Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 07:54, курсовая работа
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында «Инклюзивті білім беру жүйесін» жетілдіру көзделген [1]. Осының негізінде, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінде дыбысты дұрыс айтуын түзету жолдарын қарастыру мәселесі де өзінің өзектілігін айқындайды.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІІНДЕ ДЫБЫС АЙТУЫН
ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ...................................................................6
1.1 Сөйлеу тілінде балалардың дыбыс айтуын
түзетудің теориялық негізі..........................................................................................6
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың
дыбыс айту ерекшеліктері.......................................................................................16
1.3 Дыбыс айту бұзылысының туындау себебтері.................................................26
ІІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДЫБЫСТЫ
ДҰРЫС АЙТУЫН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ
ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ................................................37
2.1 Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету
жұмыстарының бағыттары......................................................................................37
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс
кемістігін диагностикалау........................................................................................47
2.3 Қалыптастыру экспериментінің
әдістемесі мен нәтижелері........................................................................................53
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................
С.Н.Шаховская алалияға шалдыққан балаларда тез шаршау зейіннің қасиеттерінің даму төмендігінің байқалатындығын көрсетсе, Э.Ф.Соботович [51] әлсіреу және инициативаның көрінуі ырықты зейіннің бұзылысын зерттеген басқа авторлар осы топтағы балалардың психоорганикалық белгілерін талдау барысында зерттеген [80].
Р.А.Белова-Давид сөйлеу тілінің барлық жағының дамымаушылығы көрінген балаларды зерттей отырып, зейіннің көлемі және тұрақсыздығы, белсенділіктің мақсатты бағытталудың жоқтылығы, жоғарғы тез шаршау, сөйлеу тілімен қоса психикалық әрекеттердің барлық түрінің төмен деңгейде болатындығын көрсеткен [81].
Г.В.Гуравец моторлы бұзылысты салыстыра отырып, моторлы алалияны екі топқа бөліп, екі топ балалардағы белсенді зейіннің тұрақсыздығын көрсетті. Бұл жерде ол шаршауды, әлсіреуді ескере отырып бірінші топ балалардың тез шаршауын және екінші топ балалардың тұрақсыздығын білдіреді деп айтты [82].
Ғалымдардың еңбектеріне сүйену бізге, сөйлеу тілі функциясының бұзылысы кезіндегі зейінге тән ерекшеліктерді келесідей анықтауға негіз болды:
- вербальды мәліметтерге
Сөйлеу мен дыбысты шығару түрлі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады да, олардың нақты мазмұны мен мәніне, мақсатына орай есте сақтауда дамиды. Мәселен, И.Т.Власенконың сөйлеу тілі дамымаған балалардың есте сақтауын зерттеу жұмыстарының бірінде, осы категориядағы балалардың сырттан берілген заттардың көмегімен сөздік-ойдық байланыстар қалай орнатылатындығын мақсат етіп қойған [83].
Л.С.Цветкова көрнекі ойлау кезінде сөйлеу тілі көрнекі ситуацияларды талдауда немесе қозғалыс әркеттерінде қызмет атқарады, ол сонымен қатар тапсырманың шартын талдауда, жоспарын құрда, стратегияны шешуде үлкен қызмет атқарады. Қазіргі таңдағы зерттеу жұмыстары ішкі сөйлеу тілінің көрнекі-әрекеттік тапсырмаларды орындау кезенде ең басты орынды алатындығын көрсетті. Конструктивті тапсырмаларды орындау – бұл көрнекі-әрекеттік негізгі бір формасы. Автор өз зерттеулерінде мидың зақымдалу локализациясының әр түрлі конструктивті әрекеттерінің бұзылысына талдау жүргізді [77].
