрыс пайдалануды айтады. Сөйлеу деп тілдік белгілерді нақты пайдалану жағдайын да айтады. Баланы сөйлеуге үйрету – оған «тілдің материясын» (сөйлеу органың машықтандыру) меңгеруге (есте сақтауға) көмектесі, тілдік белгілердің лексикалық және грамматикалық (интеллектіні машықтандыру) мағынасын түсінуді жеңілдету, шындықты лексикалық және грамматикалық белгілердің көмегімен бағалауды үйрету (эмоция мен сезімді машықтандыру), әдеби нормаларды есте сақтауды жеңілдету, яғни тілдік белгілердің (морфемалардың, сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің) қолданылу дәстүрін, олардың дыбыстық және графикалық жарасымдылығын жеңілдету болып табылады.
Тілдік қарым – қатынассыз, яғни әлеуметтік (қоғамдық) ортасыз адам баласы жан – жақты жетілген адам (home canens) бола алмайтындығы жөнінде көптеген дәлелдер бар. Әлдебір қайғылы жағдайларға байланысты балалар сәби шағында аңдардың (қасқырдың, қабыланның, иттің), үңгіріне тап болып, оларды аңдардың асырағаны тарихта белгілі. Мұндай балаларды адамдар үш жастан асқаннан тауып, адам қоғамына әкелгенде, олар әрдайым өзін асыраған аңдардың қылығын сақтап қалған және адамды аңнан ерекшелейтін психиканың элементтерінен мүлдем хабарсыз болып шыққан: оларда ойлау жүйесі қалыптаспаған, жоғарғы сезімі жоқ, оларды сөйлеуге үйрету мүмкін болмаған. Ересек адамдардың қараңығылығы арқасында аса қайғылы болмаса да, көптеген өкінішіті оқиғалар да белгілі: балалар психикалық жағынан жетілмеген, сөйлеуді нашар меңгерген (мектепте әзер оқыған), өйткені ата – аналары сәбилік, балалық және мектепке дейінгі шақтарында олардың тілін дамытумен айналыспаған.
Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі