Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 07:54, курсовая работа
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында «Инклюзивті білім беру жүйесін» жетілдіру көзделген [1]. Осының негізінде, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінде дыбысты дұрыс айтуын түзету жолдарын қарастыру мәселесі де өзінің өзектілігін айқындайды.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІІНДЕ ДЫБЫС АЙТУЫН
ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ...................................................................6
1.1 Сөйлеу тілінде балалардың дыбыс айтуын
түзетудің теориялық негізі..........................................................................................6
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың
дыбыс айту ерекшеліктері.......................................................................................16
1.3 Дыбыс айту бұзылысының туындау себебтері.................................................26
ІІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДЫБЫСТЫ
ДҰРЫС АЙТУЫН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ
ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ................................................37
2.1 Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету
жұмыстарының бағыттары......................................................................................37
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс
кемістігін диагностикалау........................................................................................47
2.3 Қалыптастыру экспериментінің
әдістемесі мен нәтижелері........................................................................................53
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................
Сөйлемде «Ш» дыбысының айтылуын тексеру:
Шар әкелді.
Алша ағаш..
Шарапат шашу шаш.
Шара өзенге шомылды.
Шортан өзен балығы.
Шара ашар ал.
Анықтай экспериментінің орындалу барысында «Ш» дыбысында да біраз ауытқулар орын алды. «Ш» дыбысының буындағы, сөздегі, сөйлем ішіндегі бұзылысының жалпы көрсеткіші 78,6 пайыз да болса, шатастыруында 8,4 пайыз есебін көрсеткенімен дыбысты алмастыруы жоғары көрсеткішті, яғни 70,2 пайыз есебінің деңгейінде болды.
Сондай-ақ балалардың дыбыстарды айтуын тексетуде «Мен айтамын, сен қайтала» ойыны ойнатылып, Ж, З, С, Т, Ц, Ш дыбыстарының ішінде шатастыру, алмастыру, айта алмау секілді бұзылыстарын анықтауға болады. Бұл үрдіс келесідей орындалды. Мысалы, «Ш» дыбысының сөйлемде айтылуын тексеруге болады. Шоқан Шымбұлаққа шықты. Шара мен Шора Шымбұлақта шаңғы тепті. Ұшақ ұшты.
«Ж» дыбысының сөйлемде айтылуын тексеруде: Жансая жасыл жалау жасады. Жомарт пен Жандос жолда жүгірді. Жалауша, жаңғақ Жиенбеттің жәшігінде жүр. Жазда жадырайды жайлау.
«З» дыбысының сөйлемде айтылуын тексеруде Зере зығыр жинады. Сабағы зығырдың жіңішке. Өзі жап-жасыл. Зада, Зере, Зәуре сағыз алды. Астанада зәулім үйлер көп.
«С» дыбысының сөйлемде айтылуын тексеру барысында келесі сөздер айтылады: Самат сабаққа кетті. Сара сөмкесіне сақина салды. Санду сағатқа қара. Сәуле көркем сурет салды.
«Т» дыбысының сөйлемде айтылуын тексеру барысында келесі сөздер айтылады: Талғат пен Талғар тайға мінді. Толғанай тоғайдан гүл терді. Тұмар жолдан тасты алып тастады. Тексеру нәтижесі қағаз бетіне белгілініп отырылады.
Балалардың дыбыс айтуын диагностикалыу кезінде дыбыстарды дұрыс есіп, қабылдап, ажыратып және ызың, ысқырық дыбыстарды дұрыс айтуы тексерілді. Диагностикалау барысында көптеген балаларда қате қабылдаулар, яғни дыбыстарды шатастыратыны, алмастыратыны және дұрыс айта алмайтынын көрсетті. Оның орындалу барысымен келесі 4 кестеде таныса аласыз.
Кесте 4. Ызың және ысқырық дыбыстардың айтылуын диагностикалау барысы
Балалардың дыбыс айтуындағы дыбыстардың бұзылуы пайыз есебімен |
Дыбыстардың бұзылу түрі | ||
Шатастыру |
Алмастыру |
Айтпауы | |
С – 8,3 |
4,15 |
4,5 |
- |
З – 45,0 |
19,5 |
25,5 |
- |
Т – 90,9 |
44,6 |
46,3 |
- |
Ц – 99,8 |
23,2 |
23,2 |
53,4 |
Ш – 78,6 |
8,4 |
70,2 |
- |
Ж – 38,3 |
6,5 |
28,2 |
3,6 |
Анықтау экспериментінде дыбыстарды шатастыру, алмастыру орын алып отырды. Оларды келесідей мысалмен көрсетуге да болады. Мәселен, «Ш» дыбысы «С» дыбысымен жиі алмастырады. Ондай жағдайда былай белгіленді: Ш – С. Жеке Ш = С дыбыстарын дұрыстардың алмастырылса, және сөз ішінде шатастырса Ш – С деп белгіленді. Үндері ұқсас С мен Ц дыбыстарының екеуінде бірдей тісаралық жіңішке С қылып айтты ол, С, Ц = С Ш дыбысын тастап кетеді немесе айтпайды деген мағынада белгіленді. Сондай-ақ, дыбыстарын айыруда, дауыссыз «Ш», «Ж», «Ч», «Щ» қатаң және ұяң дауыссыз Б – П, В – Ф, Т – Д дыбыстармен алмастыруы да жиі кездесті. Ысқырық С – З дыбыстарын айыруда көп балалар қателесті. «Ц» дыбысын «С» дыбысымен шатастыру да орын алды. Мысалы, цирк – сирк.
Сайып келгенде, анықтау экспериметттік нәтижесін алған тәжірибеге сүйеніп, төмендегідей тұжырым жасадық.
Егер, бала артикуляция жағынан ұқсас дыбысты ажырата алмаса, ол балада міндетті түрде акустикалық жағынан ұқсас дыбыстарды ажырата алмауы байқалады. Және де біз, ызың дыбысты айтуының бұзылу себебін жалпы сөйлеу тіліндегі дыбыс айту дағдысы қалыптаспағаннан немесе машықтанбағаннан дыбысты, буынды және сөзді аккустикалық жағынан ұқсас болса ажыратуда қиындықтар болатынын нақтылауға болатынын аңғардық. Сондықтан, қалыптастыру эксперименті кезең барысында аталған жағдайға назар аударуға тырысамыз.
2.3 Қалыптастыру экспериментінің әдістемесі мен нәтижелері
Қалыптастыру эксперименті кезеңінде балалардың дыбыс айтуын түзетуде мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін логопедиялық сабақтардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын ескере отырып жүргізуді жоспарладық. Ол ерекшеліктер мен айырмашылықтар:
- негізгі іс-әрекет түрі түзетудегі оқуға айналғанмен, ойын элементері де оқумен бірге жүреді;
- сабақтың ойын түрі сабақпен алмасады;
- мектепке дейінгі жаста барлық түзету жұмыс отбасы, тәрбиеші арқылы жүзеге асады;
- мектепке дейінгі жаста сөйлеу тілінің барлық элементтері ойын әрекеті үрдісінде логопедке еліктеу негізінде тәрбиеленеді.
Біз келесі қалыптастыру кезеңде фонематикалық түйсікті қалыптастыру барысында негізгі бағыттарда түзету жұмысын жүргізуді ескердік. Олар:
- бейтарап дыбыстарды тану (дауылпаз, сыбызғы, ксилофон, металлофон, сылдырмақ, пианино, домбыра, қобыз, сырнай үндері);
- біркелкі дыбыстарды, сөздерді, сөйлемдерді дауыстың жоғарылауына, күшіне, әуезділігіне қарап ажырату;
- дыбыстың құрлысы жағынан жақын сөздерді ажырату. Мысалы, алма-алмұрт, қасық-ыдыс және т.б.;-буындарды ажырату.
- буындарды ажырату;
- дыбыстарды ажырату.
- қарапайым дыбысты талдау дағдыларын дамыту.
Фонетикалық түйсікті қалыптастыру жұмысы есту ықыласы мен есте сақтау қабілеттерін дамытудан басталады. Дыбыстық кемшіліктердің буындағы басты себебі: қоршаған ортадағы сөйлеуді есіте білмегендіктен. Бала міндетті түрде өзінің сөйлеу мәнерін айналасындағылардың сөйлеу мәнерімен салыстыра отырып, өз сөйлеу мәнерінің дыбыстық жағын бақылауы қажет. Фонетикалық түйсікті қалыптастыру, сондай-ақ, бейтарап дыбыстарды танудан да басталады. Арнайы ойындар мен жаттығуларды іске асыру кезінде балалардың бейтарап дыбыстарды тану мен ажырату қабілеттері дамиды.
Балалар арнайы ойын кездерінде дыбыстың жоғарылығын, күшін, әуезділігін ажырата білуді үйреніп және біріңғай дыбыстарды, дыбыстық тіркестерді, сөздерді естуге үйренеді. Содан кейін, балалар дыбыстық жағынан жақын сөздерді ажыратуға үйренеді. Мысалы: сана-шана, асық-қасық, қас-қаш. Кейін олар буындарды, соңынан ана тілінің дыбыстарын ажырата біле алады. Жұмыстың соңғы кезеңінің мақсаты: балаларда қарапайым дыбыстық талдау дағдыларын қалыптастыру; әр түрлі буынды құрылымдарды қол шапалақтау және тақылдату арқылы сөз ырғақтарын белгілеуді үйренеді; екпінді буынды ажыратады; дауысты және дауыссыз дыбыстарға талдау жүргізеді.
