Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 07:54, курсовая работа
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында «Инклюзивті білім беру жүйесін» жетілдіру көзделген [1]. Осының негізінде, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінде дыбысты дұрыс айтуын түзету жолдарын қарастыру мәселесі де өзінің өзектілігін айқындайды.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІІНДЕ ДЫБЫС АЙТУЫН
ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ...................................................................6
1.1 Сөйлеу тілінде балалардың дыбыс айтуын
түзетудің теориялық негізі..........................................................................................6
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың
дыбыс айту ерекшеліктері.......................................................................................16
1.3 Дыбыс айту бұзылысының туындау себебтері.................................................26
ІІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДЫБЫСТЫ
ДҰРЫС АЙТУЫН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ
ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ................................................37
2.1 Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету
жұмыстарының бағыттары......................................................................................37
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс
кемістігін диагностикалау........................................................................................47
2.3 Қалыптастыру экспериментінің
әдістемесі мен нәтижелері........................................................................................53
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................
Нәрестемен бірге отырып теледидар тамашалауда жақсы нәрсе. Психологтар ересек кісілер қасында болған кезде нәрестенің тілдік түйсініп-қабылдауы оның туындауына жағымды ықпал ететіндігін дәлелдеген. Сөйлемейтін нәрестеге әріптерді көрсетуде құптарлық іс. Егер сіздің нәрестеңіз өзін қоршаған тұрмыстық заттардың ішінен әріптердің кескіндерін тауып жатса, бұл жақсы нәрсе. Швабра-Т әрпін, ауладағы турник-П әрпін білдіреді. Нәресте қазіргі өзіне таныс әріптерді жарнама маңдайшаларынан, газеттердің тақырыптарынан тауып алады. Нәрестенің ойын материалында әріптер, цифрлар бейнеленген кубиктердің болуы қажет, ол сұрай қалған жағдайда сіз оған осылардың атауын айтып бересіз. Әріптерді, цифрларды қарай отырып, нәресте сенсорлық өрісті дамытады, көрушілік талдауын жетілдіреді. Дегенмен, әріптерді көрсете келе, егер оның ынта-ықыласы болмаса, нәрестемен мектептегідей оқып үйренумен айналысуға, дыбысқа екпін түсірмей-ақ әріппен таныстырып өтуге болмайды (мәселен: М әрпін көрсете отырып-(«М» деп емес, «ЭМ»деп айту керек. Ал МА, ПА, БА буындарымен танысу кезінде М және А –не болады? Деген сұрақтармен ойды бөлуге болмайды). Қоғамның қазіргі өмірдегі белгілік мәдениетінің элементтерімен (әріптер,цифрлар, геометриялық пішіндер) ертерек танысатын балалар өрнектерді, кертпелерді жақсы құрастырады, яғни, нәзік көру талдауы қажет етілетін тапсырмаларды жақсы орындайды. Алайда, сауаттылықты меңгеруді бірден асығыстыққа салынып, жеделдетпеген жөн. Әріптерді есте сақтау мен оқу – бұлар әр түрлі атқарылатын іс-әрекеттер.
Нәрестемен мейілінше көбірек қарым-қатынаста болу маңызды. Айқын әрі мәнерлі сөйлеу бөбек үшін үлгіге айналуға тиіс. Бөбекке оның қалаған нәрсесін уақытында беру емес, керісінше алғанда, өтініш ету, онымен араласып-құраласу, бірдеңені айтқысы, сұрағысы келу ахуалын тудыру дұрыс саналады.Сөйлеушілік қарым-қатынасқа белсенді түрде араласуға деген тілек – мұқтаждықты туындататын эмоциялық жағымды ахуал орнату – нәрестенің сөйлеушілік іс-қызметінің мәнді алғышарты. Нәрестенің айналасындағы барлық заттарды дыбыстандыру, сөйлеуге айналдыру, оларды нақты етіп айту, сондай-ақ бөбектің мынадай: «Айт! Қайтала! Атын ата! Мынау не! Қайда!» Қаратпа сөздермен сөйлеуге ынтасын көбірек ояту- ең бастысы осы.
Нәрестені атқарылатын іс-әрекеттің әр алуан түрлеріне неғұрлым ертерек тартудың маңызы зор. Мысалы, әжесімен кір жуысу, анасымен бірге – ыдыc-аяқты жуу, кілемнің шаның сору, атасымен бірге шеге қағып, тақтаны ағаш балғамен тақылдату. Өйткені, нәресте ересектердің шаруасына аласпаса, керісінше, тек қана (болмайды, әрі кет, қиратасың, сындырасың) деген сияқты жекірулерді еститін болса, онда ол мінезі шәлкем-шалыс бала болып өседі, барлық нәрседен қорқып-үркіп тұатын болады, ең бастысы, ешкіммен араласып қараласуға зауқы соқпайды. Нәресте үшін затқа, нәрсеге байланысты атқарылатын іс-қызметті меңгертпейінше, оның бойында сөйлеу қарым-қатынасына деген қажеттілік пайда болмақ емес.
Кез келген нәрсе, онымен ересек кісі айналысып, іс-әрекет жасаса, нәресте үшін айрықша тартымды бола түспек. Нәрестемен нәресте болып көріңіз, онымен қосылып кілем үстінде еңбектеңіз, пирамидамен, қуыршақпен ойнаңыз, кішкене машинаны көрсетіңіз, жан-жануарларды хайуанаттар паркіне алып барыңыз және т.с.с.
Поэзиялық халық ауыз әдебиеті эмоциональдық жағынан нәрестенің өмірінің мазмұның байыта түседі, оның бойында ана тілдің құнарын сезімталдықпен түйсінуге тәрбиелейді. Нәрестенің тілдік дамуына халық ертегілері мен авторлардың ертегілерін дауыстап оқып беру қалай пайдалы әсер ететінің осыдан-ақ көре берініз! Бұл жерде дауыстың күшейтпелік сипаты емес, керісінше, оның мазмұнды да мағыналық толыққандығы маңызды болмақ. Кішкентай аңдардың әдет-дағдыларын, олрдың қимыл-қозғалыстарын дауыс арқылы берудің мәні зор. Ересек адамның дауысы асықпай, баяу, көңілге сенім ұялатып, ақырын байсалды түрде шығады. Мүмкін болғанынша балақайды кітап әлемін қызықтыруға ертерек баулыңыз. Оған ертегілер, ән-тақпақтар, шағын өлеңдер оқып беріңіз, өйткені, бұларды кішкентай балдырғанның психологиясын терең танып, түсіне білетін ана тілдің талантты сөз зергерлері жазған ғой.Оны кітапқа ұқыптылықпен қарауға шадамдылықпен, сабырмен үйрете беріңіз. Егер кішкентай сәби «байқаусызда» парақты жыртып алған болса, кітапшаны онымен қосылып бірге емдеңіз.
Балалардағы сөйлеу бұзылыстарды түзету үшін ең бастысы мектепке дейінгі мекемедегі яғни, балабақшадағы және мектептегі логопедтердің қызметтерінің маңызы зор. Олардың тығыз қарым-қатынастары жұмыстарындағы қиындықтарды жеңіл шешуге әсер етеді, балабақшадағы сөйлеу бұзылыстарын мектепте түзетуді жалғастырады және де түзету жұмыстарының әдістемелерімен терең танысады. Әр баланы басынан бастап зерттемей жұмыстарды жалғастыруға болады уақытты үнемдеуге қолайлы деседе болады.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сүйене келе, дыбыс айтуында бұзылысы бар балаларды ерте жастан дыбысты дұрыс айтуға ынталандыруға тиімді әсер етуге болатындығын дәлелдей түседі. Зерттеуімізде аталғандарды басшылыққа ала отырып, сөйлеу тілінде дыбысты айту бұзылысын дұрыс айтуға ынталандырудың бағыттарын, әдіс-тәсілдерін іздестіруге негіз бола алады демекпіз.
2.2 Мектеп жасына дейінгі
Мектепке дейінгі жастағы, сондай-ақ мектепте оқитын балалардың арасында да ең көп тарағаны – дыбыстарды айтудағы ақаулықтар. Бұл топтағы есту қабілеті дұрыс балалар жеке дыбыстарды, бір немесе бірнеше ызың және ысқырық, ызың және аффрикатты дыбыстарды дұрыс айта алмайтындығы байқалады: Ж, З, С, Т, Ч, Ш, Щ.
Сондықтан, біздің зерттеуіміздің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларда дыбысты дұрыс айтуын ынталандыруда фонетикалық және фонематикалық жағдайын анықтау және түзету.
Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмысы келесі бағыттарда құралды:
1.Дыбыстардың жеке айтылуын тексеру.
2. Сөздер арасында дыбыстарды дұрыс естіп, қабылдауын, ажыратуын тексеру.
3. Шатастыруы көп дыбыстытды нақтылап оны түзету.
Осыған орай, тәжірибелік-эксперимент 3-кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) ұйымдастырылып, оған Тараз қаласындағы №6 логопедиялық балабақшадан естияр және ересек тобындағы балалары жұмылдырылды.
Анықтау эксперименті барысында дыбыстардың айтылуын анықтаудан бұрын біз, балалардың жалпы моторикасын тексеру мақсатында келесі жаттығуларды орындаттық.
- Аяқ ұшымен тұру, тізерлеп отыру;
- Екі аяқпен артқа, жоғары, төмен қозғалу;
- Қолды алға, артқа, жоғары, төмен қозғау;
- Сызықпен жүріп өту;
- Қолдың ұсақ мотрикасымен
- Бес-алты рет саусақты жұмып ашу;
- Қолдың барлық саусақтарын бес бармаққа қосу.
Тәжірибелік – эксперименттің бірінші бағыты бойынша балалардың дыбыстарының айтылуындағы ең көп тараған түрлері ысқырық және ызың дыбыстардың айтылуын тексеріліп, қағазға тісіріліп отырылды.
Дыбыстардың айтылуының тексерілуі келесі кезеңдермен ұштастырылды:
Тексерілетін дыбыстар: Ж, З, С, Т, Ц, Ш.
«Ж» дыбысы бойынша балаларға суреттерді көрсетіп, солардың аталуын дауыстап айтып беруін қадағалау. Суреттер: жолбарыс, жалау, жылқы, жұлдыз.
Буында «Ж» дыбысының айтылуын тексеру:
Ж-Ж-Ж
Жа – жа,
Аж – аж,
Ажа – ажа және т.б.
Сөзде «Ж» дыбысының айтылуын тексеру:
Жаз,
Жа-уын,
Жа-рыс,
Жа-ман,
Жақ-сы,
Жыл-қы,
Жа-сыл және т.б.
Сөйлемде «Ж» дыбысының айтылуын тексеру:
Жаз жарқырады.
Жапырақ жап-жасыл.
Жайлауда жарыс басталды.
Жомарт жарысқа қатысты.
Жамбыл мен Жақан жуынды.
Анықтау экспериментіміздегі зерттеу жұмысының бағыттары бойынша «Ж» дыбысын буында, сөзде, сөйлем ішінді сөйлеу тілінді айта алмауы 3,6 пайыз есебінде, шатастыру 6,5 пайыз есебінде болса, алмастыру 28,2 пайыз есебін көрсетті. Жалпы сөйлеу тіліндегі шатастыру, алмастыру, айта алмаудың жалпы көсеткіші 38,3 пайыз есбінде анықталды.
«З» дыбысы бойынша балаларға суреттерді көрсетіп, солардың аталуын дауыстап айтып беруін қадағалау. Суреттер: жолбарыс, жалау, жылқы, жұлдыз.
Буында «З» дыбысының айтылуын тексеру:
Қы-мыз,
Жұл-дыз,
Қо-быз және т.б.
Сөйлемде «З» дыбысының айтылуын тексеру:
Зәулім үй.
Зәуре зығыр тасыды..
Айжанда сағыз бар.
Зере мен Зада жазда ауылға барды.
Жаз айында Зере қозы бағады.
«З» дыбысының буында, сөзде, сөйлемде дыбыстың бұзылып айтылуын анықтау барысында оның жалпы көрсеткіш 45,0 пайыз есебін көрсетті. Оның ішінде, «З» дыбысын шатастыру 19,5 пайызда шатастыруы анықталса, алмастыруы да 25,5 пайыз есебін нақтылады. Балалардың көбі «З» дыбысын сөйлеу тілінде қоланғандырымен олардың шатастырулары мен алмастырулары ерекше байқалып тұрды.
«С дыбысы бойынша балаларға суреттерді көрсетіп, солардың аталуын дауыстап айтып беруін қадағалау. Суреттер: сағат, сабын, су, саусақ.
Буында «С» дыбысының айтылуын тексеру:
С-С-С
Са – са,
Ас – ас,
Сас – сас және т.б.
Сөзде «С» дыбысының айтылуын тексеру:
Саз,
Сай,
А-сық,
Сай-ман
Су-ат,
Ас-пан,
Ас-қар және т.б.
Сөйлемде «С» дыбысының айтылуын тексеру:
Сағат қалтамда.
Сара, сабаққа бар.
Самат сабынмен жуынды.
Аспанда самғап құс жүр.
Асан мен Самат сабақта.
«С» дыбысын буында, сөзде, сөйлемде айтылуын тексергенде жалпы көрсеткіші 8,3 пайыз дыбыстың бұзылып айтылаты анықталды. Оның ішінде, шатастыруы 4,15 ал, алмастыруы 4,5 пайыз есебін көрсетті. «С» дыбысын айту барысында балалардың көбін дыбысты көп ретте қолданатындықтарын байқауға болады.
«Т» дыбысы бойынша балаларға суреттерді көрсетіп, солардың аталуын дауыстап айтып беруін қадағалау. Суреттер: Тарақ, тай, терек, таға, тауық.
Буында «Т» дыбысының айтылуын тексеру:
Т-Т-Т
Та – та,
Ат – ат,
Тат – тат және т.б.
Сөзде «Т» дыбысының айтылуын тексеру:
Тай,
А-та,
Ат-та,
Та-мақ,
Та-қия,
Та-ма-ша,
Тарт-па және т.б.
Сөйлемде «Т» дыбысының айтылуын тексеру:
Тай жарысты.
Ата Таяқпен таянды.
Тауда түлкі бар.
Тауықтар жем жейді.
Талғат пен Талғар тайға мінді.
Анықтау кезеңінде «Т» дыбысын сөйлеу тілінде айта алғандарымен, ызың және ысқырық дыбыстармен жиі шатастыратыны, алмастыратыны байқалды. Мәселен, шатастыру 44,6 пайыз есебінде болса, алмастыру 46,3 пайыз көрсеткішінде болды. Сондықтан, қалыптастыру эксперименті кезеңінде «Т» дыбысын дұрыс сөзде, буында, сөйлемде ызың және ысқырық дыбыстырман қателесуін түзет мақсатталады.
«Ц» дыбысы бойынша балаларға суреттерді көрсетіп, солардың аталуын дауыстап айтып беруін қадағалау. Суреттер: Цирк, цех, авиация, йемент, операция.
Буында «Ц» дыбысының айтылуын тексеру:
Ц-Ц-Ц
Ца – ца,
Ац – ац,
Цац – цац және т.б.
Сөзде «Ц» дыбысының айтылуын тексеру:
Цирк,
Цемент,
Цех,
Авиация,
Операция
Концерт және т.б.
Сөйлемде «Ц» дыбысының айтылуын тексеру:
Цирк болады.
Цирк көруге барамыз.
Атам мен апам да циркке барады.
Менің әкем цехта жұмыс істейді.
Жолды цементпен салады.
Тәжірибеміздің анықтау кезеңінде «Ц» дыбысын сөйлеу тілінде айта алмайтындықтары 53,4 пайыз есебін көрсететіні нақтыланды. Оның ішінде, «Ц» дыбысын буында, сөзде, буында айтынды шатастыру мен алмастыруында да айтарлықтай қателер орын алды. Шатастыруының көрсеткіші 23,2 болса, алмастыруында да 23,2 пайыз есебімен тең түсті.
«Ш» дыбысы бойынша балаларға суреттерді көрсетіп, солардың аталуын дауыстап айтып беруін қадағалау. Суреттер: шар, шаш, ағаш, шана, шаңғы.
Буында «Ш» дыбысының айтылуын тексеру:
Ш-Ш-Ш
Ша – ша,
Аш – аш,
Шаш – шаш және т.б.
Сөзде «Ш» дыбысының айтылуын тексеру:
Шар,
Ша-шу,
Ша-ға-ла,
Ша-на,
Шаң-ғы,
Ша-ра,
Ша-ра-пат және т.б.
Информация о работе Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету жұмыстарының бағыттары