Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету жұмыстарының бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 07:54, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында «Инклюзивті білім беру жүйесін» жетілдіру көзделген [1]. Осының негізінде, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінде дыбысты дұрыс айтуын түзету жолдарын қарастыру мәселесі де өзінің өзектілігін айқындайды.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІІНДЕ ДЫБЫС АЙТУЫН
ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ...................................................................6

1.1 Сөйлеу тілінде балалардың дыбыс айтуын
түзетудің теориялық негізі..........................................................................................6
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың
дыбыс айту ерекшеліктері.......................................................................................16
1.3 Дыбыс айту бұзылысының туындау себебтері.................................................26

ІІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДЫБЫСТЫ
ДҰРЫС АЙТУЫН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ
ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ................................................37
2.1 Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету
жұмыстарының бағыттары......................................................................................37
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс
кемістігін диагностикалау........................................................................................47
2.3 Қалыптастыру экспериментінің
әдістемесі мен нәтижелері........................................................................................53

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Байрова, дисс.doc

— 889.50 Кб (Скачать документ)

П.Менюк сөйлеу тілінде дыбыстың дамымауын бес кезеңге бөліп көрсеткен:

Бірінші кезеңде (тіл шыққанға дейінгі былдырға дейінгі) айқаймен алғашқы вокализация көбірек болады. Бұл кезеңде ерекше мән дауыс реакцияларының интонациялық сипатына беріледі. Ананың баласының айқайына жауабы маңызды, осы жауаппен баланың алғашқы дауыс рекцияларының мәнінінің дамуы арасындағы коррекциялық байланысқа назар аудырылады [68].

Зерттеулердің бұл аспектісі онтогегенздің ерте кезеңіндегі сөйлеу әрекетінің дамуында естуін бекітудің ролін көрсетіп отыр. Сөйлесу тілі дамуының алғашқы кезеңінде балалар акустикалық қоздырғыштарды ажырата алады, ал ол сөйлеу тілінің қабылдаудың қажетті шарты болып табылады.

Екінші кезең былдыр кезеңін қамтиды. Баланың дыбыстарды айтуы белсенді өз айқайын қадағалай бастап естіп қабыллдауды жырата біледі.

Үшінші кезең – сөз деңгейінде қатынас жасау. Бұл кезеңнен баланың шыңайы дамуы басталады. Сөйлеу тілін қабылдауы сапалы өзгерістерге ұшырайды. Бұл кезеңде зерттеуші негізгі және сапасы жағынана жаңашыл деп баланы айтқан. Сөзінің ұзақтығын қабылдау мүмкіндігінің пайда болатынын есептейді. Алғаш рет моторлы және сенсорлы сөйлеу тілінің арасында байланыс пайда болады.

Төртінші кезең – екі сөз деңгейінде қатынас жасау. Бұл синтаксис және абстрактілі категория дамуының алғашқы кезеңі.

Бесінші кезең – тілдің грамматикалық категорияларының меңгеру болады. Аталаған кезеңділікке сөйлеу тілінің даму бұзылыстары кешеуілдеу механизмдерінің мүмкіндіктері ашылады [68].

Психолог-дефектологтардың еңбектерімен танысуда сөйлеуге басқа жағынан да, яғни қимыл-қозғалыс дағдысы немесе анализаторлардың бірлескен іс-әрекеті нәтижесінде пайда болатын біліктілік ретінде қарауға болатынын айта аламыз. Әрине, бұл сөйлеуді талдаудың тек бір ғана аспектісі, ол басқа түрлерінен оқшауланбай қарастырылу керек.

Сөйлеу тілінің дыбысты айтуының тежелуін ғылыми тұрғыда дәлелдеген Р.Е.Левина болды [34]. Ғалым, сөйлеу тілінің кемістіктерін пайда болу себебтерін келесідей көрсеткен:

1) ана құрасғында даму барысында  болған кеселдер, яғни анасының аяғы ауыр болып жүргенде әр түрлі инфекциялық аурулармен ауыруы, токсикоз, ана мен бала қанының сәйкес болмауы;

2) босану барысындағы жарақат (асфикция);

3) 1 жасқа дейінгі миының зақымдануы. Осының салдарынан баланың ақыл  – ойының дамуында тежелу пайда  болып, жалпы тіл кемістігініне душар болуы сипатталады. Балаларда кездесетін сөйлеу тіліндегі кемістік интелектісі қалыпты жағдайдағы балаларда сондай-ақ, ақыл-ойы төмен балаларда да кездесетінін айтып келесідей топқа бөліп атаған. Бұл топтар қазірде логопедтердің түзету жұмыстарында қолданысқа ие деуге болады. Біріншісі, бала сөйлеумен көзге түседі. Буындарды қос буынды сөздерді «мама», «папа», «ата», «апа» сөздерін айта алады. Дыбасқа (мяу, ксс, мө) еліктейді. Олар бір сөз тіркестерін бірнеше мағынада қолданады. Мысалы, «бип» машина, ұшақ мағынасын білдірсе, «ауа» аударатындығын, укол салу сияқты мағынасын білдіреді. Дені сау балаларда бұлай сәйлеу 5-6 айға дейін созылып, бірте – бірте сөздік қоры көбейеді. Екіншісі, былдырлау, жестпен сөйлеумен қатар, сөз тіркестері болады. Бұл дәрежедегі сөздік қоры кедей, өзіне таныс заттар мен қимыл әрекетті білдіретін кедей сөздерден ғана тұрады. Сөз тіркестерін үлкендердің көмегімен ғана айта алады. Бірақ, грамматикалық құралымында өзгерістер болады. Күрделі сөйлем құра алмайды. Үшінші, алдағы айтылған түрлеріне қарағанда жеңілірек. Ауызекі сөйлегенде сөздік қорының аздығы байқалады. Сөздік қоры зат есім, етістіктен тұрады, сан есім, үстеу аз кездеседі. Септік жалғауларды, жұрнақтарды қолдануда қате кездеседі делінген.

Жалпы, дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады: қарнының ашқанын, ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін айғай салуы, жылау, қыңсылау және басқа да дыбыстар арқылы білдіреді. Бала өмірінің бірінші жылында сөйлеу тілінің дайындық кезеңін дамыту барысы орындалады. Баланың дауыс реакциясы қоршаған ортаның сөйлеуіне еліктеу арқылы дамиды. Бірінші дауыс реакциясының дамуы жаңа туылған баланың айқайында қандайа бір мән бар, қарқынды тыныс алу өкпенің дұрысталуын байқатады. Қарны ашып, жаураган кезде бала айқайлап ыңырсып, жылап кетеді. Дауыс реациясы дайын сөйлеу элементі, баланың бірінші айында ересектермен эмоционалды қарым-қатынасқа түскенде пайда болады. Баланың алғашқы күндері дыбыстық қарым-қатынасы үлкендермен экспрессивті сөйлеу қызметін атқарады Бірте-бірте уақыт өте келе бала ересектермен осындай қарым-қатынастың арқасында, 2-3 айда шамасында баланың бірінші күлкісі, яғни жандану комплексі пайда болады.

Баланың өмірінің алғашқы 2-3 айларында қуаныш көрінісі күшейе түсіп, жандану комплексі қарым - қатынас реакциясына айнала бастайды. Бала өзі жеке отырғаннан гөрі улкендермен сөйлескенде былдыр сөздерді екі есе көп айтады. Егер улкендер баланың қуанышты кезінде демеу берсе, яғни олармен белгілі бір қуанышын қатанысқа түсіп сөйлесіп отыруы керек. Бұл баланың сөйлеуін немесе дыбыс айтуға деген құштарлығын артыра алады. Үш айда баланың өзі дыбыстарды, айтуды үйренеді. Одан кейін дауысты дыбыстар араласқан буындарды әуендетіп айтуы а-а-а, ла-ла, ғы-ғы, ды-дыға ауысады. Бұл сөйлеу тынысына жақсы жаттығу болып та табылады. Өмірінің бірінші жарты жылының  аяғында буындарды айту, былдыр сөздері қосарланған буынды сөздерге жалғасады. Мәселен, сәби үш айлық кезінде еліктеу дыбыстарын шығара бастайды.

Үш жарым жеті айлық сәбилерде нәзік көру сезімталдығы жіктеледі. Ол айналасындағы заттарды айқын ажырата бастайды: бір нәрсеге қуанады, ал кейбіреуіне тіптен назар аударады. Бес-алты айлығында уілдеп, жеті айлығынан бастап жеке дыбыстардан буындар құрап үйренеді, бір жасқа келгенде бес-он сөз айта алатын болады. Бес айдан бастап сәби өз адамдарын және бөгде адамды таниды. Шартты рефлекс тәсілі бойынша жоғарғы жүйке әрекетін үйрену төрт жарым бес айлық сәбидің негізгі түстерді және денелерді ажырата білетінін көрсетті. Сонымен қатар, нәресте жасқа толарда заттарды топтастырылған  бейне ретінде қабылдамайды, Ойыншық қайда деген сұрақтарға  саусағымен көрсетеді. Балалар сөздің толық мағынасын және  дыбысын бірден түсіне алмайды. Алғашқыда сәби сөздерге  қарапайым дыбысқа жауап бергенде болады. Егер ересек адам қоңырау соғып қоңырау қайда? деп сұраса, сегіз - тоғыз айлық сәби дыбыс шыққан тұсқа мойын бұрады.

Алты мен тоғыз ай аралығында буындарды ба-ба-ба, ма-ма-ма, тя-тя-тя қайталау пайда болады. Бала естіген буындар мен сөздерді қасақана көп қайталайды. Туғаннан керең балаларда, дауыс реакциясы қуаныш сезімімен байланысты, гуілдеу немесе уілдеу сөздері уақыт өте келе кеш қалыптасады, бірақ естуі жойылғандықтан былдыр сөздері қалыптаспайды. 6-7 айлық балалармен олардың өз былдыры арқылы қысқа дыбыс да-да, ди-ди, та-та, ти-ти сияқты жаңа дыбыс тіркестерін тіркестіріп айтуға болады. Ал 7-8 айлық сабилерге буындарды ұқсатуды дамытуға ерекше назар аудару қажет. Нәрестемен дыбыс шығаруды алма кезек айту жақсы нәтиже береді.

Жылдың соңында қос дыбысты бірге айта біледі. 9-10 айлығында бір келкі дауыссыз дыбыс пен әркелкі дауысты дыбысты буындарды айта алады. Яғни, әр түрлі буынды қайталай біледі. Мысалы, нә-нә, тә-те, а-та, а-па, кә-кә және т.б. Бұл сәбидің былдырынан алғашқы мәнді сөздің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Он-он бір айдан бастап сәби тек дыбысқа ғана емес,сонымен қатар сөздің мәніне назар аударып ажырата біледі. Сәби жасына толғанда қарама-қарсы сөздерді ажырата біледі, мысалы доп, аю, қуыршақ, машина. Бірақ ұқсас дыбысты сөздерді жіктей алмайды.

Бір жасқа дейінгі сәбилердің екінші жарты жылдығында іс-әрекет, қимылдар және сөздер арасындағы байланыс қалыптасады. Осы байланыс арқылы бір қатар, көрсет, бер, ал, отыр, әкел және т.б. сол сияқты жәй қимылдарды орындауға, алғашқы мәнді сөздерді айтуға  бет алыс пайда болады.

Баланың сөз қорының баюына, дұрыс сөйлеуіне қоршаған орта, үлкендердің сөздік қоры жақсы стимул. Үлкендердің сөзі анық, асықпайтындай және дұрыс болуы керек. Кейбір ата-аналар баланың сөзімен сөйлеймін деп сөзін бұрып айтады, олар балаға ұғынықты деп ойлайды, ол дұрыс емес. Екі жасында баланың сөздік қоры 300-ге жуық болады. Фразалар ұзын және қиын бола бастайды, ал сөздің айтылуы жақсарады.

Екі жасқа жеткенде баланың сөздік қоры 200-400 ге жетеді. Үш жасқа дейін бала сөйлей алмаса қобалжудың қажеті жоқ, онда мамандардан консультация алу қажет. Кейбір ата-аналар баласы өзі жай сөйлегісі келмей тұр деп өздерін басып, көп уақыт өткізіп алып көмек сұрайды. Ал 4 жасқа келгенде қарапайым сөздерден сөйлем құрауға әрекет жасайды. Келе-келе баланың сөздік қоры ұлғайып активтік және пассивтік сөз қоры пайда болады. Активтік дегеніміз - бала өзі айтқан сөзінің мағынасын түсінетін сөздер де, пассивтік дегеніміз өзі айта алмайтын, бірақ өзге адам айтқанда түсінетін сөздік қоры. Сондықтан бір жасқа жеткен бала әлі дұрыс сөйлей алмаса, оған қайғырудың қажеті жоқ. Бала сөйлей алмаса да, ересектердің айтқан сөзін ұқса, айтқанды дұрыс орындай білсе, онда уайымдауға ешқандай негіз жоқ. Баланың тілі шыға бастаған кезде онымен байқап, дұрыс сөйлескен мақұл. Сақауланып сөйлеуге, баланың тілін бұрап сөйлегенін қызық көріп, оның айтқандарындай етіп қайталау жақсылыққа апармайды. Өйткені бала солай сөйлеуге үйреніп кетеді.

