Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 15:34, дипломная работа

Краткое описание

Оның ішінде талдау мен жинақтау, салыстыру, жүйелеу әдістері бар. Тақырыптың мақсатын ашуда мына әдістер қолданылды: бақылау, әңгімелесу, ойын әдістері, тіл дамыту деңгейін диагностикалау, нәтижелерді талдау, жинақтау, графикалық сызбалар қолдану, жинақталған деректерді математикалық талдау жасау.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................
1. Тілдің адам өміріндегі маңызы.
1.1. Тілдің даму тарихы туралы философиялық ойлар.........................
1.2. Мектепке дейінгі баланың танымдық әрекетін
қалыптасуындағы сөздің орны...............................................................
2. Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі.............................................................................
2.1. Тілдің, сөйлеудің анатомиялық физиологиялық
және психологиялық негіздері................................................................
2.2. Мектепке дейінгі балалар психикасын тіл дамыту
арқылы қалыптастыру..............................................................................
3. Зерттеу эксперимент жұмысы.......................................................
Қорытынды..............................................................................................
Әдебиеттер................................................................................................
Қосымша...................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаманкулова .doc

— 732.00 Кб (Скачать документ)

Тілдік сөйлеу ежелден жеке адамның қоғамдық – ой-санасын дымытып жетілдіруде маңызды рөль атқарады. Сөз мағыналы, әрі мәнерлі болуы тиіс. Мәнді сөйлесетіндерді, халқымыз, «сөзі мірдің оғындай екен» - дейді. Қазақ халқының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласұғын «Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз» - деп тауып айтқан.

Тіл дегеніміз – сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгі – шындық пен болмысты білдіретін бөлшек. Белгілердің немесе тілдің екі түрлі мәні бар. Жалпы тілдік белгілерді психологиялық фактор, әрі құрал деуге де болады. Тілдік белгілдердің бірінші мәні – оның қоғамдық - әлеуметтік мәні. Адамзат тарихында бұл белгілер қоғам арқылы қабылданып, әр түрлі нәрселердің мән жайын түсіндіреді. Тілдік белгілердің екінші мәні – олар арқылы адамдар бір – бірімен қарым – қатынас жасап, пікір алысады.

Тіл арқылы басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу арқылы іс - әрекет пен қарым-қатынас жасау тілді құрал етіп пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Адамдардың тіл арқылы сөйлесуі, тілді құрал етіп пайдалану әрекеті күрделі психологиялық процесс. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір – бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қбылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды.

Тіл өсіп келе жатқан адам психикасының жоғарғы бөлігін дамыту құралы екендігін тәрбиеші есте ұстауы керек. Баланы ана тіліне үйрете отырып, оның интеллектісі мен жоғары эмоциясының бірдей дамуына көмектеседі де, мектепте жақсы оқуына, еңбекте шығармашылық белсенділік көрсетуіне жағдай жасайды. Алғашқы даму сатысында кенже қалған тілдің орнын кейін толтыру мүмкін емес.

Алғашқы жас сатысында баланың тілін дамытуға назар аудару ерекше маңызды, өйткені осы кезде баланың миы өсіп, оның қызметі қалыптасады. Орталық жүйке жүйесінің қызметі оның табиғи қалыптасуы кезеңінде жаттықтыруға оңай, бейімделетіндігі физиологтарға белгілі. Жаттықтырусыз бұл қызметінің дамуы тежеліп, тіпті мәңгі тоқтап та қалады.

«Тіл үшін, - деп жазады профессор М.М. Кольцова, - дамудың мұндай «қиын - қыстау» кезеңі бала өмірінің алғашқы үш жылы болып табылады: осы кезге қарай негізінен мидың анатомиялық сөйлеу желісінің жетілуі аяқталады, бала ана тілінің басты грамматикалық формаларын меңгереді, мол сөз қорын жинайды. Егер алғашқы үш жылында сәбидің тіліне тиісті аударылмаса, кейін олқылықтың орнын толықтыру үшін қыруар күш – жігер жұмсауға тура келеді».

Адамның сөйлеу қызметі – ең алдымен мидың көптеген саласының үйлескен қызметнің нәтижесі. Мида «естіген сөзді ұғынады, онда дыбыстар мен тілдік дыбыстардың тіркесінің артикуляциялануы үшін қажетті қозғалыс программасы қалыптасып, осы жерден сөйлеу бұлшық еттеріне бұйрық жолданады». Атап айтқанда, сөйлеу мүшелері (ауыз қуысы және мұрын, тіс,  ерін, тіл, көмей, өкпе) – орталығы ми болып табылатын сөйлеу механизмнің атқару мүшелері; ми дамығанда баланың сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттері де дамиды. Алғашында сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттері балаға көнбейді, ол ана тілінің дыбыстарын қиналып айтады, яғни ми, «сөйлеу бұлшық еттеріне бұйыру» балалар дамыған сайын, балада сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерін еркін меңгеру қабілеті дамиды. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Мұның біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екнішісі – оның мәнерлігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмұны болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз – екінші біруге жеткізілетін ойдың айқындылығы.

Сөздің мәнерлігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы.

Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Бұл, біріншіден сөйлеу органдарындағы қозғалыстарынан, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыстарды нәзік талдаудан, екіншіден, сөздік сигналдардың бөлшектенген элементтерін байланыстырудан көрінеді. Физиологиялық тұрғыдан сөздің мәнін И.П. Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктерімізбен, елестереміз шындықтың бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар – сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табылады да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды».

Сөзді қабылдау оның мәнісін түсінуге мидың есту, сипау, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметі реттестіріп отыратын сол жарты шарда ми сыңарларының төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі ерекше. Егер оның сол жағы зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға душар болады.

Сөздік сигналдарды дұрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдеріне түрліше көрінеді. Мысалы, жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генереализация сипатында болады. Сөзді жалпылай алу – адам ойлауымен сөйлеуінің ең басты ерекшелігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндеп ие болып отырады.

Тіл ұғымының да ауқымы кең, көбінесе ол қоғамдық ғылымдарда жиі қолданылады. Тіл арқылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақталған рухани мұрасы ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіліп отырады. Ал сөз, сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Адам дүние танымның күрделі қасиет сипатттырының әр тарапты және терең болуының мән жайы  да оның сөйлеу әрекетіне, болмысты дыбысты анық тіл арқылы тепе – тең етіп бейнелей алуына байланысты. «Сөз – ойдың көрінісі; ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр» (В.Г. Белинский). Даналық – сөз иесі, ұғым иесі – ойлау иесі адамда ғана болады. (Ж. Аймауытов).

Сөйлеу, тіл – танымның қоғамды формасы. Тілдің көмегімен, тіл арқылы қоғамдық таным адамның ойлауын қалыптастырып, оның санасының құрылымын анықтайды. Сөйлеу қарым – қатынас жасау қажеттілігінен туады. Ол тыңдаушыға бағыттылады және онымен қарым – қатынас жасау үшін қызмет етеді.

Адам баласында интеллекті де, сөйлеу де балалық шақта пайда болып, күнделікті өмірдегі қарым – қатынастың арқасында қарқынды түрде жетіледі.

Сөйлеу рефлексі барлық анализаторлардың негізінде қалыптасып дамиды. Интеллектінің дамуымен қатар сеізмталдық еріктік сферада да дамып, қалыптасады. Тілдік қарым – қатынас әлеуметтік ортасыз қалыптасуы мүмкін емес.

Бала дүниеге келген алғашқы күннен бастап, тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы және баланың әрбір жас кезеңіне қарай тілді меңгеру. Алғашқы сатысында баланың тілін дамытуға назар аудару ерекше маңызды, себебі баланың миы жедел өсіп, оның қызметі қалыптасады. Орталық жүйке – жүйесінің қызметі оның табиғи қалыптасуы кезеңінде жаттықтыруға өте бейімді. Бала дыбыстарды неғұрлым ертерек, шапшаң және дұрыс артикульдеуді үйренсе және дауыс ырғағын үндестірсе, ол соғұрлым ертерек іштей, тілді анағұрлым жоғары түрде меңгеруге қабілетті болады, өйткені іштей сөйлеу – сөйлеу қозғалысы, сөйлеу мүшелері бұлшық еттерінің жұмысы.

Тіл еліктеу процесінде дамиды. Баланың сөздік қорына белгілі бір дыбыс комплексі болғанның өзінде онымен өмір құбылысының шындығын байланыстыруды үйренгенде де, ол әлгі байланысты жасауға кім үйретсе, соған еліктейді және еліктеу кейін де инстинктті бола бермек. Бала еліктеу объектісін таңдай алмайды, өзін қоршаған адамдардың аузынан естіген сөздерді ойланбастан бойына сіңіреді.

