Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 15:34, дипломная работа

Краткое описание

Оның ішінде талдау мен жинақтау, салыстыру, жүйелеу әдістері бар. Тақырыптың мақсатын ашуда мына әдістер қолданылды: бақылау, әңгімелесу, ойын әдістері, тіл дамыту деңгейін диагностикалау, нәтижелерді талдау, жинақтау, графикалық сызбалар қолдану, жинақталған деректерді математикалық талдау жасау.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................
1. Тілдің адам өміріндегі маңызы.
1.1. Тілдің даму тарихы туралы философиялық ойлар.........................
1.2. Мектепке дейінгі баланың танымдық әрекетін
қалыптасуындағы сөздің орны...............................................................
2. Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі.............................................................................
2.1. Тілдің, сөйлеудің анатомиялық физиологиялық
және психологиялық негіздері................................................................
2.2. Мектепке дейінгі балалар психикасын тіл дамыту
арқылы қалыптастыру..............................................................................
3. Зерттеу эксперимент жұмысы.......................................................
Қорытынды..............................................................................................
Әдебиеттер................................................................................................
Қосымша...................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаманкулова .doc

— 732.00 Кб (Скачать документ)

Тілдің осындай аса маңыздылығының бір сыры оның құдірет – күшінде. Халқымыздың «өнер алды – қызыл тілі», «Піл көтермегенді, тіл көтереді», «сөз сүйектен өтеді» - тәрізді мақалалары да сол ғажайып қуат – қасиетке байланысты туған. Тіл – қуатты құрал.

Сөз дүниесінің әр тамырының лүпілін жіті бақылап, әр сөздің кішігірім мағыналы бөлшегінің өзін зергерлік таразысына бір тартып көрмей жібермейтін осы қауымның белгілі өкілдері сөз, тіл туралы не дегеніне назар салсақ, барлық мағынада ана тіліміздің табиғи қасеиттерін аша білген ұлы ақын Абай атамыздың

Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған

Хиуадан шауып,

Қисының тауып,

Тағыны жетіп қайырған;

Талғауы тоқсан, қызыл тіл,

Сөйлемеймін десең, өзін біл.

Өткірдің жүзі

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас,

Білгенге маржан,

Білмеске арзан,

Надандар бәһра ала алмас, - деген жолдарында тілдің қасиеті, маңызы әсем де бейнелі, ал Мұхтар Әуезовтың «Әлемде сөзден күшті не бар екен!!» - деуінен қуат – құдіреттілігі көрінеді.

«Қазақ осы: «өнер алды – қызыл тіл» деген», деп Қ. Мырзалиев ағамыз айтқандай, қазақ халқы үшін тілден қасиетті ештеңе болған жоқ. Ол тарих, ол мәниет, ол әдебиет.

Тауып айтылған бір ауыз сөзге бір қауым елдің тоқтайтындығы, дауласқан екі жақтың әділ қазы  -биге жүгінгендігі де халықтың тіл өнеріне деген ыстық махаббатының белгісі. Қазақтардың аса бай теңеулермен сөйлейтіндігі де тегін емес.

Тіл сөз тегуірінің әулеті әсіресе от ауызды, орақ тілді небір қиып түспе шешендердің әділетсіздікті, адамгершілікке жат мінез – құлық, іс - әрекетті батыл әшкерелеуде; адамдықтың асыл айнасына дақ түсіртпеу жолындағы

күресте: қытымыр заманның ел, ер, жесір жер дауларын шешкен тұстарда айтқан сөздерінен айқын көрінеді.

Ұлт тілінде ұлы поэзия тудырған Абай өмірдегі өзгерістерді терең түсініп, өзге екі тілдің бұдан былайғы уақытта қаншалықты мән – маңызы бар екендігін бағамдап берді. Ол «құлышылық қыларлық қана, түркі таңырлық қана», сауат ашқан қазақ балаларын араб – парсыны біліп, бұған орысша оқуға үндегенде, мұны үстем ұлттың «зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға» керектігімен тұспалдады және «қазаққа күзетші болайың» деген ниетпен үйрену қажеттігін ашық айтты.

Алаштың алдыңғы қатарлы азаматтарының ағрибатың да, амшрықтың да мәдениетін қатар меңгеріп, олардың арасынан қайталанбас тұтас тұлғалардың шығуы ғажап та, ғаламат құбылыс еді. Бұлай болуына әлбетте зиялыларымыздың әлденше тілді бірдей игеруі белгілі бір дәрежеде әсерін тигізгені даусыз.