Үш жасқа дейін бала сөйлей алмаса қобалжудың қажеті жоқ, онда мамандардан консультация алу қажет. Фразалар ұзын және қиын бола бастайды, ал сөздің айтылуы жақсарады. Кейбір ата-аналар баласы өзі жай сөйлегісі келмей тұр деп өздерін басып, көп уақыт өткізіп алып көмек сұрайды. Сөйлеу тілінің фонематикалық жағынан дамуында баланың қоршаған ортасы үлкен ролге ие, ол дұрыс сәйлеу тілін естуі қажет. Сөйлеу тілінің фонематикалық жағынан қалыптасу ерекшеліктері: 3 жаста «Ш», «Ж», «Ч», «Щ» дыбыстары анық «С», «З» дыбыстарына алмастырылады. «Щ» дыбысы «ч», «Т» -ға жиі, «Т», «Д» дыбыстарына сирек алмастырылады. Ысқырық дыбыстар тісаралық тіс төңірегінде («т», «д») айтылады, ерін тіс арқылы айтылуы мүмкін («Ф», «В»), «Р», «Л» дыбыстарына алмастырылуы мүмкін. Таңдай дыбыстары «к», «ғ», «қ», «г», «ғ», «х», «т» немесе «д» сияқты айтылады.

Сөйлеу тілінің лексикалық жағынана дамы: алғашында балалар номигативті функциялы сөздерді меңгереді. Сонымен қатар, бала етістіктерді қолданып бастайды. Кейінен басқа грамматикалық категориялар: сын есімдер, үстеулер, есімдіктер меңгеріледі. Содан кейін біртіндеп буындық құрамы қалыптасады:

1 жаста бала бір екпінді буынды  қайталап айта алады;

2 жаста 2-3 буынды қайталап айта алады;

3 жастан ары баланың буындық  құрамы біршама қалыптасқан болуып  табылады, балалар күрделі сөздерде қате жіберулері мүмкін.

Сөйлеу тілінің грамматикалық жағынан дамуы үш кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең – аморфты сөздер мен сөйлемдер кезеңі: алғашында сөйлем ретінде жеке аморфты сөздер (1 жастан – 1 жас 10 айға дейін) пайда болады. Балалардың алғашқы сөздері полисемантизммен сипатталады да ым-ишарамен жалғастырылады, интонация жақсы қалыптасады.

Екінші кезең – сөйлемнің грамматикалық құрылымын меңгеру (1 жас 10 айдан – 3 жасқа дейін): сөйлеу тілінің алғашқы грамматизациялануы байқалады. Атау септігінде зат есім, етістіктермен қиысады, бала уақыт категорияларын меңгеріп сөздің буындық құрамын анықтай алады. Үш жасқа толғанда бала байланыстыру типі бойынша құрылған сөйлемдерді көмекші сөздерді қолана бастайды.

Үш жаста баланың тілін дамытудың өте сезімтал (сензитивті) кезеңі болып табылады: нақ осы кезеңде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер қайсыбір себептермен осы жылдарда дыбыс айтуын қажетті жағдайлардан айырылып қалса, онда кейін жіберілген қателердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан, екі-үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет. Тілді дамыту ана тілінің дыбыстық жағы мен грамматикалық құрылысын игеруді көздейді. Егер алғашында бала сөйлеуді сөздің жалпы арғақты – мелодиялық құрылымын қағып алу жолымен қабылдайтын болса, екінші жылдың соңына қарай онда ана тілінің барлық дыбыстарын фонетикалық қабылдау қалыптасады. Осының негізінде белсенді сөздікті және сөзді дұрыс айтуды игеру жүзеге асады. Грамматикалық құрылысты игерудің өз даму кезеңдері болады. Бірінші кезең бір мен екі жасқа дейін – түбірлі сөздерден құралатын сөйлемдер кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажырыратылады. Баланың сөйлеуі ересек адамның сөйлеуіне ұқсайды, дегенмен көбінде үлкендер пайдаланбайтын автономиялы сөйлеуды қолданады. Тілдің гармматикалық құрылысын дамытудың екінші кезеңі үш жасқа дейін созылады. Баланың сөйлеуі біршама байланысты сипатқа ие болып, заттық дүниедегі қарым-қатынастарды оны түсінгендігін білдіруге мүмкіндік береді. Атан тілдің грамматикалық меңгеруде бала негізгі синтаксистік құрылымдарын, грамматикалық формаларын және дыбыстарды игере отырып, орасан зор мүмкіншілігін арттырады.

Төрт – бес жаста барлық сөйлеу қателіктері жоғалады, бірақ ол үлкендердің сөзді дұрыс айтуына байланысты. Сондықтан баланы кішкентай кезінен бастап әдемі, дұрыс, таза сөйлеуге үйрету керек. Балаға көп ертегілер оқытып, жаңылтпаштармен тілін жаттықтырып және баланың сөздері үнемі дамытуда болуы қажет. Дыбыстар жіңішкертіліп айтылуы да мұмкін, кейде аса дыбысталу кемістіктері де байқалуы мүмкін. Мәселен, 4 жаста баланың дыбыстарды меңгеруі тұрақсыз болуы мүмкін. Ысқырық дыбыстар тіс арасынан айтылады. «В» дыбысын «Б»-ға, «Ф» дыбысын «П»-ға ауыстыру байқалады. Жеке ызың дыбыстар дұрыс айтылады. «Р», «Л» сонор анықсыз айтылып, кейде «Й», «В» дыбыстарына алмастырылады.

5-6 жастан баланың ысқырық, ызың, таңдай дыбыстары қалыптасқан болуы керек. Артикуляциясы бойынша күрделі «Р» дыбысы «И», «Л» дыбысына алмастырылып, 7 жасқа дейін дұрыс айтылмауы мүмкін. Зерттеуімізде осы айтылғандарды ескеріп, ерете жаста баланың фонетикалық және фонематикалық қабылдауын дамыту керектігіне басты назар аудару ескерілді.

Адамда сөйлеуге арналған негізгі органы жоқ, сөйлеуге өкпе, өңеш, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт қатысады. Дауысқа негізі ауыз қуысы мен мұрын қуыстары қатысады. Қатты сөйлеуде мидың үлкен жарты шарында орналасқан бөліктері реттейтін тыныс алу, фонациялық және артикуляциялық бұлшықеттер қатысады. Адамның сөзі анық және түсінікті болу үшін сөйлеу органдарының қозғалысы нақты және автоматты түрде болу керек. Сөйлеу аппараты – бас миында орналасқан орталық және тыныс алу, сөйлеу, артикуляциялық бөлімдерінен тұратын перифериялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алу бөлімі кеуде қуысындағы өкпе, бронхы, трахеядан тұрады. Сөйлеу дем шығару кезінде пайда болады, сондықтан да сөйлеген кезде тыныс алуға қарағанда дем шығаруы көбірек. Дауыс бөлігі дыбыс қатпарлары бар кеңірдектен тұрады.

Жалпы алғанда, бала тілінің бірден қалыптаспауы, оның бірден жақсы сөйлей алмауы ата-ананы қинайды. Мидың даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана балалар дұрыс сөйлей бастайды. Бұл –асығуды қажет етпейтін көп уақыттық процесс. Артикуляция мүшелеріне қысқаша тоқталып кетейік. Оның негізгі органдары болып ерін, тіл, жоғарғы-төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу органдары болып табылады. Дауыс буындарының қысылуына байланысты дыбыс кеңірдектен шығады. Дауыс жоғарлығымен, күшімен, екпінімен сипатталады. Дауыстың жоғарлығы дауыс буындарының толқуының жиілігіне байланысты. Ол ұзындығымен жуандығына байланысты болады. Дауыс күші демнің ішке тартылуына байланысты шығады, ал дауыс буындарының қозғалыс қарқынына байланысты болады. Баланың сөйлеуі бойының өсуімен және дамуымен бірге қалыптасады және дамудың әртүрлі қатардағы сатыларынан өтеді.

Информация о работе Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету жұмыстарының бағыттары