Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету жұмыстарының бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 07:54, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында «Инклюзивті білім беру жүйесін» жетілдіру көзделген [1]. Осының негізінде, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінде дыбысты дұрыс айтуын түзету жолдарын қарастыру мәселесі де өзінің өзектілігін айқындайды.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІІНДЕ ДЫБЫС АЙТУЫН
ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ...................................................................6

1.1 Сөйлеу тілінде балалардың дыбыс айтуын
түзетудің теориялық негізі..........................................................................................6
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың
дыбыс айту ерекшеліктері.......................................................................................16
1.3 Дыбыс айту бұзылысының туындау себебтері.................................................26

ІІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДЫБЫСТЫ
ДҰРЫС АЙТУЫН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ
ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ................................................37
2.1 Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету
жұмыстарының бағыттары......................................................................................37
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс
кемістігін диагностикалау........................................................................................47
2.3 Қалыптастыру экспериментінің
әдістемесі мен нәтижелері........................................................................................53

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Байрова, дисс.doc

— 889.50 Кб (Скачать документ)

«Тоқылдақ» – ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек.

«Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.

Дыбыстарды қою кезеңінде фонемаларды дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру қою кезеңінде негізгі үш тәсіл қолданылады. Бірінші тәсіл, еліктеуге негізделген. Бала естуді, көруді, тактильді – тербелісті, бұлшық ет түйсігін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын қабылдайды, сапалы түрде сөйлеу органдарының қажетті түрде қимылын, қажетті дыбыстарын қайталауға талаптанады. Бұл жағдайда дыбыстардың тікелей естіп қабылдау, сөйлеу қимылдарын көру арқылы қабылдау, оның ішінде (өзінің айнаға қарау көмегімен), ішінен ауа ағынын, көмекей дірілін қолмен сезіну түрлі құралдардың көмегімен сөйлеу органдарының жұмысын бейнелеп көрсетумен толықтырылуы мүмкін. Тиісті дыбыстарды айтуға еліктеу арқылы қол жетпеген жағдайда әуелі оның элементтерін қалыптастыруға күш салу керек. Мәселен, Р фонемасының айтылуын түзеткенде тілді дұрыс формасы мен позициясын игерілетін жаттығулар жасап, содан кейін ғана оның тербелісін қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу мүшелерінің қимыл баяулығы немесе қатар басқарылуы қиындықтары кейде дайындық артикуляциясы жаттығуларының тұтас жүйесін пайдалануға, өзіндік артикуляциялық гимнастикаға сүйенуге мәжбүр, етеді. Екінші тәсіл, құралдардың (шпатель, зондлар) немесе саусақтың көмегімен сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасауды көздейді. Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция пайдаланды, соның негізінде сөйлеу органдары механикалық жолмен баяу түрде қажетті қалыппен қозғалысқа келтіреді. Сөйлеу органдарының белгілі бір қалыпымен немесе қимылымен байланысты гинетикалық тітіркендіргіштермен бірлесе отырып ми қабатындағы іздер жүйесі түрінде бекиді. Бұның өзі қажетті артикуляцияны кейінірек еркін және белсенді айтуға алғы шарт болып табылады. Таза күйіндегі осы тәсілге тән нәрсе – механикалық әсердің нәтижесінде алынатын артикуляция бастапқы кезде баланың талабына сай, келмеуі мүмкін. Мәселен, Қ дыбысының айтылуын механикалық тәсілмен түзету кезінде оған та-та-та буындарын айту ұсынылады және осы кезде тілдің алдындағы белгілі шпательмен басып қойылады. «Та» буынын ұмытпаған бала оны – «тя» түрінде, ал шпательмен тілді ақырын жылжытып итерген жағдайда – «кя», сосын – «ка» түрінде бастайды. Үшінші – аралас тәсіл. Бұл тәсіл бойынша сөйлеу тілі механикалық ықпал жасаудың мақсаты – еліктеу және ауызша түсіндіру арқылы қажетті артикуляцияны мейілінше толық және дәл айтуға көмектесу. Бұған баланың қажетті артикуляцияны еркін меңгере алмаған жағдайда (төменгі тіс йсигматизмін түзетуді қараңыз, тілдің ұшын астыңғы тістің артқы жағына түсіріп ұстап тұру үшін зонд пайдалану мысал бола алады). Аталған тәсілдердің бәрінде де дыбыстардың артикуляциялық тегістігін ескеру қажет және мүкіс дыбысты түзеткенде оның тектестерінің дұрыс айтылуына сүйену керек. Мысалы, үнді дауыссыздарға еліктеу арқылы түзеткенде сәйкес ұяң дауыстыға сүйенген пайдалы. Егер қос ерінді ұяң дыбысы қалыптасқан болса ол тіл-тіс қатысында айтылатын – Д дыбысын меңгеруге көмектеседі. Ал – Д дыбысын меңгеру осы әдіспен немесе механикалық жолмен тіл – таңдай түбі қатысында айтылатын – Г дыбысын қалыптастыру негіз болады. Көптеген жағдайда дыбыс туыстығын екі бағытта пайдалануға болады. Мысалы, – Ш дыбысы дұрыс айтылса, ол артикуляциясы тілдің сәйкес жолымен сипатталатын – Р дыбысын қалыптастыруға негіз болады. Керісінше – Р дыбысы да – Ш дыбысын қалыптастыруға өте қолайлы. Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру үшін жаттығу материалын таңдаған кезде фонетикалық, талаптарды еске алу, айту қиындықтарын сатылап арттыруды сақтау керек. Сонымен қатар сөздік материалдарының (сөз, сөз тіркесі) мәні балаға түсіну мүмкіндігінше күнделікті алынуға тиіс. Қарапайым жаттығулардан барынша күрделі сөйлеу қызметіне біртіндеп көшу өте маңызды. Мысалы: – логопед ілесе қарапайым буындар мен сөздерді қайталаудан бастап, дауыстап оқуға заттарды атауға, суреттер бойымен суреттерден бейнеленген қарапайым көріністерді сипаттауға, есептерге, өлеңді, жұмбақты, мақал мен мәтелді, жаңылтпашты тиісті дыбысты қатыстырып жатқа айтуға, одан әрі сұрақтарға толымды жауап беруге, суреттер сериясын әңгімелеп беруге, ақырында еркін әңгімелесуге ұмтылу керек. Алайда есте болатын жай – түрлі дыбыстардың айтылу кемшілігін түзету қиындығының дәрежесі көбінесе бұл кемшіліктердің сипатына және бағытына және ерекшелігіне байланысты. Сондықтан, дыбысты түзету ретін анықтағанда тілдің фонетикалық қалпын сипаттайтын мәліметтерге алдын-ала арнаулы сынақтарға сүйену керек, олар кемшіліктердің түзетуге икемділік дәрежесін білуге көмектеседі. Екі немесе одан да көп дыбыстармен жұмыс істеуді жоспарлаған кезде екі түрлі талапты сақтау керек. Біріншіден, – мұндай жұмыс үшін сөйлеу органдарының құрылысындағы қарама-қарсы дыбыстарды алу тиіспіз. Бұл интерференция туғызуға, дыбыстарды айтуға қажетті қимылдардың өзара ықпалының біржақты тиіуне соқтыруы мүмкін. Мысалы, – С дыбысының қайталап айтылуын түзету кезінде онымен бір мезгілде қысқа – У түрінде айтылатын – Л дыбысын бір қалпын ортасында науашасын қатыстырып, екіншісін түзеткенде мүлде қарама-қарсы қалпы пайда болады, үшкірленіп /азу тіспен арадағы бүйір саңылауы). Екіншіден, әсіресе айтылуы алғашқы кезде үлкен энергия шығындауды қажет ететін дыбыстармен бір мезгілде жұмыс істеуден аулақ болу керек. Мысалы, тыныс органдарына елеулі түрде түзететін – Ш және – Р дыбыстарымен қатар жұмыс істеу тез шаршатуы мидың тыныс алуды басқаратын орталығы уақытша талдыруы мүмкін. Бұлай шаршаудың белгісі беттің қуаруы, жеңіл бас айналу, лоқсу сезімі. Жоғарыда дыбыстарды қалыптастыруды сипаттағанда кейде арнаулы артикуляциялық гимнастика керек екенін айттық. Бұндай гимнастикаға дыбыстардың дұрыс айтылуына қажетті сөйлеу қимылдарын қалыптастыратын жеке жаттығулар енгізіледі. Алайда дыбыстардың түрлі тобын қамтитын күрделі тіл кемшілігі жағдайында. Ол сөйлеу моторикасының жалпы жеткіліксіздігіне байланысты болса (мысалы дизартрияның алуан түрінде), артикуляциялық гимнастикаға келтірілген программа бойынша жүргізіліп сөйлеу аппаратының түрлі бұлшық ет топтары қызметіне әсер етуі тиіс. Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңіндегі логопедиялық жұмыс дыбысты дұрыс машықтандыру кезеңіндегідей жүйемен жүргізіледі. Тіл кемшіліктерін түзетуге арналаған логопедтің жұмыс тиімділігінің қажетті шартты – оның сенімді жабдықталуы. Жабдықтар ең кем дегенде мыналарды қамтиды:

- оқушы мен логопедтің бетін қатар көрсете алатын үлкен айна;

- шпательдер мен зондлар, тазалық құралдары;

- сөзді жазып, қайталайтын магнитофон;

- тыныс алуды қажет ететін дамытуға қажетті ойыншықтар альбоммен құралдар;

- дыбыс айтылуын зерттеуге қажетті суреті бар альбом;

- түрлі дыбыс топтарына қажетті сөйлеу материалдарымен жұмыс істеу үшін суреттер лото;

- түрлі дыбыстың айтылуына бекітуге қажетті тілдің материалы бар кітап – құрал;

- әр топқа арналаған оқу материалы бар кітапшалар.

Сөйлесуді көзбен бақылау (фиброскоп «Двин») немесе сөйлеу органдарына механикалық әсер етуге арналған түрлі приборлар мен құралдар шыққан сайын, олар да жабдықтар жиынтығына өтуге тиіс. Нақты дыбыстардың айтылу кемшіліктерін түзету тәсілдерін сипаттауға көшпестен бұрын бұл кемшіліктердің ішінде дыбыстың өзгеруінен туатындары, сонымен қатар бір дыбысты өзге дыбыспен ауыстырудан пайда болатындары бар екенін атап көрсету керек. Кемшіліктердің алғашқы – антропофоникалық, соңғысы – фонологиялық деп аталады. Антропофоникалық кемшіліктің үлгісі – Р дыбысын тамақпен айту немесе – С дыбысын тіске қысып айту бола алады. Фонологиялық кемшіліктің мысалы – Ш орнына – С алмастыру «ескі» – ешкі, немесе – Р орнына – Л «роза» – лоза, сонымен қатар фонологиялық кемшілік аралас дыбыс түрінде де кездеседі. Бұндай жағдайда дыбысты дұрыс айта тұрып, оларды сөйлеу кезінде шатастырып алады. Мысалы: Самат маған көрші тұрады, қате айтылуы «Шамат маған көрсі тұрады» Бұндай жағдайда дыбыстардың артикуляциясын қалыптастыру қажет болмағандықтан біздің қарастырумыздан тыс қалады. Сонымен қатар дыбыстың тұрақты алмастыруын түзету кезінде мынандай жағдайда ескерген жөн. Жаңа артикуляцияны меңгерген кезде біраз уақыт жаңа қойылған дыбыс пен бұрыңғы ауыстырып айтылған дыбысты сөйлегенде жиі қолданылады. Мысалы, ш дыбысы с дыбысымен алмастырылады дедік. Енді ш дыбысын дұрыс айтып үйренгенде біраз уақыт С дыбысы бар сөздерде Ш дыбысы қолданылады. Сабын – шабын, қасық – қашық т.б. Фонологиялық қателіктер уақытша сипат алуына қарамастан жазу қателіктеріне де соқтыруы мүмікн. Сондықтан фонологиялық қателікті түзету нәтижесінде бекіте отырып дефференциялық мақсатына тиісті дыбыстарды және буын мен сөздегі әріптерді салыстырып отыратын жаттығуларға көңіл бөлу керек. Түрлі дыбыстардың айтылуы кемшіліктерін сипаттау барысында осы кемішіліктердің пайда болуына себеп болатын оларды түзетілуіне кедергі болатын аппаратының шеткі бөліктерінің құрылысындағы кейбір аномалиялар ескертіледі. Бірақ есте болатын жай бір жағынан айту кемшіліктері кейде сөйлеу аппаратының өте дұрыс, құрылымы бұзылған жағдайында да бола берсе, кейде сөйлеу аппаратының елеулі кемшілігіне қарамастан сөйлеу тілінің фонетикалық жағы дұрыс, дамуы жиі кездеседі. Бұл фактілер жоғарыда нерв қызметінің ерекше икемділігінің куәсі, дұрыс сөйлеу үшін сөйлеу аппаратының зор мүмкіндігі бар екенін танытады. Шеткі сөйлеу аппаратының құрылымының анық аномалиясы жағдайында дыбыстарды дұрыс айту мүмкіндігін ескертудің маңыздылығы сонда, кейде бұл аномалияларды дыбыстың айтылу кемшіліктігін коррекциялауды қимылдататын фактор ретінде аса мән беру кездеседі. Тек ерін, тіс, таңдай, жақ, тіл құрылысындағы ең ауыр аномалиялар болғанда ғана логопедиялық жұмыстан бұрын хирургиялық операция реттеу немесе протездеу түріндегі медициналық әсерді қажет ететінін тәж көрсетуде. Бұндай әсердің қажеттігін логопед пен дәрігер (стомотолог, отоларинголог) бірлесіп шешеді.

Алдымен дыбыстың артикуляциясымен таныстыру қажет. Дыбыс айту кезіндегі дыбыс шығару органдарының, әсіресе тілдің еріннің қимыл – қозғалыстарында көңіл бөліп логопедтің көрсетуі бойынша еліктеуіш әдісімен дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандырады. Егер бұл әдіспен үйренбесе, онда басқа арнайы әдістерді пайдалану қажет. Мысалы: «ң» дыбысын дұрыс айтқызу үшін баладан «Н» дыбысын созып айтуын өтінеміз. Осы кезде логопед шпательмен немесе логопедиялық зондпен тілді жұмсақ таңдайға шейін итеріп тілдің түбірін жұмсақ таңдайға тигізіп ұстап тұру керек. Сөйтіп «Ң» дыбысын созып жеке айтуға дағдыландырады. Дыбыс айтуға машықтандыруды алдымен жабық буыннан бастаған жөн. Біріншіден «ң» дыбысы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді, екіншіден «Ң» дыбысы жабық буынды анық естіледі. Мынандай да әдіс пайдалануға болады. М дыбысын айтқызу кезінде ерінді екі саусақпен ашып ұстап тұру керек. «Ң» дыбысын қоюда төртінші әдісті де қолдануға болады. Ол әдіс ұқсас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу арқылы «ң» дыбысын айтқызуға дағдыландыру. Мысалы: ан-аң, он-оң, ын-ың, өн-өң, ін-ің, ұн-ұң. Ұқсас буындарды кезекпен айтқызу әдісімен басқа да дыбыстарды айтуға болады. Мысалы: қа-ға, та-те, қо-ғо, па-пе, қу-ғу, ба-бе, қы-ғы, са-се, то-то, ты-ті, бо-бө, бы-бі, ко-ке, сы-сі, со-се, мы-мі, мо-ме, ны-ні. «Ә» дыбысын дұрыс игеруге «А» дыбысы негіз болады. Бала «а» дыбысын айтқанда кезде тілді алдыңғы тістерге тигізе жылжытып, тілдің ортасын аздап дөңестендіріп ұстау керек. Ә дыбысымен буын айту машықтандырғанда алдымен тіл алды дауыссыздарынан бастаған жөн. Мысалы: әт, тә, әл, лә, әс, сә, әз, зә,

Дыбысты қоюға дайындық кезеңінде қолданылатын артикуляциялық жаттығулар. Артикуляциялық жаттығуларында негізгі мақсаты тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл – қозғалыстарын толық жетілдіру. Әр жаттығудың өзіндік аты бар және сол аттарын балалар есіне сақтай білуі қажет. Біріншіден атаулар балаларды жаттығуға қызықтырады, екіншіден жұмыс барысында уақытты жасау шарттарын түсіндермей тек оның атын айтса жеткілікті. Мысалы: «ат шауып келеді» немесе «сағат». Жаттығуларды дұрыс орындау тәсілдеріне тоқталайық.

1. «Күрекше» жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып 10-15 секунд ұстап тұру керек. Тілді қимылдатпай ұстап тұруын қадағалау керек.

2. «Кесе» ауыз кең ашық. Жалпақ  тілді жоғары тіске қарай көтеріп 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек.

3. «Ине» ауыз ашық. Тілді жіңішкертіп  ауызды шығарып 10-15 секунд ұстап  тұру керек.

4. «Төбешік» ауыз сәл ашық. Тілдің  екі бүйірі жоғары азу тістерге  тиіп тұр. Тілдің ұшы алдыңғы  төменгі тістерге тірелген. Осы  қалыпта 10-15 секунд ұстап тұру  керек.

5. «Түтікше» жалпақ тілді ауыз  қуысынан шығарып бүйірлерін  жоғары көтеріп түтікшеге ұқсатып  тұрып үрлеу.

Осы жаттығулардың бәрін баяу қалыпта орындап 8-10 рет қайталау қажет.

6. «Сағат» жіңішке тілді ауыз қуысынан шығарып оңға, солға қимылдату керек. 15-20 рет қайталау.

7. «Ат шауып келеді» тілді  таңдайға жабыстырып баяу, жылдам  қағу керек. Тіл асты желбезегін созу. Жаттығуды 10-15 рет қайталау.

8. «Саңырауқұлақ» ауызды кең  ашып тіл ұшын таңдайға жапсырып  ұстап тұру керек.

9. «Алтыбақан» тілді жіңішкертіп ұстап кезекпен мұрынға, иекке қарай созу. Бірақ ауызды ашып ұстау керек. Осылайша 15 рет қайталау қажет.

10. «Тәтті шырын» жалпақ тілмен  жоғарғы ерінді жалап ауыз  қуысына тереңірек кіргізіп ұстау. Осылайша 15 рет қайталау қажет. 1

11. «Жылан» ауызды кең ашып, тілді молырақ алға қарай жылжытып жіңішкертіп, қатайтып ұстап, сосын осы қалыпта ауыз қуысына ақырындап кіргізу.

12. «Сылақшы» ауыз сәл ашық, тілді  шығарып әуелі жоғарғы ерінді, сосын төменгі ерінді жалау. Бағытын өзгерте отырып 10-15 рет қайталау.

Көрсетілген жаттығулардан логопед қойылатын дыбысқа керектілерін ғана іріктеп алып түзету жұмыстарын жүргізеді. Логопедтің мектепте жүргізетін негізгі міндеті – тіл бұзылысы бар балаларды анықтап,  баланың жеке-дара ерекшеліктерін, тіл бұзылысының түрін ескере отырып  жағымды психофизиологиялық жағдайда жан-жақты түзету жұмысын жүргізу болып табылады. Балаларды логопедиялық тексеріс өткізудің негізгі мақсаты – тілінің даму деңгейі жас ерекшелігіне сай келе ме, тілінің даму деңгейін, кемшіліктерін  анықтау жүргізіледі.

Логопедиялық тексеріс жүйелі түрде әр түрлі көрнекі-құралдардың көмегімен, логопедтің басшылық етуімен  жүзеге асады. Әр оқушы жеке-дара тексеріледі. Логопедиялық тексерісте оқушының артикулляциялық аппараты, сөздік қоры, дыбысты айтуы мен ажыратуы, фонематикалық есту қабілеті, тілінің грамматикалық құрылысы, сөйлеу тілін түсінуі, жалпы тіл байлығы тексеріледі.  Тексеріс барысында оқушының мінез-құлқына, тіл байлығына, тілінің дамуына ерекше назар аударылып, логопедиялық қорытынды жасалады. Логопедиялық тексеріс – логопедиялық жұмыстың негізі бастауы, көзі болып табылады. Мысалы,

«Инеше» Мақсаты: Тілді жіңішкертіп, осы қалыпта ұстауды үйрену.

Сипатамасы: Ауызды ашып, тілді шығарып, тілді жіңішкерткен қалыпта 1-ден 5-10-ға дейін ұстап тұру. Назар айдару керек: Тіл ерінде жатпайды, ерінге тимейді, алға қарай созылады.

«Кеме» Мақсаты: Тілді үстіңгі тістердің артына қоюды үйрену. Тілдің бұлшық еттерін бекіту. Сипаттамасы: Күлімсіреу, ауызды кең ашып, тілдің ұшын үстіңгі тістердің артына тіреп қою.  5-10 секунд ұстап тұру. Назар аудару керек: 1. Тілдің екі жақ шеттері «Кесе» жаттығуындағыдай үстіңгі шеткі тістерге тимеуі мүмкін. 2. Егер сіз балаға «ы-ы-ы» дыбысын тілдің ұшын үстіңгі тістерге аздап батырып әнднтіп айтқызсаңыз «Л» дыбысы шығуы мүмкін.

«Кучер» Мақсаты: Тіл мен еріннің вибрациясын дамыту, «Р р» дыбысын айту үшін артикулляциялық мүщелерді дайындау. Дем шығару күшін дамыту. Сипаттамасы: Еріндерді қосып, еріндер арқылы қатты үрлеу. Еріндер вибрацияланады, «тпру– у-у» деген дыбысқа ұқсас дыбыс естіледі. Нұсқа: Еріндердің арасына тілдің жалпақ шетін қойып, үрлеу. Тілдің шеттері еріндермен бірге вибрацияланады. Назар аудару қажет: Егер бала бұл жаттығуды орындауда қиналса, балаға еріндерді қаттырақ қосып, қаттырақ үрлеуді ұсыңыныз.

«Гармошка» Мақсаты: Тілдің бұлшықеттерін бекіту, тіл асты байланысын созу. Сипаттамасы: Күлімсіреп, ауызды ауызды сәл ашу, тілді таңдайға жапсырып,  ауызды ашып-жабу. Бұл арқылы тіл асты байланысы дамытылады. Біртіндеп ауызды кеңірек ашып, тілді жоғарғы қалыпта ұзақ уақыт ұстауды үйрену. Назар аудару керек: 1. Егер бала тілін таңдайға жапсыра алмаса, «Ат шауып келеді» жаттығуын қайтадан орындап, бұл жаттығуды баяу, тілді үстінде ұзақ уақыт ұстап  орындау керек.

Балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзету жұмыстарына кіріспес бұрын, оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде  білу қажет.  Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар, нервті-психология саласында да психологиялық ауытқушылықтар болатына да назар аудару қажет. Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет. Джанни Родари осы жайлы: «Тек қана ойын барысында нәресте сөйлеуді еркін меңгереді, нені ойласа, сол туралы айтады. Оны оқыту мен үйретудің керегі жоқ, керісінше, онымен ойнау керек» деген өз ой-пікірін білдірген екен. Нәрестелер үшін күні бүгінге дейін  аса қажетті саналатын көптеген ойын - күлкілер мен ермектер сақталып қалған, олар: ойын-күлкілер, ән тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер.

Көп қызығып қарады.

Шаттанып жүрек барады.

Көкек шақырады.

Шақырады? Шақырады!

Көкек шақырады.

Орманда жүр ол секектеп,

Кө-кек, кө-кек, кө-кек! - деп,

Ересектермен бірлесіп өткізілетін қызықты ойындар – бұл өзгелермен қарым-қатынас жасай білушілікті жетілдіріп, баланың тілін дамыту түсетін тамаша құралы болоып табылды.

Тілдік қалыптасуға геометриялық ойындар тәуір ықпал етеді. Дөңгелек шеңберлерден, сопақша пішіңдерден және басқа да мүсіндерден шағын көбелек құрттарын, көбелектерді, бала қораздары, кішкентай құстарды, саңырау құлақтарды құрастырып өру-қызғылықты да пайдалы іс. Ең алдымен, ересек адам құрастырып өреді, бұл көрініс балдырғанның бойында таңқалу сезімін тудырып,оны «Бұл енді не болып шықты?» деп сұрақ қоюға жетелейді, содан соң нәрестенің өзі де ойынға қосылып кетеді. Мұндай ойындар көрнекі ойлауды, елесті, қиялды дамытады, шығармашылық қабілеттер мен сөйлеуді белсендіреді.

Информация о работе Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету жұмыстарының бағыттары