Тілдің негізгі элементі сөздік қор. Ал сөздік қор тілдің құрамының ішіндегі ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер жиынтығы екені белгілі. Тілдің негізгі сөздік қоры – тілдің сөздік құрамының ең тұрақты бөлігі. Сөздік қоры тілдегі сөздерді ғасырлар бойы сақтай отырып, тілдегі жаңа, туынды сөздер мен жаңа мағыналық жасалуына ұйытқы болады. Сөздердің негізгі сөздік қорда кең қолданылауы мен ұзақ сақталуы олардың сөз жасау қабілетін дамыта түседі. Сөздік қордың тұрақтылығы, тіл бірлігін сақтап, көне дәуір әдеби ескерткіштерін ұғынуға, тануға мүмкіндік тудырады. Қазақ тіл ғылымының негізін салушы А.Байтұрсынов: «Сөздік құрамының ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік қор – бүкіл лексикалық байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйытқысы», деген еді.

Қазақ балабақшаларының тәрбиешілері мен мен балалары осы байлықты бірі игеруге, екіншісі игертуге ұмытылып отырса ғана ана тіліміздің алдындағы перзенттік борыштарымызды өтей аламыз. Ана тілін қадірлеу, оның байлығын сақтап, үйрену үлкен патриоттық іс.

Тіл дамыту жұмысын кешенді жүргізудің жолдарына тоқталайық.

    1. Тілдің дыбысталу нормасын меңгерту;
    2. Сөздік – тілдің қажетті материалы.
    3. Сөздік мағынасын дұрыс түсіндірудегі ең тиімді әдіс – сөзге морфологиялық талдау жасау

Адамның сөздік қоры екі жағдайда жетіліп отырады: бірі – сөзді активті қолдану, екінші – сөзді пассивті қолдану. Сөз мағынасын дұрыс түсіндіру, түсіне білу керек. Сөйлеу түрінде сөз мағынасының алатын орны зор.

Бала тілін дамыту әдістемесі бағытында мол әрі құнды ойлар айтқан жан-жақты дарынды тұлғаларымыздың бірі – Мағжан Жұмабайұлы болған. Оның шәкірт тілін ширатушыларды таң қалдырған әдістемелік еңбегі «Бастауыш сыныпта ана тілі» оқулығы. Бұл кітабы арқылы бастауыш мектепте ана тілін оқыту, тіл дамыту әдістемесін жасауға ұмтылғаны аңғарылады.

М.Жұмабайұлының әдіскер ғалым ретінде төртжылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілер жаттығулар, қалыптастыратын дағдылар кешенін жасап ұсынған. Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғары жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің, басқа да психологиялық процестің жетіле түсінуіне негіз болады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары:

  • балалардың күнделікті өмірмен байланыстылығын ескеру;
  • үйретілген сөздердің жеңілдігі;
  • б.с.о.-ң ұғымына сөз мағынасының сай келуі;
  • сөздерді оқытылатын тақырыптармен байланысты таңдап алу; және т.б.

Пікірлерді жинақтай келгенде бала тілін байытуды сөйлеумен байланысты іске асыруда мынадай қажеттіліктер туындайды:

  • балалардың сөздік қорын молайту мақсатында сөздің мағыналарын толық меңгерту;
  • сөйлемді дұрыс қолдану, құрастыру арқылы ойын жүйелі айта білуге дағдыландыру;
  • сөйлемдегі сөздерді белгілі бір ойдың төңірегінде құрастырып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.

Тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру, балалардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырудың бірден-бір тиімді жолы.

Тіл дамыту жүйелі түрде жүргізіліп отыратын оқу жұмысы. Олай болса, тіл дамыту дегеніміздің өзі – балалардың сөз байлығын арттырып, әр сөзді орынды қолдануы, сөйтіп, ойын жүйелі түрде білдіре алу.