Дыбыс айтуды түзету мен қалыптастыру кезіндегі логопедттің жұмыстарында айтуылы ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер ұйымдастыруына, әдістеріне, және уақыт ұзақтылығына байланысты. Себебі, жоғарыда айтылған жұмыстар мамандардың білімдеріне, дағдыларына, әдістеріне байланысты болып келеді.
Фонетикалық есту қбілеті мен фонетикалық түйсік кемшілігі бар бүлдіршіндерге дыбысты дұрыс айтуды үйретудің төмендегідей қолайлы жағдайларын ескеруіміз керек:
1. Дыбыс қою кезінде әр түрлі фонетикалық топтарға жататын дыбыстарды алу керек:, Т, Ц, Ш.
Мысалы: 1 балада (Ж, З, С дыбыстарының бұзылуы).
1) Ж дыбысын қою (ж дыбысына жаттығулар).
2) Ж дыбысына автоматизация жұмысын жүргізу.
3) З дыбысын қою (ж, с, з дыбысын машықтандыру).
4) З дыбысын автоматизациясы жұмысы жүргізу.
5) Ж - С дыбысын ажырату.
6) Т, Ц дыбысын қою, автомазациясы.
7) Т, Ц, С ажырату
8) Ц, Ш дыбыстарын ажырату.
Байланыс дәптеріндегі тапсырмалар:
А) Ш, С, З, Ж - дайындық жаттығулар.
Б) «Т» дыбысына жаттығулар.
В) «Ц» жаттығулар.
2. Осы кезде барлық анализаторларды жүйелі қолдану орынды. Дене түйсігі арқылы сезінуге сүйене отырып, бала саналы түрде дыбыстың айтылуын меңгеріп алады.
3. Бала өз тілінде ажырата алмайтын дыбыстарды машықтандыру кезеңге және ұзақ уақытқа созылады.
4. Қойылған фонетикалық айтылу бір топқа жататын дыбыстарды ажырата білуді бекіту.
Дыбыстарды дұрыс айтуды бекіту мен машықтандыруға арналған мәтіндерде бала айта алмайтын және ажырата алмайтын сөздер болмауы керек. Арнайы аланып отырған мәтіндер баланың сөздік қорын, грамматикалық сөйлем құрастыруларын дамытуға көмектесуі қажет. Жеке, жалпы сабақтарда және күн тәртібіндегі ұйымдастыру мезгілдерінде сөйлеу әдеттерін бекіту қажет. Логопедтің тапсырмасы бойынша, тәрбиеші коррекциялық түзету жұмысын жүргізді. Осындай сабақтарды топтағы логопед жұмыстарына арналған бұрышта өткізді. Логопедтік бұрышта үлкен айна болады, себебі бала мен тәрбиеші бір-бірінің беттерін жақсы көруі керек. Осы жерде дыбыстарды бекітуге арналған құрал - жабдық, мәтіндер болуы қажет (сонар, ызың дыбыстар және т.б.) Сабақ өту барысында фонетикалық мәтіндерді қайталау кезінде қойылған дыбысты жайлап, таза, анық, ұзақ айтуына көңіл аударуымыз қажет. Бала тілінде фонетикалық және грамматикалық қатерлерді жіберіп алмауы керек. Кеміс дыбыстарды бала дұрыс айта алған жағдайда, сабақты одан әрі жалғастыруы қажет. Сөйлеу мәтіндерін балаға түсіндіру барысында, дауыстап, анық, асықпай айтып, баланың да осындай қайталауын қадағалап отырамыз.
Тек сабақ кезінде емес, күн тәртібін орындау барысында балалардың сөйлеу мәнерін қадағалап, дұрыс айтуын талап еткенде баланың көңіліне тимей, сыпайы тілмен басқа балаларға байқатпай жөндеп отыруы қажет. Өйткені, тіл кемістігі бар балалар, онсыз да өздерін басқа балаларға қарағанда қорсынып, көңіл күйі пәс болып, тұйықталып, тәрбиешіге сенімсіздікпен қарайды. Сондықтан, олар мен өзімізді өте сақ ұстап, баланың жалпы оқуға деген ықыласын төмендетіп алмау жағын қарастыруымыз керек.