И.Т.Власенко және басқа ғалымдар афазияға шалдыққан балалардың бұзылысын талдау мақсатында зерттей отырып, олардың түрлі бөлімдерін және сөздік ойлау әрекеттерінің кезеңдерін, құрылым компаненттерінің құрамын анықтады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілі бұзылысы бар балалардың қиял ерекшеліктерін В.П.Глухов зерделеген. Ғалым өз зерттеуінде, жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларға: қимыл-қозғалыстың жеткіліксіздігі, қиялдың комбинаторлық функцияларының тез шаршауы және бейнелерді кеңістікте орналастыру деңгейінің төмендігі тән деген тұжырым жасаған.
Жоғарыдағы еңбектерге сүйенсек, сөйлеудің дамымауы мен дыбыс айтудағы кемістік түрлі дәрежеде көрінеді, сондықтан сөйлеудің дамуының үш деңгейін бөліп көрсетуге болады:
Бірінші деңгейі – сөйлеудің жоқтығымен сипатталады. Баланың сөйлеуі былдырға ұқсас. Алайда, егер сөйлеу орташа дамып келе жатса, бұл үрдіс бес айға созылады, ал науқас балаларда көпке дейін созылады. Балалар қандай да бір ойын жеткізу үшін былдырлы сөздерін жестермен және мәнерлі мимикасымен толықтырады.
Екінші деңгейі – былдырлаған сөзден басқа күнделікті қолданылатын сөздермен фразалардың едәуір мәнді болуымен сипатталады. Бірақ та сөздері бұзылған, сөзді жеткізулері нашар болады, бала негізінен айқындалған заттармен әрекеттерді атап кетумен ғана тежеледі. Егер балаға сурет бойынша әңгіме құрауын ұсынса, онда ол үзіндіден құралады, сонда да ол дұрыс, қысқа фразаға қатысты болып келеді. Мазмұнын айтқанда қарапайым қателері – септік жалғауын ауыстыруы және санның түрін дұрыс қолданбау болып табылады. Жалғаулар, бөлшектер өте сирек қолданылады.
Үшінші деңгейі – балаларға түрленген фразалармен айтуын сипаттайды. Алайда дамымаған лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық элементтері болады. Бала суреттерді бейнелейді, өзі туралы, жанұясы, жолдастары туралы әңгіме құрайды, бірақ бұның алдында оның жақсы сөйлесетін құрдастарына қарағанды үлкен қиыншылықтарды басынан кешіреді. Сонымен қатар, дыбыс шығаруының өте нашар болуынан қарым-қатынас өте күрделенген. Егер бала тіпті жеке дыбыстардың дұрыс айтылуын үйреніп алса да, сөйлеудің өзбеттілігінде олар түсініксіз естіледі.
Жалпы алғанда, балалардың танымдық психикалық үдерістері түйсінуі мен қабылдауы, есте сақтауы мен ойлауы және қиялы толық дамыған, ақыл-есі дұрыс болғанымен, сөйлеу тіліндегі дыбыс айтуында айтарлықтай бұзылыстардың болуы мүмкін. Сөйлеу тілі бұзылуын түзету мен алдын алу, оны зерттеумен дефектологияның саласы логопедия ғылымы айналысаты белгілі. Қандай да бір патогендік факторлардың әсерінен пайда болған сөйлеу тілінің кемістігі өз бетінше жойылмайды және арнайы ұйымдастырылған логопедиялық түзету жұмыстарынсыз баланың одан әрі дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Пәні-сөйлеу бұзылысы және сөйлеу тілі бұзылған тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу үдерістері болып табылады. Логопедияда сөйлеу тілінде дыбыстың бұзылысын бұзылуының екі классификациясын клинико-педагогикалық және психология-педагогикалық түрін қарастырады. Біріншісі, клинико-педагогикалық классификация жағынан қарастырылатын сөйлеу тілі бұзылуының барлық түрлерін екі үлкен топқа бөлуге болады: ауызша сөйлеу тілі мен жазбаша сөйлеу тілі бұзылысы. Ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы өз кезегінде 2 типке бөлінеді: 1) сөйлеудің айтылуындағы фонациондық (сыртқы) жағының бұзылуы 2) сөйлеудің құрылымды-семантикалы (ішкі) жүйелік немесе полиморфтық бұзылуы. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы екі топқа бөлінеді, оның нақты қай түрі бұзылғанына байланысты-продуктивті (жазуының бұзылуы) немесе рецептивті (оқуының бұзылуы). Ал екіншісі, психология-педагогикалық классификация сөйлеу жүйесінің құрылымды компоненттері (дыбыстық жағы, грамматикалық қатар, сөздік қоры), сөйлеудің функциональдық аспектілері, сөйлеу әрекеті (ауызша және жазбаша) түрлерінің байланысы есепке алынған лингвистикалық және психологиялық сындардың негізінде пайда болды. Берілген классификациядағы сөйлеудің бұзылуы екі топқа бөлінеді: Бірінші топ - қарым-қатынас құралының бұзылуы (фонетико-фонематикалық дамымау және сөйлеудің жалпы дамымауы). Екінші топ қарым-қатынас құралын қолданудың бұзылуы, мұнда тұтықпа, қарым-қатынас құралының дұрыс қалыптасу кезінде сөйлеудің коммуникативтік функциясының бұзылуы ретінде қарастырылады.
Логопедия ғылымында сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдары, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейді. Логопедияның зерттеу объектісі –сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам (бала). Осыған байланысты тіл мүкістіктерінің бұзылуының бірнеше түрлерін ажыратып кетуге болады. Олар: дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия және тұтығу.
Дислалияда сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Мұнда тек дыбыстардың айтылуы ғана бұзылады
Ринолалияда ең алдымен сөйлеу тіл аппаратының анатомо-физиологиялық құрылысы бұзылады, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылады. Сөйлеу мүшелерінің бұзылуы мен дұрыс әуезінің бұзылуының қатарласып келуі ринолалияны дислалия мен ринофониядан ажыратуға мүмкіндік береді.
Дизартрияда сөйлеу тіл аппаратындағы ағзалар мен тіндердің нервпен қамтамасыз етілуінің органикалық жеткіліксіздігінен сөйлеу тілінің дыбыстарды айту жағынан бұзылуын көрсетеді. Дизартрия гректің артрон – мүшелену және дис –бұзылу сөздерінен шыққан. Анықтап айтқанда сөйлеудің бұзылуы деген мағынаны білдіреді.
Алалияда тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Мүкістіктің мұндай түріне шалдыққан баланың сөйлеу тілі іс жүзінде қатынас құралы бола алмайды. Баланың ана құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы ми қабығының сөйлеу орталықтарына табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен сөйлеуінің дамымауы немесе мүлдем болмауы деген сөз. Алалия сөйлеудің болмауы, сөйлей алмау деген мағынаны білдіреді. Ондай баланың сөйлеу тілі логопедияның жәрдемінсіз өздігінен қалыптаспайды.
Афазия дегеніміз бас миының белгілі бір жеріне жинақталған зақымнан сөйлеу тілінің мүлде немесе жартылай жойылып кетуі жатады. Бұл көбнесе үлкен ми сыңарларының белгілі бір бөлігінің зақымдануынан болады. Афазия көбіне мидың белгілі бір жеріне қан құйылу, ми тамырларының тромбоз сырқатына шалдығуы, мидың ісуі, қабынуы, жарақаттануы салдарынан болады. Афазияға шалдыққан балаларда 3 жастан бастап толық немесе ішінара сөйлеуді жоғалту көріне бастайды.
Сөйлеу екпіні оның мәнерлі тәсілдерінің бірі болып табылады. Аз ғана сөйлеп үйренген барлық балалар дерлік бір нәрсені бөлісуге асығады және олардың сөйлеу екпіні тым жылдам болады. Көптеген жағдайда жас үлкейген сайын бұл басылады, бірақ та кейде екпінінің патологиялық бұзылуы – тахилалия пайда болады. Тахилалия (грек сөзінен tachus - тез, lalia - сөйлеу деген мағына береді) – сөйлеудің патологиялық жылдамдауы. Бұл ауруға жүйке жүйесі тозған, қоздырылған, шыдамсыз балалар бейім, алайда ауру кейде тұқым қуалайды. Бала тез сөйлегендіктен, тіпті оның дыбыс шығаруы дұрыс болғанымен оны түсіну ақылға сыймайтындай қиын. Бала демі жеткенше сөйлей береді және сөздерін қолдың жестикуляцияларымен; кейде аяғының және барлық денесінің ретсіз қозғалыстарымен жеткізеді.
Тұтығу дегеніміз сөйлеу кемістігінің ішіндегі ауыр түрі. Ол баланың психологиясын жарақаттайды, дұрыс келе жатқан тәрбие үдерісін тоқтатады, сөйлеу қатынасына кедергі жасайды, айналасымен әсіресе балалар арасындағы қарым-қатынасын қиындатады. Тұтығуда сөздің еріксіз тоқталуы, сонымен қатар жеке дыбыстар мен буындарды қайталауға әкеп соғатын жағдайлар пайда болады. Бала оқыста қатты қорқып, шошынып қалса тұтығу пайда болуы мүмкін. Бұлар сөйлеу кезінде сөйлеу мүшелерінің (ерін, тіл, таңдай, жұтқыншақ, көкірек, диафрагма, т.б.) бұлшық еттерінің дірілдеп тырысуы салдарынан болады. Тұтығу көбінесе 2-5 жаста көріне бастап, сөйлеу қатынасында болу қиындайды.
Сонымен, жоғарыда айтылып кеткен сөйлеу тілінің бұзылуына туа берілетін кемістіктерді де қосуға болады:
а) Ана құрсағындағы ұрықтың төрт апталығынан төрт айлығына дейінгі кезеңдегі дамуының бұзылуынан сөйлеу тілі бұзылады. Яғни, ананың екі қабат кезінде вирусті жұқпалы аурулар, әртүрлі зақымдар, гигиеналық талаптарды сақтамауынан, резус фактор бойынша қанның сәйкес келмеуі және т.б. себептер әсер етеді;
ә) Болашақ ананың екі қабат кезінде қорқып-шошынуы, жүйке жүйесінің мазасыздануы, уайымдауы, ашулануы баланың сөйлеу тілінің бұзылуына әкеледі.
б) Сөйлеу тілінің мүкістенуіне бас сүйегінің жарақаттануы мен мидың шайқалуы ықпал етеді.
в) Босану кезінде және толғақ қысымынан болатын зақымның мидың оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілмеуінің салдарынан бас сүйегінің ішкі жағына қан құйылады.
г) Сөйлеу тілінің мүкістігіне тұқым қулайтын аурулар және нәресте кезінде жиі-жиі шалдыққан әртүрлі ауру-сырқаулардың зардаптарынан да зиян шегеді.
Аталған сөйлеу тілі мен дыбыс айту бұзылыстарының ішінде зертеу нысанымызға сәйкес дыбыс айтуында кемістігі бар дислалия туралы атап өткенді жөн санадық.
Совет ғалымы Е.Ф.Рау [12] дислалияны зерттегенде, олардың дыбысты дұрыс айтпауы мектеп жасына дейінгі балаларда 15-25 % және кіші мектеп оқушыларында 5-7 % көрсеткен. Ал Беккердің [84] тұжырымдамасы бойынша дислалия 5-6 жаста балаларда 34 % көрсеткен.
Дислалия кезінде есту және сөйлеу аппараты бұлшық еттерінің иннервациясы сау қалпында болады. Дислалия кезіндегі дыбысты дыбыстаудың (айтудың) бұзылуы артикуляциялық аппараттың аномалиясымен немесе сөйлеулік тәрбиелеудің ерекшеліктерімен байланысты. Осыған орай механикалық және қызметтік (функционалдық) дислалияларды ажыратады:
Механикалық (органикалық) дислалия артикуляциялық аппараттың құрылымының бұзылуымен байланысты: бұрыс (прикус), тістердің бұрыс құрылысы, аномальді үлкен және кішкентай тіл, тіл ершігінің қысқа болуы. Аталған дефектілер сөйлеу дыбыстарының дұрыс айтылуын қиындатады.
Қызметтік (функционалдық) дислалия көп жағдайда төмендегілерге: баланың отбасында сөйлеудің бұрыс тәрбиеленуіне (баламен сөйлесу кезінде үлкендердің асыра еркелетіп «няня тілін» қолдану), баланы қоршаған жақын адамдарының дыбысты дұрыс дыбыстамауына, педагогикалық салғырттыққа, фонематикалық тәрбиелеудің жетілмеуіне байланысты. Сондай-ақ қызметтік дислалия кіші мектеп жасында екі тілді бірдей уақытта меңгеретін балаларда кездеседі, және де екі тілдік жүйе дыбыстарының сөйлеу кезінде араласуы байқалуы мүмкін.
Дислалиясы бар балада артикуляциясы бойынша қиын бір не бірнеше дыбыстардың айту бұзылыстары болуы мүмкін (ысқырықты, ызың, р, л). Дыбыстарды айтудың бұзылыстары белгілі бір дыбыстардың жоқ болуы, дыбыстарды қыңырайтуы немесе оларды алмастыру арқылы көрінуі мүмкін. Логопедиялық тәжірибеде дыбыстарды дыбыстау бұзылыстары келесі атаулармен аталады:
- сигматизм (ысқырықты (свистящие) немесе ызыңды (шипящие) дыбыстарды жеткіліксіз айту;
- ламбдацизм (л-л дыбыстарын жеткіліксіз айту);
- таңдайлық дыбыстарды дыбыстаудағы дефекттер (к–к, г–г, х–х, й) дыбыстарын жеткілікті түрде айтпау);
- ұяңды дефект (ұяң дыбыстарының орнына жұмсақ жұптарын айтады);
- жұмсару дефектісі (қатты шығатын дыбыстардың орнына жұмсақ жұптарын айтады).
Дислалиясы бар балаларда сөйлеу дамуының бұзылыстары байқалмайды, яғни сөйлеудің лексико-грамматикалық жағы қалыппен байланысты калыптасады.
Балалардың нормативті дыбысты айтуы төрт жасқа дейін біртіндеп қалыптасуы жүреді. Егер балада төрт жастан кейін дыбысты айту дефектісі байқалса, ол баланы логопедке міндетті трде қаралуы қажет. Дегенмен, сөйлеудегі дыбысты дыбыстаудың дамуы және оның бұзылыстарына арнайы жұмысты ерте бастауға болады.
Функционалды дислалия дегеніміз дыбыс шығару аппаратында ешқандай кемістік болмасада, сөйлеу тілі дыбыстарының дұрыс айтылмауы. Басқа сөзбен айтканда, ешкандай органикалық негіз жоқ. Функционалды дислалияның көп тарауының бір себебі баланың сөйлеу тілін үйде дұрыс тәрбие бермеуден. Кейде ересектер, баланың былдырдаған сөзін қызық көріп, ұзақ уақытқа дейін оған өзі де бейімделіп шолжыңдасып болады. Қорытындасында көп уақытқа дейін баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуы кешеуілдеп қалады.
Баланың сақаулығы еліктеуден де болуы мүмкін. Қағида бойынша балаға сөйлеу тіліңдегі дабыстарда әлі дұрыс қалыптаспаған жас баламен әрдайым қалыптасып сөйлесіп жүрудің де зияны тиеді. Бала үйдегі ересек адамдардың сөйлеу тіліндегі дабыстардың бұрмалануы жиі еліктейді, балаға әсіресе сөзі түсініксіз, тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін бірақ, кейде тіпті жергілікті тілдің ерекшеліктерімен сөйлейтін адамдардың арасында көп болып, сөздерін тыңдаудын да ерекше зиян тиеді. Балаға үйдегі адамдардың екі тілде сейлеуі де кедергі болады. Бала әр тілде сейлеу кезінде бір тілдің айтылу ерекшелігінен екінші тілдің айтылу ерекшелігіне жиі ауысып отырады.
Информация о работе Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету жұмыстарының бағыттары