Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 15:34, дипломная работа
Оның ішінде талдау мен жинақтау, салыстыру, жүйелеу әдістері бар. Тақырыптың мақсатын ашуда мына әдістер қолданылды: бақылау, әңгімелесу, ойын әдістері, тіл дамыту деңгейін диагностикалау, нәтижелерді талдау, жинақтау, графикалық сызбалар қолдану, жинақталған деректерді математикалық талдау жасау.
Кіріспе.........................................................................................
1. Тілдің адам өміріндегі маңызы.
1.1. Тілдің даму тарихы туралы философиялық ойлар.........................
1.2. Мектепке дейінгі баланың танымдық әрекетін
қалыптасуындағы сөздің орны...............................................................
2. Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі.............................................................................
2.1. Тілдің, сөйлеудің анатомиялық физиологиялық
және психологиялық негіздері................................................................
2.2. Мектепке дейінгі балалар психикасын тіл дамыту
арқылы қалыптастыру..............................................................................
3. Зерттеу эксперимент жұмысы.......................................................
Қорытынды..............................................................................................
Әдебиеттер................................................................................................
Қосымша...................................................................................................
САБАҚТАН ТЫС УАҚЫТТА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ
Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі.
Беттер
Кіріспе.......................
1. Тілдің адам өміріндегі маңызы.
1.1. Тілдің даму тарихы туралы
философиялық ойлар............
1.2. Мектепке дейінгі баланың танымдық әрекетін
қалыптасуындағы сөздің орны..
2. Мектепке дейінгі балалардың
тілдік дамуының психологиялық негізі........................
2.1. Тілдің, сөйлеудің анатомиялық физиологиялық
және психологиялық негіздері.....................
2.2. Мектепке дейінгі балалар психикасын тіл дамыту
арқылы қалыптастыру..................
3. Зерттеу эксперимент жұмысы........................
Қорытынды.....................
Әдебиеттер....................
Қосымша.......................
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі
Зерттеудің көкейкестілігі мектапалды даярлық тобы балаларының жан – жақты, әрі гармониялық дамып қалыптасуы, қазіргі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алғанда, өте маңызды және жалпы халықтық іс болып отыр. Білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым – қатынас, өзгеше дамуы өз халқының мәдениетін меңгерудегі күрделі де ұзақ процесс. Ал халықтар мәдениетінің бір бөлігі, байланыс құралы тіл болғандықтан, тілдік дамуы мен тілдік мәдениет жеке адамның қалыптасуының ең негізгі қажеттілігінің бірі. Адам өзінің өмір қасиетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Адам баласының сана-сезімнің дмуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам оргиназимі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілетін бар сөйлесу аппараты жасалды. Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен пікірлеседі, өзінің күнбе-күнгі сөйлеу тәжірибесін тілдің мағыналық жағын меңгереді, біртіндеп сөздік қоры молайып отырады. Алғашқы кезде бала көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйренеді. Осыған байланысты сөйлеу өте күрделі адамның бір ерекше қасиеті деп те айтуға болады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепке дейінгі балалардың тілін жан – жақты, сапалы барлық әрекеттерде (ойын, еңбек, оқу, т.б.) ерекше көңіл бөліп, педагогикалық – психологиялық талаптарға сай дамытса, баланың ақыл – ойы, жоғарғы психикалық функциялары, қабілеттілігі мен қалыптасуына шарт жасалынады.
Зерттеудің мақсаты мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуын, тарихын және бала психикасының дамуына ықпалын, негізін теориялық тұрғыдан зерттеп, тәжірибелік жұмыстарда мәліметтерді нақтылдау. Осы мақсат тұрғысынан алға мына міндеттер қойылады:
Дипломдық жұмыстың концептуалды идеясы
Мектепке дейінгі балалардың тілін бағдарламалық жаңа талаптарға сай: лексикалық және грамматикалық дағдыларын дамыту, балалардың таным қабілетінің шығармашылық потенциалын ашуға мүмкіндік береді.
Зерттеудің методологиясы мен әдістері Жұмыстың негізгі методологиясына жалпы ғылыми және арнайы психологиялық әдістер алынды. Жалпы ғылыми әдістер ішінен зерттеудің теориялық та, теориялық – методологиялық та тәсілдер қолданылды. Оның ішінде талдау мен жинақтау, салыстыру, жүйелеу әдістері бар. Тақырыптың мақсатын ашуда мына әдістер қолданылды: бақылау, әңгімелесу, ойын әдістері, тіл дамыту деңгейін диагностикалау, нәтижелерді талдау, жинақтау, графикалық сызбалар қолдану, жинақталған деректерді математикалық талдау жасау.
Зерттеу жұмысының методологиясының қалыптасуына мектепалды даярлық бағдарламасы үлкен рөль атқарады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мектепке дейінгі балалардың тілі дер кезінде қолға алынып, нәтижелі ықпалдардың арқасында баланың сөздік қоры мол, ойын еркін жеткізетін, ақылды, парасатты, сезімтал, ұщқыр ойлы болатыны дәлелденеді.
Зерттеудің ғылыми қолданбалы маңызы.