Дыбыстың айтуын түзетуде келесі 5 - кестедегі жұмыстар орындалады
Кесте - 5. Дыбыстық айтуын түзету жұмыстары
Дайындық кезеңі |
Дыбыстың кемістігін немесе жалпы жоқтығына байланысты артикуляция мүшелерінің қимыл-қозғалысын үйлестіріп дамытады. 1. суреттер; 2. жаттығулар арқылы; 3. ойын арқылы артикуляция мүшелерінің қимыл-қозғалысының үйлесіп дамуын бекітеді. ссс- су ағады; ццц-паравоз дыбыс шығарады; ззз- маса ызыңдайды; жжж-қоңыз ұшады; фрр-жылқы осқырынады; трр-жылқыны тоқтаттық т.б. |
Дыбыс қою кезеңі |
Дыбыс шығару барысында, сол дыбысқа арналған ерекше артикуляциялық қимыл-қозғылыстарды пайдалана отырып, дайындық кезеңдегі үйретілген жатьтығуларды қолданады. Мысалы: Ш - тіл жалпақ, жоғары көтеріліп, тілдің екі жағы жоғарғы тістерге жабысқан, ауыздан шыққан ауа жылы; С - тіл астыңғы тістің қасында, тілдің арқасы көтеріңкі, ауыздан суық ауа шығады.т.б. Логопед қойған дыбысты, сол дыбыстық дұрыс айтылуына көңіл аударып,суреттер,схемалар, дыбыстық еліктеу арқылы бекітеді. Мысалы: Күзгі жапырақтар сыбдырлайды- шш, қаздар ашуланады- шш -дөңгелекке ауа жібереміз – ссс |
Дыбыс машықтандыру кезеңі (сөйлеу барысындағы дыбысты дұрыс айту) |
Дыбысты машықтандыра отырып, жүйелі түрде сөйлеуге ендіртеді; буында, сөзде,сөйлемде ,тақпақтарда, әңгімелерде. Логопедтің тапсырмасы бойынша
жеке баламен қойылған дыбысқа арналған
мәтіндермен жұмыс жүргізді:жұмбақтар,мақалдар, |
Түзету жұмысының басталу кезінде сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысын анықтайтын, дамытатын жаттығулар жасалады. Жаттығулардың негізгі мақсаты – дыбысты дұрыс айтуға қажет сөйлем мүшелерінің қалпын анықтап, қимыл-қозғалысын дамыту. Сондықтан, жаттығу барысында кез келген жаттығуларды ала беруге болмайды, тек қана қойылатын дыбысқа байланысты ғана пайдаланады. Дағдылар тез қалыптасу үшін дайындық жаттығуларын күніне 3-5 минуттан бірнеше рет қайталау керек. Жаттығуларды әдетте айнаның алдында отырып жасайды. Балаларға қызықты болу үшін ойын түрінде өткізу тиімді. Әр жаттығу төмендегідей кезекпен жүргізіледі:
- жасайтын жаттығу туралы балаларға түсіндіруі, ойын түрін әңгімелеуі (мысалы «көңілді тіл туралы ертегі);
- жаттығуды балаларға көрсетуі;
- айнаның алдында баланың жаттығуды жасауы;
- жаттығуды қалай жасағанын тексеріп, қателерін көрсету;
- жаттығуды айнасыз орындау. Жаттығуды орындау кезінде логопед балалардың қимыл-қозғалысын, жылдамдығын, қимылдан екінші қимылға ауысуын толық дұрыс орындауын қадағалап отырады. Балалар қызыға түсу үшін жаттығуларды ойын түрінде ұйымдастыра жүргізу тиімді.
Қазіргі таңда логопедия жетістіктері сөйлеу тілін түзету барысында тек жаттығулармен ғана шектеліп қана қоймай, сонымен қатар арнайы сабақтар жүйесімен бірге оңалтып тәрбиелеу жұмыстарымен бірге жүргізілетіні айқын. Сондықтан, балалардың айтуында қиындық тударған дыбыстар бойынша сабақтар төмендегі үлгіде жүргізілді. Мәселен,
Тақырыбы: Ж дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты: «Ж» дыбысын сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру, және сұраққа жауап беру арқылы сөйлем құрау.
Керекті құралдар: кеспе, әліппе,текше,белгілер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Логопед: Балалар, бүгін біз «Ж» дыбысын дұрыс айту сабағын жалғастырамыз.
3. «Ж» дыбысын дұрыс айту. Логопед балаларға «Ж» дыбысы бар суреттерді көрсетеді де жауып қояды. Сосын логопед «Ж» дыбысы сөздің басында аяғында кездесетін суреттерді атауын өтінеді.
4. Жан сөзіне дыбыстық талдау және жинақтау.
1. Логопед: Балалар, қандай дауысты дыбысты білесіңдер?
Қант деген сөзге қандай дауысты дыбыс естіледі?
Доп, қыз, гүл, қол және т.б. сөздерден дауысты дыбыстарды бөліп алу.
2. Логопед балаларға жан деген сөзді қайталап айтқызады. Содан кейін балаларға бірнеше сұрақ қояды. Осы сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі? (Ж). Екіншісі ше? (А). Үшіншісі қандай? (Н). Осы дыбыстардан қандай сөз шығады? (Жан). Осы сөзде қандай дауысты дыбыс естіледі? (А)
Информация о работе Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету жұмыстарының бағыттары