Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 07:54, курсовая работа
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында «Инклюзивті білім беру жүйесін» жетілдіру көзделген [1]. Осының негізінде, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінде дыбысты дұрыс айтуын түзету жолдарын қарастыру мәселесі де өзінің өзектілігін айқындайды.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІІНДЕ ДЫБЫС АЙТУЫН
ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ...................................................................6
1.1 Сөйлеу тілінде балалардың дыбыс айтуын
түзетудің теориялық негізі..........................................................................................6
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың
дыбыс айту ерекшеліктері.......................................................................................16
1.3 Дыбыс айту бұзылысының туындау себебтері.................................................26
ІІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДЫБЫСТЫ
ДҰРЫС АЙТУЫН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ
ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ................................................37
2.1 Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету
жұмыстарының бағыттары......................................................................................37
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс
кемістігін диагностикалау........................................................................................47
2.3 Қалыптастыру экспериментінің
әдістемесі мен нәтижелері........................................................................................53
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................
- Стол үстінде не жатқанын көріп тұрсыңдар ма? Балалар көргендерін тізіп айта бастайды:
- Сәбіз, …қияр… помидор… баклажан…
- Мұның бәрін бір сөзбен не деп атайды?
- Бұл көкөніс,- дейді балалардың біреуі жауап беруге асығып.
- Дұрыс, бұл көкөніс,- деп баланы көтермелейді тәрбиеші.
- Дәл осы жерде жатқандардан басқа тағы қандай көкөністі білесіңдер?
- Кәді де көкөніс,- дейді бір қыз.
- Капуста, картоп, шалқан, .пияз, сарымсақ - көкөніс,- деп қосады тағы біреуі…
Көріп отырғанымыздай, бұл жағдайда бізге бұрыннан белгілі нақты объектіні бақылау тәсілі пайдаланылады, бірақ әдіс жаңа - сәйлесу әдісі.
2. Тәрбиеші нақты көкөністің орнына әр түрлі көкөніс бейнеленген суреттерді пайдалануына болады, яғни суретке сүйену тәсілін қолданады, бірақ бұл да сөйлесу әдісі болады.
Суретке сүйену тәсілін, салыстыру үшін, мысалы, жеміс-жидек сөзін қосу аркылы күрделілендіруге болады. Мұндайда балаларға берілетін сұрақ — тапсырма мынадай болуы мүмкін:
- Балалар, міне көкөніс пен жеміс-жидекті бейнелейтін суреттер. Кім осыларды тез екіге: көкөніс пен жеміс-жидекке бөліп бере алады? Егер үлестіріп берілетіні тиісті материал болса, әрине, мұндай жұмысты ұйымдастыруға болады: әр балада суреттердің жиынтығы болуға тиіс. Нақты затқа немесе суретке сүйену тәсілі дидактикалық ойындар мен, яғни оқытуға арнайы арналған ойындармен шектеседі. Ересек адамдар балаларды белгілі бір ойынның ережесімен таныстырады. Содан соң олардың өз бетімен ойнауларына мүмкіндік береді. Кез келген дидактикалық ойында баланың тілін дамытатын үлкен мүмкіндіктер бар: өйткені дидактикалық ойын арқылы берілетін кез - келген білімді бала сөйлеу түрінде үйренеді. Бірақ баланың сөйлеу тілін дамытуға арнайы арналған дидактикалық ойындар да бар,- бұл сөйлеу түріндегі дидактикалық ойындар. Бұл ойындар мынадан тұрады:
1) балалар белгілі дыбысқа сөз ойлап табады:
- [С] дыбысынан басталатын затты көрсет.
- Стол, сөре, сақина, сырға…
2) ересек адамның суреттеп айтып беруімен заттардың атын атап, оңай жұмбақтарды шешеді:
- Маған әріптермен толтырылған, суреттер салынған көп қағаздан түратын нәрсені әкел.
- Маған ертегі немесе өлеңі бар нәрсені әкел. Балалар кітапты әкеліп береді.
Әрине, мұндай суреттеп айтып беру бес-алты жасар балаларға ұсынылады;
- «Өзі кішкентай болғанмен, «бөркі қазандай» - бұл не, қане айта қойшы,- дейді тәрбиеші балалармен бірге орманда саңырауқұлақ теріп жүргенде немесе орман ішінде жай серуендегенде. Орман ішіндегі қой бүлдіргені бар ашық алаңқайды тауып алғанда (немесе өз бақшасындағы бүлдірген жүйегінде тұрғанда) тәрбиеші мына жүмбақты оқып беруіне болады:
Күн жағына түбірдің;
Жас шыбықтар жүгірді.
Әр шыбықта жаңағы
Қып-қызыл от жанады.