Ана тілі – бұл атаңның тілі, туған халқыңның тілі. Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз – еретегілері, шығарған өлең – жырлары, жазған кітаптары, табиғат пен қоғам құбылыстары атаулары – бәрі де ана тілінде сақталып, ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.

Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, бүкіл халықпен бірге дамиды. Әр азамат өз ойын ана тілінде білідіріп, білімнің жемісін сол тілде таратады, шығармасын ана тілінде жазып қалдырады. Тіл сақтау дегеніміз – тарихымызды, мұрамызды, ұлтымызды сақтау. Сондықтан да, адам баласы қандай биікке көтерілсе де, өзінің түп негізін, жарық дүниеге шыр етіп түскен жерін аялап, алақанға салған алтын бесік – атамекенін, ана сүтімен бойға дарыған туған тілін ұмытпауы керек, бұл мәселелерге талассыз мән беріп отыруы, ұлтты сананы қалыптастыру, ұлт мәдениетін көгерту, ұлт тілінің мәретебесін көтеруге атсалысуы кажет.

 

 

 

 

1.2. Мектепке  дейінгі  баланың танымдық әрекетін қалыптастырудағы  сөздің орны.

Сөйлеу – ой білдірудің, хабарлаудың және әсер етудің құралы. Адам өз ойын жеткізу, ақпарат хабарлау немесе басқа біреудің сана – сезіміне, ойларына, мінез – құлқына әсер мақсатында сөйлейді.

Сөйлеу – ақыл – ой иесі – адамның хайуанаттар дүнисінен ерекшелініп тұратын тұрақты белгісінің бірі және өзара қарым – қатынасының қуатты құралы.

Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен пікірлеседі, өзінің күнбе – күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын меңгереді, біртіндеп оның сөздік қоры молайып отырады. Бала алғашқы кезде көптеген дыбыстарды, жекелеген сөздерді үлкендерден еліктеу арқылы үйренеді. Ол өсе келе өз ана тілінің сөздік қорын, сол тілдің ішкі заңдылықтарын алдымен стихиялық түрде мектепке барған соң саналылықпен үйрене бастайды.

Халқымыздың классик жазушысы Мұхтар Әуезов: «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллегент емес деуге де болады», десе, белгілі қоғам қайраткері Ілияс Омаров: «Тіл аса мейірбандықты керек етеді. Қисық тілді шығарма сақау адам секілді, кәрі құлақты кеседі, жас құлаққа жаман үлгі болады, балаң авторды үстіртікке үйретеді. Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мәдени қоректендіре түседі. Дүниеде сөздің дертінен өткен ауыр дерт жоқ, сөздің шарапатынан дауалы шарапат жоқ, сөз тұрлаусыздыққа емес – баяндылыққа, өлімге емес, өмірге қызмет етеді», - деген еді. Мұғалімдер мен ата – аналар, оқушылар мен студенттер, бір сөзбен айтқанда барша жұртшылық осы айтылғандардан тиісті қорытынды шығарып, өздерінің сөйлеу мәдениетінің, әсіресе ана тіліннің кәусәрінен мол сусындап жетілдіріп отыруды естен шығармаулары тиіс.

Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар байқалғанымен, бұларда әлі дыбыстық сипат болмайды. Балада түрлі дыбыстар 2 – 3 айдан былай қарай байқалады. Мұны оның үндеуінен жақсы көруге болады. Оларда әуелі былдырлау пайда болады. Бұл естіген сөздерге, дыбыстарға қайтарылатын бала реакциясы. Мәселен, ( «мә», «ға», «ге» секілді) жеке буындарды 5 – 6 айда «ма – ма», «па – па» деген 2 буыннан келетін жеке сөздерді айтатын күйге жетеді. 8 айлық бала сөздің интоннациясын, дауыс ырғағын ажырата алады. Бірақ сөздің айырмашылығын, олардың мән – мағынасын әлі толық ұға алмайды. Оның алғашқы сөздері «ата», «әже», «аға», болады. Бірақ олар 3 – 4 буыннан тұратын сөздерді айтуға шамасы келмейді. Бала алдымен дауысты дыбыстарды, кейінірек дауыссыз дыбыстарды, кейіннен оның қатаң, ұяң түрлерін меңгерді. Балаға ызың дауыссыздармен (ж,ш) ысылдап шығатын дауыссыздар ұғыну да қиынырақ болады, сондықтан да кейбір балалар «л,р» дыбыстарын 4 – 5 жасқа шейін дұрыс айта алмайды. Отбасында ата – ана тарапынан жеткілікті тәрибие алған жас жарымдағы 10 – 15 сөз, екіге келген бала 300, үш жаста мың жарымдай сөзді игереді. Баланың алғашқы сөздері «сөйлем», яғни ол бір сөзбен – ақ айтайын деген ойын аңғартады. Мәселен, «әже су» деген «әже маған су бер» деген ойды білдіреді. Кейде жетпей жатқан сөздерін ым – ишаралармен жеткізеді. Балада сөз нақтылы заттың сигналы ретінде көрініп, ылғи да белгілі нәрсеге меңзеліп айтылады. Осында сөздер әрекеті мен нақтылы қажет өтеуге туып отырады.

Баланың сөйлеуі мектепке дейінгі тек қарым – қатынас рөлін атқарса, мектептік шақта білім жүйелерін меңгерудің негізгі құралы қызметін атқарады. Мектептегі оқу бала тілінің дамуына өте қолайлы жағдай туғызады.

Балаларды өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу – сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің негізі.

Санамен жалпы байланысты адамның тілі барлық психикалық процестермен белгілі бір өзара қарым – қатынастарға түседі және сөйлеу үшін ең негізгісі оның ойлауға деген қатынасы болып табылады.

Мектепке дейінгі жаста балалардың қарым – қатынас шеңбері кеңи түседі. Балалар біраз есейе түскен соң шағын отбасылық байланыстар шегінен шығып, адамдардың аумақты тобымен, әсіресе қатар құрбыларымен араласа бастайды. Сөйлесетін адамдардың көбеюі баладан ең бастысы тіл болып табылатын қарым – қатынас құралын толық меңгеруді талап етеді. Баланың күрделене түсетін әрекеті тілдің дамуына да жоғары талаптар қояды.

Тілдің дамуы бірнеше бағытта жүреді басқа адамдармен араласу кезінде іс жүзінде қолдану жетіле түседі, сонымен бірге тіл психикалық процестерді қайта қараудың негізі, ойлау құралы болып табылады.

Мектепке дейінгі кезеңнің соңына қарай тәрбиелеудің белгілі бір жағдайда сауаттылықты меңгеру үшін үлкен маңызы бар, тілді тек пайдаланып қана қоймай, оның құрылысын да ұғына бастайды.

 Мектепке дейінгі кезеңде  тілдің сөздік құрамы өсе түседі. Сәбилік кездегімен салыстырғанда  мектеп жасына дейінгі баланың  сөздік қоры үш есе өседі. Мұнда  сөз қорының өсуі тұрмыс және  тәрбие жайларына тікелей байланысты, психикалық дамудың басқа кез келген салаларына қарағанда мұнда жеке түр өзгерістері басымырақ.

Мектепке дейінгі кезеңде бала тілінің қалыптасуына ересек адамдардың дұрыс, мағыналық сөйлеуінің маңызы зор екені түсінікті. Өйткені, балалар оларға үнемі еліктеп, өз бетімен сөз шығаруға талпына бастайды, ол басқа балалардың, тіпті үлкендердің сөзінде байқалған қателіктерді көргіш келеді, яғни баланың «тіл сезімі» күшті болады.

Бала сөйлеуінің дамуы бірнеше сатылардан тұрады. Алғашқы саты – сөйлеуге дейінгі саты. Бұл кезең 2 айлығынан 1 айға дейінгі сатысы деп аталады. Екінші саты – баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі, 11 айдан 1 жыл 7 айға дейін аралық. Үшінші саты бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды. Бұл кезең 3 жасқа дейінгі уақытты қамтып, бүлдіршін сөздердің мән –

мағынасын және қолданылуын, жеке сөздердің қызметін де түсіне алады. Бала тілінің шығуы оны дүниетаным шеңберін кеңейтіп, дамуын психологиялық тұрғыдан қарастырып, ғылыми жүйеге келтірген - әйгілі мамандар Л.С. Выготский мен Швейцария психологы Жан Пиаже.

Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдың іс - әрекет ерте сәбилік шақта заттың іс - әрекеттен алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелдері тұрған жағдайда ғана сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан – ақ басталған қарым – қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланыс жүзеге асады. Сөздік қарым – қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсініп сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда болады. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамытуға қажетті жағдайлардан айырылып қалса, онда кейін жіберілген қателіктердің орынын толтыру өте қиын болады. Сондықтан 2 – 3 жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет.

Үлкендермен бірлескен іс - әрекет үстінде бала ерте сәбилік шақта – ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар мен іс - әрекеттерге апарып жатқызу бірден бола қоймайды. Үлкендердің сөзі мен өз іс - әрекеттерінің арақатынасын белгілеу қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірінің бірінші жылында қалыптасады. 3 жасқа қарай сәбидің үлкендер сөзін түсінуі сапалық жағына өзгереді. Бала бұл мезгілде жекелеген сөздерді ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер жасауға ғана қабілетті болып қоймайды. Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез – келген сөздерін қызыға тыңдай бастайды. Ересек адам мен баланың тікелей қарым – қатынас жасау ситуациясын тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады.

Ерте сәбилік балалық шақ – баланың белсенді сөйлеуінің қалыптасу кезеңі. 1,5 жасқа дейін бала 30 – 40 – тан 100 – ге дейін сөз үйренеді және оларды өте сирек қолданады. Ол әлі тым мүдіріп сөйлейді. Тілді меңгерудегі елеулі өзгеріс шамамен 1,5 жаста жүзеге асады. Сәби бастамшыл болады. Ол заттардың аттарын атап отыруды үздіксіз талап ете бастайды. Сөйлеудің даму қарқыны арта түседі. 2 жастың аяғында бала 300 – ге дейін, ал 3 жастың соңында 1500 – ге дейін сөздер қолданады.

Тілді дамыту ана тілдің дыбыстық жағы мен грамматикалық құрылысын игеруді көздейді. Егер алғашында бала сөйлеуді сөздің жалпы ырғақты – мелодиялық құрылымын қағып алу жолымен қабылдайтын болса,  екінші жылдың соңында онда ана тілдің барлық дыбыстарын фонетикалық қабылдау

қалыптасады. Осының негізінде сөздікті және сөзді дұрыс айтуды игеру жүезеге асады.

   Грамматикалық құрылысты игеруің өз даму кезеңдері болады. Бірінші кезең: – 1 мен 2 жасқа дейін – түбірлі сөздерден құралатын сөйлемдер кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады. Баланың сөйлеуі ересек адам сөйлеуіне аз ұқсайды, ол көбінесе үлкендер пайдаланбайтын сөздерді қолданады. Мұндай сөйлеу автономиялы сөйлеу деп аталады. Сөйлеудің дұрыс даму жағдайында автономиялы сөйлеу тез өтеді.

Тілдің грамматикалық құрылысын дамытудың екінші кезеңі 3 жасқа дейін созылады. Баланың сөйлеуі біршама байланысты сипатқа ие болып, заттық дүниедегі көптеген қарым – қатынастарды оның түсінгендігі білдіруге мүмкіндік береді. 3 жасқа қарай бала бірсыпыра септік жалғауларды игереді. Заттық қатынастарды білдіретін сөйлеу формаларын игеру баланың заттардың қолдану тәсілдерін игеруді жүзеге асыратын іс - әрекеттердің сипатымен түсіндіріледі. Бала нақты заттық қатынастарды бейнелейтін грамматикалық мәндердің байланысына ерте бағдар ала бастайды. Мәселен, «бала қойды», «балғамен соқты» дұрыс қолдануды игере отырып, мен жалғауындағы құралдық мағынасын түсінеді де, оны барлық құралға стериотипті түрде көшіреді: «пышақмен», «қасықмен», «күрекмен» т.б. Тілдік қарым – қатынастар практикасында бұл стериотип түсіп қалады да, дұрыс септік жалғаулар пайда болады. Ана тілдің грамматикалық формаларын меңгеру баланың тілді сезінуін дамытады. Сәби сөйлемдегі сөздерді тәп – тәуір байланыстырады. Ерте сәбилік шақта бала ана тілін меңгеру жағынан оның негізгі синтаксистік құрылымдарын, грамматикалық формаларын және дыбыстарды игере отырып, орасан зор жұмыс атқарады.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі