Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету жұмыстарының бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 07:54, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында «Инклюзивті білім беру жүйесін» жетілдіру көзделген [1]. Осының негізінде, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінде дыбысты дұрыс айтуын түзету жолдарын қарастыру мәселесі де өзінің өзектілігін айқындайды.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІІНДЕ ДЫБЫС АЙТУЫН
ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ...................................................................6

1.1 Сөйлеу тілінде балалардың дыбыс айтуын
түзетудің теориялық негізі..........................................................................................6
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың
дыбыс айту ерекшеліктері.......................................................................................16
1.3 Дыбыс айту бұзылысының туындау себебтері.................................................26

ІІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДЫБЫСТЫ
ДҰРЫС АЙТУЫН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ
ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ................................................37
2.1 Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету
жұмыстарының бағыттары......................................................................................37
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс
кемістігін диагностикалау........................................................................................47
2.3 Қалыптастыру экспериментінің
әдістемесі мен нәтижелері........................................................................................53

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Байрова, дисс.doc

— 889.50 Кб (Скачать документ)

Бір сәбидің өзінде бір тәуліктің ішінде әр келкі уақыт аралығында сөйлеу құбылысын анықтауға болады. Ересек адамдар сәбидің төсегін айнала жүріп, тасадан дыбыс шығару немесе ойыншықты шылдырлатып сәбиді қозғалыссыз дыбысты іздеуге үйрету керек. Ұқсата сөйлеуді дамыту үшін белгіленген ережелерді сақтау керек. Сәбимен сөйлескен кезде оның көз алдында болу керек. Бұл оның белсенділігін, назарын аударады. Алғашқыда сәби өзі айтқан дыбыстарын қайталау қажет. Мысалы, сәби  а-а-а дыбысын айтады. Ересек оның жанына келіп, а-а-а деп айтты дей отырып қайталайды. Баланың сөз қорының баюына, дұрыс сөйлеуіне қоршаған орта, үлкендердің сөздік қоры жақсы стимул. Үлкендердің сөзі анық, асықпайтындай және дұрыс болуы керек. Кейбір ата-аналар баланың сөзімен сөйлеймін деп сөзін бұрып айтады, олар балаға ұғынықты деп ойлайды, ол дұрыс емес.

Жоғарыдаа аталған мәліметтерге сүйене келе біз 1-6 жас аралығында дыбысты дыбыстарды дұрыс айтып үйренуі ерекшеліктерін 1 кестеде келесідей деп тұжырымдаймыз.

 

Кесте 1. 1-6 жас аралығында дыбысты дыбыстарды дұрыс айтып үйренуі ерекшеліктері

Дыбыстың шығу уақыты (жасы)

Дыбыстар

 

1

 

Бір және екі жас (1-2)

                                                                                А, О, Э, П, Б, М.

 

2

 

Екі және үш жас (2-3)

 

И, Ы, У, Ф, В, Т, Д, Н, Г, К,

Х, Й.

 

3

 

Үш және бес жас (3-5)

 

С, З, Ц, Ш, Ж, Ч, Щ.

 

4

 

Бес және алты жас (5-6)

 

Р, Л


Егерде олай болмаса, жасқа байланысты тіл мүкістігі жөнінде айтуға болмайды, бұл жаста кейбір дыбыстардың айтылмауы, немесе оларды алмастыруы мүмкін. Дыбыстардың уақытында шықпауы баланың өздігінше бұл дыбыстарды меңгеруге кедергі болатын ерекше себептердің бар екенін айқындайды.

Г.Б.Ибатова мен Г.М.Коржова өздерінің «Дамуында түрлі ауытқулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері» деген еңбектерінде баланың сөйлеу тілінің дамымауын келесідей екі негізгі кезеңге бөліп көрсеткен: тіл шыққанға дейінгі (туғаннан 1 жасқа дейін) және тіл шығатын (1 жастан жоғары) [64,65]. Мұнда:

Тіл шыққанаға дейінгі дайындық кезең – пропедеватикалық кезеңнің ролін атқарады. Дәл осы кезеңде сөйлеу тілін меңгеруге дайындық (пропедевтика) пайда болады.

Балаларда уілдеу (3-4 айда), былдырлау (5-6 айда) дамиды. Уілдеу және былдырлау рефлекторлы болып келеді де, баланың ерігінен тәуелсіз, оның санасымен реттелмейді, сөйлеу аппаратының сөзсіз әрекеті барысында пайда болады.

Уілдеу алғашқы болып дауысты (а, ә, у, э) дыбыстары пайда болады (артикуляуияға оңай), кейін еріндік дыбыстар (п, м, б), ему физиологиясымен байланысты және тіл түбірін көтерумен байланысты (баланың жатқан кездегі қалпы).

Былдырлау – белгілі бір дыбыстар кешенін, дауысты және дауыссыз дыбыстар қосындыларының пайда болуы. Былдыр даму үшін естігенін бекіту керек. Уілдеу мен былдырлау, яғни дыбыстармен олардлың қосындысын белгісіз артикуляциялау қатынас құралы бола алмайды. 7-8 айда бала ересектердің сөзіне еліктей бастайды. Сөз шыққанға дейінгі кезеңде баламен жиі қатынасып, сөйлесіп, дыбыстарды айту қажет. Баламен эмоционалды жағымен байланысты болу керек. Тіл шығатын сөйлеу кезеңі – 1 жастан басталады. Сөйлеу тілі оның құрылымының компоненттері бойынша дами бастайды. Сөйлеу тілінің дыбыстық жағы, сөз қоры, грамматикалық құрылымы.

Осылайша, ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, ерте балалық кезеңдегі сөйлеу тілінің дамуын қалыпты жағдайдан ажыратуға мүмкіндік береді. Сөйлеу тілінің тежелуін дер кезінде уақыты анықтау логопедиялық көмекті дұрыс ұйымдастыруға өте маңызды болып табылады да, баланың сөйлеу тіліндегі тежелуін анықтап, оның сөйлеуге деген ынтасын жетілдіруге итермелейді.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде баланың сөйлеу тілі өте қарқынды дамитынын зерттеушілер көп айтуда. Баланың сөздік қорының дамуы бір жағынан ойлау қабілеті мен психикалық процесстерге байланысты болса, екінші жағынан тілдік жүйенің барлық компоненттерінің (фонетико-фонематикалық және грамматикалық құрылымы) дамуымен тығыз байланыста. Белгілі зерттеушілердің еңбектерін негізге ала отырып, келесі 2 кестеге сәйкес фонитика-фонематикалық қабылдауының дамуын және 3 кестеге сәйкес сөйлеудегі грамматикалық құрылымның үш кезеңін анықтадық:

 

Кесте 2. Дыбыс айтуда фонитика-фонематикалық қабылдауының дамуы

Жасы

Фонитика-фонематикалық қабылдауының ерекшеліктері

0-1 жас аралығы

Бала осы кезеңде айналадан тек дұрыс сөйлеу тілін естуі керек. Осы кезеңде бала  дыбыстарды алмастырып, шатастырып, бұзып айтады немесе мүлдем айтпайды.

3 жаста

Ысқырық дыбыстарды айтқан кезде тісаралық, тісөңірлік «Т», «Д» , еріндік-тістік «Ф», «В» сигматизм байқалады. «Ш», «Ж», «Ч», «Щ» дыбыстары «С», «З» дыбыстарына,  «Р». «Л» дыбыстары «Й», «ЛЬ» дыбыстарына, «Қ», «Г», «Х» дыбыстары «Т» немесе «Д»  дыбыстарына алмастырылып айтылады

4 жаста

Дыбыстардың айтылуы тұрақсыз болыды. Ысқырық дыбыстардың айтуында тісаралық сигматизм байқалады. Жеке ызың дыбыстар дұрыс айтылады. Сонорлы «Р», «Л» дыбыстары әлі де дұрыс айтылмайды, олар «Й», «В» дыбыстарына алмастырылады.

5-6 жаста

Ысқырық, ызың және «К», «Г» «Х» дыбыстары балада дұрыс қалыптасуы мүмкін.

7 жаста

Осы жаста артикуляциясы күрделі «Р» дыбысы 7 жасқа дейін қате айтылып отырылады.


 

Кесте 3. Сөйлеу тілі дамуындағы грамматикалық құрылымы

Тілдік дамудың кезеңдері

Қалыпты жағдайдағы сөйлеу онтогенезі

Сөйлеуге дейінгі кезең

Сөзге дейінгі кезең ретінде берілген.

Талданбаған

1. Тілді алғаш рет меңгеру кезеңі

Бір сөзді құрылымдарды меңгеру кезеңі. Түбір сөздерді қолдану.

Аморфты сөздер. «Бір сөзді сөйлем» кезеңі. 1ж.3ай.-

1 ж.8 ай.

Екі сөзді құрылымдарды меңгеру кезеңі.

«Екі түбір сөзден құралған сөйлем» 1ж.8 ай.

2. Ана тілінің тілдік жүйесіндегі  грамматикалық заңдылықтарды меңгеру  кезеңі 

Қарапайым сөйлемдерді қолдану кезеңі. Грамматикалық категория-лардың көмегімен сөйлем құрастыру.

Сөйлемнің грамматикалық құрылымын меңгеру кезеңі. Сөйлеудің дыбыстық жағы меңгерілген.

1 ж.10 ай. – 3жас.

3. Сөйлеудің фонетикалық, морфологиялық  нормаларын игеру кезеңі 

Тілдік жүйені меңгеру кезеңі. Баланың шығармашылық шағы.

3 – 6 жас.

Бала тілдің морфологиялық жүйесін меңгерген.

3 – 6 жас.


Ана тілінің грамматикалық формаларын игерумен фанетика-фонематикалық қабылдауы баланың тілдік сезінуін дамытады. Сәбилік шақтың аяғында бала сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс айта бастайды. Көп жағдайда олар ойнап жүргенде сөздерді дұрыс іріктеруге тырысады. Сөйлеуді ынталандыру баланың жан-жақты психикалық дамуы үшін ерекше маңызды. Сөз бірте-бірте балаға қоғамдық тәжірибе берудің, үлкендердің оның іс-әрекетін басқаруының негізгі құралына айналады. Сөздің әсерімен баланың психикалық үдерісі – оның қабылдауы, ойлауы, есте сақтауы қайта қалыптасады. Дегенмен, сөзді игеру үдерісі баланың іс-әрекетінің дамуына байланысты болады. Сөзді игерудің бастапқы сатысында бала естіген, айтқан сөздеріне оларды үлкендер қолданғандағы мазмұнынан гөрі өзгеше мән береді. Бүкіл сәбилік шақта сөздердің мәні өзгереді, мұның өзі баланың ақыл-ойының жетілуіне сөз әсер етеді

Бірақ сөйлеу тілін меңгеру процесі барлық балаларда ойдағыдай біркелкі жетіле бермейді. Кейбіреулерінде оның жетілу барысы кешеуілдейді, екіншілерінің сөйлеу тілдеріндегі дыбыстардың айтылуы бұзылады немесе бұрмаланады, үшіншілерінде сөздердің және сөйлемдердің түзілістері немесе олардың мағыналары бұзылады. Тіпті кейбір балалардың естуі мен интеллектісі қалыпты болған жағдайда да, сөйлеуінің дамуында кідіріс болуы мүмкін. Бұндай балаларға дыбыс шығаруының бұзылуы, фонематикалық естуінің дамымауы, сөз қорының аздығы және грамматикалық қатарының дұрыс болмауы тән. Бірақ сөйлеу тілін меңгеру үдерісі барлық балаларда ойдағыдай біркелкі жетіле бермейді. Кейбіреулерінде оның жетілу барысы кешеуілдейді, екіншілерінің сөйлеу тілдеріндегі дыбыстардың айтылуы бұзылады немесе бұрмаланады, үшіншілерінде сөздердің және сөйлемдердің түзілістері немесе олардың мағыналары бұзылады.

Сондықтан, келесі бөлімде балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыс айту бұзылыстарының түрлері мен себебтеріне тоқталғанды жөн санадық.

 

1.3 Дыбыс айту бұзылысының туындау себебтері

 

Адамның сөйлеуі күрделі психикалық үдеріс екендігі және оның жоғары жүйке қызметімен байланысты болып түр-түрге бөлінуі, олардың орталықтары мидың түрлі алаптарында орналасқаны арнайы әдебиеттерде дәлелді көрсетілген. Ауызша сөйлеудің орталығы мидың маңдай алабында болса, жазу сөзінің орталығы мидың желке бөлігінде орналасқандығын айтады. Осығай сәйкес сөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабының зақымдануына байланыс екендігін ғалымдардың зерттеулерінде айтарлықтай зерделенгендігін көруге болады. Осындай зақымдану салдарынан адам дыбыс айтуы,  сөзінің жүйесі мен бірізділігі жойылып афазиялық жағдайға ұшырайды екен.

Белгілі психолог ғалым А.Р.Лурия үлкен жарты ми шарларының белгілі алаптарының зақымдануына байланысты дыбыс айтудың бұзылысын төрт түрін анықтаған [6]. Олар:

- динамикалық афазиясынан ұшыраған адамдардың сөздерінің реттік құрылымы бұзылады;

- эфференттік қозғалыс афазиясында  сөздер мен сөйлемдердің грамматикалық  жүйесі бұзылады;

- афференттік қозғалыс афазиясында  сөздерді буындарға бөліп айта алмай  жеке дыбыстарды да айта алмай қиналады;

- семантикалық афазияда әрбір  дыбыты және сөздің грамматикалық құрылысы мен мәнін жеткізуде кемістік танытады.

Сөйлеу тілінің дыбыстық бұзылыстары өз кезегінде баланың барлық психикасының қалыптасуына әсер етеді. Мәселен, Р.Е.Левина өз зерттеу әдістерінің негізінде даму, жүйелік жағдай, сөйлеу бұзылуының басқа психикалық дамудың жақтарымен байланысы принциптері қарастырған. Мұнда даму принципіне баладағы сөйлеу бұзылуы қандай патологиялық факторлардан пайда болғанын анықтап, оның даму динамикасын бақылау жатқызса, жүйкелік принципте сөйлеу функциясының күрделі құрылымын, сөйлеудің дыбыстық (фонетикалық), айтылу жағын, фонематикалық (мағынасын ажырату) процестерді, лексикалық және грамматикалық қатарды сипаттайды. Ал сөйлеудің бұзылысында сөйлеу тілінің түрлі компоненттеріне кедергі болуы мүмкін. Бұзылудың біреуі тек дыбыстың айтылу үрдісіне әсер етсе, екіншісі тілдің фонематикалық жүйесіне кедергі болады, бұл өз кезегінде оқу мен жазудың бұзылуына алып келетіндігін айтқан [5].

Сөйлеу тілінің психикасы дамуының басқа да жақтарымен байланысы. Сөйлеу әрекеті баланың танымдық әрекеттерімне де байланыста көрінеді. Л.С.Выготскийдің зерттеулерінде көрсеткендей, сөйлеу тілі дамуында қабылдау үдеріс шешуші маңызға ие екендігін айт келе, сонымен қатар бейнелік - елестетуімен байланысын көрсетті. Ол осы себепке байланысты, сөзге талдау жасау барысында елестету немесе бейненің байланыстары бар екендігін жазып көрсетті [2].

М.М.Кольцова дамудың алғашқы кезеңіндегі екі жаста сөз бір заттың сезімдік бейнесінің, анығырақ ол заттың негізгі белгісінің баламасы болып табылады. Ал, дамудың келесі кезеңдерінде үш және үш жарым жаста сөзге бірнеше заттардан тұратын сезімдік бейнелер қатысатындығын қапрастырған [74].

Г.Л.Розенгарт-Пупконың жұмысында сөйлеу тілі дамуында немесе заттық бейнелік қабылдаудың тығыз әрекеттестігі анық көрсетілмеген. Бала өмірінің екінші жылында сөздік заттық байланысы көріп қабылдауға бағынышты, ал үшінші жылында бала заттың атын білмесе де, бейнесін есте сақтай алады, яғни қабылдауын өз бетінше меңгере алады десе [75], А.В.Запорожец бала өмірдің бірінші және  екінші жылында сөз, зат және әрекет арасындағы уақытша байланыстың қалыптасуын көрсетті [3].

Г.Ф.Сергеева ринолалия және дизартрия кезінде сөздік қимылдық анализаторының бұзылысы фонемді естіп қабылдауға әсерін тигізеді деп көрсетті. Сонымен қатар, дыбыстарды айту бұзылысы оларды қабылдауының бұзылысынан екендігі белгілі. ,Дегенмен, бұл жерде тепе-тендік байқалынады: айтылуда дыбысты айыру саны көп болған сайын, фонемдерді естіп, айыруда жақсы болады. Айтылуда «зулап сөйлеу» аз болған сайын, фонематикалық бейнелерді қалыптастыру жағдайы да нашарлайды. Фонематикалық естудің дамуы сөйлеу тілі барлық жағының дамуымен шартталған [76].

Л.С.Цветкованың зерттеуінде афазиясы бар аурулардың заттық бейне бұзылысын зерттеуде, акустика-мнестикалық афазия негізінде заттың көру бейнесінің бұзылысы жатыр, бұл сөйлеу тілі қызметінің номинативті бұзылысына, яғни заттарды атау бұзылысына алып келеді. Негізгі кемістік аурулардың заттарды қабылдап және бейнені жасаудағы зат белгілерін айыра алмауы болып табылады. Алынған мәліметтер негізінде зат белгінің ерекшелейтін актуализациясының бұзылысы және осы кемістіктің афазия негізіндегі сөйлеу тілі деңгейінің көзбен қабылдау процесінде кемітілуі болып табылады [77].

Т.М.Кузнецов пен Л.С.Цветкова даму мүмкіншілігі шектеулі балалардың көріп заттық қабылдауына және заттық бейнелік елестетуіне тәжірибелік зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесінен мынадай қорытынды жасалынды: сөйлеу тілі кемістігі бар балаларға көріп қабылдау және  көріп қабылдауының және сөйлеу тілінің корреляциясы көру аймағының бұзылуы тән болып келеді. Бұл бұзылыстар көру бейнесінің кедейлігінен және көру ізінің селсоқтығынан пайда болады. Арнайы әдебиеттерде түрлі сөйлеу тілі кемістігі бар балалардың көріп елестетудің бұзылысы жайлы айтылғандығын аңғаруға болады [78,77].

Сөйлеу тілі бұзылысы бар балалардың зейіндік қасиеттерін зерттеумен О.Н.Усанова, Ю.Ф.Гаркуша айналысқан [9,79]. Сөйлеу тілі бұзылысы бар балалардың зейінінің мынадай ерекшеліктері анықталды: тұрақсыздық, ырықты зейіннің төмен деңгейде болуы, өз әрекетін жоспарлаудағы қиыншылықтар. Балалар жағдайды талдауда, тапсырмаларды шешуде, әр түрлі әдіс-тәсілдерді іздестіруде зейінді қиындықпен шоғырландырады.

Информация о работе Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету жұмыстарының бағыттары