Шыбықты иіп қалайық
- Отты жинап алайық. (В. Фетисов);
3) балалар бұрыннан білетін жұмбақтарды айтады немесе өздері жүмбақ ойлап табады. Дидактикалық ойынның басты ережесі: балалар жұмбаққа арқау болған затты көруі (ал ең дұрысы қолымен ұстап, иіскеп, дәм татып көруі, егер ол дыбыс шығаратын болса, тыңдауы) керек. Балалардың жас мөлшеріне қарай жайылма сөйлемнің құрылысын, мәселен, тікелей толықтырылатын қос .құрылымдық сөйлемді игеруі үшін түрлі тәсілдерді (әңгімелесу әдісін) пайдалану керек. Бес жастағы бала үшін сөзбен елестетуге сүйену (сөйлесу. әдісі) тәсілі.
- Балалар, «Кім көбірек?» ойынын ойнаймыз. Кім менің айтқан сөзіме көбірек сөз қосар екен? Мен: «Аспазшы түскі асты әзірлеп жатыр»,- деймін. Ал сендер: «Аспазшы таңертеңгі (кешкі, сәскедегі) асты әзірлеп жатыр», «Аспазшы компот қайнатып (шыжғырып, қуырып, бұқтырып; сорпа, щи: балық, ет…) жатыр» деулерің керек. Соңғы бала сөйлегеннен кейін ешкім сөз қосып айта алмаса, сол жеңеді.
Балалар бақшасындағы аула сыпырушының, күтушінің, электр жөндеушінің, слесарьдың, тәрбиешінің және басқа да қызметкерлердің еңбегін әңгімеге арқау етуге болады.
Төрт жастағы баламен жұмыс істегенде бұл міндетті шешуді суретке сүйену тәсілін қолданып (сөйлесу әдісі) жеңілдету қажет. Адам мамандығын толық бейнелейтін суреттердің жиынтығы керек: пеш жанында тұрған аспаз, күрек ұстаған бақшашы және т.с.с.
Алты – жеті жастағы балалармен жұмыс істегенде, біріншіден, күрделі синтаксистік форма берілу (сөйлемде оңашаланған мүшелерді пайдалану немесе күрделі сөйлем құрау), екіншіден, лексиканың ауқымы кеңейтілу арқылы сөйлесу әдісі күрделілендіріледі.
Мәселен, тәрбиеші: «Күнге бақылау жүргізген космонавтар аман-есен Байқоңырға қонды» деген үлгіні бере отырып, ойынды бастайды. Балалар бұл сөйлемде ауыстыруға болатын сөздерді: мұхитқа, солтүстік шұғылаға, жұлдызға, тайгаға бақылау жүргізген…деген сөздермен алмастырады («бақылау» объектілерін балаларға тәрбиешінің айтуы мүмкін, ал сөйлемді дұрыс құруға олар өздері күш-жігерлерін салулары керек).
Тәрбиеші ұсынған басқа бір үлгі: «Суретке түсіретін аңшылар аңды байқасымен орман ішінде оның ізімен қолдарына фотокамераларын алып ұзақ жүреді». Балалар сөйлесуде синтаксистік құрылым бойынша аң деген сөзді нақты атаумен алмастырады: «аюдың (бұланның, буғының, жолбарыстың және т. б.) соңынан жүргенде».
Байланыстыра сөйлеуге жаттығу үшін тәрбиеші тақырыпты белгілеп, осы тақырыпты дамытатын бірнеше сұрақ қойып (жоспардың пункттері), балалардың тілін дамытуды ұйымдастыра алады. Мысалы: - Самал, (6 жаста) бүгін сені таңертеңгісін Байкал балалар бақшасына шығарып салды ма? Ол көшедегілерге үрді ме? Ол көше бойымен қалай жүреді? Оны бүгін серуендеуге кім алып шықты? (Тәрбиеші, әрине, Самалға бұл сүрақтарды қою үшін, оның семьясындағы жайларды білуі керек.) Төрт-бес жастағы балаға сұрақтың бәрін бірдей қоймай, бір-бірлеп қойып, оны екеу ара әңгімеге шақыру керек. Сонымен, сөйлесу әдісі - бұл үйретуші үйренушіні өзінің сөздік қорын орынды пайдалануға және сол арқылы тілін жетілдіре түсуге үйрететін әдіс. Сөйлесу әдісі еліктеу әдісінің тәсілдерімен (нақты объектілерді бақылау тәсілімен, суретке, сөз үлгісіне сүйену тәсілімен, әр түрлі ойын түрлерінің тәсілімен), сондай-ақ әр түрлі сұрақ тапсырма тәсілін қолдану арқылы орындалады.
Сөйлесу әдісін - теориялық материалды берудің бір тәсілі болып табылатын әңгімелесудің мектептік әдісімен шатыстыруға болмайды, сөйлесу әдісі ережесіне қарай практикалық әдіс екендігін аңғарамыз.
Қайталап айту әдісі
Мектепке дейінгі бес-жеті жастағы балаларды, жоғарыда айтылған тілге үйрету әдістерінен басқа, қайталап айту әдісімен де үйретеді, ол балалардың сөзін тілдің барлық компоненттерімен (лексикамен, грамматикалық формалармен, интонациямен) байытатын, олардың байланыстырушы сөздерін жаттықтыратын қайталап айту әдісімен сөйлеуге үйретеді.
Қайталап айту әдісінде тәрбиеші балаларға көркем әдеби шығарманы оқып береді (айтып береді) немесе серуендегенде, экскурсияда болғанда өздері көрген нәрселерді олардың есіне салады, немесе «өз өмірінде болған оқиғаларды» айтып береді (баяндайды), немесе балалар көрмеген әлде бір затты, хайуанатты сөзбен суреттеп айтады, содан соң оларды: 1) тәрбиешінің әңгіме айтуы барысында сұрақ қоюға, 2) оның әңгімесін (өз жолдастарының біріне немесе үйдегі ересек адамдар үшін) қайталап айтып беруге ынталандырып отырады.
Қайталап айту әдісі еліктеу әдісіне ұқсас. Бұл әдістердің арасындағы айырмашылық мынада: тәрбиеші оқып болысымен-ақ текстің кейбір жерін бала қайталайды (еліктейді); жуықта естіген текстің мазмұнын бала мүмкіндігінше айтып береді; баланың тексті .қабылдауы мен оның мазмүнын қайталап айтуы арасында біршама уақыт өтуі қажет. Балаларды көркем әдебиетпен таныстыруға байланысты методикада қайталап айтудың көптеген тәсілдері бар, мысалы: сүйікті кейіпкерлерін ойнау, ертегілерді, әңгімелерді және т. б. сахнада көрсету.
Құрастыру (әңгімелеп беру) әдісі
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру) әдісіне кең дербестік беріледі. Оньң мәні мынада: балалардың ертегілерді өз бетінше «құрастыруын», олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын, картинкаларды, нақты объектілерді - заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді - суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі таңда, жалпы және арнайы педагогика, психология, дефектология, логопедия, педиатрия сияқты ғылымдардың өзекті мәселесінің бірі – жалпы сөйлеу тілінде дыбысты дұрысты айтуын түзете қалыптастыру оларға ерте жаста психологиялық, медициналық, педагогикалық көмек көрсету болып табылуда.
Аталаған мәселені шешімін табуда алыс және жақын шетел және отандық ғалымдардың, арнайы мамандардың зерттеу әдебиеттерін жинақтап, танысып, теориялық талдау жасалды. Теориялық талдау мен эмпирикалық зерттеу нәтижелері мектеп жасына дейінгі балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзетуде педагогикалық көмек берудің жетекші тенденцияларын анықтауға жол ашты:
1. Психология, физиология және арнайы педагогика салаларында алынған зерттеулер нәтижелерінен сөйлеу тілі тежелген ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін ынталандыруда бізге баласының дыбысты дұрыс айтқызу әрекеттерінің дамуы және қалыптастыру ерекшеліктерін бақылауға мүмкіндік берді;
2. Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілінің тежелуін жоюға байланысты түзету әдістемесін алғашқы болып Н.А.Власова, Е.Ф.Рау, Н.А.Чевелева, С.А.Миронова және т.б. ғалымдар тәжірибесі мен А.К.Маркова, Р.Е.Левина, У.Н.Усанова, Л.Г.Парамонова, М.Е.Хватцев және т.б. ғалымдар еңбектерінде сөйлеу тілі дамымаған ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін ынталандыруда дыбыс айту жүйесін жетілдіру, сөздің буындық құрылымын меңгеруін және фонетикалық-фонематикалық естуін ерте жаста дер кезінде қалыптастыру маңыздылығын айқындауға негіз болды. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйене келе, сөйлеу тілі тежелген балаларды ерте жастан сөйлеу тілін ынталандырудың түзету жұмыстары тиімдірек болады деген тұжырымға тоқтадық.