Зерттеудің нәтижелерін мектепке дейінгі бала тәрбиесі мекемелеріндегі оқу – тәрбие үрдісінде, жанұя жағдайындағы бала тәрибелеуде қолдануға болады деп есептейміз.
Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы Борас орта мектеп – балабақшасының мектепке даярлық тобы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі бөлімнен, тәжірибелік зерттеуден, қорытынды, әдебиттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1. Тілдің адам өміріндегі маңызы
Мектепке дейінгі кезең – баланың іс - әрекетінің қалыптасуы мен дамуы қуаттылықпен жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын мезгіл. Бұл мезгіл ішінде балаларға берілетін білім мен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс. Осыған орай сәбидің эмоционалдық іскерлік, коммуникативті және интеллектуалдық жағынан дамуы айналадағы дүниемен, табиғатпен, өз - өзіне басқа адамдар мен т.б. өзара белсенді әрекеттік қарым – қатынаста болу арқылы қалыптасады.
Орта ғасырлық ұлы ғұламалар Әл – Фараби, Ж. Баласұғын, М.Қашқари, А.Яссауий А. Иүгінеки т.б. еңбектеріндегі бала тәрбиесі туралы айтылған ой – пікірлерінде адам баласы – жаратылыстың бүкіл жан иесі атаулының биік шақтығы, сондықтан да оны құрметтеу, мәпелеу, аялау қажет екендігі дәлеледенген. Мәселен, Әл – Фараби ғылыми ой – түйіні: жеке тұлғаның қалыптасуы білім, мейірбандық, сұлулық қасиеттердің бірлігінде деп тұжырымдаса, Ж. Баласұғын бала тәрбиесін бесіктен бастау қажет екендігін баса айтады.
Ал Ахмет Иүгінекидің (ХІІ -ғ) шығармаларында, әсіресе, «Ақиқат сыйы» дастанында гуманистік ой – пікірлермен қатар ең басты нәрсе деп, оқу мен білім мәселелеріне көңіл қояды. Адамгершілік, этикалық, әдептілік ілімдері де мағынасы, мазмұнды, әділ сөйлей білуге, сыр сақтай білуге, сыр әдептің басы – тіл – тілге сақ болу керектігіне баса көңіл бөліп, маңызды ақыл - өсиеттер айтады.
ХVІІІ – ХІХ ғасырларда кең тараған бір теория – эмоционалды теория. Оның жақтаушысы Ж.Ж. Руссо «бір нәрсеге құштарлық алғашқы сөздерді шығарады» - деп жазды. Бұл теория ХІХ – ХХ ғасырларда одағай теориясына келіп ұласты. Аталмыш теория бойынша алғашқы адамдар айналадағы заттармен танысқанда өздерінің алған әсерлерін еріксіз шығарған дыбыстар, одағайлар арқылы білдіргенде, олар әлгі заттардың атауларына айналып, тіл пайда болған. Бұл теорияны жақтаушылардың бірі – орыс лингвисі Д.Н. Кудрявский. Ал қоғамдық шарттасу теориясы – алғашқы адамдар сөздерді өзара келісе отырып, таңдап алған дейді. Олай болуы үшін адамдардың сөздерді өзара тілді бұрыннан білуі керек қой. Демек, бұл теория да ешбір дәлелсіз.
ХІХ ғасырларда философ Дюдвиг Нуаре жасаған еңбек айқайы теориясы бойынша, тіл алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайлары негізінде пайда болған.
Бұл айтылған теориялардың барлығы да тілдің әлеуметтік табиғатына мән бермеген, оның қатынас құралы екенін ескермеген қате пікірлер. А. Шлейхтер де: «тіл де биологиялық организм сияқты туады, өседі, өледі» - дейді. Олай болған жағдайда тіл атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалау арқылы беріліп отыруы керек қой. Алайда, тіл атадан балаға ген арқылы берілетін құбылыс емес, ол ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын, кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніп отыратын нәрсе. Олай болатын себебі жаңа туған бала өз ата – анасының тілінде сөйлеуі де, сөйлемеуі де мүмкін. Егер жаңа туған баланың өскен ортасы өз ата – анасының тілінен басқа орта болса, ол сол ортаның тілінде сөйлеп кетеді. Оған өмірде мысалдар жатыр. Бұл – тілдің биологиялық құбылыс емес екендігін дәлелдейді.
Тағы бір топ ғалымдар тілді психологиялық құбылыс деп біледі. Ол, «тілді құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы, туғызады» - деген түсініктен туған. Алдыңғы пікілерден бұл қате пікір еді. Егер тіл рухтың туындысы болса, әрбір адамның жеке – жеке өз тілі болған болар еді, біртұтас халықтың, ұлттың тілі болмас еді. Жеке адамның тілі қауымда ғана жасалады, қауымда ғана дамиды.
Адамзат тілі – биологиялық та, психологиялық та құбылыс емес, ол әлеуметтік құбылыс, қоғамға қызмет етеді. Себебі, тіл қоғам үшін, қоғам мүшелерінің пікір алысып, өзара түсінісуі үшін керек, сол үшін жаралған. Бір – бірімен сөйлесетін адамдар бар жерде тіл де – сол жерде. Қоғамсыз – тіл, тілсіз – қоғам болмайтынын ескере отырып, адамзат тілінің пайда болу теориясының ғылыми негізін К.Маркс пен Ф. Энгельс жасады. Олар: «Тіл де сана сияқты басқа адамдармен қатынас жасау мұқтаждығынан және қажеттілігінен туды» - дейді. Мұнда бірінішіден, тіл мен сананың (ойлаудың) бір – бірімен тығыз байланыстылығы, бір мезетте шыққандығы, екіншіден, тілдің адамдардың бір – бірімен қатынас жасау қажеттілігінен келіп пайда болғандықтан айтылған.
Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, оның тарихы мен дамуы қоғамның тарихы мен дамуына байланысты. Тіл де халықпен, оның өмірімен бірге өзгеріске ұшырайды. Тілдің дамуы – бай тілді жойып, жаңа тіл жасау жолымен емес, бар тілдің негізгі элементтерін дамыту, жетілдіру толығып, тіркестері, ұғымдары жаңарып отырады. Бірақ тіл жаңарады, өзгереді екен деп, қолдан сөз жасау, оның қалыптасқан мөлшеріне қайшы ұғым, тіркестерді тықпалау жараспайды, тіл ондай «жаңашылдықты» үнемі қабылдай бермейді. Тілге кірген жаңалықтар қоғамдық, әлеуметтік өзгерістердің қажет етуінен туады. Тіл дамуының заңдылықтарына сәйкес сақтау, үйрену үлкен азаматтық (патриоттық) істердің қатарына жатады. Бұл жайында Л.Толстой: «Тіл түсінікті халық ұғымына сай, жергілікті сөздермен былғанбаған болуы керек» - деп жазған екен.
Қазақ елінде психология, педагогика, тіл тағылымы сияқты тұңғыш ғылыми оқулықтардың негізін жасаған А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбергенов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов,. М. Жұмабаев, Т. Шолаев, Х. Досмұханбетов тағы басқа да халқымыздың ойшыл ағартушыларының пікірлерінің болашақ ұрпақты тәрбиелеу және білім беру ісіне айрықша мол үлес қосқана да мәлім. Қайта оралып соқсақ Әл – Фарабидің философиялық еңбектерін ғылыми зерде сүзгісінен өткізгенде, оның педагогика тарихында орын алатын ұлы тұлғалардың бәрі екендігіне көзіміз жете түседі. Ал И.Г. Песталоций, А. Дистерверг, В.Г. Белинский, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, К.Д. Ушинский, М.А. Горький, т.б. озық ойлы ағартушылар да өз еңбектерінде осындай құнды ойларын ағартушылар да өз еңбектерінде осындай құнды ойларын қалдырған. Әл – Фараби жасаған қортындының басты түйіні: білім, мейірбандық, сұлулық – үшеуінің бірлігінде, ол ақыл – ойдың, еңбектің және білімнің биік мәнін дәріптейді.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – мәдениет даму тұжырымдамасында: «Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік – мәдени даму жолы дегеніміз – ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аударту, халықтың прогрессшіл дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарының толымды түлеуі, гуманитарлық ғылымдарға өнерге, халықтардың рухани байлықтарына қайта оралу, мәдениеттің барлық салаларында ұлттық мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындау» - деп атап көрсетілген.
Тілдік қарым – қатынас негізінде баланың қоршаған әлемі туралы түсінігі айқындалып, толықтырыла түседі, сонымен қатар тілдік және оның мағыналық бөлігі – сөздің негізінде танымдық процестер де дамиды. Ана тілі балаға қоршаған өмірді сол күйінде өмірдегі заттар мен құбылыстардың байланыс пен қарым – қатынасын сезінуге көмектеседі. Сөз араласпаса бала өмірді түсінбейді. Қоршаған өмір туралы білім адамның санасына ауызша түрде сөзбен жеткізеді.
Баланың тілді меңгеруі жайлы ғылыми зерттеулер жазған психолог – ғалымдар: Л.С.Выготский, А.Л.Имедадзе, А.Л. Леонтьев, Н.С.Рождественский, Л.А. Венгер, Г.А. Урунтаева, Ю.А. Афонькина, тағы басқа баланың жас кезінде танымдық, қаблыдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты тілді тез меңгеретінің ғылыми негізде дәлелдеп берді. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту мәселесін зерттегендер: С.П. Рубинштейн, А.М. Леушина, А.М. Дементьева, М.М. Конина, И.Е. Тихеева, В.Г. Захарченко, А.В. Запорожец, П.Я. Гальперин, А.А. Люблинская, т.б.
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мәселесі бойынша тарихи - әдістемелік, ғылыми – теориялық арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдар: Б.Б. Баймұратова, А.К. Меңжанова, М.С. Сәтімбекова, Ф.Н. Жұмабекова, Р.К. Аралбаева, т.б. зерттеулері нәтижесінде ғылыми - әдістемелік еңбектер, оқу – құралдар, бағдарламалар жасалды.
Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі