Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету жұмыстарының бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 07:54, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында «Инклюзивті білім беру жүйесін» жетілдіру көзделген [1]. Осының негізінде, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінде дыбысты дұрыс айтуын түзету жолдарын қарастыру мәселесі де өзінің өзектілігін айқындайды.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІІНДЕ ДЫБЫС АЙТУЫН
ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ...................................................................6

1.1 Сөйлеу тілінде балалардың дыбыс айтуын
түзетудің теориялық негізі..........................................................................................6
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың
дыбыс айту ерекшеліктері.......................................................................................16
1.3 Дыбыс айту бұзылысының туындау себебтері.................................................26

ІІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДЫБЫСТЫ
ДҰРЫС АЙТУЫН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ
ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ................................................37
2.1 Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету
жұмыстарының бағыттары......................................................................................37
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс
кемістігін диагностикалау........................................................................................47
2.3 Қалыптастыру экспериментінің
әдістемесі мен нәтижелері........................................................................................53

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Байрова, дисс.doc

— 889.50 Кб (Скачать документ)

Балалардың дыбыс айту ерешеліктері өнегесіз тәрбиенің себебімен де жиі пайда болады, баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуында жанында жүретін ересек адамдар мүлде көңіл аудармайды. Сөздегі дыбыстардың қателігін түзетпейді, өз сөзімен түсінікті етіп анық айтудың үлгісін көрсетпейді. Басқаша айтқанда, баланың сөйлеуге дағдылануының дұрыс жетілуіне ересектердің жүйелі ықпал жасауы тиіс.

Баланың сөйлеу тіліндегі ақаулық есту қабілетінің жетілмеуінен де болуы мүмкін. Айтылуы бір-біріне ұқсас дыбыстарды ажыратуда баланың қиналатындығы байқалады. Мысалы: ұяң және қатаң дауыссыздарды, жіңішке және жуан, ысқырық және ызың дыбыстарды айтқанда. Қорытындысында, дыбыстардың дұрыс айтылуының  дамуындағы мұндай қиыншылықтар ұзақ уақытқа кешігеді. Сонымен бірге дыбыстардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктері, әсіресе сөздердегі алмастырулары мен шатастырулары уағында фонематикалық есту қабілетінің қалыптасуына зиянын тигізуі мүмкін, ал қалған жағдайда, оның салдары жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауына және жазуы мен оқуының бұзылуына себебін тигізетіні сөзсіз.

Сақаулық сонымен қатар дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелері: тілдің, еріннің, төменгі жақ сүйектерінің нашар қимылдауларынан да болуы мүмкін. Соның салдарынан бала тілін қалыптагы жағдайда дұрыс үстап түра алмайды немесе қажетті қимылдарды тез арада орын алмастыра алмайды.

Дислалия сонымен бірге есту кабілетінің нашарлығынан да болуы мүмкін. Бұндай жағдай ызың мен ысқырық, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстарды бөлшектегенде байқалады.

Дислалияның ауыр және ұзаққа созылуына баланың ақыл-ойының жеткіліксіз дамуы да себеп болуы мүмкін. Іштен туа біткен ойы кеміс балалардың 55%-дан көпшілігі сөйлеу тіліндегі дыбыстарды дұрыс айта алмайтындығы белгілі.

Дислалияның келесідей түрлері анықталған. Сөйлеу тілі мүшелерінің күрделі қимылдарын және тілдің қатысуын онша көп керек етпейтін М, Н, Т, П дыбыстары сирек бұзылатыны, ал басқа дауыссыз дыбыстардың кез-келгені жиі бұзылып айтылатындығы байқалады

Әсіресе сөйлеу тілі мүшлерінің қиьш айтыдатын Р, Л тіл дыбыстары, ысқырық (С, Э, Ц) және ызың (Ш, Ж, Ч, Щ) дыбыстары жиі бұзылады.

Әдетте қатаң және ұяң дауыссыздар сынарларымен қоса бірдей бұзылады. Мысалы: бала С, З дыбыстарын дұрыс айтпаса, онда жіңішке сыңарларының да ақауы болады. Р, Л дабыстарыңың жана жіңішке сыңарлары көбінесе дұрыс айтылады, өйткені бұл дабыстардаң жіңішке сыңарлары сөйлеу тілі мүшелерінің ыңғайына  қарай келіп тұрады. Баланың сөйлеу тіліңдегі дабыстардаң бұзылуы түрліше болады, мысалы көз келген бір дабыс сөз ішінде айтылмай түсіп қалса, ал қайсы бірі оларда бүрмелеп немесе басқа дыбыспен алмастырып айтуы мүмкін.

Бұзылудың осы түрлерін жеке-жеке қарастырып көрейік. Сөйлеу тіліндегі дабыстардың түсіп қалуы сөздің басында, ортасында және аяғында кездесуі мүмкін. Мысалы: ракета-акета, тарақ-таақ,батыр-баты.

Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуын бұрмалаған кезде тіл дыбыстарының жүйесінде болмаған түсініксіз дабыстарды шығарады. Мысалы: «Р» дыбысын айтқанда жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті дірілдеп, қырылдаған дыбысын немесе кішкентай тіл тәрбиеліп, көмейден ырылдаған тұрпайы «Р» дыбысы, тілін шайнап «С» дыбысын, тілін бұрап бір езуін «Ш» дыбысын, еріндерін үрлеп «Л» дыбысын шығарады.

Тіл дыбыстарының жүйесіндегі бір дыбыс екінші дыбыспен алмастырылып айтылады, Алмастырулардың мынадай түрлері болуы мүмкін:

1. Жасалу жолдары жағынан ұқсас, сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылуында айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады, мысалы, тіл артық түзелмелі (шұғыл) дыбыстарын тіл алды «Т, Д» шұғыл дыбыс орына алмастырылады (Кәмила-Тәмила, гүл-гүл);

2 Сөйлеу мүшелеріндегі айтылуы  ұқсас, жасалу жолдарының айырмашылығы  бар дыбыстар алмастырылады, мысалы, тіл алды «С» дыбысы тіл алды «Т» дыбысына алмастырылады (сабын-табын);

3. Жасалу жолдары ұқсас, ал сөйлөу тілі мүшелерінің әрекеті бойынша айырмашылығы бар «С» дыбысына алмастырылады. Мысалы: Самат, Фамат және т.б;

4. Сөйлеу тілі мүшелеріндегі  айтылуы тек жасалу жолдары  ұқсас дыбыстар дауыстың қатысуымен  шығатын дабыстармен, мысалы ұяң дыбыстар қатаң дыбыстармен алмастырылады  (Болат-Полат, қозы –қосы);

5. Жасалу жолдары ұқсас дыбыстар  мен сөйлеу мүшелерінің белсеңді  әрекеттері бойынша шығатын дыбыстар жуан және жіңішке белгілерімен айқындалатын дыбыстармен, мысалы: жіңішке дыбыс  жуан дыбыспен, жуан дыбыс жіңішке дыбыспен алмастырады (пяз-паз, өрік-өрық).

Сөйлеу тілінде айтылуы бұзылған дыбыстардың мөлшері бойынша дислалия қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дабыстардың саны төртке дейін болса оны карапайым, ал одан көп болса күрделі дислалия дейді.

Егер сөйлеу тілінің айтылуьнда бұзылған дыбыстардан қате дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетіндегі бір топтағы мысалы, ысқырықты дыбыстарда болса, оларда моно-морфиялық дислалия дейді. Егер бұндай ақаулықтар дыбыс шығарудагы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетіндегі бірнеше топтардағы мысалы, ротацизм, сигматизм жөне ламбдацизм дыбыстарда болса, оларды полиморфиялык дислалия дейді.

Белгілі бір топтағы дыбыстардың айтылуындагы ерекшеліктеріне қарай дислалия мынандай түрлерге бөлінеді;

1. «Сигматизм» гректің «сигма» деген әрпінің дыбысталуымен ысқырық (С, Э, З, Ц) және ызың (Ш, Ж, Ч, Щ) дыбыстарының айтылуындағы ең көптараған түрлері. Мүкістіктерін білдіреді. Мүкістіктер – сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуындағы ең көп тараған түрлері.

2. «Ротацизм» гректің «ро» деген әрпі «Р» дабысын білдіреді, «Р» дыбыстарының сөйлеу тілінің айтылуында болатын мүкістік.

3. «Ламбдацизм» гректің «ламбда» деген әрпін  «Л» дыбысын білдіреді, «Л» дыбыстарының сөйлеу тілінің айтылуында болатын мүкістік.

4. Сөйлеу тіліндегі айтылуында болатын таңдай дыбыстарының ақаулықтары;

  • каппацизм – К, К  дыбыстары;
  • гаммацизм – Г, Г дыбыстары;
  • хитизм – Х, Х  дыбыстары;
  • йотацизм – Й дыбысы;

Бұл гректің капп, гамма, хи, йота деген әріптері Қ, Г, Х, Й дыбыстарын білдіреді/.

5. Ұяң дауыссыз дыбыстарының ақаулығы - сөйлеу тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстарының айтылуындағы ақаулықтар. Мұндай ақаулықта ұяң дауыссыздар өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастырада: В-П, Д-Т, В-Ф, З-С, Ж-Ш, Г-Ғ, К-Қ. Мұндай ақаулықтар құлағы нашар еститін керең балаларда жиі кездеседі,

6. Жіңішке дауыссыз дыбыстардың ақаулықтары. Сөйлеу тіліндегі жіңішке дауыссыздардың өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастыру ақаулықтары: Д-Д, П-П, К-К, Р-Р.

Өздерінің жіңішке сыңарлары жоқ Ш, Ж, Ц дыбыстары мен қатаң сыңарлары жоқ Ч, Щ, Й дыбыстарында бүтіндей ақаулықтар кездеспейді

Сайып келгенде, сөйлеуді дамытуда толық есту қабілеті өте маңызды фактор болып табылады деп айта аламыз. Дыбысты бала туғаннан бастап қабылдайды: басында бұл дыбысқа жай ғана қарашығының үлкеюі, тынысын ұстап тұруы, басқа да қозғалыстар көрінеді. Атап айтқанда, бала естудің көмегімен қоршаған ортадағы сөзді қабылдайды, өзінің дыбыстауына бақылау жасауы өте маңызды. Баланы үнемі дұрыс айта алмауы әдетке айналмау үшін түзетіп отыру керек, артынан оны түзету өте қиынға соғады. Сондықтан, баланың сөйлеу тіліндегі дыбысты дұрыс айтуын қашанда қадағалау, алдын-алу мен түзету маңыздылығын көрсетеді.

 

 

 

 

2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДЫБЫСТЫ ДҰРЫС АЙТУЫН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ

2.1 Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету жұмыстарының бағыттары

Дислалия («dis»-бұзылу, «lalia»-сөз)- бұл сөйлеу тілінің бұзылуының едәуір тарағандарының бірі. Осы бұзылыстың ең негізгісі - сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. «Дислалия» деген терминді Еуропада ең бірінші болып Вильнюс университетінің профессоры, дәрігер И.Франк енгізген деп саналады. 1827 жылы шыққан монографиясында бұл терминді барлық жалпы этиологиясы әр турлі дыбыс айтуының бұзылуын атаған. Кейін 19 ғасырдың  30-шы жылдары Р.Шультес осы терминді қолдаған. Бірақ ол бұл терминмен артикуляциялық аппараттың мүшелерінің ақаулықтарының салдарынан дыбыс айтудың бұзылыстарын атады. Зерттеулер бойынша, мектеп жасына дейінгі балаларда 25-30%-нда (5-6ж), мектеп жасындағы (1-2 сынып) балалардың 17-20%, ал жоғарғы сынып оқушыларында 1% дыбыс айтуының бұзылуы кездеседі. Бұл зерттеулер осы бұзылыстар уақытша екенін дәлелдейді. Дислалияда тек ғана дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады.

Дыбыстардың бұзылуының 4 түрі кездеседі:

1.Дыбысты мүлдем айтпауы;

2.Дыбысты алмастырып айтуы;

3.Дыбысты бұзып айтуы;

4.Дыбысты шатастырып айтуы.

Дыбысты мүлдем айтпауы және дыбысты бұзып айтуы – бұзылыстың антропофониялық түрі, ал дыбысты бұзып айтуы мен шатастырып айтуы бұзылыстың фонологиялық түрі деп ажыратылады. Бұзылған дыбыстың санына байланысты дислалия жай (мономорфты) және күрделі (полиморфты) болып бөлінеді.

Логопедия ғылымында дислслияның келесі түрлерін ажыратады: акустика-фонематикалық, артикуляторлы-фонематикалық және артикуляторлы-фонематикалық деп бөлінеді.

Акустика – фонематикалық дислалия: дыбысты айту ауытқушылығы, оның акустикалық сипаты бойынша дыбысты өңдеу операцияларының таңдаулы қалыптаспаушылығымен байланысты. Бұзылу негізінде- фонематикалық естудің жеткіліксіз қалыптасуы. Ауытқушылық физиологиялық естуі сақталған баладағы кейбір дыбыстарды есту арқылы ажырату қызметі таңдаулы түрде қалыптаспайды, бұл акустикалық жақын дыбыстармен ауыстыруды білдіреді. Бұзылу сөзді қабылдау механизімінің сенсорлы бөлімінде шектеледі.

Артикуляторлы – фонематикалық  дислалия сөзді өндіруші моторлы бөлімінің артикуляторлы қасиеті бойынша фонемді таңдау операцияларының қалыптаспаушылығымен байланысты ауытқушылықты қосады. Екі түрлі болуы мүмкін:

1) артикуляторлы негіздің толықтай  қалыптаспауы кезінде, нәтижесінде  фонемді таңдауда керекті дыбыстың  орнына әлі қалыптаспаған, артикуляциясы  жағынан едәуір оңай, артикуляциялық  нышандар бойынша жақындар таңдалады.

2) Артикуляторлы  негіз қалыптасқан  және баламен дыбысты шығару  үшін керек барлық артикуляторлы  ұстаным игерілді. Бірақ дыбысты  таңдау кезінде  дұрыс шешім  қабылданбайды. Кейбір жағдайларда дыбыс дұрыс айтылады, басқаларында дұрыс айтылмайды. Яғни, дыбыс алмастырылып айтылады. Артикуляциясы ұқсас дыбыстар алмастырылып, шатастырылып айтылады. (ц-ч, р-л, т-к, д-г, с-ш, з-ж).

Дислалияның осы түрінде баланың фонематикалық есту қабілеті толық қалыптасқан болады. Сондықтан, бұл ақаулықтар түзету барысында жойылады. Мұндай мағлұматтар А.Н.Гвоздевтің, В.И.Бельтюковтың, О.В.Правдинаның жұмыстарынан кездестіруге болады. Дыбысты бұзып айту моторлы бұзылыстарға байланысты емес. Ол фонемаларды артикуляторлық белгілеріне байланысты іріктейтін операцияларына (әрекетіне) байланысты.

Артикуляторлы-фонематикалық дислалия артикуляторлы позициялары дұрыс қалыптаспауының салдарынан болған бұзылыстар. Дыбыстар бұзылып айтылады (дұрыс айтылуына жақын). Дыбыстарды тастап кетуі мүмкін.

Баланың сөйлеу тіліндегі дыбыс айтудың осындай ақаулықтарына тоқтала келе, біз оны түзету жұмыстарының бағытарына тоқталып кетеміз. Дыбыс айтуын түзетуде логопедиялық түзету жұмыстарындағы гимнастиканың ролі. Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудедегі логопедиялық жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылған. Оларға сүйенетін болсақ, мәселен Ф.Ф.Рау [12] екі кезеңге бөлсе, О.В.Правдина [85] мен О.В.Токарева [86] үш кезеңге, ал М.Е.Хватцев [21] төрт кезеңге бөлді. Ғалымдар көрсеткен кезең саны әртүрлі болғанымен олардың негізгі мақсаты бір болып келеді. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді болып саналады:

- Дайындық кезеңі;

- Дыбысты қою кезеңі;

- Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі;

- Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі

Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ, бірінің аяқталуы екіншісінің басталуына ұласып кетеді.

Дайындық кезең. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары: баланың түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейінін, тыңдау, ойлау қабілетін дамыту, арнайы логопедиялық міндеттерге артикуляциялық дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату жатады. Артикуляциялық дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады. Мысалы:

«Күрекше» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. «Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

«Төбешік» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.

«Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.

«Ожау» – ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек.

«Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

«Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

«Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.

«Тәтті тосап» – жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/.

Информация о работе Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету жұмыстарының бағыттары