3.Ғалымдардың зертттеулеріне
1.Сөйлеу тіл шыққанға дейінгі кезең (туғаннан 1 жасқа дейін);
2.Сөйлеу тілі шыққаннан кейінгі кезең (1 жастан жоғары). Мұнда балалардың сөйлеу тілінде мектеп жасына дейінгі балалардың дыбысты дұрыс айтуын анықтауда кейбір дыбыстарды айта алмау, дыбыстарды шатастыру, дыбыстарды алмастырып алатындығы байқалады. Атап айтқанда:
- «Ш», «Ж», «Ч», «Щ» дыбыстары «С», «З» дыбыстарына, алмастырып айтылатыны;
- Ысқырық дыбыстарды айтқан кезде тісаралық, тісөңірлік «Т», «Д», еріндік-тістік «Ф», «В» сигматизм байқалады;
- Ызың дыбыстарды ысқырық дыбыстарға алмастыру немесе керісінше: шана – сана, жаз – заз.
- Ұяң дыбыстарды қатаң дыбыстармен алмастыру.
- Дауыссыздардың жұмсақ айтылуы және жұмсақ дауыссыздардың қатты дауыссыздарға алмасуы: «қасық» - қасиқ, «сәбіз» - табіз.
- «С» дыбысын «Т» дыбысына алмастыру: сағат – тағат.
- «З» дыбысын «Д» дыбысына алмастыру: зымыран – дымылан, қаз – қад.
- Күрделі сөзді жеңіл сөзге алмастыру: қарлығаш – қағаш және т.с.с.
4. Зерттеудің қорытындысы көрсеткендей, сөйлеу тілі тежелісі бар балалар артикуляциялық жағынан күрделі (ысқырық, ызың, сонорлы) дыбыстарды жиі бұзып айтады. Сонымен, зерттеуімізде, көбінде мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс айтуында ысқырық, және ызың дыбыстардың ауытқулық болатындықтан, келесі «Ж», «З», «С», «Т», «Ц» және «Ш» дыбыстырының айтылуын диагностикалап, түзету жұмысын жүргізуді жөн санадық.
5. Анықтау экспериментіміздегі зерттеу жұмысының бағыттары бойынша аталған дыбыстардың сөзде, буында, сөйлемде айтылуында шатастыру, алмастыру және айта алмау болатындығы анықталды:
- «Ж» дыбысын буында, сөзде, сөйлем ішінді сөйлеу тілінді айта алмауы 3,6 пайыз есебінде, шатастыру 6,5 пайыз есебінде болса, алмастыру 28,2 пайыз есебін көрсетті. Жалпы сөйлеу тіліндегі шатастыру, алмастыру, айта алмаудың жалпы көсеткіші 38,3 пайыз есебінде анықталды.
- «З» дыбысының буында, сөзде, сөйлемде дыбыстың бұзылып айтылуын анықтау барысында оның жалпы көрсеткіш 45,0 пайыз есебін көрсетті. Оның ішінде, «З» дыбысын шатастыру 19,5 пайызда шатастыруы анықталса, алмастыруы да 25,5 пайыз есебін нақтылады. Балалардың көбі «З» дыбысын сөйлеу тілінде қоланғандырымен олардың шатастырулары мен алмастырулары ерекше байқалып тұрды.
- «С» дыбысын буында, сөзде, сөйлемде айтылуын тексергенде жалпы көрсеткіші 8,3 пайыз дыбыстың бұзылып айтылаты анықталды. Оның ішінде, шатастыруы 4,15 ал, алмастыруы 4,5 пайыз есебін көрсетті. «С» дыбысын айту барысында балалардың көбін дыбысты көп ретте қолданатындықтарын байқауға болады.
- «Т» дыбысын сөйлеу тілінде
айта алғандарымен, ызың және
ысқырық дыбыстармен жиі
- «Ц» дыбысын сөйлеу тілінде айта алмайтындықтары 53,4 пайыз есебін көрсететіні нақтыланды. Оның ішінде, «Ц» дыбысын буында, сөзде, буында айтынды шатастыру мен алмастыруында да айтарлықтай қателер орын алды. Шатастыруының көрсеткіші 23,2 болса, алмастыруында да 23,2 пайыз есебімен тең түсті.
- «Ш» дыбысында да біраз
5. Қалыптастыру экспериментінің нәтежесі көрсеткендей, балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыс айту бұзылысының оң өзгерістерін көрсеткендігін аңғартады. Мәселен, «С» дыбысы экпериментке дейін 8,3 пайыз болса, эксперименттен кейін 7 пайызға дыбыс бұзылысының төмендегенін көрсетеді. Сол секілді «З» дыбысы 45 пайыздан 37,8 пайызға, «Т» дыбысы 70,9 пайыздан 47,6 пайызға, «Ц» дыбысы 99,8 пайыздан 77,7 пайызға, «Ш» дыбысы 78,6 пайыздан 63,4 пайызға және «Ж» дыбысы 38.3 пайыздан, 24,4 пайызға дыбыс айтудағы бұзылыстың азайғандығын дәлелдейді.
Информация о работе Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету жұмыстарының бағыттары