Тәрбиеші кері байланысты да есте ұстауға тиіс: егер тілдік қарым – қатынас процесінде бала өзінің өйлеу аппаратының – бұлшық еттерін жаттықтырса, яғни баламен сөйлесіп, оны тыңдаса, ми дамиды (интеллекті механизмі жетіле түседі). Бала дыбыстарды неғұрлым еретерек, шапшаң және дұрыс дыбыстауды үйренсе (және дауыс ырғағын үндестірсе), ол соғұрлым ертерек іштей, тілді анағұрлым жоғары түрде меңгеруге қабілетті болады, өйткені іштей сөйлеу – сөйлеу қозғалысы, сөйлеу мүшелері бұлшық еттерінің жұмысы.

Сөйтіп, тілдің, демек баланың интеллектісінің дамуы мен сөйлеу бұлшық еттерінің дамуы арасында, немесе, айтылып жүргенінде, артикуляция, айтылу дағдыларын, дамыту арасында тікелей байланыс бар.

Тіл еліктеу процесінде дамиды. Физиологтардың мәліметі бойынша, адамның еліктеуі – шартсыз рефлекс, инстинкт, яғни тыныс алу, ему, жұту және т.б. сияқты үйретуді қажет етпейтін, туа біткен  қасиет.

Бала алғашында өзімен сөйлескен адамның (анасы, тәрбиеші) бет – жүзінен көрген артикуляцияға, сөйлеу қозғалысына еліктейді.

Сөйлеу қозғалысына еліктеу әлі ойсыз, инстинктті ғана.

Баланың сөздік қорында белгілі бір дыбыс комплексі болғанның өзінде онымен өмір құбылысының шындығын (адамды, тамақты, белгілі бір қимылды) байланыстыруды үйренгенде де ол әлгі байланысты жасауға кім үйретсе, соған еліктейді және еліктеу кейін де инстинктті бола бермек. Бала балалар бақшасында сөйлеу мәнерінде тәрбиешіге, мектепте мұғалімге, сонымен бірге бала сол маңда тұратын барлық адамның сөзіне еліктейтін болады, егер сол жерде тұрып қалса, оның сөзінде әдеби нормадан айырмасы бар, сол жердің тіліндегі жалпы ерекшеліктер болады, яғни бала жергілікті диалектіде сөйлейді.

Сөйлеуде еліктеуге ересек адам да бейім келеді: әдеби тілде сейлейтін адам, диалектілік сөйлеу бар жерде бір – екі ай тұрғаннан кейін еркінен тыс, инстинкт бойынша сол жердің ерекшелігін қабылдайды. Әйтсе де ересек адам өз сөзін саналы түрде реттей алады. Ал бала еліктеу объектісін тандай алмайды, өзін қоршаған адамдардың аузынан естіген сөздерді ойланбастан бойына сіңіреді. Ол тіпті сөйлеудегі кемшілігін де қабылдайды. Мәселен, ересектері кекештеніп сөйлейтін семьяда балалар да, балалар бақшасына немесе мектепке барып, онда олармен логопед айналысқанша, кекештеніп сөйлейді.

Бала тәрбиелентін стихиялы қалыптасқан сөйлеу ортасы табиғи сөйлеу ортасы деп аталады. Табиғи сөйлеу ортасы сөйлеу үшін, демек жалпы психиканың дамуы үшін қолайлы (егер баламен дұрыс сөйлейтін адамдар қарым – қатынас жасаса, егер олар оның «тіліне» үнемі назар аударса, сәби шағында оның сөйлеуге талпынысын құптап, кейінірек сұрақтарына жауап берсе және т.б.) және  қолайсыз (баламен қарым – қатынас тамақтандырумен ғана шектелсе, егер онымен сөйлеспесе, яғни оның «тіліне» назар аударылмаса, сондай – ақ баланың айналасындағы адамдар дұрыс сөйлемесе, дауыс ырғағы нашар, немесе кекештенетін, ысылдайтын кемшілігі болса және т.б.) орта болуы мүмкін.

Бала өсіп отырған сөйлеу ортасының даму мүмкіндігі сөйлеу ортасының даму потенциалы деп аталады. Табиғи сөйлеу ортасының даму потенциалы ішкі себептердің әсерінен қалыптасады, реттелмейді.

Балалар мекемелерінде – яслилерде, балалар бақшаларында, мектепте - әр жастағы балалар үшін даму потенциалын жоғары, қолайлы етіп сөйлеу ортасын арнайы ұйымдастырады. Даму потенциалы әдейі жоғарлатылған сөйлеу ортасы жасанды сөйлеу ортасы деп аталады.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі